Құрастырған Мұхамеджан естеміров әмірсейт қажы Дәулеталиев уағыз (365 КҮнге арналғАН уағыздар) Шымкент, 2015 ж


ЕР КІСІЛЕРГЕ АЛТЫН ТІС САЛДЫРУҒА БОЛА МА?



Pdf көрінісі
бет15/32
Дата06.03.2017
өлшемі1,6 Mb.
#7845
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   32

ЕР КІСІЛЕРГЕ АЛТЫН ТІС САЛДЫРУҒА БОЛА МА?
Ханафи мәзһабында Имам Әбу Юсуф пен Имам Мұхаммед бойынша алтыннан 
тіс  салдыруға  рұқсат.  Өйткені,   Арфажа  атты  сахабаның  соғыста  мұрны  кесіліп 
қалғандықтан, оған алғашқыда күмістен мұрын салып береді. Бірақ, күмістен жағымсыз 
иіс шыққандықтан, Алла Елшісі оған мұрынды алтыннан салдыруға рұқсат етеді[1].
Шафиғи мәзхабы бойынша да алтыннан тіс салдыртуға рұқсат. Имам Нәуәуи «әл-
Мәжмуғ» атты еңбегінде бұл жайында: «Біздің ғалымдар мұрын мен тіске алтын  және 
күмісті тағу мубах (рұқсат) деген»[2], – дейді.
Дегенмен, Имам Ағзам Әбу Ханифа: «Бұл хадисте мәжбүрліктен алтын тағуға 
рұқсат беріліп отыр. Ал тістің жағдайында алтынды күміспен де алмастыруға болады. 
Сондықтан, тіске алтыннан емес, күмістен тағу керек» дейді.[3]
Осыған байланысты айтарымыз, қазіргі кезде тісті керамика, күміс, не басқа да 
заттардан салуға болатындықтан, тіс дәрігерімен кеңесе отырып алтыннан гөрі соларды 
таңдағаныңыз дұрыс. 
 
[1] Әбу Дәуід сүнәні; Тирмизи сүнәні 
 
[2] Әл-Мәжмуғ Шархуль Муһаззәб, Китабут Тахара. 
 
[3] Маусули, Ихтияр – 4/127-128 бет.
БОРСЫҚ ЕТІ АДАЛ МА?
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бірнеше хадисте азулы аңның еті мен тырнақты құстың 
етін жеуден тыйғандығы айтылады. Соның бірі Сахих Муслимде риуаят етілген хадисте 
сахаба Әбу Сағләбә әл-Хушани былай дейді: «Алланың Елшісі (с.ғ.с.) азулы аңдардың 
етін жеуден тыйды».[1]
Осы  хадистерге  сүйене  отырып  ғалымдарымыз   «азу  тісімен  аң  аулайтын 
жыртқыш аңдар мен тырнағымен бүріп азығын аулайтын жыртқыш құстардың етін 
жеу – халал емес» деген.[2]  Борсық та – сусар тұқымдастарына жататын «жыртқыш 
айуан»  болғандықтан  көбіне  шөп  және  оның  тамырымен  қоса  майда  жәндіктермен 
қоректенеді.  Көктемде  құстарды,  олардың  балапандарын  жейді,  кейде  қозының 
да  құйрығын  сорады.   Сусарлар  тұқымдастығына  жататын  аңдарда  жыртқыштық 
ерекшелігі бар[3].
Ендеше, борсықта «жыртқыш айуандар» тұқымдастығына жататындықтан оның 
етін  жеп,  майын  ішу  дұрыс  емес[4].  Ем  үшін  қолданар  алдын  одан  өзге  дәрілерді 
таңдаған дұрыс.
[1] Сахих Муслим, Китабус Саид – 1932. 
[2] Ибн Ғабидин, Забаих – 9/441 бет. 
[3] http://kk.wikipedia.org/wiki/ Борсық 
[4] Helaller ve Haramlar, http://kurul.diyanet.gov.tr

111
ҚАНДАЙ ТҮСТІ КИІМ ТАңДАҒАН ДҰРЫС?
Хадис кітаптарындағы риуаяттарға қарағанда, Пайғамбарымыз (с.а.у.) ақ, сары, 
қызыл, жасыл, қара түсті киімдерді кигендігі айтылады[1]. Соның ішінде киімнің ақ 
түсті болғанын ұнатқан. Әбу Дәуідтің хадистер жинағында келтірген хадисте Ардақты 
Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Киімдеріңнен ақ түстісін киіңдер. Шынында, киімдеріңнің 
ең игісі сол. Және өлілеріңнің кебіні ақ түсті болсын!», – деген[2].
Тағы  бір  хадисте:  «Киімдеріңнің  ақ  түстісін  киіңдер!  Шынында  ол  тазарақ  әрі 
жағымды,  ұнамды..
[3].  Сондай-ақ,  Сахаба  Әнәстің  айтуы  бойынша  түстердің 
арасында Алланың Елшісіне ең сүйкімдірегі ол – жасыл түс екен[4]. Өйткен «жасыл 
түс» жәннәт иелері киетін киімнің түсі. Құран Кәрімде: 
«Олардың үстерінде жасыл 
тафта мен қамқа[5] киімі бар»[6], – делінген.
Десе де, аталмыш түстерді таңдап, сол түсте киім кию мұстахаб болғандықтан, 
түс  таңдау  әркімнің  талғамы  мен  жергілікті  әдет-ғұрып,  салт-дәстүрге  байланысты. 
Тек, ер кісілер киім таңдарда көбіне әйелге тән түстерден қашқаны жөн. 
[1] Тирмизи сүнәні, баб: 46, 47, 48, 49,50. 
[2] Әбу Дауід, Китабул Либас, 4061-хадис. 
[3] Нәсәий, Китабуз зинат, 5322-хадис. 
[4] Бәйхақи; Табарани; 
[5] Тафта – жұқа жібек мата. Қамқа – алтын, күміс араластырып тоқылған қалың оқа жібек. 
[6] Инсан сүресі, 21-аят.
МҮШЕЛ ЖАС ЖАЙЫНДА ДІН НЕ ДЕЙДІ?
          
Мүшел жас – қазақ халқының адам жасын есептеу үлгісі. Дәстүрлі қазақ қоғамында 
баланың 13 жасқа толуы алғашқы мүшел делінеді, одан кейінгі мүшел жасы әр 12 жыл 
қайталанған сайын есептеліп отырады. Ол 25-ке толғанда – екі мүшел, 37-ге толғанда – 
үш мүшел, 49-ға келгенде – төрт Мүшел, 61-ге келгенде бес мүшел деп есептеледі. Әр 
мүшел ішінде адамның өзіне тән ерекшеліктері мен болмысы қалыптасады.
Сіз  айтқандай  бұны  ырыммен  байланыстырып,  мүшел  жасты  қауіпті  кезең 
деп  санап,  аман-есен  өтуі  үшін  құран  бағыштап,  өзінің  қатты  жақсы  көретін  киім-
кешектерін жақын-жуықтарына тарату сияқты ырым жоралғылардың дінімізде негізі 
жоқ.
Шариғатта  да,  адамды  құқықтық  әрі  әлеуметтік  тұрғыда  бірнеше  категорияға 
бөледі:
1.Құрсақтағы (жәнин) шағы. Бала құрсақта пайда бола салысымен оның өзіндік 
құқықтары таңылады. Айталық өмірге келу құқы, тегі, мұрагер болу құқы т.б.
2.Сәбилік шағы. Мүмәйіз жасына, яғни, шамамен 6-7 жасқа келмеген шақ.
3. Мүмәйіз шағы. Ес кіріп, онды-солын тани бастап, әкенің насихатын тыңдайтын 
балиғат жасына дейінгі шақ (шамамен 7-12  жас). Бұл жастағы балаға намаз оқу, Құран 
оқу сияқты діни жол-жоралғылар үйретіле басталады. Бірақ міндеттелмейді. Силық алу, 
садақа алу, істеген жұмысының ақшасын алу сияқты оған пайда тигізер  әрекеттерді өз 
бетінше қамқорының рұқсатынсыз жүргізе алады.
4. Балиғатқа толған шағы. Бұл шақ қыздарда 9 жастан басталса, ер балдарда 12 
жастан басталады. Бұның ең кеш уақыты қыздарда – 17 жас, ұлдарда – 18 жас. Балиғат 
жасына толған кісіге намаз, ораза, зекет, қылмысы үшін жаза т.б. діни міндеттемелер 
жүктеледі.
5.  Рушд  шағы.  «Рушд»  деп  өз  дүниесін  далаға  шашпай,  өзін  бостан-босқа 
шығынға ұшыратпайтын, меншігіндегі мал-мүлкінің қадірін жетік түсінетіндей ақыл-

112
ойы толықтасқан кісіні айтамыз. Балиғат жасына келгенімен  мал-дүниесінің қадірін 
жетік  түсінбеген  болса,  құлшылыққа  қатысты  амалдармен  міндеттеліп,  жасаған 
қылмысы үшін жауапқа тартылғанымен, өз бетінше меншігіндегі мал-мүлкін жұмсау 
құқына ие емес. 
Абдусамат Қасым
НЕГЕ ЕТПЕТІНЕН ЖАТУҒА БОЛМАЙДЫ?
Пайғамбарымыз (с.а.с) жатар алдында дәретін алып, дұға оқып, оң қолын бетінің 
астына  қойып,  оң  жағына[1]  жататындығы  риуаят  етіледі[2].  Өйткені,  оң  жағына 
жатудың, бір шетінен, денсаулыққа пайдасы болса, екіншіден, ұйқысы сергек болады. 
Денсаулыққа пайдасы – жүрек пен асқазан адамның сол жағында орналасқандықтан, 
сол  жағына  жатқан  адам  ол  екеуін  жаншып  жатады.  Бұл  оған  зиян  тигізуі  мүмкін. 
Алайда, бұл сол жаққа мүлдем жатуға болмайды деген сөз емес.
Шалқасынан  жату  жайына  келер  болсақ,  бұған  да  рұқсат.  Себебі, 
Пайғамбарымыздың  да  (с.а.с)  шалқасынан  жатқандығы  жайлы  жазылған  хадис 
кітаптары бар[3].
Ал  етпетінен  жату  –  мәкрүһ.  Ардақты  Пайғамбарымыз  бұлай  жатуды  қош 
көрмеген. Бұл жайында сахаба Әбу Зәрр (р.а.) былай дейді: «Мен етпетінен (ішіммен) 
жатқан  едім.  Пайғамбарымыз  қасымнан  өтіп  бара  жатып  мені  аяғымен  түртіп: 
«Уа Жүнәйтаб! Мына жатыс тозақылардың жатысы», – деді»[4].  
Тағы  бір  хадісте  сахаба  Әбу  Хурайра  да:«Алланың  Елшісі  (с.а.у)  етпетінен 
жатқан бір кісіні көріп былай деді: «Мына жатыс Аллаға ұнамайтын жатыс»[5], – 
дейді.
Етпетінен жатудың денсаулыққа да тигізетін кері әсері бары айтылады медицина 
мамандары  тарапынан.  Испания  сексопатологтарының  зерттеу  қорытындылары 
бойынша, етпетінен жату еркекке де, әйелге де жыныстық келеңсіздік тудырады.
Сондай-ақ,  бет-ажарының  жастығын  сақтағысы  келетіндерге  де  етпетінен 
жатпауды кеңес береді. Өйткені, етпетінен жатқан кісінің бетіне әжім тез түседі екен. 
Осыны білген жапон қыздары етпеттеп емес, көбіне шалқасынан жататын көрінеді.
Ендеше,  аталмыш  хадистерді  назарға  ала  отырып  мамандар  «оң  жағына  жату 
– сүннет, сол жағына және шалқасынан жату – рұқсат,  ал етпетінен жату – мәкрүһ» 
деген тұжырым жасаған.
[1] Асқалани, Фатхуль Бари – 5955 хадис түсіндірмесі. 
[2] Бухари, Китабуд Дағауат, 5956-хадис.; Муслим – (683) 1101.; Нәсәий, Китабус Сиям – 2367. 
[3] Бухари, Китабул Либас, Бабуль Истилқа – 5624. 
[4] Ибн Мәжә, Китабуль Әдәб – 3224. 
[5] Тирмизи, Китабуль Әдәб – 2768 хадис.
НЕГЕ «БЕЙУАҚТА» ҰЙЫҚТАУҒА БОЛМАЙДЫ?
Бұл  мәселенің негізі жоқ емес. Өйткені, бір хадисте: «Екінтіден кейін ұйықтаған 
әлдекімнің басы дел-сал болса, өзінен көрсін»[1], – деген.  Сондықтан, ғалымдардың 
көбі бейуақта ұйықтауды (жеңіл) мәкрүһ деп санайды. Себебі, хадисте айтқандай бұл 
уақытта ұйықтаған адамның басы дел-сал болады. Ханбали құқық мектебін құрушы 
Имам Ахмәд «екінті уақытынан кейін ұйықтау ұнамсыз әрекет. Бұл ақылына қауіпті[2]» 
дей келіп, бейуақта ұйықтамаған абзал екенін білдіруде.

113
Дегенмен,  бұл  уақытта  ұйықтаған  адам  күнәға  батпайды.  Мұны 
Пайғамбарымыздың  үмметіне  берген  кеңесі  ретінде  қабылдаған  жөн.   Олай  болған 
себебі, Пайғамбарымыздың өзі де кейде екінті уақытында ұйықтағаны айтылады[3].  
Жалпы, ғалымдар күндізгі ұйқыны үшке бөліп қарастырған:
Біріншісі, таң намазы мен күн арқан бойы көтерілген уақыттағы (Духа уақыты) 
ұйқы  –  ұнамсыз  әрекет.  Бұл  уақыт  аралығы  ризық  берілу  уақытысы  болғандықтан, 
мұсылман адам ұйқыға беріліп, несібеден құр қалып қалмау жағын ойлауы керек. Олай 
дейтін себебіміз, Әзіреті Османның риуаяты бойынша жеткен хадисте Алла Елшісі: 
«Азандағы ұйқы – ырысқа кедергі», – деген. Оның (с.а.у) үмметіне тілеген тілеуінің 
бірінде  «Уа,  Жаратушы  Ием!  Үмметіме  азанғы  уақытта  ырысын  арттыр!»,[4]  – 
деген. Осылайша азанғы уақыттың ырзық-несібе теретін уақыт екендігін меңзеп отыр. 
Сондай-ақ, сахабалардың ішіндегі ғұлама Абдулла бин Аббас, күн шығып жатқан кезде 
ұйықтап  жатқан  ұлын  оятып:  «Тұр  орныңнан!  Ырыс  жауатын  уақытты  ұйқымен 
өткізбекпісің!?», – деген екен. Міне, осыдан кейін «ерте тұрған еркектің ырысы артық» 
деп ата-бабамыз бекер айтпаса керек. 
Екіншісі – түскі уақыттағы ұйқы. Күн тас төбеден батысқа қарай ауа бастаған 
уақытта ұйықтау – ұнамды іс. Бұл уақытты арабшада «қа’ила» немесе «Қайлулә» дейді. 
Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.у.) өзінің асыл сөздерінің бірінде: «Ораза ұстау қуатын 
сәресіден  алыңдар,  ал  тәһәжжуд  намазына  тұру  қуатын  түскі  ұйқыдан  алыңдар 
(қайлүлә)»[5], – дей келе, түс кезіндегі ұйқының ұнамды әрекет екенін көрсетуде. Әзіреті 
Омар да бір сөзінде былай дейді: «Түс ауа бастаған уақытта шайтан ұйықтамайды, 
сендер ұйықтаңдар!».[6] Үшіншісі – жоғарыда айтып өткен екінтіден кейінгі уақыт.
[1] Хайсами, Китабут Тыб, 8471-хадис.Әлсіз хадис. 
[2] Мухаммәд әл-Мақдиси, Әл-Әдәбуш Шарғия. 
[3] Әль-Қирафи, әз-Зәхира, Китабуль Фараиз. 
[4] Тухфатуль Әхуизи, Тирмизи шархы – 1212 хадис түсіндірмесі. 
[5] Әл-Асқалани, Фатхуль Бари – 5923 хадис түсіндірмесі. 
[6] Ғазә'уль Әлбәб, «Матләбу нәумиль Қаила».
НЕГЕ ЕСЕКТІң ЕТІ АРАМ?
Есек  етін жеуден шариғатымыз тыйған. Бұған байланысты көптеген хадистер 
бар.  Атап  айтсақ,  сахаба  Абдулла  бин  Әби  Әуфа  (р.а.)  есек  етінің  харам  болуы 
жайында былай әңгімелейді: «Хайбар соғысында Пайғамбарымызбен бірге аштыққа 
тап болдық. Арамыздағы бір топ адам қала сыртында жүрген есектерді ұстап 
алып келді. Біз оларды сойып, (қазанға салдық). (Есек етіне толы) қазандарымыз 
қайнап  жатқанда,  Ардақты  Пайғамбарымыз  (с.а.с)  жаршыға:  «Қазандарыңды 
төгіңдер. Есек етінен бір кесек болса да жемеңдер!» деп жария етуді бұйырды. 
Бұны  ести  сала  қазандарымызды  төктік»
,  –  деді.  Осы  хадисті  естіп  тұрған  Әбу 
Исхақ әш-Шәйбани Абдулладан: 
«Сонда Пайғамбарымыз еттен қатаң тыйды ма?» 
деп сұрағанда, Абдулла: 
«Әлбетте! Пайғамбарымыздың одан қайтару себебі, есек 
нәжіс жейді»[1], – деген еді.
Тағы бір хадис шарифте сахаба Абдулла бин Омар: «Пайғамбарымыз Хайбар 
күні үй есегінің етін жеуден қайтарған еді»
, – дейді[2]. Ал Жәбир есімді  сахаба: 
«Пайғамбарымыз  Хайбар  күні  есек  етін  жеуден  тыйып,  жылқы  етіне  рұқсат 
берді»[3], – дей отырып жылқы еті – халал, есек еті харам екенін білдіруде.
Ал енді, есекті өзге малмен будандастырудан туған төлге келер болсақ, Ханафи 

114
мәзхабының  ғалымдары 
«Буданды  адал  немесе  арам  деуіміз  үшін,  буданның 
анасына қараймыз: егер анасы адал болса – адал, арам болса – арам» дейді[4]. 
Яғни, егер шешесі жылқы болса, ол буданды жеуге болады[5], әкесінің әңгі (есектің 
айғыры)  болғандығына  қарамайды.  Ал,  анасы  мәші  (есектің  ұрғашысы)  болса,  ол 
буданның еті – арам.
[1] Ибн Мәжә, Зәбәих – 3192 хадис;. Фатхуль Бари, Шарху Сахихиль Бухари, 5208-хадис; 
[2] Сахих Бухари, Китабуз Забаих – 5202 хадис. 
[3] Сахих Бухари, Китабуз Забаих – 5204 хадис. 
[4] Ибн Ғабидин – 9/442 бет. 
[5] Имам Ағзам Әбу Ханифа «мәкрүһ» деген.
САҚИНАНЫ ҚАЙ ҚОЛҒА ЖӘНЕ ҚАЙ САУСАҚҚА 
ТАҚҚАН ДҰРЫС?
Пайғамбарымыздан бұл жайында әртүрлі риуаяттар жеткен. Бірінде сақинаны 
сол қолына таққан десе[1], тағы бірінде оң қолына таққан делінген[2].
 Осы хадистерді 
негізге ала отырып кейбір Ханафи мәзһабының ғалымдары:
 «сақинаны, ең дұрысы, 
сол  қолдың  шынашағына  таққан  абзал.  Ал,  оң  қолға  рафизилер  (шииттер 
ағымының бірі) тағады»[3], – деп топшылайды.
Әйтсе де, Ханафи ғалымдарының арасында: 
«Алла Елшісінің сақинаны оң қолға 
да,  сол  қолға  да  таққандығы  жайында  әртүрлі  хадис  риуаят  етілгендіктен,  екі 
қолдың қайсысына тақса да бәрі бір. Оң қолға тағу дін бұзушылардың белгісі 
деу бекер сөз. Өйткені, Пайғамбарымыздан жеткен сахих хадистер бұны жоққа 
шығарады»,[4] – дейтіндер де жоқ емес. Ендеше сақинаны қай қолға тақсаңыз да, өз 
еркіңіз.
Ал  сақинаны  қолдың  қай  саусағына  тағу  мәселесіне  келер  болсақ,  Әбу  Бурда 
ибн  Әби  Муса  Ашғариден  риуаят  етілген  Сахих  Муслимдегі  хадисте  Әзіреті  Али 
(р.а.) былай дейді: «Пайғамбарымыз мына не мына саусақтарыма сақина тағуды 
тыйды»[5], – деп ортаңғы саусағы мен сұқ саусағын көрсетті.[6] Демек сақинаны осы 
екі саусақтан өзге саусақтарға таға беруге болады деген сөз.
[1] Муслим, Либас/ 2095 хадис. 
[2] Нәсаи – 3647 – хадис. Сахих. 
[3] Бахрур Раиқ – 8/350 бет.; Әл-Фәтәуал Хиндия – 5/414 бет. 
[4] Ибн Абидин, Раддуль Мухтар – 9/519 бет. 
[5] Әбу Бурдадан риуаят еткен Асым екі саусақтың қайсы екенін анық білмейді. Сондықтан, осы 
екеуінен өзге болғаны абзалырақ. Жалпы ғалымдарымыз шынашаққа таққан сүннет дейді. 
[6] Муслим, Либас / 2078-хадис.
СУ ЖАНУАРЛАРЫНЫң ҚАЙСЫСЫН 
ЖЕУГЕ БОЛАДЫ?
Ханафи мәзһабы бойынша су хайуандарының ішінен тек «балық тектестерді» 
ғана жеуге рұқсат[1].  Ал құрбақа, су шаяны (рак) секілді балық түріне жатпайтын су 
жәндіктерін жеу көзге әрі адам табиғатына жиіркенішті болғандықтан – мәкрүһ.    Десе 
де, тәбеті тартқан адамдарға балықтан өзге де суда өмір сүретін хайуандардың етін жеуге 
болады дейтін ғалымдар да жоқ емес[2].  Бұл пәтуа, әсіресе, адал ет табыла бермейтін 
діні бөлек елдерде өмір сүріп жатқан мұсылмандарға жеңілдік болып табылады.

115
[1] Маусули, Ихтияр – 4/247 бет. 
[2] Әл Кәсәни, Бадаиғ – 6/175, 176 бет.
НАУРЫЗДЫ ТОЙЛАУҒА БОЛА МА?
Көшпелі  қазақ  өркениетінің  ұлттық  нышандарының  бірі  –  Наурыз  мерекесі. 
«Наурыз» сөзі – зороастризм сенімінде болған парсы елінің  тілінен аударғанда «жаңа 
күн»  деген  мағынаны  білдіреді.  Бұл  мейрамның  шығу  тарихын  кейбір  ғалымдар 
зороастризммен,  отқа  табынумен  байланыстырса,  кейбір  тарихшылар  Парсы 
патшалығының  жорықтарымен  байланыстырады.  Зороастризм  сенімі  бойынша 
жақсылықтар жарықтан, жамандықтар қараңғылықтан бастау алады. Наурыз мерекесін 
22-сі күні тойлау себебі, жамандықтың бастауы – түнгі қараңғылықтың жіңішкеріп, 
күндізгі  жарықтың  ұзаруы,  зороастризмдегі  жарық  жақсылықтың  бастауы  ретінде 
көрініс  тапқан.  Бұл  сенімде  от  жарық  көзі  саналып,  ерекше  құрмет  көрсетілген. 
Наурыздың 21-і күні отты алаулатып жағып, жаңа жылды қарсы алған.
  Қазіргі  күнде  де  парсы  тектес  ұлттар  Наурыз  мейрамында  отты  жағып,  пәле 
жаладан  тазару  ретінде  үстінен  секіріп  жатады.  Ал,  біздің  ұлтымыздың  Наурыз 
мерекесінде отты алаулатып жағуды үрдістен үзген. Себебі, отқа табыну ислам сенімі 
бойынша Аллаға серік қосу болып табылады. Қазіргі таңда наурыз мейрамы – діни 
мереке емес, ұлттық мереке ретінде тойланады.  Бұл қалың қыстан аман-есен шығып, 
күн нұрына бөленіп, жаңа жылды қарсы алу мерекесі. Наурыз мерекесінде көріскен 
жандар бір-бірін құшақ жая қарсы алып, игі тілектер айтады. Ал ислам дінінде негізгі 
мейрам ораза айт пен құрбан айт болып саналады.
 
Наурызды бұрынғы парсылардың сеніміндей етіп тойлау ислам дініне қарама-
қайшы. Біздің қазақ халқымызға ислам діні сонау Қарахан мемлекеті кезінен енгені 
анық.  Наурыз  мерекесі  қазақ  елімен  біте  қайнасқан  мереке  ретінде  шариғатымызға 
қайшы келмейді. Ұлыстың ұлы күнін тойлау – ежелден түркі жұртында бар дәстүр. 
Мәселен,  еліміздің  батыс  өңірінде  күні  бүгінге  дейін  жалғасын  тауып  келе  жатқан 
«Көрісу» деген дәстүр бар. «Көрісу» дәстүрі Наурыздың 14-не тойланады. Бұл дәстүр 
бойынша қыстың көзі қырауда, шаруаның жайымен жүріп қалған ағайын көктем шығып 
малдың аузы көкке тиіп, алды-арты кеңейгеннен кейін амандық-саулық сұрасып, бір-
біріне сәлемдесе барады. 
 
 «Әдет-ғұрып» фиқһ қағидасы бойынша, елдің бұрынғы салт-дәстүрлері ислам 
негіздеріне қайшы келмей, қоғамдық қатынасты оң реттеген болса, бұл салт-дәстүрлер 
сақталады. Бүгінгі дәстүріміздегі Наурыз мерекесінің исламға ешқандай алабөтендігі 
жоқ. Бұрынғы Наурыз мерекесін от жағып қарсы алушылық дәстүрімізден әлдеқашан 
шығарылып тасталған. Ал, қазіргі қазақ қауымының тойлап жүрген Наурыз мерекесінде 
қыстан  күйзеліп  шыққан  елдің  көңілін  көтеру  мен  қазақи  құндылықтарымызды 
жандандырып, көкпар беріп, ат шаптырып, палуандар күресін өткізіп, ән-жыр, айтыс-
терме ұйымдастырылып, араздасқан адамдар осы күні татуласып, бір-біріне жақсы бата 
берісіп, «ұлыс оң, ақ мол болсын» деген сияқты ізгі тілектерімен қауышып жатады. 
Пайғамбарымыздың (с.а.у) хадисінде «Амалдар ниетке байланысты...» деп айтылған. 
Біздің  ниетіміз  отқа  табыну  емес,  салт-дәстүрлерімізді  жаңғырту  мақсатында,  оны 
сақтай отырып, келешек ұрпаққа жеткізу. Алла толық білуші.
Сансызбай Құрбанұлы,  
ҚМДБ-ның Шариғат және пәтуа бөлімі  
меңгерушісінің орынбасары
.

116
ІРІ ҚАРА МАЛ ЕГІЗ ТУСА, НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?
Егіз  болған төлді жаман ырымға жорымай, Алланың берген ризығы деп білген 
дұрыс. Егер «бәрібір уызға жарымайды немесе сиырдың сүтіне ортақ болады» десеңіз, 
көрші-қоланға яки жағдайы нашар жанұяға біреуін тірідей садақа етіңіз. Бұл әрекетіңіз 
сауап болмаса, күнә емес. Ал оны өлтіріп, көміп тастау харам. Өйткені, Исламда себепсіз 
ешбір тіршілік иесін өлтіру былай тұрсын, жапа шектірудің өзі дұрыс емес. Ардақты 
Пайғамбарымыз (с.а.с) көтеремге айналған арық бір түйені көргенде: «Шағымдануға 
тілі  жоқ  жануарларға  жапа  шектірмеңдер,  Алладан  қорықсаңдаршы...»[1],  –  деп 
кейіген екен.  Сондай-ақ, бірде Пайғамбарымыз бір кісінің шарбағында тұрған түйеге 
көзі түседі. Пайғамбарымызды көрген әлгі түйенің көздерінен жас аға бастайды. Түйеге 
жақындап  келген  Пайғамбарымыз  жануардың  көз  жасын  сүртті  де:  «Мына  түйенің 
иесі кім?», – деп сұрады. Сонда бір жас жігіт: «Иесі мен, уа Алланың Расулы», – деді. 
Пайғамбарымыз оған: «Мына түйені саған мүлік етіп берген Алладан қорықпайсың 
ба?! Ол байғұсқа жем-шөбін бермей болдырғанша жұмысқа салғаның қалай?!»[2], – 
деп мұсылмандарды меншігіндегі жануарларға да жақсы қарауға меңзеді. 
 [1] Әбу Дәуід, Жихад – 2548 аят 
 [2] Әбу Дәуд, Жихад – 2549 хадис
 
ШОҚПАРМЕН ҰРЫП АЛҒАН АңНЫң ЕТІ АДАЛ МА?
Жалпы алғанда малдың етін жеу үшін «бисмиллаһи Аллаһу әкбәр» деп бауыздау 
шарт. Кейде аңшылықта дер кезінде бауыздау мүмкін болмай жатады. Бұл жағдайда 
жарақаттанып қан ағуы бауыздалғанға есеп[1].  Ендеше, аңға жарақаттайтын ит сияқты 
азулы  хайуанды  қосып,  бүркіт  секілді  тырнақты  құсты  салудың[2] немесе  мылтық, 
садақ  сияқты  қаруды  қолданудың  маңыздылығы  осында[3].  Ал  ауыр  тас,  шоқпар 
іспетті  тиген  жерін  сындырғанымен,  терісін  тесіп  қансыратпайтын  заттармен  ұрып 
өлтірген аңды жеуге болмайды[4]. Өйткені, мұны Құранда арам өлгендердің есебінде 
санаған[5].  Бұл жағдайда жаны шықпай тұрып бауыздап үлгеруіңіз керек. Сонда ғана 
оның етін жеуге болады.
Мына мәселеніде ескергеніңіз жөн болар, аңға ит не бүркітті салғанда, болмаса 
мылтықтың  шүріппесін  басқанда  «бисмилләһи  Аллаһу  әкбар»  сөзін  айту  керек. 
Сондай-ақ үлгерсеңіз олжалы аңды өлмей тұрып бауыздап алған дұрыс. Ал сіз келем 
дегенше өліп қалса еті – халал. Өйткені жарақатынан аққан қан бауыздалғанға есеп.
[1] Ихтияр – 4/213 бет.; Лубаб – 3/220 бет  
[2] Мәида сүресі – 4 аят. 
[3] У.Зухайли, Фатауа Муғасыра -  247 бет. 
[4] Ихтияр – 4/222 бет. 
[5] Мәида сүресі – 3 аят
.
 
ФОТОҒА ТҮСУ ШАРИҒАТҚА ТЕРІС ПЕ?
Фотоаппаратпен түскен суреттің шариғатқа ешқандай терістігі жоқ дейді қазіргі 
мамандар. Өйткені, фотоаппаратпен түсірілген сурет суға немесе айнаға қарағандағы 
шағылысқан бейне секілді[1].
Ал Исламның сурет салуға қатысты тыйымы «
Мен де Алла секілді шебермін» 
деген  ойдан  сақтандыру  мақсатында  жасалған.  Ал  фотоаппаратпен  түсірілген 
суреттерде мұндай түсінік болмайды[2]. Ендеше, фотоға түсудің шариғатқа еш терістігі 
жоқ.

117
[1] Проф.Доктор У.Зухайли: Фатауа Муғасыра – 315 бет.Дамаск.; 
     http://www.islamic-council.com/darulifta misriya 
[2] Доктор Ю.Қардауи: әл Халал уәль Харам – 104 бет. Кайр.
ДӘРЕТ АЛУҒА СУ БАР, БІРАҚ ҒҰСЫЛ
ҚҰЙЫНУҒА ЖАҒДАЙ ЖОҚ, НЕ ІСТЕЙМІН?
Ханафи  мәзхабы  бойынша,  су  болмаса  немесе  дәрет  я  ғұсыл  алатын  су  тым 
алыста болса[1], онда адам тәяммум соғып, құлшылығын өтей береді. Дәл сол секілді 
су  қасында  болып,  бірақ  ғұсыл  құйынуға  белгілі  бір  кедергілер  туындаса,  мәселен, 
құдықтан су алатын ыдыс табылмаса, суға барар жолда жыртқыш аң немесе дұшпан 
кезігетіндей қауіп болса, не сіздің жағдайыңыз секілді белгілі бір себеп бар болса, онда 
мұндай жағдайда да тәяммум соғып, намаздарыңызды өтей беруіңізге болады.
Сондай-ақ, ғалымдарымыз : «
Ғұсыл құйынуы керек адамның тек дәрет алуға 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет