Әттең-ай, осы уақиғаны басымнан
өткізбегенімде ғой. Осы сәтке дейін мұсылман болмай тұра тұрғаным әлдеқайда
160
артық па еді», – деп өмір бойы қатты өкінеді.
Иә, тіпті соғыс сәтінде дұшпанның айтқан күмәнді «Лә иләһа иллаллаһ» сөзінің
мұншалық салмағы болса, шынайы айтылған бұл сөзді көрместікпен келіп, ата-анаң
мен айналаңдағыларды кәпірге шығарудың күнәсін енді өзіңіз салмақтап көріңізші.
Ендеше айналамыздағыларды жаппай «кәпір» деп кінәлағаннан гөрі оларға дін
құндылығын қалай жеткізсек деген уайым әрдайым көкейімізде тұруға тиіс.
Иә, кешегі ғасырға жуық құдайсыздық ғылымын насихаттаған кеңестік кезеңнің
азаматтарымыздың санасына салған сызаты түгелдей айығып, көкіректе қалдырған
күпірлік күдігі әлі де бүтіндей кеткен жоқ. Бұған әрине бәрінен бұрын уақыт,
даналықпен жасалған насихат, көркем мінезбен көмкерілген қарым-қатынас, хикметке
толы түсіндіру жұмыстары қажет.
Кейде білімі төмен, интеллектуалы жоқ адамдардың айтқан дөрекі уағыздары
тыңдаушының құлағына түрпідей тиіп, керісінше кері әсерін тигізіп жатады. Сөйте
тұра тыңдаған адамы айтқанына бас шұлғып мақұлдамаса немесе бірден намаз оқып
кетпесе, оларды «кәпірге» шығарып, тозаққа тастап жататындарды да кездестіріп
жатамыз.
Дін түсіндіремін деп қаталдыққа, дөрекілікке бару аса қауіпті. Бұл тұрғыда Ибраһим
Пайғамбардың әкесі Әзарды дінге шақырған сәті ойланғанға ғибрат. «Ибраһим
әкесі Әзарға: «Уа әкешім! Неліктен (сенің мұңыңды) естімейтін, (мұқтаждығыңды)
көрмейтін, саған ешқандай пайда тигізе алмайтын мына пұттарға табынудасың?
Әкешім! Саған жетпеген бір білім берілді маған. Айналып кетейін, маған ерсең сені
түп-түзу тура жолға бастаймын. Әкешім! Шайтанға табынба! Өйткені, ол Рахманға
асылық етіп, күнә жасауда. Әкешім саған Рахманның ғазабы тие ме деп қорқамын, сені
шайтанның досы болып кете ме деп уайымдаймын», – дейді».
Байқасаңыздар, Ибраһим Пайғамбар пұтқа табынушы әкесін жалғыз Аллаға
ғана құлшылық жасауға шақырғанда, ең әуелі, ерекше мейірімге, жанашыр ниетке
толы «Әкешім» деген сөзімен бастайды. Одан кейінгі аяттарда да дәл осы сөзді жиі
пайдаланғанын, тіпті әрбір сөйлемін осы сөзбен бастағынына куә боламыз. Алғашқы
аятта адам қолымен жасалған пұттардың адамға еш пайда тигізе алмайтындығын,
сондықтан құлшылыққа лайық емес екенін түсіндіреді. Яғни ақылға салып, қисынға
жүгінуге шақырады. Кейінгі аяттарды да Ибраһим Пайғамбардың әкесін «кәпір» деп
кінәлау емес, «Алланың ғазабына дұшар боласың ба деп қорқамын, ақыретіңді ойлап
мазам қашады, шайтанның қатарынан табыласың ба деп соны уайымдаймын» деген
секілді шынайы жанашырлығын түсінеміз. Ал енді Ибраһимнің осынша мейірімге
толы жанашыр жылы сөздеріне әкесі не деп жауап қатты екен? Келесі аятта әкесі сөзін
«ботақаным» деп емес, «Ей, Ибраһим!» деп қатал бастайды да, «Жоқ әлде, сен менің
құдайларымды тәрк етіп, олардан теріс айналдың ба? Егер сен бұдан бас тартпасаң,
мен саған тас боратамын. Маған қараңды көрсетпе, кет!» деп қаһармен береді. Ал
Ибраһим Пайғамбар болса, әкесінің осынау зіл батпан ауыр жауабын естігенде, ол да
ашуына ерік беріп, бастағы мейірімге толы сөзінен айнып, биязы мінезінен жаңылып
қалған жоқ. Керісінше, «Саған есендік пен амандық тілеймін. Сен үшін Раббымнан
кешірім сұраймын»[4] деп тағы да жанашыр ниетін, мейірімге толы көңілін көрсетті.
Ибраһим пайғамбардың пұтқа табынған әкесіне көрсеткен осынау ғибратқа толы іс-
әрекеті уағыз-насихатта біздерге үлгі болуға тиіс.
Ендеше, дінде әрқашан байып сақтап, айналамыздағы адамдармен көркем
мінез, мейірім мен игі істеріміз арқылы үлгі болуымыз қажет. Айналамызды бір
күнде түзетеміз деп албыртып асыққаннан гөрі насихатымызды ұзақ уақыт болса да
161
адамгершілікке толы қарым-қатынасқа негіздегеніміз жөн. Бүгін теріс бұрылып, сізден
аулақ жүруге тырысқан адамдар бес жылдан, тіпті, он, жиырма жылдан кейін сізді іздеуі
мүмкін. Сондықтан, олармен орнатылған бүгінгі қарым-қатынаста ертең олардың сіз
үшін есігін жауып алатын қатал әрекетке барудан абай болған жөн. Бүгін «кәпір» деп
теріс айналған адамдарымыз ертең бізден де тақуа, бізден де Аллаға жағымды адам
болуы әбден мүмкін ғой.
Бірде Ардақты Пайғамбарымыздың жанына бір бәдауи келіп: «Уа Мұхаммед!
Маған жақсылық жасап, жәрдем бер», – деп дүние сұрайды. Алла Елшсі сол сәтте
әлгіге жанындағы бар дүниесін береді. Сонда бәдәуи азырқанған кейіп танытып:
«Сен маған түк те жақсылық жасамадың», – деп салады. «Рахмет» дегеннің орнына
бәдауидің айтқан бұл дөрекі сөзін естіген сол жердегі сахабалар ренжіп, ашулана
ұмтыла бергенде Алла Елшісі: «Тынышталыңдар!», – деп оларды сабырға шықырады.
Сосын әлгі адамды ертіп үйіне барады да тағы да бір нәрселерді қолына ұстатып,
«енді риза бол!» дейді. Бәдәуи ризашылығын білдіріп, рахметін айтады. Сонда Алла
Елшісі бәдәуиге: «Бағана асхабымның жанында маған айтқан бейриза сөздеріңе олар
ренжіп қалды. Маған айтқан қазіргі ризашылығыңды солардың алдына барып тағы да
білдірсең», – дейді. Бәдәуи сахабалардың алдына барып тағы бір рет Алла Расулына
ризашылығын білдіреді. Сөйтіп, бәдәуи кеткеннен кейіп Адамзаттың Асыл Тәжі (с.ғ.с.)
асхабына былай дейді: «Сендер мен менің және үмбетімнің мысалы мынаған ұқсайды:
бір кісінің аты қаша жөнеледі, мұны көрген адамдар әлгі адамға көмектеспек ниетпен
атын ұстап беруге ұмтылып, артынан қуалайды. Ал ат одан бетер үркіп қаша түседі.
Сонда аттың иесі адамдарға «Уа, жарандар! Көмектеріңе көп рахмет! Атты үркітпеңдер,
былай тұрыңдар!» деп етегіне жем салып, моһ-моһтап атын ақырын шақырады да ұстап
алады. Міне, сендер мен менің және үмбетімнің мысалы дәл осыған ұқсайды. Бағанағы
бәдауиге сендер ренжіп кейіс білдіріп, ашуға берілдіңдер. Егер мен сендерге ергенде
ол бәдәуи бейриза күйінде кететін еді де, исламнан мақрұм қалатын еді», – дейді»
Сөзімізден бұрын үлгілі ісіміз бен салихалы амалымыз жүруі керек. Әрине,
оңтайлы сәттерді пайдаланып тіліміздің жеткенінше дініміздің құндылықтарын
жеткізуді яки бізден де жақсы айтатын адамдармен сұхбат жағдайын жасауды
ұмытпауымыз керек. Мүмкін тыңдаушымызға сәтті жазылған жақсы кітап сыйлау
арқылы дін насихатын жеткізу ұтымды әрі әлде қайда пайдалы болуы мүмкін.
Көбіне жасы үлкендеу, қоғамда өзіндік орны бар, жеке амбициясы қалыптасып
үлгерген, тіпті көбіне адамдарға ақыл айтып, ел басқарып үйренген адам діннен мүлде
хабары жоқ болса да, сенің дін жайында айтқан әңгіме, уағызыңа ат үсті, кейде мұрын
шүйіре «мен де білемін» деген мінезбен қарауы мүмкін. Сондықтан, уағыз айтқанда
әр адамның жеке жағдайы мен табиғатына, білім деңгейі мен қоғамдағы орнына сай
ыңғайлы тәсілді таңдай білу – насихаттың оң әсерін арттыру тұрғысынан өте маңызды.
Біз өзіміз қай салада болсақ та өз ісіміздің шебері, майталман маманы бола
білсек, білімімізді әрдайым шыңдап, бойымызды барша адами қасиеттермен безендіре
білсек, мұны байқаған айналамыздағы адамдар жетістігіміздің тамырын ұстанып
отырған дінімізден іздейтіні сөзсіз. Өз ісін тыңғылықты атқаратын, жығылғанға
сүйеу, қиналғанға қамқор, айналасына мейірбан бола білген мұндай адамның айтар
қарапайым сөзінің өзі айналаға әсерлі уағыз болып, жасаған қарапайым іс-әрекетінің
өзі ғибратқа айналады.
[1] Мумтахина сүресі, 7-аят.
[2] Сахихул-Бұхари. 1-том, 137-бет. «Дәру Ибни Кәсир баспасы», Бәйрут, 1987 ж.
162
[3]Сахихул-Бұхари. 3-том, 1282-бет. «Дәру Ибни Кәсир баспасы», Бәйрут, 1987 ж. Сахих Муслим, 4-том, 2110-
бет. «Дәру Ихиа'ит-турасил-араби» баспасы, Бәйрут.
[4] «Мариям» сүресі, 42-47 аяттар
.
Қайрат Жолдыбайұлы,
дінтанушы
ФАТИХА СҮРЕСІНІң ҚАНША АТАУЫ БАР?
Фатиха сүресінің имам Құртуби (р.а.) атап өткен он екі атауы бар. Олар:
1. әс-Соләт (намаз). Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен: «Намаз Менің және құлымның
арамызда екіге бөлінген...[1]» деген хадис негізінде;
2. Сурат Хамд (мадақ сүресі). Сүре Алла Тағаланы мадақтаумен басталғандықтан;
3. Фатихат Китаб (Құранның беташары);
4. Үмму Китаб (Кітаптың атасы[2]);
5. Үмму Құран (Құранның атасы[3]);
6. әл-Масани (қайталанушы) Үбай бин Кағб (р.а.) риуаят еткен хадисте: «...Ол жеті
қайталанушы (аяттар), ол жөнінде Алла Тағала: «Біз саған қайталанатындардан
жетеуін және ұлы Құранды бердік[4]», – деген[5]»;
7. Құран Ъазым. (ұлы Құран[6]) ;
8. әш-Шифа (шипа[7]);
9. әр-Рұқия (ем, дем[8]);
10. әл-Асас (негіз);
11. әл-Уафия (толық қамтушы);
12. әл-Кафия (жеткілікті). Убада бин Сомит (р.а.): «Үмму Құран (Фатиха) басқа
сүренің орнын толтырады, ал басқа сүре оның орнын толтыра алмайды[9]», – деген
хадис жеткізген.
[1] Муслим және төрт сунан кітабында
[2] Мажаз Құран
[3] Тухфат Ахуази, Бұхари
[4] Хижр сүресі, 87-аят
[5] Муслим
[6] Жоғарыдағы сілтеме
[7] Бұхари, Тирмизи
[8] Бұхари, Тирмизи
[9] Мустадрак
АДАМҒА ЖЫН ТИГЕНІН ҚАЛАЙ БІЛУГЕ БОЛАДЫ?
Жындар – ойдан шығарылған қиял емес. Адам сияқты оларға да құлшылық парыз
етілген жаратылыс. Жындар да ішінара жақсы және жаманға бөлінеді. Ежелде жыннан
қорқып, олар жайлы шындыққа жанаспайтын түрлі әпсана-ертегілер шығарылған.
Құран Кәрімде: «
Адамдардың ішіндегі кейбір кісілер жындардың ішіндегі кейбір
еркек жындардан пана сұрап, олардың менменсіп, басынуларын арттыратын
еді[1]»,-деген аят бар. Оның мәнісі, араптар жазық далаға келіп, түнемек болады да,
сол маңайдағы жындардың үлкенінен пана сұрайды. Есірген жындар оларды ақылдан
адастырады. Иә, жын адамға зиян тигізуі мүмкін.
Жындар көбінесе, лас және таза емес орындарда, айдала мен шөл далада жүреді.
163
Күн батқанда жер бетіне тарала бастайды. Алла Тағала қалауымен, олардан қорғану
үшін пайғамбарымыз (с.ғ.с.) үйреткен таңғы және кешкі сүннет дұғаларды оқып жүру
қажет. Құран Кәрімде: «Анығында, Менің құлдарыма олардың үстінен сенде билік жоқ.
Тек адасқандардан және саған ергендерге ғана (билік бар),-деді[2]»,-деп әмір етілгендей,
шайтан Алла Тағаланы зікір етіп және құлшылық жасап жүрген адамға жақындай алмайды.
Құран Кәрімде: «
Ақиқатында, оның (шайтанның) билігі оны өзіне дос,
қамқоршы тұтатындарға және онымен серік қосатындарға ғана жүреді[3]»,-
дегендей жын өзін мазалаған адамға жамандық етеді. Мәселен, кірдің суын немесе
ыстық суды есік алдына немесе көшеге төге салу, айдалада ұйықтап қалу, күл-қоқысты
басу, елсіз жерде түнделетіп жүру, малдың сүйегін тебу, үнемі күнә жасап жүру және
сиқырланып қалу сияқты себептермен жын тиюі мүмкін. Қазақтың «күл баспа»,
«кірдің суын жолға төкпе», «түнде жүргенде «бисмилла» айтып жүр», «шошынып
қалсаң «бисмилла» де» деген сияқты сөздер айтуының сыры да осында жатыр.
Жынның адамға тиетін жолы көп. Оның арнайы белгілері де жоқ. Әр қилы және
түрлі себептер болуы ықтимал. Бірақ, тәжірибе көрсеткендей көбінесе төмендегідей
белгілерінен байқалады:
1. Ешбір себепсіз үнемі бас ауру;
2. Аяқ-қолдың ұйығанын сезіну;
3. Алла Тағаланы зікір еткенде, Құран оқығанда іштей қарсылық сезіну;
4. Құранды тыңдағанда бас ауруын сезіну немесе дене-мүше еріксіз қимылдай
бастауы;
5. Жынның науқас тілімен сөйлей бастауы;
6. Беймаза түстер көру және ұйқыда бейне бір құлап бара жатқандай сезіну.
[1] Жын сүресі, 6-аят
[2] Хижр сүресі, 42-аят
[3] Нахл сүресі, 100-аят
КҮМБЕЗ БЕН МҰНАРАДАҒЫ ЖАРТЫ
АЙ БЕЛГІСІ НЕНІң НЫШАНЫ?
Ислам – таухид діні. Тек, Алла Тағала ғана құлшылық етуге үндейтін дара дін.
Ай мен жұлдызға тіпті, пайғамбар мен періштеге құлшылық етуші Алла Тағалаға қарсы
келуші кәпір есептеледі. Құран Кәрімде күн, ай және басқа да құбылыстарға құлшылық
етуден қатаң тиып: «
Әрі түн мен күндіз және күн мен ай – Оның белгілерінен.
Күнге де, айға да сәжде жасамаңдар, оларды жаратқан Алланың Өзіне ғана сәжде
жасаңдар, егер құлшылықты Оған арнап істейтін болсаңдар[1]»,-деп әмір етілген.
Күн шығып немесе батып жатқанда онымен таласып намаз оқудан тиюдың да
сыры осында. Мұсылманның құлшылығы күнге табынатындарға ұқсап кетпеуі үшін.
Ал, жаңа туған айға келсек, мұсылмандардың құлшылықтарына қатысы бар жаратылыс.
Құран Кәрімде: «(Ей, Мұхаммед!) Олар сенен жаңа туған айлар жайлы сұрайды. Айт:
«Ол – адамдарға және қажылық үшін уақытты белгілеу (есептеу)»,-деп...[2]»,-деп
айтылғандай рамазан айы және айт күндерінің басталғандығы айдың тууына қарап
есептелінетіні белгілі.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) да:
«Аллоһуммә әһлилһу ъәләйнә бил юмни уәл
иман уәс сәләмәти уәл ислам, Робби уә Роббукә Аллаһ» (мағынасы: Уа, Алла!
Жаңа айда бізге жеңілдікпен, иманмен, амандық және Исламмен еткейсің. Менің
Раббым және сенің (туған ай) Раббың – Алла[3]»,-деп дұға етуі де сондықтан.
164
Мешіт мұнараларына жарты ай белгісін қою жайлы ешбір хадис пен дерек жоқ. Бірақ,
бұл жарты айды қоюға тыйым салынады деген сөз емес. Алғашқыда мешіттердің
мұнарасы да болмаған.
Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) дәуірінде мешіттер мұнарасыз еді. Мұнаралы
мешіттер кейінірек пайда болды. Мұнараға деген қажеттілік туындады. Сонымен бірге,
ешбір заманда ғұламалар бұған қарсылық білдірген жоқ. Сол сияқты, жарты ай белгісі
Меккедегі әл-Харам мешітінен бастап барлық мешіттерде мұсылмандар рәмзі ретінде
орнатыла бастады.
[1] Фуссилат сүресі, 37-аят
[2] Бақара сүресі, 189-аят
[3] Ахмед, Тирмизи
Руслан Камбаров
ӨЗ-ӨЗІНЕ ҚОЛ САЛУДАН ҚАЛАЙ ҚҰТЫЛАДЫ?
Суицид
–
үлкен
күнә.
Құран
Кәрімде:
«...
Және
өздеріңді-
өздерің өлтірмеңдер. Ақиқатында, Алла сендерге ерекше Мейірімді.
Ал, кім осыны дұшпандық және әділетсіздікпен істесе, кейін
оны Отта жағамыз. Бұл – Алла үшін жеңіл[1]»,-деп әмір етілген.
Аяттағы: «...
Және өздеріңді-өздерің өлтірмеңдер...»,-деген сөзді бір-біріңді
өлтірмеңдер, өйткені сендер бір діндесіңдер[2] деп түсіндірсе, Ибн Аббас және
көпшілік ғалым өз-өзіне қол жұмсау деп тәпсірлеген. Бұған негіз, Амр бин Ас (р.а.): «Мен
Зат Саласил жорығында суық түннің бірінде жүніп болып қалдым. Ғұсы6л құйынсам,
өзіме зиян тигізіп аламын ба деп қауіптендім. Сосын таяммум соғып жолдастарыма
таң намазына имам болдым. Осы оқиғаны пайғамбарға (с.ғ.с.) айтып бергенімде, ол:
«Ей, Амр! Жүніп күйіңде жолдастарыңа намазға өттің бе?,-деді. Мен ғұсыл құйынуға
кедергі болған жайтты айтып, Алла Тағаланың «...Және өздеріңді-өздерің өлтірмеңдер.
Ақиқатында, Алла сендерге ерекше Мейірімді»,-деп айтқанын естідім,-дедім. Алла
елшісі (с.ғ.с.) күліп, ештеңе айтқан жоқ»,-дейді. Бұл хадис сахаба Амрдың (р.а.)
жоғарыдағы аятты кісінің өз-өзіне қол жұмсауына тәуил еткендігін көрсетеді.
Әбу һурайра (р.а.): «
Кімде-кім өзін өткір затпен өлтірсе, қолындағы өткір
зат тозақта мәңгіге қарнына қадалады. Кімде-кім өзін у ішіп өлтірсе, ол тозақта
мәңгілік у жұтады. Кімде-кім өзін таудан тастап өлтірсе, тозақта мәңгі бақи
құлайды[3]»,-деген риуаят келтіреді.
Имам Заһаби: «Ей, адам баласы! Өмірдің сынақ екенін біле тұра, қалайша жолым
байланды, жұмысым жүрмей жатыр дейсің? Жаратқанның пенде маңдайына жазған
әрбір ісінде бір сыр, бір пайда бар екенін біле тұра, сынақтан қалайша қашпақсың?
Ақырет жолы ұзақ та қиын екенін біле тұра, өз қолыңмен сауап қоржынына салатын
азығыңды неге кемітесің?...[4]»,-деп насихат айтқандай мұндай қадамнан адамды иман
сақтайды. Сондықтан:
1.Алла Тағаланың Мейірімді екеніне естен шығармау керек. Құран Кәрім: «...Ал
мейірімім барлық нәрсені қамтиды...[5]»,-деп баяндайды;
2.Құдіреті күшті Алла пендеге көтере алмайтын жүк бермейтіндігіне сену.
Құран Кәрімде: «Алла ешбір жанға, оның күші жетпейтінді міндеттемейді...[6]»,-деп
баяндалған;
3.Бір қиыншылықтан кейін екі қуаныш болатындығын, бұл иләһи дәстүр екенін
165
ұмытпау. Құран Кәрімде: «Шындығында, қиыншылықпен бірге жеңілдік болады.
Анығында, қиыншылықпен бірге жеңілдік бар[7]»,-деп әмір етілген;
4.Адамның өмірінен құнды дүние жоқ. Әр адамның өмірі оның басты капиталы.
Алла Тағала адамды көркем де, кемел бейнеде жаратып, оған ақыл мен сана беріп
тұрып, оны бақытсыз болсын демейді. Алайда, мықты өткір қылыш жасау үшін ұста
болатты отқа қыздырып, ауыр балғамен аямай соғып, артынан суық суға салғаны сияқты
Құдіретті Алла адамның иманын шыңдап, ерік-жігерін қайрау үшін түрлі сынаққа
салатынын ұмытпаған жөн.
[1] Ниса сүресі, 29-30 аяттар
[2] Тафсир Уахиди
[3] Бұхари, Муслим
[4] Китап Кабаир, 125-бет
[5] Ағраф сүресі, 156-аят
[6] Бақара сүресі, 286-аят
[7] Шарх сүресі, 5-6 аяттар
АТЕИСТІ ИМАНҒА ҚАЛАЙ ШАҚЫРСА БОЛАДЫ?
Құран Кәрімнің үштен бір бөлігі Жаратушы Хақ Тағала хақындағы аяттардан
тұрады. Аталмыш аяттарда Алла Тағаланың серігі мен теңдесі жоқ жалғыз құдірет Иесі
екендігі жан-жақты, түрлі мысалдармен өте шебер түсіндіріледі. Құран Кәрімде:
1. «Алла – барлық нәрсенің Раббы бола тұра, Одан басқаны Раббы (Ие) ретінде
іздейін бе?», – деп (айт)...[1]»;
2. «...Менің Раббым – Ол сондай, өмір беріп тірілтеді және өлтіреді...[2]»;
3. «(Перғауын): «Ей, Мұса, сендердің Раббың кім?» – деді. (Мұса): «Біздің
Раббымыз әрбір нәрсеге жаратылысын (бейне-бітімін) берген, кейін жолдарын белгілеп
көрсеткен»,-деді[3]»;
4. «(Перғауын): «Әлемдердің Раббысы деген не?»,- деді. (Мұса (ғ.с.): «Егер
анық сенетін болсаңдар, Ол жер-көктің әрі екеуінің арасындағылардың Раббы», – деді.
(Перғауын) маңайындағыларға: «Естімей отырсыңдар ма?» – деді. (Мұса (ғ.с.): «Ол,
сендердің де Раббыларың, бұрынғы ата-бабаларыңның да Раббысы», – деді. (Перғауын):
«Шындығында, сендерге жіберілген осы – Пайғамбар жын соққан біреу»,-деді. (Мұса
(ғ.с.): «Егер түсінетін болсаңдар, Ол шығыс, батыстың және екі арасындағылардың
Раббы» деді[4]».
Құран Кәрімнен келтірілген нақли дәлелдерге қосымша ғалымдар ақли (ақыл-ой
арқылы тану) дәлелдерін де қолданған. Салаф ғалымдардың нақли дәлелдеріне назар
аударыңыз:
Жағфар Садық [5] (р.а.) құзырында бір топ дінсіздер Жаратушыны жоққа шығарады.
Сонда ғұлама: «Кемеге отырып, апатқа ұшырап көрдің бе?» – деп сұрайды. Дінсіз: «Иә,
солай болған. Мен отырған кеме тесіліп, теңізшілер суға кетті. Мен жармасқан тақтай
сынығын толқын жағаға шығарып аман қалдым», – деді. Ғалым: «Сол сәтте аман қалуды
үміт еттің бе?» – деді. Дінсіз: «Иә». Ғалым: «Амандықты кімнен үміт еттің?» – деді.
Дінсізде үн жоқ. Сонда Жағфар Садық: «Міне, сондай сәтте тек Жаратушыдан ғана
амандық үміт етесің. Сені батып кетуден сақтаған да сол Жаратушы», – деді. Дінсіз
осыдан соң иманға келген екен.
166
Әбу Ханифа (р.а.) мешітте отырғанда дахри[6] ағымының адамдары баса-көктеп
кіріп келді. Дінсіз топ қылыштарын жалаңдатып ғалымды өлтірмек болады. Себебі,
Құран аяттарына иман етпейтін дінсіздерді имам Ағзам үнемі ақли дәлелдермен тырп
еткізбей ұстап алатын. Ұстанымдарының түкке тұрғысыз екенін өздеріне ұғындыратын.
Сонда ғалым: «Менің сауалыма жауап беріңдер, соңыра не істесеңдер де өздерің
біліңдер»,-деді. Олар: «Айт, не уәжің бар?» – десті. Әбу Ханифа: «
Жүк тиелген кемені
көрдім. Ол толқындар мен соққан дауылға қарамастан ешбір шайқалмай түп-
түзу кетіп бара жатыр екен. Тіпті, кемеде бірде-бір теңізші жоқ еді», – деген кісінің
сөзіне не айтасыңдар, осы сөз ақылға қона ма?» – деді. Дінсіздер: «Жоқ, мына сөзің
ақылға сыймайды», – десті. Сонға ғалым: «Толқында түп-түзу жүзіп бара жатқан кеме
ақылға сыймаса, онда мына ғажайып ғалам, ондағы сан мыңдаған құбылыстар ешбір
Жаратушысыз пайда болды деген тұжырым қалай ақылға қонады», – дейді. Дінсіздер
де өз қателіктерін мойындап, Алла Тағала жүректерін тура жолға салып, иманға келген
екен.
Имам Шафиғиден (р.а.) философтар «Жаратушының барлығына не нәрсе дәлел?»
– деп сұрағанда, ғалым: «Тұт ағаш жапырағы. Оның дәмі де, исі де және түсі де бір
емес пе?» – деді. Сауал қоюшылар: «Иә», – деп жауап қатты. Ғалым: «Оны құрт жесе,
жібек шығады, бал арасы жесе, бал шырыны шығады, қой-ешкі жесе құмалақ шығады,
ал киік жесе миск шығарады. Тұт ағаш жапырағы бір бола тұра, осының барлығын
кім істеп отыр?» – деген екен. Ғалымнан қанағаттанарлық жауап алған философтар да
тәубеге келген екен.
Ахмет бин Ханбал (р.а.) ақли дәлел ретінде: «Жылтыр қамал бар, оның ешбір
саңылауы жоқ. Сырты құйылған күміс, іші саф алтын. Қамалдың қабырғалары шытынап
ішінен есту-көру қабілеті бар бір жануар шығады. Әлбетте, мұның бір Жаратушысы бар
екендігі анық», – деп, жұмыртқа мен балапан жаратылысын мысалға келтірген екен.
Халифа Һарун Рашид Маликтен (р.а.) Жаратушының барлығын ақылмен танып білуге
дәлел сұрағанда, ғалым: «Түрлі дауыстар, алуан әуендер және әртүрлі тілдердің болуы
дәлел», – деген екен.
Ал, дала арабы Жаратушының барлығына не дәлел деген сұраққа: «Жолда
жатқан құмалақ түйенің, тезек есектің, ал құмдағы із болса жаяу жүріп өткен адамның
барлығын көрсетеді. Ендеше, жұлдызға тола аспан, ұшы-қиыры жоқ ен дала және
толқынды теңіздер барлық нәрсені білуші және құдіретті Жаратушының барлығына
қалайша дәлел болмайды?[7]», – деген екен.
Түйіндей айтқанда, айтылған мысалдар Жаратушының барлығына теңізден тамшыдай
ғана дәлел. Иә, кішкене инені де жасаған шебер ұста болғаны сияқты, бізді қоршаған
айналамыздағы барлық жаратылыс пен түрлі құбылыстың да Иесі, құдіретті
Жаратушысы бар екендігі сөзсіз.
[1] Әнғам сүресі, 164-аят
[2] Бақара сүресі, 258-аят
[3] Таха сүресі, 49-50 аяттар
[4] Шұғара сүресі, 23-28 аяттар
[5] Жағфар бин Мұхаммед Бақир бин Әли Зайн Абидин көрнекті табиғин ғалымдардың бірі. Сахаба
Әлидің (р.а.) ұлы Хусейннің (р.а.) ұрпағы еді.
[6] Дахри – заманның (дәуірдің) бас-аяғы жоқ. Барлық нәрсені жаратушы заман деген көзқарасты
ұстанатын атеистік ағым.
[7] Шарх ақида Тахауиа, 30-бет
167
ЖҰМАҚТА НАМАЗ ОҚЫЛАДЫ МА?
Жәннатта намаз, ораза сияқты парыз құлшылық болатындығы жайлы аят
немесе хадис жоқ. Алайда, Құран Кәрімде: «Олардың ондағы дұғалары: «Ия,
Алла! Пәксің» әрі олардың ондағы амандасулары: «Сәлем» және олардың
дұғаларының соңы: «Барлық мақтау әлемдердің Раббысы Аллаға тән![1]»,- деу
болады»,-деген аят Алла тағаланы пәктеп және мадақтап зікір ететіні айтылады.
Ал, хадисте: «... олардың тыныстауы ауа жұтқандай Алла тағаланы пәктеп
және мадақтау[2]»,-деп адамның тыныс алуындағыдай еркіне болатындығы айтылады.
Сонымен бірге, Құран Кәрімде: «...Сендерге ол жәннатта көңілдерің көксеген нәрселер
бар...[3]»,–деген аят бар. Жәннатта адамның көңілі қалаған барлық адал ләззат түрі беріледі.
Әбу Һурайра (р.а.) риуаят еткен хадисте: «Жәннаттық бір кісі (жәннаттық
жері құнарлы, суы мол егінге жайлы екенін көріп) Раббысынан егін егуге рұқсат
сұрайды, сонда: «Сен қалаған нәрсеңді алдың емес пе?!» – дейді. Әлгі адам: «Иә, бірақ
мен егін еккім келеді»,–дейді. Ол дән сеуіп, егін салады (Алла тағаланың қалауымен
егін өте жылдам өсе бастайды), егіні таудай болды. Сонда Алла тағала былай дейді:
«Ей, адам баласы, міне ал, алайда сені ешбір нәрсе тойдыра алмайды», – деп сөзін
аяқтайды пайғамбар (с.ғ.с.). Сонда сахабалармен бірге тыңдап отырған дала арабы:
«Уа, Алла елшісі! Уаллаһи, бұл құрайыштық немесе ансарлық, олар егіншілер, ал біз
егінші емеспіз,-дейді. Сонда пайғамбарымыз (с.ғ.с.) күлген екен[4]. Қорыта айтқанда,
жәннатта адам баласының көңілі қалағаны беріледі.
[1] Юнус сүресі, 10-аят
[2] Муслим
[3] Фуссиләт сүресі, 31-аят
[4] Бұхари
Достарыңызбен бөлісу: |