Құрастырған Мұхамеджан естеміров әмірсейт қажы Дәулеталиев уағыз (365 КҮнге арналғАН уағыздар) Шымкент, 2015 ж



Pdf көрінісі
бет23/32
Дата06.03.2017
өлшемі1,6 Mb.
#7845
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   32

ДЕМ САЛУДЫң ДҰРЫС ЖОЛЫ ҚАНДАЙ?
 
Дем  салу  (руқия)  –  дұға  болып  табылады.  Ақиқатында,  қорғаушы  да,  шипа 
беруші де – тек бір Алла. Ал, дұғаның мазмұны және сөздері шариғатқа теріс болмауы 
керек. Басқаша айтқанда, дем салу – Құран аяттарымен, Алла Тағаланың көркем есім-
сипаттарымен және Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) жеткен дұғалармен болуы керек.
 
Бала-шағаны, дүние-мүлікті және өзіңізді таңертеңгілік және кешке оқылатын 
дұғаларды оқумен, арагідік садақа берумен, діни міндеттерді орындаумен және туыстық 
қарым-қатынасты жақсартумен қорғаған жөн.
 
Дем салу қажет болған жағдайда адамның өз-өзіне дем салғаны дұрысырақ. Ол 
үшін  арнайы  маманға  бару  міндет  емес.  Сондықтан,  сәуегейлерден  сақ  болған  жөн. 
Дем салуда оқылатын сүрелер мен аяттар:
 
1. Фатиха, Фалақ, Нас және Ықылас сүрелері мен Аятул Курси;
 
2. Абдулла бин Аббас (р.а.): «Пайғамбар (с.ғ.с.) немерелері Хасан және Хусайнге 
дем салып, сендердің аталарың (Ибраһим (ғ.с.) Исмаил мен Исхаққа (ғ.с.) деп салып 
былай деуші еді: 
«Әъузу бикәлимәтил Ләһи әт-тәммә мин кулли шәйтон уә һәммә 
уә мин кулли ъайн ләммә[1]» (мағынасы: Алланың барлық сөздеріне сыйынып, әрбір 
шайтан мен зиянкестен және жаман көзден пана сұраймын);
 
3. Айша (р.а.) анамыздың риуаяты: «Пайғамбар (с.ғ.с.) отбасындағы адамдарға 
дем  салып,  оң  қолымен  сипап,  мына  дұғаны  айтушы  еді: 
«Аллоһуммә  Роббан  нәс 
әзһиб әл-баас, уәшфи уә әнтәш-Шафи, лә шифә иллә шифәук, шифәән лә юғодиру 
сәқомә[2]» (Мағынасы: Уа, Алла! Адамдардың Раббысы! Қиындықты кетір, шипа бер, 

168
өйткені сен Шафи – шипа Берушісің. Сенің берген шипаңнан басқа шипа жоқ. Ешбір 
сырқатты қалдырмайтын шипа бер);
 
4. Айша (р.а.) анамыз жеткізеді: «Алла елшісі (с.ғ.с.) адамның бір жері ауырса 
немесе  жара  болса  сұқ  саусағын  топыраққа  қойып: 
«Бисмил  Ләһ,  турбәт  ардинә, 
бириқати  баъдинә,  лияшфиа  биһи  сақимунә  би  изни  Роббинә[3]»,  –  деуші  еді. 
(Мағынасы: Алланың атымен бастаймын! Алланың қалауымен жеріміздің топырағы 
және біріміздің демімізбен арамыздағы сырқатқа ем болсын!);
 
5. Әбу Сағид (р.а.): «Жәбірейіл (ғ.с.) Пайғамбарға (с.ғ.с.) келіп: «Уа, Мұхаммед! 
Мазаң  болмай  жатыр  ма?»  –  деп  сұрады.  Пайғамбар  «Иә»,  –  деді.  Жәбірейіл 
(ғ.с.): 
«Бисмил Ләһи әрқикә, мин кулли шәйин юузикә, мин шарри кулли нәфсин 
әу ъайнин әу хасидин Аллаһу яшфикә, бисмил Ләһи әрқикә[4]», – деп дем салған. 
(Мағынасы: «Алланың атымен саған дем саламын. Әрбір зиян тигізушіден, әрбір жан, 
жаман көз және көре алмаушыдан Алла саған шипа берсін. Алла атымен саған дем 
саламын);
 
6. Осман бин  Әбу Ас Сақафи (р.а.) өзінің  мұсылман болғалы бері бойындағы 
бір  ауыртпалық  бар  екенін  айтып  шағымданады.  Пайғамбар  (с.ғ.с.):  «Қолыңды 
ауырған  жеріңе  қой.  Сосын  үш  рет 
«бисмил  Ләһ»(мағынасы: Алланың  атымен
деп  және  жеті  рет 
«Әъузу  бил  Ләһи  уә  қудратиһи  мин  шәрри  мә  ажиду  уә 
ухазир[5]» (мағынасы: Алланың  және  Оның  құдіретімен  сұрап  бойымдағы  зиянкес 
және мазасыздықтан сақта деп пана сұраймын) деп айт», – деген екен.
 
Жоғарыда көрсетілген дұғалар кең тараған дұғалар қатарына жатады. Бұлардың 
барлығын немесе кейбіреуін шипа үшін өзіңізге және отбасыңызға оқуыңызға болады.
[1] Бұхари 
[2] Бұхари 
[3] Бұхари, Муслим 
[4] Ибн Мажа 
[5] Муслим
Руслан Камбаров
«КӘПІРСІң» ДЕП СӨГУДІң САЛДАРЫ ҚАНДАЙ?
Біреуді «кәпірсің» деп айыптау – өте қауіпті әрі салдары жаман. Мұсылман өзі 
сияқты адамға мұндай айып тағуының зардабы өзіне айналып келіп тиюуі әбден мүмкін. 
Бұл сөзді айту үшін ешбір шүбәсіз, екі ұшты мағынасы жоқ бұлтартпас дәлел болуы 
талап  етіледі.  Демек,  тек  көзіңіз  шалып  қалған  немесе  құлағыңыз  еміс  естіп  қалған 
жайтқа сүйенуге болмайды.
Сондықтан, мұндай қорытындыны тек үлкен діни дәрежесі бар немесе шариғи 
сот қана шығара алады. Абдулла бин Омар (р.а.) бұған қатысты: «Қайсы бір кісі өзінің 
(діндес) бауырына «ей, кәпір» деп айтса, ол сөз екеуінің біріне барып тиеді[1]»,-деген 
риуаят жеткізеді.
Ал,  Сабит  бин  Даххак  (р.а.):  «
Кімде-кім  өтірік  болса  да  Ислам  дініне  жат 
нәрсемен  серт  етсе,  ол  өзі  айтқанындай  болмақ.  Ал,  кімде-кім  өзін  бір  затпен 
өлтірсе,  сол  затпен  жаһаннам  отында  азапталады.  Ал,  кімде-кім  мұсылманды 
лағынет  етсе,  оны  өлтіргенмен  бірдей.  Ал,  кімде-кім  мұсылманды  күпірлікпен 
айыптаса, оны өлтіргенмен тең[2]»,-деген.
Имам  Тахауидің  кітабында:  «Біздің  құбыламызға  бет  түзеушілерді,  олар 

169
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) алып келген дінді мойындайтын болса, мұсылман деп атаймыз....
[3]»,-деп  мына  хадисті:  «Мен  адамдардың  сыртқы  болмысына  қарап  төрелік  айтуға 
жіберілдім, ал Алла тағала олардың ішкі болмысына билік етеді[4]», – деп келтірілген.
Қорыта айтқанда, қандай жағдай болмасын, адамның иманына қол сұғудан сақ 
болу қажет.
[1] Бұхари 
[2] Бұхари 
[3] Шарх ақида әт-Тахауия, 89-бет 
[4] Жоғарыдағы сілтеме
БИДҒАТТЫң БАРЛЫҒЫ АДАСУШЫЛЫҚ ПА?
Ең  әуелі  бидғат  сөзінің  тілдік  және  шариғи  терминдік  мағынасын  жан-жақты 
түсініп көрейік. Бидғаттың тілдік мағынасы – «жаңалық енгізу, жаңалық, жаңа нәрсе, 
кемелденген дінге енген жаңалық». Ибн Сакит: «Бидғат – әрбір кейіннен пайда болған 
жайт.  Әдет-ғұрыпта  мубтадиғ  (бидғатшы)  сөзі  көбінесе  жамандау  мағынасында 
қолданылады»,– дейді.
Әбу Ғаднан: «Мұбтадиғ – осы іспетті іс-әрекетті бұрын-соңды ешкім жасамаған 
амалды  жасаушы.  Құран  Кәрімде:  «...дүниеден  безушілікті  олар  өздері  шығарды...
[1]», – деп түсіндіреді. Насара діндарлары Иса (ғ.с.) әмір етпеген, дүниеден безушілік 
(руһбаният)  амалын  жасаған.  Алайда,  олардың  бұл  әрекет  дін  үкіміне  қайшы 
келмегендіктен сынға ұшырамады.
Ал, шариғи терминдік мағынасы екі түрлі.
Бірінші  жолы.  Бұл  имам  әл-Ъиззу  бин  Абдуссаламның  көзқарасы.  Ол 
пайғамбарымыз (с.ғ.с.) істемеген амалды бидғат деп айтты. Бидғатты үкімдерге бөліп: 
«Бидғат – пайғамбар (с.ғ.с.) заманында болмаған іс. Ол – уәжіп бидғат, харам бидғат, 
мандуб бидғат, макрук бидғат, мүбәх бидғат болып бөлінеді. Биғадтың түрін анықтау 
үшін  шариғат  қағидасы  таразысына  салынады.  Егер  уәжіп  қағидасына  кірсе  уәжіп, 
харам қағидасына кірсе харам, мәндуб қағидасына кірсе мәндуб, мәкрук қағидасына 
кірсе мәкрук, мүбәх қағидасына кірсе мүбәх[2]», – дейді.
Осы мағынаны имам хафиз Ибн Хажар әл-Асқалани де қуаттап: «Пайғамбардың (с.ғ.с.) 
заманында  болмаған  іс  бидғат.  Алайда,  оның  жақсысы  да,  оған  қарама-қайшысы  да 
бар...[3]»,–дейді.
Екінші  жол.  Бидғатты  тек  жаман  іс-әрекет  деп  шектеу.  Сонымен  бірге,  имам 
Әлъизз  бин  Абдуссалам  классификациялағаны  сияқты  уәжіп,  мәндуб,  мүбәх  және 
харам бидғат деп қарастырмайды.
Имам  Ибн  Ражаб  әл-Ханбали:  «Бидғат  деген  шариғат  ешбір  негізі  жоқ,  жүре 
пайда болған жайт. Ал, шариғатта негізі болса, (кейін пайда болған жаңалық) тілдік 
мағынада бидғат деп аталса да, бидғат деп айтылмайды[4]»,–дейді.
Қарап тұрсаңыз, екі көзқарастағы ғалымдардың жаман бидғат анықтамасына келгенде 
ойы бір жерден шығуда. Сонымен бірге, шариғатта ешбір негізі жоқ бидғат жасаушы 
күнәһар. Міне, пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Әрбір жаңалық (бидғат) адасушылық[5]», 
– деген сөзінде меңзелген іс-әрекет осы.
Имам Шафиғи: «Жаңадан пайда болған жайттар екі санатқа бөлінеді, бірі: Құран, 
сүннет, сахабалар ісіне және ижмағ ғалымдар ойына қайшы амал. Бұл – адасушылық 
бидғаты.  Екіншісі  –  жоғарыдағылардың  ешбіріне  қайшы  емес  жақсылықтан  туған 

170
жаңалық (бидғат). Бұл жаңалық мінеліп-сыналған емес[6]», – дейді.
Хужжат Ислам Әбу Хамид әл-Ғазали: «Жаңадан пайда болғанның барлығы да тыйым 
амал  емес.  Тыйым  салынғаны  берік  сүннетке  қайшы  бидғат.  Және  шариғат  амалын 
бұзатыны[7]»,– дейді.
Ибн  Асир:  «Бидғат  екеу:  бидғат  һуда,  бидғат  доләл.  Алла  тағала  және  Оның 
елшісінің (с.ғ.с.) әміріне қайшы болғаны мінеледі және жоққа шығарылады. Ал, құп 
саналса  және  үнделсе,  қатарға  жатса,  мақтаулы.  жомарттық,  жақсылыққа  шақыру 
сияқты ешбір негізі жоқ болса, мақтаулы іс саналады[8]»
Бұл пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) мына сөзіне қайшы болмауы керек: «Кімде-кім 
бір жақсылық іс бастаса, оған оның сауабы және сол жақсылықты істегеннің сауабы 
беріледі және кімде-кім бір жаман іс бастаса, оған оның күнәсі және оны істегеннің 
күнәсі беріледі»
Бидғат  түрлеріне  мысал  айта  кетейік.  Грамматика  ілімін  оқу  пайғамбарымыз 
(с.ғ.с.) заманында болмаған, яғни бидғат. Алайда, Құран мен сүннетті жетік үйрену үшін 
бұл ілімді міндетті түрде меңгеру қажет. Сондықтан бұл – уәжіп бидғат. Харам бидғатқа: 
қадария, жабария, муржия және хауариж ағымдары жатады. Мәндуб бидғатқа: Рамазан 
айында тарауих намазын жамағат боп имаммен бірге оқу. Сонымен бірге, мектеп салу, 
бөгет  пен  көпір  секілді  құрылыс  нысандарын  салу  жатады.  Мәкрук  бидғат  –  Құран 
кітабын әсірелей әшекейлеу, мешітті тым сәндеп жіберу. Мүбәх бидғатқа намаздан соң 
қол алысып сәлемдесу, тамақтануда, киім-киюде кеңшілік пайдалану жатады.
Бидғатты осылайша бөлінуіне төмендегі хадистер негіз бола алады:
1.Табиғин Абдурахман бин Абдулқари: «Мен халифа Омармен (р.а.) бірге рамазан 
кешінде  мешітке  шықтым.  Адамдар  бөлек-бөлек  болып  құлшылық  етуде  еді.  Біреу 
өз бетінде, ал біреулер он шақты болып ғибадат етіп жатты. Омар: «Мен мыналарды 
бір  Құран  оқушының  артына  жинасам,  әлдеқайда  жақсы  болар  еді  деп  ойлаймын», 
–  деді де Убай бин  Кағбтың артына адамдарды жинап  берді.  Сосын тағы  бір кеште 
шыққанымызда адамдар бір кісінің артында тұрып құлшылық етуде еді. Мұны көріп 
Омар (р.а.): «Мынау қандай тамаша бидғат (жаңалық)...[9]»,– деген еді.
Ал,  пайғамбарымыз  (с.ғ.с.):  «Менен  кейін  тура  жолдағы  орынбасарларыма 
(халифаларыма) ілесіңдер» және «Менен кейін мына екеуіне: Әбу Бәкір мен Омарға 
ілесіңдер»  деген  сөздері  «Әрбір  жаңалық  –  адасушылық»  деген  сөзінің  мағынасын 
айқындап, шариғатқа қайшы, сүннетке сай емес іс жайлы айтылғаны мәлім етеді;
2.Мұжаһид риуаят етеді: «Уруа бин Зубайр (р.а.) екеуміз мешітке кірдік. Абдулла 
бин Омар Айша (р.а.) анамыздың бөлмесінде отыр екен. Адамдар мешітте дұха намазын 
оқып жатты. Біз Ибн Омардан (р.а.) адамдардың осы намазы жайлы сұрадық, ол кісі: 
«Бидғат» деп жауап берді.
Міне,  сахабалардың  (р.а.)  осы  іс-әрекеттері  діндегі  жаңалықтардың  барлығы 
адасушылық емес екендігіне айқын дәлел. Ал, мәселенің ара-жігін ажыратпай жаңалық 
(бидғат) болғаны үшін барлығын тұтастай жаман және күнә деу қате. Дұрыс емес. Бұл 
ғалымдардың ижтиһад етуін дұрысы емес деумен пара-пар. Ал, мұның өзі қараланған 
бидғат. 
[1] Хадид сүресі, 27-аят 
[2] Қауағид ахкам фи масалих анам 2/204 
[3] Фатхул Бари 2/394 
[4] Жамиъ ъулум уал хикам 2/781 
[5] Муслим 

171
[6] Әбу Нағим, Хилиа 9/113;  Байһақи, Манақиб Шафиғи, 1/468-469 
[7] Ихия улум әд-Дин, 2/248 
[8] Ниһаия фи ғариб хадис 1/106 
[9] Бұхари
Руслан Камбаров
«ШАЙТАННЫң ШЕРІ» ДЕГЕН ХАДИС
 ҚАНДАЙ ХАДИС?
             Аталмыш хадис жайлы сенімді дерек көзі жоқ. Бұл хадиске жалған (макзуб) деп 
баға берілген. Жалпы Ібілістің пайғамбарлармен сөйлескені жайлы деректер ішінде ең 
танымалысы Мұса (ғ.с.) пайғамбармен болған қиссасы. Ибн Омар (р.а.) әңгімелейді: 
«Ібіліс Мұсамен (ғ.с.) жолығып қалған кезде: «Ей, Мұса! Сен Алла тағала өзіне елші 
етіп таңдаған және сенімен сөйлескен пайғамбарсың... мен тәубе еткім келеді, Раббым 
мені кешіруі үшін маған араша (шапағатшы) бол»,–дейді. Сонда Мұса (ғ.с.) келісіп, 
Алла тағалаға дұға жасайды. Пайғамбар (ғ.с.) Ібіліске келіп: «Саған Адам (ғ.с.) қабіріне 
барып сәжде етуге әмір етілді, сонда кешірілесің»,– дейді. Сонда Ібіліс тәкаппарланып, 
ашуға мініп: «Оған тірі кезінде сәжде етпедім, өлгенінде сәжде етемін бе ?! Ей, Мұса! 
Раббыма мен үшін араша болғандықтан саған айтайын (жақсылығым болсын) мені үш 
жағдайда есіңе ал. Ашулансаң мені есіңе ал, мен сенің қан тамырыңмен жүремін. Жауға 
бетпе-бет келгенде есіңе ал, мен ондай адамға бала-шағасын және әйелін есіне салып 
қашуға итермелеймін. Ет жақын болмаған (махрам) әйелмен отырудан сақ бол. Себебі, 
мен екеуіңнің араңда елшілік жасаймын[1]»,– деп айтқан екен.
Бұл риуаятта екі жайтқа мән беру қажет:
1.Ібілістің  болмысы.  «Үмітсіз  шайтан»  деп  айтылғандай  ол  Жаратқанның 
жарылқауынан ешбір үміті жоқ жаратылыс. Ібіліс сөзінің түбірі үмітсіз болу етістігінен 
(әбләсә)[2];
2.Ібілістің үш ескертуі:
– Ашу-ызаға бой бермеу. «Ашу дұшпан, ақыл дос» демекші, қызбалық шайтаннан 
екенін біліп басылу;
– Отан және ел қорғауда тайсалмау. Сындарлы сәтте әзәзіл адам баласын түрлі 
айламен азғыратыны айтылып тұр;
Ар  тазалығы.  Қаншалықты  ер  мен  әйел  тақуа  болғанымен,  оқшаулануға 
болмайтындығын  ескеру  керек.  Мұндай  жағдайда  шайтан  қатты  азғыратынын 
ұмытпаған жөн.
[1] Суютий, әд-Дурр әл-Мансур, (Макаид шайтон, Ибн Әбу Дуниа) 
[2] Мұъжам Уасыт, 69-бет
АЯТУЛ КУРСИДІң МАҒЫНАСЫ МЕН ТӘПСІРІ
Аятул Күрсидің қасиеттілігі жайлы көптеген хадистерде айтылады:
Әбу Һурайра (р.а.): «Бақара сүресінде Құран аяттарының мырзасы бар, ол аят 
үйде оқылса, шайтан шығып кетеді. Бұл – Аятул Күрси[1]»,– деген.
Тағы да осы сахаба: «Әр нәрсенің шыңы бар. Құранның шыңы Бақара сүресі. 
Бұл сүреде Құран аяттарының мырзасы Аятул Күрси бар[2]»,-деген хадис жеткізген.
Аятул Күрсиде Алла тағаланың Ұлық есімдері аталады. Әсма бинт Язид бин Сакан 
(р.а.): «Мен Алла елшісінің (с.ғ.с.) «Аятул Күрси» және «Әли Ғимран» аяттары жайлы: 

172
«Расында бұл екі аятта Алла тағаланың Ұлық есімі бар[3]»,-деген сөзін естідім»,-деп 
баяндайды.
Ал, Әбу Умамат (р.а.): «Алла тағаланың дұғаға қосып айтса, тілек қабыл болатын 
Ұлық есімі үш сүреде: Бақара, Әли Ғимран және Таһа сүресінде»,-деген. Жаратушы 
Хақтың бұл Ұлық есімдері Һашим (р.а.) былай жеткізеді: «Бақарада – «Алла тағала, 
Одан басқа еш тәңір жоқ...[4]», Әли Ғимранда – «Әлиф Ләм Мим. Алладан басқа ешбір 
тәңір жоқ. Ол тірі, толық меңгеруші[5]» және Таһада – «Тірі, меңгеруші (Аллаға) бастар 
иіледі...[6]».
Әбу Умамат (р.а.): «Кімде-кім бес уақыт намаздың соңынан Аятул Күрси оқыса, 
оған жәннатқа кіруіне тек өлім ғана кедергі болады[7]»,-деген риуаят жеткізеді.
Бұл аят дербес он сөйлемнен тұрады.
1. «Алла тағала, Одан басқа еш тәңір жоқ»
Ол  барлық  тіршілік  пен  мақлұқаттың  Жаратушысы  және  құлшылық  етуге 
лайықты Жалғыз Алла.
2. «Ол тірі, толық меңгеріп тұрушы»
Алла тағаланың сипаттарының бірі – Хай (Тірі). Алла тағаланың бұл сипатының 
бастауы мен соңы жоқ. Қалған жаратылыстың тіршілігі жоқтан бар болу және қайта 
өлуді  білдіреді.  Алла  тағала  –  Қаюм  (Толық  меңгеруші).  Қаюм  –  жаратылыстың 
барлығын көріп тұрады, ешбір нәрсе Оның бақылауынан тасада қалмайды.
3. «Ол қалғымайды да ұйықтамайды»
Ал, қалғымайды және ұйықтамайды деген сөздер Алла тағаланың меңгеруінің 
кемелдігін көрсетеді.
Ибн  Аббас  (р.а.)  Исраил  қауымы  пайғамбарынан:  «Уа,  Мұса!  Сенің  Раббың 
ұйықтайды ма?» – деп сұрайды. Мұса (ғ.с.): «Алладан қорқыңдар (бұлай айтуға қалайша 
дәттерің барады?!)», – дейді. Сонда Алла тағала үн қатып: «Уа, Мұса! Сенен «Раббың 
ұйықтайды ма?» деп сұрауда. Сен түнде қолына екі шыныны алып ұйықтамай тұр», 
–  деді.  Пайғамбар  (ғ.с.)  әмірді  орындауға  кіріседі.  Түннің  үштен  бірі  өткенде  қалғи 
бастады да тізерлеп отырды. Қолындағы шыныларды құлатып алудан қауіптенген ол 
бұрынғыдан да қаттырақ қыса түсті. Дегенмен таңға таяу қалғып кетіп, шыныларды 
құлатып алады. Сонда Алла тағала: «Уа, Мұса! Егер Мен ұйықтасам аспандар мен жер 
құлап, қолыңдағы сынған шыныдай құрдымға кетер еді[8],-деген екен.
 4.«Көктегілер және жердегі нәрселер Оған тән»
Барлық  жаратылыс  атаулы  Алла  тағаланың  құлы  екендігін  ұғындыруда. 
Жаратылған  мақлұқаттар  түгелімен  Жаратқанның  қарамағында,  Оның  иелігінің 
құзырында.
5.«Оның құзырында өзінің рұқсатынсыз кім шапағат етеді?»
Қиямет  күні  ешкім,  Алла  тағала  рұқсатынсыз,  пайғамбар  да,  періште  де 
біреу  үшін  араша  болуға,  шапағат  етуге  батылы  бармайды.  Шапағат  жайлы  хадисте 
Пайғамбарымыз  (с.ғ.с.)  былай  дейді:  «Мен  аршы  астына  келіп  сәждеге  бас  қоямын 
да  Алла  тағала  қалағандай  дұға  жасауда  боламын.  Сосын  маған:  «Басыңды  көтер, 
айтқан сөзің тыңдалады және араша (шапағат етуді) сұрауға шапағат беріледі...»,  –деп 
айтылады[9]».
6.«Олардың алдындағыны да, арттарыңдағыны да біледі»
Бұл Алла тағаланың барша ғалам мен тіршіліктің өткен, қазіргі шақтарды және 
болашақты білетіндігін айтуда.
7.«Олар Оның қалауынан басқа еш нәрсе білмейді»
Ешкім  Алла  тағала  ілімін  біле  алмайды.  Сондай-ақ,  Алла  тағаланың  Өзі  мен 

173
көркем  есім-сипаттарынан  тек  адамзатқа  білдірткенінен  басқасын  ешкім  ешуақытта 
біле алмайды деген мағынаны да қамтиды
8.«Оның күрсісі (білімі) көктер мен жерді сыйдырады»
Ибн Аббас (р.а.): «Күрсі – Алла тағаланың ілімі», – деген. Және: «Жеті қат аспан 
мен жерді төсеп сосын бір-біріне жалғаса, мұның барлығы Күрсінің жанында шөлдегі 
сақинадай ғана болады», – деген.
9.«Оған, ол екеуін қорғау ауыр келмейді»
Жеті  қабат  көктер  мен  жерді,  ондағы  тіршілікті  және  екеуінің  арасындағы 
мақлұқаттарды сақтау Жаратқан үшін қиын да, ауыр да емес. Алла тағала үшін өте оңай, 
барлық нәрсе Оның құзырында жеңіл, барлық жаратылыс Оған тәуелді және мұқтаж.
10.«Және Ол, өте биік, аса зор»
Ол  –  мәртебеде  теңдесі  жоқ,  шексіз  ұлық  –  Ъали[10]  (өте  биік) 
Ол – ұлылық иесі – Ъазым[11] (аса зор)
Бұл аяттағы Алла тағаланың сипаттарын ешбір нәрсеге ұқсатпай және теңемей танып 
иман ету – мұсылман баласына парыз.
[1] Хаким 
[2] Тирмизи 
[3] Ахмед 
[4] Аятул Күрси 
[5] Әли Ғимран, 1-2аяттар 
[6] Таһа сүресі, 111-аят 
[7] Насаи 
[8] Мұхтасар тафсир Ибн Касир, 1-том, 278-бет 
[9] Жоғарыдағы сілтеме 
[10] Байһақи, әл-Әсмә уас-сифат, 47-бет 
[11] Байһақи, әл-Әсмә уас-сифат, 68-бет
ҚҰС ЖҮРЕКТІ АДАМ ДЕП КІМДІ АЙТАДЫ?
Әбу  Һурайра  (р.а.)  «Жәннатқа  жүректері  құстың  жүрегіндей  қауым  (адамдар) 
кіреді[1]» деген хадис риуаят еткен.
Хадистің айтпағы, Алла тағалаға тақуалық етуде, құстың жүрегіндей жұмсақ әрі 
нәзік адамдар жәннатқа кіреді. Ал, құстың басқа жануарлардан қарағанда өте қорқақ 
әрі үркек жаратылыс екені мәлім.
Демек,  мұндағы  бейнелі  теңеу  арқылы  күнә  істерден  бойын  ұзақ  ұстайтын 
тақуа жанның жүрегіндегі тақуалықты жанын аман сақтап қалуда аса сақшыл құстың 
жағдайымен салыстыруда.
Иә, Құран Кәрімдегі «...Шын мәнінде құлдарынан ғалымдары Алладан қорқады...
[2]»  деген  аят  нағыз  ғалымның  бойында  басқалардан  қарағанда  тақуалық  басым 
болатындығын көрсетеді.
Сондай-ақ,  «Иемендіктер  жүрегі  жұмсақ  және  қалыбы  нәзік  халық[3]»,-деген 
хадис те иманның жемісі жүректегі тақуалық екенін білдіріп тұр.
Ал, тақуалық күллі иманы қасиеттердің жиынтығы екені белгілі.
[1] Муслим, «Жәннат, оның сипаты мен нығметі және тұрғындары жайлы тарау», 2840 
[2] Фатыр сүресі, 28-аят 
[3] Әбу Һурайра

174
ЖҰМАҚ ЖӘНЕ ТОЗАҚ
Жәннат пен тозақ – мәңгілік мекен. Иман етіп, ізгі амал жасағандар Алла тағала 
кеңшілігімен  жәннатқа  кіреді.  Ал,  иман  етпей,  күпірлікпен  күн  кешкен  адам  Алла 
тағаланың әділдігімен тозаққа түседі.
Бұл жөнінде имам Тахауи: «
Пенде жәннатқа Алла тағаланың кеңшілігімен 
ал,  тозаққа  әділдігімен  кіреді.  Пайғамбарымыз  (с.ғ.с.):  «Алла  тағаланың 
рахымынсыз ешкім жәннатқа кірмейді,-деді. Сонда: Уа, Алла елшісі! Сіз де ме? 
– деді. Пайғамбар: «Иә, мен де. Тек егер Алла тағала рахымына бөлесе ғана», – 
деді[1].
Адамның тозаққа кіруі – Алла тағаланың зұлымдығы емес, керісінше әділдігі. 
Өйткені, адамға иман ету таңдауы берілген. Сондай-ақ, иман мен Алла әмірін тәрк етіп 
және  тыйым  амалдарды  істегенге  азап  бары  ескертілген.  Сондықтан  азаптау  –  Алла 
тағаланың әділдігі мен хикметі[2]»,-деп жазады.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Жәннат тұрғындары өлмейді, қартаймайды, олардың 
киімдері тозбайды және жастық шақтары өтпейді[3]»,-деп айтқандай осы екі мекеннің 
тұрғындары  да  мәңгі  жасайды.  Демек,  Жәннат  пен  тозақ  жаратылған,  бұл  екеуі 
ешуақытта жоқ болып кетпейді.
Тозақтың атаулары: Тозақты көбінесе – нәр (от) деп атайды. Сонымен бірге, 
Құран Кәрімде тозақтың сипатын көрсететін бірнеше атауы бар. Олар:
  
1.Жәһаннам. Бұл ең көп кездесетін атауы. Бұл сөз түнеру және жақтырмай қарау 
етістігінен алынған. Құранда: «Олар сол күні, тозаққа итеріліп тасталады[4]»,-делінген.
2.Ләзо. Мағынасы – жалын. Тозақ отынан шарпыған жалын денені өртеп, теріні 
жейді.  Алла  тағала:  «Әсте  олай  болмайды!  Шын  мәнінде  ол  тозақ,  жалындаған  от. 
Теріні сояды[5]»,– деп ескертеді.
3.Хұтама.  Хұтама  –  бұзу,  сындыру  етістігінен  алынған.  Тозақ  отының 
қаттылығынан от өзінен өзі бөлінеді және ішіндегі мақлұқаттарды да бөліп тастайды. 
Құран  Кәрім:  «Олай  емес,  әлбетте  ол  «Хұтамаға»  тасталады.  Хұтаманың  не  екенін 
қайдан білесің? Ол – Алланың жағылған оты. Сондай жүректерді шалатын. Расында, 
олар ол отқа қамалады. Ұзын діңгектерге байланады[6]»,-дейді.
4.Саъир.  Саъир  –  қатты  жану,  өртену  дегенді  білдіреді.  Құран:  «Осылайша 
қалалардың  орталығы  (Мекке  халқын)  әрі  маңындағыларды  қорқытуың  және  де 
болуында шәк жоқ күні, жиналуды ескертуің үшін саған арабша бір Құран уахи еттік. 
Ол күні бір топ жәннатта, бір топ тозақта[7]», – деп ескертеді.
5.Һәуиә. Һәуиә – терең жерге зымырап құлау дегенді білдіреді. Құран Кәрімде: 
«Ал, енді біреудің таразысы жеңіл тартса, онда оның орны «Һауиә» болады. Ол һәуиәнің 
не екенін білесің бе? Ол – жалындаған от[8]»,-делінген.
6.Жахим.  Жахм  етістігі  –  қатты  жану  мағынасын  білдіреді.  Құранда:  «Оны 
ұстаңдар да байлаңдар. Сосын оны тозаққа салыңдар[9]».
7.Сақар. Күннің қатты қызып, заттарды балқыта түсуін арабтар сақар күн деп 
айтады. Құранда: «Оны жағатын тозаққа саламыз. Ол тозақтың не екенін қайдан білдің? 
Кейін қалдырмайды да шала тастамайды. Ол, адам терісін өртеп кетеді. Оған он тоғыз 
(періште) қарайды[10]»,-дейді.
Айша (р.а.) анамыз жеткізген хадисте: «Дұрыс амал жасаңдар, жақсыға жақын 
болыңдар және жақсылықты сүйіншілей жүріңдер. Себебі, ешкім амалымен жәннатқа 
кірмейді. Адамдар: «Уа, Алла Елшісі! Сіз де ме? – деді. Пайғамбар: «Иә, мен де. Тек 
Алла тағала рахымына бөлесе ғана. Біліңдер, Алла тағалаға ұнамды амал аз болса да 
ұдайы жасалғаны[11]»,– деп айтылған.

175

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет