Қазақ халқының ұлттық тағамдары Мақсаты: Білімділік: Қазақтың ұлттық тағамдары туралы түсінік беру.Қосымша мәліметтермен таныстыру арқылы сөздік қорларын молайту,ой-өрістерін кеңейту.
Дамытушылық: Слайд арқылы тағамның түрлерін біліп,сұрақтарға жауап беру.Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулу және танымдық қабілеттерін қалыптастыру.Сын тұрғысынан ойлай білу.
Тәрбиелік: Асты бағалап,қастерлей білу.Оқушыларды қазақ халқының салт-дәстүрін,дастарқанын құрметтеуге тәрбиелеу.
Түрі: Жаңа тақырыпты меңгеру.
Әдісі: Сұрақ-жауап,шығармашылық жұмыс,СТО,интерактивті тақтамен жұмыс.
Көрнекілігі:интерактивті тақта,слайдтар,ұлттық тағамдар.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі,музыка,валеология,еңбек.
Сабақтың ұраны: «Ас-адамның арқауы»
Сабақтың барысы Ұйымдастыру сәті 1.Кезекшінің мәліметі 2.Психологиялық дайындық.(1-слайд)
Қазақ,орыс,татар да
Бірдей перзент Отанға
Барлығы бір отбасы
Үйі – Қазақстан кең ұя
Дейтін алтын заңымыз
.Бақыттымыз бәріміз.
Сабақтың мақсатын қою Біз бүгін сабақта слайд көру арқылы ұлттық тағамдар туралы өз ой-өрісімізді кеңейтеміз, тағамға байланысты салт-дәстүрлер,ырымдар,мақал-мәтелдермен танысамыз.
Жаңа сабақ 1.Сұрақ-жауап: А) Біздің Отанымыз қай ел?
Ә) Республикамызда қанша ұлт пен ұлыстың өкілдері тұрады?
Б) Қазақ елі көктемде қандай мерекелерді тойлайды?
В) Қазақ халқы мерекелерде не істейді?
2. Ой қозғау. «Қазақы дастарқаным» әнін тыңдату.
Қазақ халқы үйіне келген қонақты құшағын жая қарсы алып,бай дастарқан жайған.
Дәмді, жақсы тағамдарын өздері жемей, қонаққа әдейі сақтаған.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Ұлттық тағамдар» ( 2-слайд)
3. Жаңа сөздермен жұмыс. (3-слайд)
4. Қазақ халқы асты өте жоғары бағалаған әрі қастерлей білген.Тамақтың орнын бәрінен де жоғары қойған.Қазақ қонақасы беруде қонақ таңдауды,басқа ұлт,дін өкілдері деп бөлуді де білмеген,төрге шығарып,достық көңілін көрсеткен.
Бүгінгі сабағымыздың ұраны: «Ас-адамның арқауы» (4-слайд)
Оны қалай түсінеміз? ( Өз ойларын ортаға салу)
5.Тірек-сызбамен жұмыс. ( 5-слайд)
Тағамдар сусындар және тағамдар болып бөлінеді.
Сұрақ: Ұлттық сусындарға нелер жатады?
Ұлттық тағамдар 4 түрге бөлінеді.Олар:ет,сүт,нан,дәннен жасалған тағамдар.
Ет тағамдарына нелер жатады? (6-слайд)
Сүт тағамдарына нелер жатады? (7-слайд)
Нан тағамдарына нелер жатады? (8-слайд)
Дәннен жасалған тағамдарға нелер жатады? (9-слайд)
6.«Кім жылдам?» ойыны.
7.«Бауырсақ» сөзімен сөзжасам құрастыру. (10-слайд)
8.Бес жол өлең құрастыру. (11-слайд)
9.Оқулықпен жұмыс.
Мәтінді оқып шығу. Тізбектеп оқып,аудару.
10.Сұрақтарға жауап беру.
11.Балалар,Наурыз мейрамында пісірілетін тағам қалай аталады?
Ол неше түрлі азықтан тұрады?
Әр азықты салудың өз реті мен мағынасы бар.
(Интерактивті тақтадан көрсету.)
Бекіту Қазақтың ұлттық тағамдары туралы не білдік? 1.«Қарлы кесек» ойыны. 2.Шығармашылық жұмыс.Оқушылардың дайындаған тұсаукесерлерін көру.
А) Нан тағамдары.(12-слайд)
Ә) Сүт тағамдары.(13-слайд)
Б) Ет тағамдары.(14-слайд)
В) Дәннен жасалған тағамдар.(15-слайд)
Қазақ ыдыстарына да ерекше мән берген.
Көне ыдыстар туралы мәлімет беру.(16-слайд)
Қазақ дәм татыруды достықтың,татулықтың,бірліктің,елдіктің сара жолы деп қараған.Сондықтан тамаққа байланысты қазақ халқында ырым-тыйымдар,тұрақты сөз тіркестері,мақал-мәтелдер көп.
Қазір танысып,оны қай кезде айтуға болатынын дәлелдейміз.
Тұрақты сөз тіркестері.(17-слайд) Аузыңа май. (қуанғанда,риза болғанда айтылады)
Ішкен асым батпайды. (уайымдағанда айтылады)
Ішкен асын жерге қояды. (құрметтейді,сыйлайды)
Сабасы керегеде тұр. (қымызсыз ел)
Мақал-мәтелдер.(18-слайд)
Ас-адамның арқауы.
Нан бар жерде ән бар.
Дәнді шашпа,нанды баспа.
Жаман ауруға-жақсы ас.
Ас-иесімен тәтті.
Ырым-тыйымдар.(19-слайд)
Дастарқаннан аттамайды.
Дастарқандағы астан ауыз тию керек.
Нанды шашуға,жерге тастауға,басуға болмайды.
Жерге ақ төгілсе басуға,аттауға болмайды.
Нанды бір қолмен сындыруға болмайды.Екі қолмен үзіп,тістеп жеу керек.