Құрастырушы: Ботанова Гулжан Онгаровна Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы



бет9/28
Дата25.11.2023
өлшемі466,5 Kb.
#127008
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   28
3.Сабақтың мақсатын қою
Психологиялық ортаны қалыптастыру
Бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстыру үшін қазақ ақыны М.Мақатаевтың өлеңінен үзінді оқумен бастағым келеді.
Мен оның түнін сүйем,күнін сүйем,
Ағынды өзен,асқар тау,гүлін сүйем.
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
-Бұл өлең не туралы?
-Туған жер,Отан туралы.
-Отан деген не?
-Отан деген адамдардың туып-өскен жері.
-Сіздер қай жерде,қай мемлекетте туып-өстіңдер?
-Қазақстанда.
-Қазақстан қайда орналасқан?
-Бұл ел Еуразияның орталығында орналасқан.
-Сонда сіздердің Отандарыңыз қай мемлекет?
-Біздің Отанымыз-Қазақстан.
Ендеше біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Менің Отаным-Қазақстан»
Сабақтың ұраны: «Екі Отан жоқ,жалғыз Отан-мекенің»
Біз сабақта жаңа мәтінмен танысамыз.Мәтінді толық түсіну үшін жаңа сөздермен және сөз тіркестерімен танысамыз.Сын тұрғысынан ойлау тәсілдері бойынша бірнеше стратегиялық тапсырмалар оындаймыз.
4.Жаңа сабақ
Стратегиямен жұмыс.
«Отан» сөзін естігенде нені елестетесіңдер?
Мәтінмен жұмыс.
Жаңа сөздер:
Ұйытқы-основа
өкіл-представитель
есептейді-считают
А)Оқылым
Бейнетаспадан суреттерді тамашалай отырып,мәтінді оқыту,аударту.
Ә)Мәтінге сұрақ қою.
Стратегиямен жұмыс.
«Отан» сөзіне бес шумақ өлең жазу.
1.Отан
2.кең,байтақ
3.дамиды,гүлденеді,өркендейді
4.Менің Отаным-Қазақстан.
5.туған жер
Жазғандарын оқыту.
Б)Тыңдалым
Дискіден тақырып бойынша мәтін тыңдату.
В)Сұрақтарға жауап беру.
Дәптермен жұмыс.
Мақалдардың жалғасын тауып,жазу.(3-тапсырма)
Отансыз адам ....... .
Туған жерге ....... .
Отанды сүю ........ .
Отанға опасыздық еткенің ........ .
Стратегиямен жұмыс.
«Топтастыру» статегиясы арқылы сөйлемдер құрастырып,жазу.
Қазақстан бес экономикалық аймаққа бөлінеді.
Әр оқушы шығып,экономикалқ аймақтар туралы мәлімет береді.
Стратегиямен жұмыс.
А)«Еркін жазу» стратегиясы бойынша өз елін мадақтап,Қазақстанға жарнама
жасау.
Ә)Бүгінгі сабақ туралы ойын,тілегін білдіріп,кластасына хат жазу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет