/2-слайд/ Ғұмырдария
/3-слайд/ «Айбергенов әлемі» атты видеоның 1-бөлімі көрсетіледі.
Төлеген Айбергенов қазақ поэзиясы әлемінде Мұхтар Шаханов, Фариза Оңғарсынова, Жарасқан Әбдірашев, Есенғали Раушанов, Тынышбай Рахым т.б. жас ақындарға ұстаз бола білді.
Патриоттық сезім мен адам бойындағы асыл қасиеттерді ту еткен талантты ақын 1967 жылы Қарақалпақстанның астанасы Нөкіс қаласында көз жұмды. Дүниеден өткеннен кейін “Құмдағы мұнаралар” атты жыр-жинағына 1974 жылы әдебиет, өнер және сәулет саласы бойынша “Қазақстанның Ленин комсомолы” сыйлығы берілді.
/4-слайд/ Күйсе күйсін күншілдер күйігінде,
Өз ғасырым өзімнің иінімде.
Ақ жаңбырлар тоздырған тау сияқты,
Мен өлемін өзімнің биігімде.
Төлегенге институтта оқып жүрген кезінде сабақ берген ұстаздардың бірі Тұрар Айдаров өз естелігінде былай деген болатын:
Төлеген Айбергенов қазақ поэзиясы әлемінде Мұхтар Шаханов, Фариза Оңғарсынова, Жарасқан Әбдірашев, Есенғали Раушанов, Тынышбай Рахым т.б. жас ақындарға ұстаз бола білді.
/5-слайд/ Төлеген Айбергеновты өмірі өлеңіне, өлеңі өміріне айналған ақын деп біз нық сеніммен айта аламыз.
/6-слайд/ Өлеңі оқылады.
/7-слайд/ «Айбергенов әлемі» атты видеоның 2-бөлімі көрсетіледі.
Төлеген Айбергеновтың сөзіне музыка жазылып, көптеген әндерін эстрада әншілері орындап жүр.
/8-слайд/«Каспий» тобының орындауында «Ақ еркем-Ақ жайық» әні тыңдалады.
/9-слайд/ Төлеген Айбергенов туралы «Жан еді өлең үшін дара туған» атты естеліктер кітабы жарық көрді.
/10-слайд/ Ақындардың артында мәңгілік аты қалған ақынға арнап жазған өлеңдері оқылады.
Төлеген Айбергеновтың өлеңдеріне қазіргі заманның сазгерлері де музыка жазып, жас әншілеріміз сол әндерді орындап жүр. Сол әндердің бірі «Мені ойла» деп аталады. Енді осы әнді «Заман» тобының орындауында тыңдап көрейік.
/11-слайд/ Қорытынды. Мұғалімнің сөзі:
Сабақты Ерлан Шарафи ақынның Төлегенге арнаған өлеңімен аяқтағым келеді.
/12-слайд/ Өмір-өзен айдынында,
аз жүздіңде көп ықтың
Ну қамыстың арасынан,
бір шоқ гүлдей боп шықтың.
Ерте солып кетсең-дағы,
сол гүл болып қалдыңда,
Хатың қалды хош иістей,
мәңгі бақи артыңда.
Бір тамаша сол тойыңды,
бере алмадық біздерде,
Дәл қай күні екенін,
ұрпақ әлі іздеуде.
Шырылдамасын рухың сенің,
шайқалмасын қәбірің,
Мәңгілікте күнде болар,
сөзсіз сенің сол тойың.