Г.Мендельдің 3-заңы (тәуелсіз тұқым қуалау заңдылығы).
Сабақтың мақсаты мен міндеті:сабақты өткен сабақпен, күнделікті өмірмен байланыстырып көптеген ойындар арқылы өткізу.
Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру 14 мин (15%)
Оқушылардың білімін жан-жақты тексеру
Сұрақтарды дұрыс және мазмаұнды құрастыруға мән беру.
1.Тұқым қуалайтын ауруларды алдын алу принциптері
2.Тұқым қуалайтын аурулардың әлеуметтік салдары
3.Мутациялық жүк
4.Ретроспективтік кеңес беру
5.Проспективтік кеңес беру
Жаңа сабақ түсіндіру 27 мин (30%)
Тақырыпты жоспармен таныстыру
Түсіндірілетін материалдың негізділігі мен жеткізілуінің ғылымилығы.
Жаңа сабақты сапалы игеру үшін түрлі оқу әдістерін қолдану.
1910-1911 жылдары Т.Морган және оның шәкірттері жеміс шыбындарына тәжірибе жасап, олардың белгілерінің ажырасуы Г.Мендельдің дискреттік тұқым қуалау заңдылығына қайшы келетінін айтқан. Бұларды Г.Мендель заңдары арқылы түсіндіру мүмкін емес. Сондықтан Т.Морган мынадай болжам жасады: шыбындардың көзінің түсін анықтайтын ген жыныс хромосомасында орналасқан және онымен бірге тұқым қуалайды, ал У хромосомада ол кездеспейді. Т.Морган гомозиготалы сұр түсті қалыпты қанатты шыбынмен будандастырғанда бірінші ұрпақтың бәрінде де доминантты белгі байқалған, яғни Г.Мендельдің бірінші заңы байқалған.