Мұғалім үшін: еліміздегі мерекелер туралы айтып, мерекелік көңіл күй мен түс үйлесімінің байланысын көрсету.
Көңілді аттракцион жасауға қозғау салу.
Оқушылардың шығармашылық міндеті:№2 жұмыс дәптерінің 26–29-беттеріндегі тапсырмалардың бірін орындау. Оқушылардың бәрі 30-беттегі тапсырманы орындайды.
Оқушылардың міндеті
Мұғалімнің және оқулықтағы сұрақтарға жауап беру, түс үйлесімдерін мерекелік көңіл күйге сәйкестігі бойынша сипаттау, өзінің жасайтын аттракционының идясын ортаға салу.
Тірек сөздер:мерекелер, демалыс, мемлекеттік мереке- лер, кәсіби мерекелер, отбасылық мерекелер, мереке үні, мереке бояулары.
Талқылауға арналған сұрақтар мен оған берілетін жауаптар: Мемлекеттік мерекелерді атаңдар.
Жауап. Наурыз мейрамы, Қазақстан халықтарының бірлігі күні, Жеңіс күні, Тәуелсіздік күні және т.б.
Кәсіби мерекелерді атаңдар.
Жауап. Мұғалімдер күні, Дәрігерлер күні, Құрылысшылар күні.
Адамдар мереке күндері не істейді?
Жауап. Адамдар мереке күндері бір-бірін құттықтайды, демалады, қонақ күтіп, қонаққа барады, саябақ, демалыс орындарына барады.
Мереке күндері адамдар мен қалалар қалай өзгереді? Жауап. Мереке күндері адамдардың бәрі құлпырып кетеді. Қалалар плакат, Ту, иллюминациялармен әшекейленеді.
Мерекелік әшекейлерге қандай түс үйлесімдерін пайдалануға болады?
Жауап. Ашық түстер мен қарама-қарсы түстер пайдаланылады.
Аттракциондарды кім ойлап табады?
Жауап. Аттракционды инженер-құрастырушылар мен суретші-дизайнерлер жасайды.
Сүйікті аттракциондарыңның біріне сипаттама беріңдер.
Оқушылар сүйікті аттракциондарының сыртқы түріне: түстік шешіміне, фантазиясына, ыңғайлылығы мен қауіпсіздігіне көңіл бөле отырып сипаттайды.
Өз қалаларыңда қандай аттракцион ойлап табар едіңдер?
Оқушылар сүйікті аттракциондарының сыртқы түріне: түстік шешіміне, фантазиясына, ыңғайлылығы мен қауіпсіздігіне көңіл бөле отырып сипаттайды.