«Сәулет өнері» бөлімі
13-сабақ
Сабақтың тақырыбы: Адамдардың ежелгі баспанасы. Сәулет өнері дегеніміз не?
|
Мектеп
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні
|
СЫНЫП: 3
|
Қатысқан оқушылар саны
|
Қатыспағандар
|
Оқу мақсаттары
|
Ой-өрістерін, тарихи танымдарын кеңейту. Сәулет
өнеріне қызығушылықтарын қалыптастыру.
|
Бағдарламалық міндеті
|
3.2.3.1
3.2.3.2
3.3.1.1
|
Мақсатқа жету үшін орындалатын міндеттер
|
Мұғалім үшін: ежелгі адамдардың баспаналары туралы айтады, ежелгі баспана түрлерімен таныстырады. Сәулет өнерімен, сәулет өнерінің даму тарихымен, сәулет ескерткіштерімен таныстыру. Ежелгі баспана үлгісін қалай жасауды айтып беру.
Оқушылардың шығармашылық міндеті: ежелгі баспана үлгісін жасау.
|
Оқушылардың міндеті
|
Мұғалімнің және оқулықтағы сұрақтарға жауап беру, әртүрлі баспана түрлерінің атауын білу, оларды сипаттап білу.
Тірек сөздер: адамдардың ежелгі баспанасы, ежелгі баспана салуға қажетті материалдар, киіз үй, жұмыс істеу реті.
|
|
Талқылауға арналған сұрақтар мен оған берілетін жауаптар:
Ежелгі баспаналар адамдарды неден қорғаған? Жауап. Ежелгі баспаналар адамдарды сыртқы жаулар мен қолайсыз ауа райынан (суықтан, желден, жауын- шашын, ыстықтан) қорғаған.
Ежелгі адамдар баспаналарын қандай материалдардан тұрғызған?
Жауап. Тас, сазбалшық, аңдардың терісі мен сүйектерінен, ағаш бұтағынан, қамыстан тұрғызған.
Қазақ халқының ежелгі баспанасы қалай аталды? Жауап. Қазақ халқының ежелгі баспанасы – киіз үй.
Киіз үймен байланысты дәстүрлерді айтып беріңдер. Жауап. Киіз үй тігу дәстүрінің тарихы тереңге кетеді. Киіз үйдің есігін шығысқа қаратып құрады. Халқымыз киіз үйдің алғашқы қонағы Күн болуы тиіс деп сенген.
Ежелгі адамдардың басқа баспаналары қалай ата- лады?
Жауап. Лашық, вигвам, күрке (ақпаратты ғаламтордан алу керек).
Ежелгі баспана жасау жолын айтып беріңдер (сұрақты сабақтың соңында қояды).
Жауап. Оқушылар өз тәжірибелеріне және 50–51-
беттердегі материалдарға сүйеніп, баспана жасау ретін атап шығады.
|
Күтілетін нәтиже
|
Барлық оқушылар: адамдардың ежелгі баспанасы, олардың ерекшелігі туралы біледі. 50–51-беттердегі
материалға сүйеніп, жұппен баспана түрін жасай алады.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |