Алған білімнің өмірмен байланысы. Жаңа білім мен дағдыға қол жеткізу
Жаңа жылға санаулы күндер қалды, сондықтан жаңажылдық әшекейлерді сатып алудың уақыты келді. Балалар бұл мерекені өте жақсы көреді,
алайда оларды тек сыйлық алуға ғана емес, сондай- ақ мерекеге дайындыққа қатысып, оны көңілді
өткізуге өздерін де қатыстырған дұрыс. Бұл сабақ балаларды жаңажылдық ойыншықтар мен
кәдесыйларды өз қолдарымен жасауға үйретіп, мерекені безендіруге арналады.
Е. Шварц.
«Жоғалған уақыт туралы ертегі» http://books.rusf.ru/unzip/add-on/xussr_ty/shvare15.htm?1/2 Әртүрлі күнтізбелер.
Материалды түсіндіру
Оқушыларға шыршаны безендіруге немесе
жаңажылдық сыйлық ретінде ұсынуға болатын құрамақтардың бірнеше нұсқасын ұсынуға болады.
Олар көлемді пішіндермен жұмыс істейтін
болғандықтан, сабақтың басында сол пішіндерді біліп алуы тиіс. Оқушылар шеңбер, тік бұрыш, үшбұрыш және т.б. пішін түрлерімен таныс.
Көлемді пішіндерді көрсетіп, олар жазық
пішіндерден несімен ерекшеленетініне талдау
жүргізу керек. Балалар дұрыс жауап беруі мүмкін, өйткені олар көлемді пішіндермен жұмыс істеді.
Енді оларды есте сақтайды. Одан әрі оқулық
бойынша ұсынылған құрамақтарға назар аударды.
Мұғалім жасанды және табиғи материалдардан
бірнеше құрамақтың жасалу жолын түсіндіреді. Бұл Жаңа жылда қолмен жасауға болатын заттардың үлгісі екенін, бірақ оны дәл солай қайталау міндет емес екенін естен шығармау керек. Мұғалім құрамақтардың үлгісін ұсына алады, ол терезедегі қырау, әртүрлі гүл алқалар, кәдесыйлар мен шыршаға арналған ойыншықтар болуы мүмкін.
Мұғалім кәдесыйларды таңдағанда сол өңірде бар табиғи материалдарды, сондай-ақ балалар
қиындықсыз табатын жасанды материалдарды ескеруі керек. Оқушылар бір сабақта екі-үш
құрамақ жасай алады. Сабақтың соңында жасаған жұмыстарын талқылайды, оқушылар құрамақтары не үшін керек екенін, оларды кімге
сыйлайтындарын айтады.
Өздік
Құрамақ жасауға кіріспес бұрын оқушылар
Оқулық. 40–44-
жұмысты
ойыншықтар мен құрамақ жасау туралы идея-
беттер.
орындау
ларымен бөліседі, жасайтын жұмыстарын талқы-
Жаңажылдық
лайды, неден жасайтынын, қажет материалдарды
құрамақ үлгілері.
таңдап, жұмысқа кіріседі. Мұғалім жеке-дара
Түсті қағаз, қайшы,
көмек, кеңес береді.
желім, көлемі
әртүрлі пластик
шарлар, емен
жаңғағы, бүрлер,
басқа да табиғи
материалдар,
фольга, таспа,
түйме, моншақ,
жаңғақ және жұ-
мысқа қажетті ұсақ-
түйек заттар.
Сабақтың қорытынды- сы
Оқушылар көлемді денелер туралы біліп, олардың атауын есте сақтады, жаңажылдық құрамақ жасау жолын білді. Жазық пішіндер мен көлемді
денелерді ажыратып үйренді, жасанды және табиғи материалдардан жаңажылдық құрамақтар жасап
үйренді.
Қосымша ақпарат
Дифференциация Барлық оқушылар көлемді
пішіндер туралы, жаңажылдық әшекейлерді жасауды білді.
Жасанды және табиғи материалдардан көлемді пішіндерді пайдаланып, оқулыққа сүйене отырып, жаңажылдық әшекейлер жасады.
Оқушылардың көпшілігі жаңа- жылдық әшекейлерді жасау ретін түсіндіре алды.
Оқушылардың ақпаратты меңгергенін қалай тексересіз? Оқушылардың мұғалімге берген
жауабынан (оқулық- тағы);
жасаған жұмыс- тарынан (жақсы
жасалған жұмыстарды ғана бағалаңыз);
жасаған жұмысты талқылауларынан.
АКТ-мен байланыс Сабақтың барысында мұғалім СD-дискідегі материалдарды, сондай-ақ интерактивті тақтаны да қолданады.
Мұғалім өздік жұмыстың басында қайшымен жұмыс
істеу ережесін оқушылардың есіне түсіреді.
Кейбір оқушылар ерекше жаңа- жылдық әшекейлер жасау үшін идеяларын ортаға салды.