Раупова Надежда Алимовна КӨркем еңбек оқыту əдістемесі мазмұны


Күні: Мұғалімнің аты-жөні



бет79/128
Дата15.11.2023
өлшемі436,32 Kb.
#123800
түріҚұрамы
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   128
Байланысты:
Көркем еңбек оқыту әдістемесі 3-сынып

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні

СЫНЫП: 3

Қатысқан
оқушылар саны

Қатыспағандар

Оқу мақсаттары

Шығармашылық, эстетикалық ой-өрістерін кеңейту.

Бағдарламалық міндеттері

3.1.2.1 3.1.3.2

Мақсатқа жету үшін орындалатын міндеттер

Мұғалім үшін: портрет түрлерімен таныстыру, портрет түрін анықтап, шығармашылық жұмыста үйренгендерін көрсете білуге дағдыландыру.
Оқушылардың шығармашылық міндеті: №2 жұмыс дәптерінің 14–15-беттеріндегі тапсырмаларды орындау.

Оқушылардың міндеті

Мұғалімнің және оқулықтағы сұрақтарға жауап беру. Суретші қолданған әсерлегіш құралдарды атай отырып, портрет түрлерін суреттеу. Портреттердің ерекшелік- терін айту.
Тірек сөздер: атақты тұлғалар, портрет, бейнелеу өнері жанры, салтанатты портрет, камералық портрет, топтық, жұптық портрет. Белуарға дейін салынған портрет,
ұзына бойы салынған портрет, тура қарап салынған портрет, бір қырына қарап салынған портрет.







Талқылауға арналған сұрақтар мен оған берілетін жауаптар:

  1. Портрет дегеніміз не?

Жауап. Портрет – адамды бояу, сызық, пішіндермен салатын өнер жанры.

  1. Автопортрет дегеніміз не?

Жауап. Автопортрет – суретшінің өзін бейнелеуі.

  1. Салтанатты портрет дегеніміз не?

Жауап. Салтанатты портрет дегеніміз – адам әдемі киініп, салтанатты түрде бейнеленетін көлемді портрет түрі.

  1. Камералық портрет дегеніміз не?

Жауап. Камералық портрет дегеніміз – адам қарапайым түрде бейнеленетін кіші өлшемді портрет. Суретші
адамды сыртынан білдірмей салып жатқандай болады.

  1. Топтық (жұптық) портрет дегеніміз не?

Жауап. Топтық портретте екі немесе одан да көп адам
бейнеленеді. Егер екі адам бейнеленсе, ол жұптық порт- рет деп аталады.

  1. Егер сендер суретші болсаңдар, қандай портрет салар едіңдер? Неліктен?

Жауаптары әртүрлі болуы мүмкін, ең бастысы, оқушы- лар жауаптарын түсіндіре алуы керек.

  1. Егер сендер суретшіге портреттеріңді салуды тапсыр- саңдар, өздеріңді қалай салдырар едіңдер? Салтанатты ма, камералық па? Жауаптары әртүрлі болуы мүмкін, ең бастысы, оқушылар жауаптарын түсіндіре алуы керек.

  2. Жақындарыңның ішінен кімнің портретін салар едіңдер? Толық жауап береді.

  3. Қандай атақты тұлғаның суретін салғың келеді? Толық жауап береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет