Оқушыларға қалай қолдау көрсетесіз? Сабақтың барысында оқушыларды бағалайды: Жарайсың, сен сұрақтарға толық жауап бересің! Сен өте байқампазсың! Сен табиғат
нысандарын жақсы суреттейсің (суретшілер туындыларын)!
Сен тапсырманы жақсы орындауға тырыстың! Сен жұмыстарды талқылауға
белсене қатыстың! және т.б.
Бағалау Сабақта оқушыларды бағалау:
оқушылардың мұғалімнің және оқулықтағы сұрақтарға жауабы;
тапсырмалар (жақсы жасалған жұмыстарды ғана бағалаңыз).
Құндылықтармен байланысАнималист-суретшілер мен пейзажшылардың
жұмыстарын, жанды табиғат фотосуреттерін көрсетіп, табиғатқа, туған өлкеге
сүйіспеншіліктерін оятып, эстетикалық көзқарастарын қалыптастыруға септігін тигізетін №2 қосымшадағы өлеңдер мен материалдарды қолданады.
Рефлексия. Мұғалім жылдың басында әрбір оқушыға бірнеше смайлик дайындап қояды. Оқушыларды сабақ барысында смайликтермен бағалайды. Мысалы: «Өте қызық!», «Мен көп жаңа нәрсе білдім!», «Мен көп нәрсе үйрендім!», «Маған қиындау болды!», «Мен
бәрін жасап үлгермедім!», «Мұның маған пайдасы бар!» және т.б. Оқушылар сабақтың соңында смайликтерін көрсетеді. Сабақтың қалай өткенін, ең қызықты нәрсе не болды, қандай жаңа нәрсе білгендерін, нені үйренгендерін айтады.