Мектеп
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні
|
СЫНЫП: 3
|
Қатысқан оқушылар саны
|
Қатыспағандар
|
Оқу мақсаттары
|
Ой-өрістерін кеңейту, танымдық қабілеттерін дамыту,
табиғи материалдарды көркем бейнеге айналдыра білу.
|
Бағдарламалық міндеті
|
3.1.1.1
3.2.1.1
|
Мақсатқа жету үшін орындалатын міндеттер
|
Мұғалім үшін: судың адам өміріндегі маңызын талдап, суды қадірлеуге үйрету, судың әртүрлі күйімен
(сұйықтық, мұз, бу), ою-өрнектердегі судың бейнелерімен таныстыру.
Оқушылардың шығармашылық міндеті: адамның өміріндегі судың маңызы туралы әңгіме құрау. №2
жұмыс дәптерінің 18–19-беттеріндегі тапсырмаларды орындау.
|
Оқушылардың міндеті
|
Мұғалімнің және оқулықтағы сұрақтарға жауап беру, судың әртүрлі күйін сипаттау (мұз қатты, пішіні бар, түссіз, шыныға ұқсайды, суық; бу – белгілі бір пішіні жоқ, оның пішіні үнемі өзгеріп отырады, ыстық, түссіз, бірақ ауада көрінеді) және т.б.
Тірек сөздер: су, су айдыны, судың пішіні, жауын- шашын, қар, бұршақ; су – адамның тірегі, су – тіршілік көзі, табиғаттағы су айналымы, меандр – ежелгі гректің суды бейнелейтін өрнегі, бітпес оюы.
Талқылауға арналған сұрақтар мен оған берілетін жауаптар:
Судың адам өміріндегі маңызы қандай?
Жауап. Судың адам өміріндегі маңызы зор. Сумен үйді тазалап, кір жуамыз. Сусыз тамақ пісіре алмаймыз. Адам күніне екі литрдей су ішеді.
Өздерің білетін су айдындарын атаңдар. Жауап. Мұхит, теңіз, өзен, көл.
Елімізде қандай өзендер бар?
Сырдария, Ертіс, Есіл, Тобыл, Іле, Шу және т.б.
Судың қандай күйлері бар?
Жауап. Су сұйық, қатты (мұз, қар), бу тәрізді (шәйнектің буы, бұлт) болады.
Ежелгі гректің меандр өрнегі нені білдіреді? Жауап. Меандр өзеннің иірімді жағалауы мен оның ағысын білдіреді.
Қазақтың «бітпес» өрнегімен нені әшекейлейді? Жауап. Бұл өрнек түрімен қолөнер бұйымдарын; кілем, текемет пен сырмақты, киім-кешек пен ыдыстарды
әшекейлейді.
|
Достарыңызбен бөлісу: |