Раупова Надежда Алимовна КӨркем еңбек оқыту əдістемесі мазмұны


Алған білімнің өмірмен байланысы. Жаңа білім мен дағдыға қол жеткізу



бет91/128
Дата15.11.2023
өлшемі436,32 Kb.
#123800
түріҚұрамы
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   128
Байланысты:
Көркем еңбек оқыту әдістемесі 3-сынып

Алған білімнің өмірмен байланысы. Жаңа білім мен дағдыға қол жеткізу

Адам сусыз бір күн де өмір сүре алмайды. Кәне, адамға су не үшін керек екенін атап шығайықшы.
Адамға су қажет болғандықтан, оны қастерлей білу керек. Суретшіге де сусыз қиын соғатыны белгілі.
Оқушылардан сусыз пайдалануға болмайтын бояуларды атауды сұрайды (акварель, гуашь).
Судың қасиеті, оның пішіні, адамдар бұрын суды қалай бейнелегендері туралы білімдері алдағы уақытта керек болады.

Оқулық.
Судың әртүрлі күйі бейнеленген
фотосуреттер (өзен, теңіздегі су, қар, қырау, мұз, сүңгі,
бұлт). Суды
білдіретін ою-өрнек- тер.

Материалды түсіндіру

Сабақтың басында судың адам өміріндегі маңызына тоқталған дұрыс. Бұл тақырып жаратылыстану сабағында да өтілетін
болғандықтан, оқушылар осы тақырып бойынша хабардар, сондықтан тақырыпты талдауға белсене қатыса алады. Оқушылар судың адам өміріндегі маңызы туралы әңгіме құрап, «Су – тіршілік көзі» деген тіркесті қалай түсінетіндерін айтады.
Олардың назарын судың қандай күйде болатыны-

Оқулық.
Судың әртүрлі күйі бейнеленген
фотосуреттер (өзен, теңіздегі су, қар, қырау, мұз, сүңгі,
бұлт). Суды
білдіретін ою- өрнектер.







на аударуға болады. Одан әрі әртүрлі халықтардың өрнектеріндегі судың бейнеленуіне көшеді.
Ақпаратты оқулықтан, сондай-ақ кітаптар мен ғаламтордан алуға болады. Суды бейнелейтін әртүрлі өрнектерді көрсетеді. Су өрнектері неліктен ең көне өрнек түрлеріне жататыны туралы әңгімелесуге болады, оқушылар басқа
сабақтардағы мәліметтерді еске түсіре отырып, өз ойларын ортаға салсын. Ұлттық кілемдердің
жиегіне салынатын «бітпес» оюын көрсеткен жөн. Оқушылар бұйымдарды бұл өрнекпен әшекейлеу арқылы шеберлер не айтқысы келгенін айтып
берсін. Тақтаға шығып, суретін сала алады. Сабақтың соңында мұғалім 100–101-беттегі жобаны ата-аналарымен қалай орындайтынын айтады. Бұл жобаны оқушылар тақырыптың соңына қарай орындайды да, таныстыру са-
бағында жоба туралы айтып береді. Жоба бойынша негізгі жұмысты оқушылар өздері орындайды, ата- аналары бөтелкені табуға, тұзды кептіруге,
бұйымды жасауға көмектеседі. Тұзды әртүрлі түске бояп, кептіру көп орынды алады, сондықтан оны сыныпта орындау мүмкін емес.

№2 қосымшаның
№7 тақырыбындағы материалдар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет