Раупова Надежда Алимовна КӨркем еңбек оқыту əдістемесі мазмұны


Талқылауға арналған сұрақтар мен оған берілетін жауаптар



бет95/128
Дата15.11.2023
өлшемі436,32 Kb.
#123800
түріҚұрамы
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   128
Талқылауға арналған сұрақтар мен оған берілетін жауаптар:

  1. Теңіз бейнеленетін бейнелеу өнері жанры қалай аталады? Жауап. Марина.

  2. Теңізді бейнелейтін әйгілі суретшілерді ата. Иван Айвазовский, Уильям Тернёр, Поль Синьяк.

  3. Реңк дегеніміз не? Суретші оны палитрада қалай шығарады?

Жауап. Реңк – бір түстің түрленуі. Суретші палитрада әртүрлі түстерді араластыру арқылы алады.

  1. Гуашь бояуларының қасиеттері мен бояу жағынды- лары туралы білетіндеріңді есіңе түсір.

Жауап. Гуашь – суда еритін қоймалжың бояулар. Бояу жағындысымен нысандарды, сонымен қатар теңіз толқынын бейнелеуге болады.

  1. Акварель бояуларының қасиеті туралы не білесің? Жауап. Акварель – суда еритін мөлдір бояу.

Бұл бояумен судың мөлдірлігін беруге болады.

  1. Теңіздің түсі қандай болады? Теңіздің қандай түстерін білесіңдер?

Жауап. Теңіздің түсі алуан түрлі болады: жарықтың түсуіне қарай қара, ашық көк, көгілдір, қызыл, ақшыл көк түс.
Қара, Қызыл, Сары, Ақ теңіз.

  1. Пуантилист-суретшілердің сурет салу мәнері қандай? Олар қысқа түрлі түсті нүкте, дақтармен сурет салған («пуант» – французша «нүкте» деген мағынаны білдіре- ді). Түстерді бұлай араластыру оптикалық деп аталады.

  2. Суды қандай материалдармен және жолдармен бейне- леуге болады?

Жауап. Суды акварель және гуашь бояуларымен, бояу жағындысымен, жиырылған қағаздардан таңба түсіру арқылы, дымқыл қағаздың бетіне акварель жағып
бейнелеуге болады. Бояу жағылған қағаз парағының
бетіне тұз сеуіп, пуантилист-суретшілер сияқты жұмыс істеуге болады (басқа да жолдарын сұраңыз).






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет