Сабақтың соңында топтар жұмыстарын
таныстырып, оқушылар жұмыстарының идеясын айтады. Таңдаған тақырыптарын түсіндіріп, ұжымда жұмыс істеудің ерекшеліктерін айтып
береді. Оқулықтың 20-бетіндегі сұрақтарға жауап береді.
Қосымша ақпарат
Дифференциациялау Оқушылардың бәрі көлемді- кеңістікті композицияның не екенін айта алады. Ұжымдық композицияны талқылауға қатысып, ортақ композицияны жасағанда өзіне тиесілі бөлікті орындай алады.
Оқушылардың тақырыпты мең- гергенін қалай тексересіз? Оқушылардың мұғалімге берген жауабынан (оқулықтағы);
жасаған жұмыс- тарынан (жақсы
жасалған жұмыстарды ғана бағалаңыз);
жасаған жұмысты талқылауларынан.
АКТ-мен байланыс Мұғалім сабақтың барысында СD-дискідегі материалдарды, сондай-ақ интерактивті тақтаны да қолданады.
Оқушылардың көпшілігі көлемді-кеңістікті компози- цияны қалай, ненің көмегімен, қандай материалдармен және қандай құралдармен
жасайтындарын анықтайды.
Мұғалім өздік жұмыстың басында қайшымен жұмыс
істеу ережесін оқушылардың есіне түсіреді.
Кейбір оқушылар ұжымда жұмысты ұйымдастырып,
композиция жасау барысында міндеттерді бөледі.