Раупова Надежда Алимовна КӨркем еңбек оқыту əдістемесі мазмұны


Алған білімнің өмірмен байланы- сы. Жаңа білім мен дағдыға қол жеткізу



бет39/128
Дата15.11.2023
өлшемі436,32 Kb.
#123800
түріҚұрамы
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   128
Байланысты:
Көркем еңбек оқыту әдістемесі 3-сынып

Алған білімнің өмірмен байланы- сы. Жаңа білім мен дағдыға қол жеткізу

Оқушыларға өмірді сағатсыз елестетулерін сұрайды. Оның аяғы қалай болар еді? Тоқтап қалған сағат туралы бірнеше жағдаят туралы ойланып, сағаттың
адам өміріндегі маңызы туралы шағын әңгіме құрауды ұсынады. Е. Шварцтың балалар уақытты бағаламай, шалға айналғаны, уақыт пен жастық шақтарын қайтару үшін қандай қиындықтарды бастан
кешкендері туралы «Жоғалған уақыт туралы ерте- гісін» айтуға болады. Сағаттың адам өміріндегі
маңызын түсінуге ынталандыру қажет. Уақытты қалай анықтауға болатынын айтуға болады. Оның бір жолы
– күнтізбе. Күнтізбе жасау – қызықты жұмыс. Жай күнтізбелер дүкенде де сатылатын болғандықтан,
балалар өзінің ерекше күнтізбесін ойлап таба алады. Мысалы, ұмытуға болмайтын күндердің күнтізбесін жасайды. Онда жақындарыңның туған күндері мен белгілі бір даталар белгіленеді. Маңызды жұмыстар
күнтізбесін жасауға болады, онда бір жылдың ішіндегі маңызды жұмыстарды жоспарлауға болады. Біз
сендермен бірге күнтізбе туралы әлі де көп нәрсе біліп, өз күнтізбемізді жасаймыз.

Е. Шварц.
«Жоғалған уақыт туралы ертегі» http://books.rusf.ru/u nzip/add- on/xussr_ty/shvare15. htm?1/2
Әртүрлі күнтізбелер.

Материал- ды
түсіндіру

Адам сағатсыз тұра алмайтынына көзіміз жетті. Алғашқы сағаттар қашан пайда болды, олар қандай болды? Білетіндер бар ма? Оқушылардың жауабын тыңдайды. Күн сағаттары, олардың қызметі туралы айтып береді. Басқа сағат түрлері туралы қысқаша айтады (сағат туралы әңгімелегеннен кейін №1
жұмыс дәптерінің 20– 21-бетіндегі тапсырманы орындайды).
Сендер ұзақ уақыт бөлігі күнтізбемен есептелетінін
білесіңдер. Қазіргі күнтізбелерге назар аударайықшы. Онда әдетте жыл мезгілдері бейнеленген табиғат көрінісін байқаймыз (оқулықтағы фотосуреттерді қарап шығып, жыл мезгілдерінің белгілерін атайды).
Оқушылар маусымдық жұмыстар туралы айтып береді.
Оқушылар №1 жұмыс дәптерінің 21-бетіндегі суреттерге қарап, сұрақтарға ауызша не жазбаша
жауап береді. Суреттердің әсемдігіне, композициялар мен түс үйлесіміне назар аудару керек. Әрбір жыл мезгілі несімен ерекшеленетінін суреттейді.

Оқулық, 34–35- беттер.

Жыл мезгілдері бейнеленген пейзаждар.


Әсем табиғат көрінісі бар


қабырғаға ілетін күнтізбелер.

Тамаша сағатшы http://www.biblioteka r.ru/k108- Limburg/index.htm


№1, 2 қосымша-
дағы материалдар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет