«развитие науки и инновации в современном мире: проблемы и перспективы»



Pdf көрінісі
бет28/49
Дата03.03.2017
өлшемі4,76 Mb.
#6701
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   49

Екінші 
кезеңде 
– 
іс 
– 
әрекеттің 
материалдық 
(немесе 
материалдандырылған)  түрде  қарастыру  кезеңінде  студенттер  іс  –  әрекетті  жасай 
бастайды,  бірақ  бұл  әзірше  сырттай,  оған  кіретін  операциялардың  сырттай  алға 
шығуы  түрінде  жасалуы.  Бұл  түрінде  жоғарыда  кӛрсетілген  операциялардың  – 
ориентирлік  (анықталу),  орындаушылық,  бақылаушылық  түрлерінің  бәрі  іске 
қосылады.  Осы  кезең  үйренушілерге  іс  –  әрекеттің  мазмұнын  меңгеруге,  ал 
үйретушілерге  әрбір  операция  түрінің  орындалуын  объективті  түрде  бақылау 
жүргізуіне мүмкіндік жасайды. 
 
Іс  –  әрекет  орындалғаннан  кейінгі  барлық  нәтиже  тапсырманың 
меңгерілгенін  кӛрсетеді,  сондықтан  ҥшінші  кезеңде  –  іс  –  әрекеттің  сырттай  сӛз 
ретінде қалыптасуына  кӛшу қажет. Бұл кезеңде іс  – әрекеттің барлық  элементтері 

228 
 
сырттай  сӛзбен  немесе  дауыстап  сӛйлеумен  алға  шыққанда  іс  –  әрекет  одан  әрі 
талдап  қорытындылаудан  ӛтеді,  бірақ  ешнәрсе  автоматтандырылмайды, 
қысқартылмайды. Мұнда сӛз жаңа функция атқара бастайды. 
 
Сызба  геометрия  курсында  студенттердің  тапсырманы  символика  арқылы 
жік-жігін  шығаруына,  қысқаруына  және  алғашқы  практикалық  іс  –  әрекеттерінің 
ақыл  –  ой  қимылына  кӛшуін  автоматтандыруға  трансформация  жағдай  жасайды. 
Студенттердің  кӛрнекілік  –  сезімділік  сапасы  оның  чертеждармен,  макеттермен 
және  басқа  кеңістікті  қолданушылықтан  алған  түсінік  модельдермен  жұмыс 
істеуінен  кӛрінеді. Символиканы пайдалану сырттай практикалық іс – әрекеттің ой 
функциясына  ұтымды  да  тиімді  ӛзгергенін  кӛрсетеді.  Студенттер  қолдануға 
берілген семантикалық тілді толық та терең меңгерген сайын сырттай жасалынған 
іс – әрекет ойдың ісіне айналуы және идеалды – психиканы қызметке ауыстырылуы 
тиімдірек ӛтетін болады. 
 
Тӛртінші  кезең  –  сырттай  сӛзде  айтылатынның  ішінде  ғана  іс  –  әрекет 
қалыптасуының  кезеңі.  Оның  бұрынғылардан  ӛзгешелігі  –  іс  –  әрекеттің  дыбыс 
шығарусыз және жазбасыз ӛз ішінде айтылып қойылғандай орындалатындығында. 
Алғаш  кӛргенде  іс  –  әрекеттің  басқа  сипаттары  бойынша  бұрынғы  кезеңдерінен 
ӛзгешілігі  жоқ  сияқты.  Бірақ,  іс  –  әрекет  ой  қызметінің  формасын  қабылдасымен, 
сол  форма  түрінде  ӛте  шапшаң  қысқартыла  және  автоматтандырыла  бастайды. 
Содан соң оқу қызметі соңғы бесінші кезеңде – жеке бастың ӛзіндік ой – әрекетін 
қалыптастыру  кезеңіне  кӛшеді.  Бұл  кезеңде  іс  –  әрекет  автоматтық  жылдамдықта 
ӛте шапшаң қимылға ауысып, ӛзіндік бақылау жүргізуге болмай қалады. Енді бұл 
ойдың  актісі  жасалады  деген  сӛз.  Ол  сәтте  процестер  жасырын,  ал  санада  сол 
процестің қажеттері – білім мен біліктілікке жол ашылады. Сӛйтіп,бесінші кезеңде 
іс  –  әрекет  тұрақты  ой  формасына  ие  бола  бастайды,  іс  –  қимылдың  айқын 
автоматтанғаны  байқалады,  соның  ӛзі  еріксіз  сипатта  болады,  адам  рефлексі 
(түйсіну)  үшін  қол  жетпейтін  боп  табылады.  Бұл  кезеңнің  анықталу  негізі 
студенттердің  танымдылық  орнатуынан  және  олардың  оқып  үйренетін  пәніне 
қатысының  себептерінен  кӛрінеді.  Соның  ӛзінде  ой  қызметінің  автоматты  берілу 
сипатының  ӛзі  оны  қайталауға,  жаттығуға  байланысты  болады.  Ӛйткені  бұл 
шешуші  кезең,  жай,қарапайым  жағдайда  студент  оны  ішкі  сӛз  формасында 
қалыптастыра пайдаланады. Геометриялық мысалдар және тапсырмалар есте сақтау 
мен оны қайта жаңғыртуды автоматтандыру үшін оған материал табуға мүмкіндік 
береді.  Осылай  логикалық  ойдың  алгоритмі  бірте  -  бірте  есте  қалыптасады,  іс  – 
әрекеттің  орындалуы  немесе  оқып  –  үйренетін  курстың  мәселелерін  ойша  игеруі 
жүзеге асырылады. 
 
Сонымен,  үйретудің  біз  сӛз  етіп  отырған  кезеңдері  жоғары  оқу  орындары 
оқытушыларының  ӛз  ісінде  студенттердің  ой  қызметін  дамытумен  айналысуы 
керектігін  атап  кӛрсетеді.  Мұнда  олар  әсіресе  түрлі  психикалық  функциялардың 
жұмысын  белсенді  етуге  ерекше  назар  аударуы  керек.  Ӛйткені,  ойлау  іс  – 
әрекетінің  қалыптасуы  жалпы  нұсқаулылықтан  объектіні  қабылдау  және  оны 
ұғыну, қорытындыланған іс – қимылдан нәтиже шығару кезеңдерінен ӛтеді. 
                                                                
Әдебиеттер 
 
1. Леонтьев А.Н. Избранные психологические труды. В 2-х томах.Т.1: М:-1983-С.210. 
2. Леонтьев А.Н. Деятельность. Сознание. Личность. – М.: Политиздат, 1974. – 304 С. 
 
 
 
 

229 
 
ӘОЖ     373.1.02:372.8 
 
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ПӘНДІ  
ОҚЫТУДЫҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗІ ТУРАЛЫ 
 
Қарабаев А., Баймаханова М.М.,Юнусова А.А. 
 
ХГТУ, Шымкент қ., Қазақстан 
 
Резюме 
В этой статье рассматриваются вопросы дидактической основы преподавания дисциплин в 
высших педагогических учебных заведениях. 
 
Summary 
This article deals with the didactic bases of teaching of disciplines in higher educational institutions. 
  
 Біз  педагогикалық  жоғары  оқу  орындарында  пәнді  оқытудың  әдістемелік 
жүйесі ретінде элементтері оқытудың мақсаты,мазмұны,әдісі,формасы мен құралы 
болып келетін құрылымды түсінеміз. Жеке пәндерді оқытудың әдістемелік жүйесі 
құрамдас  бӛліктері  бір-бірімен  ӛзара  қарым-қатынаста  сипатталатын  оның  ішкі 
құрылысына  және  оқытудың  әдістемелік  жүйесінің  қоғамның  даму  деңгейі  мен 
жағдайына,оның  орта  және  жоғары  мектептерге  деген  әлеуметтік  сұранысына 
тәуелді анықталатын сыртқы  байланыстарына қатысты белгілі  бір заңдылықтарға 
бағынатын күрделі динамикалық құрылым болып табылады. Қоғамның әлеуметтік 
сұранысы  әдістемелік  жүйенің  құрамдас  бӛліктерінің  жетекшісі  –  оқытудың 
мақсатына анағұрлым әсерін тигізеді. 
          Әр  педагогтің  ӛз  пәнін  алғаш  оқыту  мезгілінде  оқытудың  әдістемелік 
жүйесінің  толық  үлгісін  құрмаса  да,  ең  болмағанда  оның  құрамдас  бӛліктерін 
құруына тура келеді. Бұл үлгіні бастапқы үлгі деп аталық. Егер әдістемелік жүйенің 
барлық  бес  құрамдас  бӛліктері  түгел  енсе,  онда  бастапқы  үлгі  нәтижелі 
болады,себебі,кері  жағдайда,  үлгі  олардың  элементтерінің  араларындағы  кӛптеген 
ӛзара  ішкі  байланыстарын  есепке  алмай  құрылады.  Мысалы,оқытудың  мақсатын 
анықтамай тұрып бастапқы үлгіні нәтижелі етіп құруға болмайды. 
          Оқытудың  мақсатын  анықтауда  қоғамның  әлеуметтік  сұранысын;  мектеп 
математикасын  оқытудың  мақсатын;болашақ  мұғалімдердің  жалпы  мәдени 
деңгейлерін  анықтайтын  арнайы  –  кәсіптік  білімдер  мен  іскерліктерді 
қалыптастырудың қажеттіліктерін ескеріп отыру керек. 
          Оқытудың  мазмұнын  құруда  жалпы  теориялық  принциптерді,  сұрыптау 
әдістерін,математикалық  курстардың  бағдарламаларын  кәсіби  –  педагогикалық 
тұрғыдан  қалыптастырудың  критерийлерін,  осы  оқу  орындарындағы  оқытудың 
мазмұнын  қалыптастыру  принциптерін,оқулықтарды,оқу  құралдарын,әдістемелік 
талдауларды,кафедраның және оның оқытушыларының тәжірибелерін басшылыққа 
алған  жӛн.  Оқытудың  мазмұнын  құруға  оның  әдістері,формалары  мен  құралдары 
әсерін тигізеді. 
         Дербес – дидактикалық әдістер оқытудың мақсаты мен мазмұнын,пәндер мен 
болашақ мамандықтарының ерекшеліктерін ескерумен анықталады; сонымен қатар 
оқытудың формасы мен құралы оның әдісін таңдауға әсер етеді. 
          Оқытудың  ұйымдастыру  формалары  оқытушылар  мен  студенттердің  және 
оқу  процесіндегі  ӛзара  әрекеттестік  әдістерді  анықтайды.  Оқыту  формаларын 
ұжымдық  (лекция,  практикалық  сабақтар  т.б.)  және  ӛзіндік  (студенттердің  ӛзіндік 
жұмыстары,жеке консультациялар т.б.) әрекеттеріне бейімдеу қажет. Оқытудың кез 
келген  формасы  қарастырылып  отырған  кезеңдегі  оқытудың  мақсаты  мен 

230 
 
мазмұнына  сәйкес  оқытушылар  мен  студенттердің  ӛзара  әрекеттестіктеріне  және 
әрбір  студентпен  белсенді  жұмыс  жүргізуге  үйлесімді  жағдай  тұғызуы  тиіс. 
Мұндай  жағдайда,жетістік  кӛбінесе  оқытудың  әдісін  дұрыс  таңдауға  байланысты. 
Оқытудың  құралдары  (оқулықтар,  оқу  құралдары,бағдарламалар  т.б.)  оқытудың 
мақсаты  мен  мазмұны  және  таңдалынып  алынған  формасы  мен  әдістері  арқылы 
анықталады. 
 
Математикалық  курстардың  мазмұндарының  ерекшклігі  мұғалімдердің 
конструктивтік,ұйымдастырушылық  сияқты  іс-әрекеттерінің  түрлерін  дайындауға 
үлкен  мүмкіндік  береді,себебі  іс-әрекеттің  бұл  түрлері  білім  берудің  базалық 
компоненті  (математика)  мен  оның  арнайы  компонентінің  (математиканы  оқыту 
әдістемесі) негіздерін меңгеретін пен мұғалімін дайындау мәселесіне бағытталған. 
Ал,мұғалімнің 
конструктивтік 
іс-әрекетіне 
математикалық 
сабақтарының 
мазмұнын  үлгілеу,оқу  материалдарының  мазмұнын  талдау,келесі  тақырыптың 
алдыңғы 
тақырыппен 
логикалық 
байланыстарын 
айқындау,жетекші 
идеяларды,негізгі түсініктерді және оқушылар мен мұғалімдер дайындау әрекетінің 
жүйесі  мен  бірізділігін  анықтау  мәселелері,ұйымдастырушылық  іс-әрекетіне  білім 
берудің  мазмұнын  хабарлайтын  тікелей  жұмыстар,  яғни  сабақты  ӛткізу  мен  құру 
жұмыстары енеді. 
 
Осы  айтылған  тұжырымдардан  оқытудың  әдістемелік  жүйесінің  құрамдас 
бӛліктерінің  мәнісі  келесі  мәселелерді  жүзеге  асырумен  айқындалады  деген 
қорытындыға келе отырып,оларды: 
 
-оқытудың мақсатын тұжырымдау; 
 
-теориялық және практикалық материалдарды сұрыптау; оларды баяндаудың 
қатаңдық деңгейлерін анықтау
 
-нақты тақырыптардың негізгі материалдарын бӛлу; 
 
-оқытуды мотивациямен  қамтамасыз ететін шаралар жүйесі; 
 
-пропедевтикалық ӛлшемдер жүйесі; 
 
-математиканың әдіснамалық және тарихи мәселелерін бӛлу; 
 
-студенттердің ӛзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың жүйесі; 
 
-жеке және ұжымдық тапсырмалар жүйесі; 
 
-студенттердің  ғылыми  зерттеу  және  ӛзіндік  жұмыстары  бойынша  шаралар 
жүйесі; 
 
-зерттеу тапсырмаларының жүйесі; 
 
-математикалық үлгілер мен алгоритмдер жүйесі; 
 
-курстың әдістемелік жолдарын жүзеге асыратын шаралар жүйесі; 
 
-проблемалық оқытумен қамтамасыз ететін ӛлшемдер жүйесі; 
 
-мұғалім  кәсібіне  және  математикаға  оқу  пәні  мен  ғылым  ретінде  дұрыс 
кӛзқарастарды қалыптастыратын шаралар жүйесі; 
 
-пәндердің 
ӛзара 
байланыстары 
мен 
олардың 
ӛз 
іштеріндегі 
байланыстарының жүйесі; 
 
-оқу процесін ұйымдастырудың ұжымдық және жеке формалар жүйесі; 
 
-кері байланысты ұйымдастыру жүйесі ретінде анықтаймыз. 
 
Құрылған  оқытудың  әдістемелік  жүйесінің  бастапқы  үлгісін  ары  қарай 
дамытудың  нақты  бағдарын  анықтау  аса  маңызды  проблеманың  бірі  болып 
табылады.  Оқытудың  әдістемелік  жүйесін  қайта  құру  шаралары:оқу  процесінде 
бастапқы  үлгінің  жүзеге  асу  нәтижелеріне  психологиялық-педагогикалық 
талдаудың; 
студентердің 
білімдерінің,іскерліктері 
мен 
дағдыларының 
беріктіліктерін  зерттеудің,олардың  оқу  сапаларының  нәтижелерін  сараптаудың; 
оқытудың  әдістемелік  жүйесін  жетілдіру  принциптерін  жүзеге  асыру  деңгейлерін 

231 
 
қарастырудың;  мұғалімдердің  (соның  ішінде  бұрынғы  студенттердің)  пікірлерін 
ескерудің кӛмегімен алынған қорытындыларының негізінде қайта жасалынады. 
 
Жеке  пәндерді  оқытудың  әдістемелік  жүйесінің  жалпы  ортақ  белгілері  кӛп 
болғанымен,оның  ерекшелігін  бейнелейтін  ӛзіне  тән  ӛзгешеліктері  мол.  Әсіресе, 
бұл  ӛзгешелік,  осы  пәнді  бейнелейтін  адамзат  білімдерінің  аумағында,сәйкес 
ғылымның тек мазмұны емес, оның әдістерінде ерекшеленеді. Әрине, бұл ӛзгешелік 
жүйенің құрамдас бӛліктерінің мазмұны мен олардың ӛзара байланыстарын егжей-
тегжейлі  ашқанда  ғана  байқалады.  Математиканы  оқытудың  әдістемелік  жүйесін 
тұтас  немесе  оның  жеке  элементтерін  жетілдіру  процесі  күрделі  процесс 
болғанымен, ол белгілі бір заңдылықтарға бағынады. 
 
Біріншіден, бұл заңдылық бір немесе бірнеше құрамдас бӛліктерінің ӛзгерісі 
оның  басқа  құрамдас  бӛліктерінің,  яғни  бүкіл  жүйенің  ӛзгерісіне  әкелетін 
әдістемелік жүйенің ішкі құрылысына байланысты. 
 
Екіншіден, бұл заңдылық кез келген әдістемелік жүйенің  жүзеге  асуы оған 
шешуші  әсер  ететін  әлеуметтік  және  мәдени  жағдайлардың  айқындалуымен 
анықталады.  Мұндай  әсер  жүйенің  басты  құрамдас  бӛлігі  –  оқытудың  мақсатына 
айқын және күшті ықпал етеді. 
 
Сонымен,  оқытудың  әдістемелік  жүйесі  –  күрделі,  кӛп  сырлы  құрылым 
болып табылады екен. Оны және оның жеке құрамдас бӛліктерін жетілдіруде осы 
жүйе іске асыратын барлық күрделі байланыстарды ескеру қажет. 
 
Оқытудың 
әдістемелік 
жүйесінің 
басқа 
құрамдас 
бӛліктерімен 
салыстырғанда  оқытудың  мақсатының  жетекшілік  рӛл  атқаруына  байланысты 
жүйенің  кез  келген  ӛзгерісі  оқытудың  мақсатымен  санасып  отыруы  тиіс.  Осыдан 
оқытудың  әдістемелік  жүйесін  жетілдірудің  басты  принципі  –  мақсатқа 
бағыттылық  принципі  деген  шығады.  Әдістемелік  жүйені    жетілдірудің 
бағыты,сипаты  және  нәтижесі  тұтас  алғанда  оқытудың  мақсатына  пара-пар  болуы 
тиіс. 
 
Қазіргі  жоғары  педагогикалық  оқу  орындарының  негізгі    міндеті  – 
студенттерді оқыту мен тәрбиелеудің тұтастығын жүзеге асыру. Олай болса, оқыту 
мен  тәрбиелеудің  тұтастылық  принципі  әдістемелік  жүйені  жетілдірудің  ӛте 
маңызды принипінің бірі болып табылады. 
 
Оқытудың  әдістемелік  жүйесін  жетілдіруде  оқытудың  дидактикалық  және 
тәрбиелік  жақтарының  тұтастығын,педагогика  мен  психологияның  озық 
жетістіктерін  ескеріп  отыру  қажет.  Бұл  идея  педагогикалық  жоғары  оқу 
орындарында негізінен оқытудың әдісі арқылы жүзеге асады. 
 
Жоғарыда атап кӛрсеткеніміздей әдістемелік жүйенің бір құрамдас бӛлігінің 
ӛзгерісі жүйе құрылымының тұтас ӛзгерілуіне әкеледі. Осы пікірден (ойдан) ӛзара 
байланыстылық  принипі  келіп  шығады.  Әдістемелік  жүйенің  құрамдас  бӛлігінің  
біреуінің  ӛзгерісіне  байланысты  басқа  құрамдас  бӛліктердің  ӛзгерісін 
анықтап,оларды  ескеріп  отыру  қажет.  Бұл  принциптің  әдістемелік  жүйеге  тұтас 
түрде  ғана  емес,сонымен  қатар  кӛлемі  жағынан  әртүрлі  жеке  бӛліктеріне,мысалы, 
оқытудың әдістеріне қолдану мүмкіндігі туралы білген жӛн.Сонда жүйенің барлық 
ӛзара байланыстарын толық ескеру қажет. Осыдан әдістемелік жүйені жетілдірудің 
тағы бір принципі – толықтылық болуға тиіс деген қорытынды жасаймыз. 
 
Оқытудың  әдістемелік  жүйесі  ӛзінен  –  ӛзі  іске  аспайды,ол  бұрыннан 
құрылған  оқу  жүйесінің  шеңберінде  жүзеге  асады.  Олай  болса  оқытудың 
әдістемелік  жүйесін  жетілдіру  жоғары  оқу  орындарында  қалыптасқан  оқу 
жүйелеріне  сүйенуге  және  олармен  табиғи  байланыста  болуы  тиіс.  Сондықтан, 
әдістемелік  жүйе  мен  оның  элементтері  ұласымдылық  принципі  деп  аталатын 
талаппен анықталуы керек. 

232 
 
 
Педагогикалық  жоғары  оқу  орындарындағы  математикалық  пәндерді 
оқытудың  әдістемелік  жүйесін  жетілдіру  математика  мұғалімінің  кәсіби 
шеберлігіне әрдайым қойылып  отыратын талаптарын  ескере отырып,оның барлық 
құрамдас  бӛліктеріне  кәсіби-педагогикалық  бағдарды  күшейту  бағытында  жүзеге 
асуы  және  болашақ  мұғалімдердің  кәсіби  шеберлегінің  негізін  қалыптастыру 
процесіне  даму  сипатын  беруі  тиіс.  Олай  болса  әдістемелік  жүйені  жетілдіруде 
кәсіби – педагогикалық бағдар принципі айтарлықтай зор рӛл атқарады. 
 
Осы  тұжырымдалған  ережелердің  негізінде  оқытудың  әдістемелік  жүйесін 
ары қарай дамытудың негізгі бағыттары тӛмендегідей: 
-  әлеуметтік  ӛзгерістерді,мектеп  математикасының  мақсатын,оқытудың 
әдістемелік  жүйесінің  бастапқы  үлгісін  жүзеге  асыру  тәжірибесін,жүйенің  басқа 
құрамдас  бӛліктерінің  ӛзгерістерінің  әсер  етулерін  ескере  отырып  оқытудың 
мақсатына түзетулер енгізу; 
-      болашақ  мұғалімдерді  дайындауда  маңызды,  оқыту  мазмұнының 
талаптарына сәйкес дидактикалық тұрғыдан ӛңделген теориялық және практикалық 
мәселелерді енгізу; 
- оқытудың мазмұнын қалыптастыру принциптеріне сәйкес келмейтін кейбір 
жеке мәселелерді алып тастау
-  материалдарды баяндаудың қатаңдық деңгейлеріне түзетулер енгізу; 
- материялдарды баяндауда әртүрлі әдітерді енгізу., 
-  қойылатын  талаптарға  сәйкес  есептер  мен  жаттығулар  жүйелеріне 
түзетулер жасау; 
-  негізгі материалдардың мазмұнына түзетулер жасау; 
- басқа ғылымдар саласындағы, экономикадағы мәдениеттегі математиканың 
рӛлін кӛрсететін материалдарды енгізу; 
-  қосымша әдіснамалық және тарихи мәселелерді енгізу; 
-  қосымша пропедевтикалық материалдарды енгізу; 
-  оқытуды мотивациямен қамтамасыз етуді ұлғайту; 
-    студенттердің  ӛзіндік,жеке  және  ұжымдық  тапсырмалары  мен  зерттеу 
жұмыстарын ұйымдастыру жӛніндегі шаралар жүйелеріне түзетулер жасау; 
-  жаңа алгоритмдер мен үлгелерді құру, бұрынғы қолданылып жүргендерді 
қазіргі  жағдайға  сай  ӛзгерту  немесе  алып  тастау;  программалы  оқытудың 
құралдарын дайындау
-    математикалық  курстың  студенттердің  болашақ  педагогикалық  іс-
әрекеттерін  біртіндеп  ұғу  мен  кәсіби  шеберліктерінің  негізін  қалыптастыру 
мүмкіндіктерін қосымша айқындау
-    мұғалім  кәсібіне  және  математикаға  ғылым  мен  оқу  пәні  ретіндегі  дұрыс 
кӛзқарастарды қалыптастыратын қосымша шараларды айқындау; 
-  пәнаралық байланыстарды,пәннің ӛзінің ішкі байланыстарын айқындау; 
-    оқу  процесін  ұйымдастырудағы  қосымша,ұжымдық  және  жеке 
формаларды енгізуді жүйелеу; 
-  бақылау шараларының жүйелеріне түзетулер енгізу; 
-  оқу-әдістемелік материалдарды дайындау; 
-  оқытудың қосымша құралдарын айқындау деп түйіндейміз. 
 
                                                                Әдебиеттер 
1. Абылкасымова А.Е. Об особенностях подготовки учителей в университете  // Қазақстан 
жоғары мектебі. -1995.-№1. 
2. Абылкасымова А.Е. Методика преподавания математики.Учебное пособие. - 
Алматы:Санат,1993. 

233 
 
3. Әбілқасымова А.Е., Қағазбаева Ә.Қ., Есенова М. Болашақ  математика мұғалімін даярлау  
мәселелері// ИФМ.-1999. -№2. 
4. Қожабаев Қ. Математиканы оқыту әдістері. Оқу құралы. -Алматы: Санат,1998. 
5. Ӛстеміров Қ. Қазіргі педагогикалық технологиялар.- Алматы: Санат, 2007. 
  
ӘОЖ    373.1.02:372.8 
 
СТУДЕНТТЕРДІ  ҦСТАЗДЫҚ КӘСІПКЕ ДАЯРЛАУ 
 
Қарабаев А., Баймаханова М., Юнусова А.А.  
 
ХГТУ, Шымкент қ., Қазақстан 
 
Резюме 
В этой статье рассматриваются вопросы профессиональной подготовки студентов высших 
педагогических учебных заведений спецальности «Математика» 
 
Summary 
This article deals with the training of students of higher educational institutions Special and "Mathematics" 
 
Ғылыми-техникалық  және  әлеуметтік  прогресс  жағдайында  және 
республиканың  егемендік  алуы  жағдайында  жастарды  ӛмір  мен  еңбекке  баулу 
мақсатымен  оларды  оқыту  мен  тәрбиелеудің  сапасын  жан-жақты  жақсарту 
қажеттігі қазіргі заманда дәлелдеуді талап етпейді. 
 
Мектепте  математикадан  білім  беруді  қайта  құру  осы  жұмыстың  басты 
мақсаттарының  бірі  болып  табылады.  Оқушыларды  математикаға  даярлауды 
жақсарту  проблемасы,әсіресе  қазіргі  кезеңде,барынша  алуан  түрлі  ғылымдарға 
математиканың жедел енуі ӛмір шындығына айналып отырған кезде ерекше артып 
отыр.  Алайда,оқушыларды  мектепке  оқыту  мен  тәрбиелеу  ісін  жетілдіру  болашақ 
мұғалімді 
педагогтік 
институттар 
мен 
университеттерде 
әдістемелік-
математикалық,психологиялық-педагогикалық 
және 
кәсіптік 
даярлауды 
жетілдірумен барынша тығыз байланысты. 
 
Соңғы  жылдардағы  жұмыс  тәжірбиеміз  жоғары  оқу  орындарының 
түлектерін  математикаға  даярлауда  бірқатар  елеулі  кемшіліктер  бар  екенін 
кӛрсетті,олар  мыналар:  түлектердің  мектепте  математика  курсы  бойынша  алған 
білімдерінің  қазіргі  талаптарға  сай  келмейтіндігі;  математикалық  білімдерді 
алудағы формализм; математикалық мәдениет пен математикалық ойлау деңгейінің 
тӛмендігі;  әдістемелік  білімдердің  атүстілігі;  түлектің  алдағы  әрекетке 
даярлануының  мұғалімдік  кәсіпке,  ғылым  және  оқу  пәні  ретіндегі  математикаға 
деген ынта-ықылас, пәндік тұрғыдан да жалпы педагогикалық тұрғыдан да алдағы 
қызметті  білуге  ұмтылушылық  сияқты  қасиеттерінің  жеткілікті  дәрежеде 
дамымағандығы.  Сонымен  студентті  жоғары  оқу  орындаында  оқыту  кезеңінде 
математика  мұғалімінің  кәсіптік  шеберлігі  негіздерінің  қазіргі  кезеңде  мектепті 
дамыту міндеттерін шешу үшін қажетті деңгейіне қол жеткізілмейді. 
 
Бұл мынадай себептерден туып отыр: 
 
-  жоғары    оқу  орындары  мен  мектептерде  оқытылатын  математика 
курстары  арасында  мазмҧны  жӛнінен  де,  баяндау  әдістері  жӛнінен  де  елеулі 
алшақтық бар; 
 
-  жоғары  оқу  орындарының  математика  курстарының  оқытушылары 
болашақ  мҧғалімнің  әдістемелік  кӛзқарастарын  қалыптастырудың,  оған 
дидактика  принциптерін,  педагогикалық    қызмет  тәсілдері  мен  әдістерін 

234 
 
нақты  оқытудың  ӛздерінде  бар  мҥмкіндіктерін  жеткілікті  дәрежеде  іске 
асырмайды; 
 
-  математика  курстары  бағдарламаларының  жҥктемесі  тым  ауыр,  кӛп 
ретте  ҥстіртін,  математика  мҧғалімін  нақты  даярлауға  емес,  жоғары  білімді 
математик-маманды дәйексіз даярлауға бағдарланған; 
 

кафедралар  курстың  тҥрлі  бӛлімдерінің  арасындағы  ішкі 
тақырыптық  байланыстарды  және  тҥрлі  пәндер  арасындағы  тақырып 
аралық  байланыстарды,  сондай-ақ  теория  мен  практика  арасындағы 
байланыстарды анықтауға жете кӛңіл бӛлмейді; 
 
- студенттер іздемпаздық жҧмыспен жеткілікті дәрежеде айналыспайды, 
бҧл орайда оны оқытушылар тарапынан бақылау нысандарының елеулі тҥрде 
жетілдірілмегендігі байқалып отыр
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет