«развитие науки и инновации в современном мире: проблемы и перспективы»



Pdf көрінісі
бет30/49
Дата03.03.2017
өлшемі4,76 Mb.
#6701
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   49

                                                      Әдебиеттер 
 
1. Нұғманұлы. И «Химияны оқыту әдістемесі» - А.,1999ж 
2.  Мырзабаев.  «Химиядан  кластан  тыс  жұмыстар  және  танымдық  ойындар»  –  Алматы, 
1996 
3.  Сатекова  М.  Кӛңілділер  мен  тапқырлар  сайысы  //  Химия  мектепте.  №6  2007. -Б.  40-
41. 
 
 
 
 
 
 
 

245 
 
ӘОЖ 619:576:895:12 
 
ИММУНОЛОГИЯЛЫҚ  ӘДІСТЕМЕЛЕРДІ  ЖАЛПАҚ ҚҦРТТАРДЫҢ 
БИОЛОГИЯСЫ МЕН ЭКОЛОГИЯСЫН ЗЕРТТЕУГЕ ҚОЛДАНУ 
 
Мамырова Н.А. б.ғ.к., Ӛмірзакова А., Тӛлегенова М. 
Халила Ә.Н., б.ғ.д., профессор  
ХГТУ, Шымкент, Қазақстан 
 
Резюме 
Целью  наших  исследований  явилось    совершенствование  иммунологических  методов 
исследований  для  выявления  животных  больных  паразитозом  и  изучение  его  распространения  в 
зависимости от влияний среды. 
Summary 
The  purpose  of  the  research  is  perfecting  of  the  immunological  methods  of  research  for 
determination of animals sicked by anaphlazmos and spreading of animals depending on the influence of a 
habitat
Тоғышарлық  тіршілік  ететін  жалпақ  құрттар  қой,  ешкi,  сиыр,  шошқа,  түйе, 
жылқы т.б. үй жануарларымен қоса жабайы аңдарда да кездеседi. 
Жалпақ құрттар экологияның  биотикалық факторы негiзiнде малдарда орасан 
зор  зардап  туғызып,  ӛлiм-жiтiмге  ұшыратып,  шығындар  келтiредi          Жалпақ 
құрттар  биологиялық  дамуы    ӛте  күрделі,  ақтық  және  аралық  иелерінің 
араласуымен жүреді.  
Атап  айтқанда,  ми  құрттарының  ақтық  иесіне  иттер  мен  ит  тұқымдастарға 
жататын  қасқыр,  қарсақ  т.б.  аңдар,  ал  аралық  иесіне  шӛпқоректілерге  жататын  үй 
жануарлары мен тағы аңдар жатады.   
 Монезия  жалпақ  құрттарының    негізгі  иелеріне  қой,  ешкі,  киік,  ақбӛкен  т.б. 
шӛпқоректілр,  ал  араалық  иесіне    топырақта  тіршілік  ететін  орибатид  майда 
кенелері жатады. 
 Бауыр  сорғыш  жалпақ  құрттарының    негізгі  иелеріне  қой,  ешкі  т.б  аша 
тұяқтылар мен кейбір тақ тұяқтылар, ал аралық иесіне тоспа ұлуы жатады. 
 Әдетте,  бауыр  сорғыш  жалпақ  құртының  аралық  иесі  шалшық  ұлуы 
болғандықтан ол -  батпақты, сазды жерлер мен ӛзен жағалауларында кең тарайды. 
Кейбiр жауынды жылдары бауыр сорғыш құртының қатты кӛбеюiнiң салдарынан, 
мал  арасында  кеңiнен  таралып,  олардың  экологиялық  зардаптары    күшеюiне 
байланысты ӛлiм-жiтiмнiң саны артып кетедi, мал басы азаяды. 
Бауыр сорғыш құрты экологияның биотикалық факторы ретiнде ӛлiм-жiтiмдi 
кӛбейтедi, ол сонымен бiрге малдың қоңын тӛмендетiп онан алынатын сүт, ет, май, 
жүн  т.б.  ӛнiмдердi  10-30  пайызға  кемiтедi.  Олардың  жұқпалы  ауруға  тӛзiмдiлiгiн 
нашарлатады. 
Осыларға  байланысты  жалпақ  құрттарының    малдарда  таралуын  зерттеу,  
олардың  таралуын  анықтау  әдiстерiн  жақсарту,  тоғышар  құрттардан  алдын-  ала 
сақтандыру сапасын кӛтеру үшін маңызды мәселе болып табылады. 
Кейiнгi  кезде  гельминттердің  биологиясы  мен    экологиясын  зерттеу  үшін 
иммунологиялық реакциялар қолданыла бастады. 
Бауыр сорғыштардың таралуы моллюскаларға байланысты. Паразиттің негізгі  
иесі  - 
тоспа  ұлуы 
барлық    жерде    дерлік    кездеседі.    Ол  қолайлы  тұщы    су 
қоймаларының бәрінде де тіршілік ете береді. Бауыр сорғыштардың таралу  ендігі  
тоспа  ұлуының 
таралуымен  анықталады. 
Тоспа  ұлуы 
әр  түрлі  типті  су 
қоймаларында мекендеуге бейімделген. Ол  жазық жерлермен қатар тауларда 3 000 
м. биіктіктерге дейін тіршілік ете  алады. 
Тоспа ұлуларының 
таралып орналасуы әр 

246 
 
түрлі  су  қоймаларында  бірдей  емес.  Олардың    шоғырланатын  жері,  кӛбінесе  таяз, 
жақсы  жылынатын  су  қоймалары  шалшықтар,  саздар  жайылымдардағы  ойпаттар, 
мал  тұяғы  қазған  шұңқырлар,  жай  ағатын  жылғалар,  шағын  ӛзеншелер,  тоғандар 
мен  кӛлдер.  Бұл  жәндіктердің  орналасу  тығыздығы  ӛте  кең  кӛлемде  жыл 
маусымына,  қоныс  ӛзгешелігіне,  ылғалдылыққа,  температураға  және  тағы  басқа 
жағдайларға  байланысты    ӛзгеріп  тұрады. 
Тоспа  ұлуларының 
белгілі  бір 
мекендейтін жерінің ӛзінде де олардың қоныстану жиілігі әр түрлі.  
Бауыр сорғыш жалпақ құртының ірі қарада таралуын  паразитологиялық және 
иммунологиялық әдістемелермен салыстырмалы зерттеу 
 
 
№ 
 
Малдардың белгілері 
Салыстырмалы зерттеу  
әдістердің нәтижесі 
Паразитологиялық  
ТЕГАР 

1421 
оң реакция 
 оң реакция 

1422 
теріс реакция 
оң реакция 

1423 
теріс реакция 
теріс реакция 

1424 
теріс реакция 
теріс реакция 

1425 
оң реакция 
 оң реакция 

1426 
оң реакция 
 оң реакция 

1427 
оң реакция 
оң реакция 

1428 
теріс реакция 
оң реакция 

1429 
теріс реакция 
теріс реакция 
10 
1430 
теріс реакция 
теріс   реакция 
11 
1431 
теріс реакция 
теріс реакция 
12 
1432 
теріс реакция 
теріс реакция 
13 
1433 
теріс реакция 
 теріс реакция 
14 
1434 
теріс реакция 
теріс реакция 
15 
1435 
теріс реакция 
 теріс реакция 
16 
1436 
теріс реакция 
теріс реакция 
17 
1437 
теріс реакция 
теріс реакция 
18 
1438 
теріс реакция 
теріс реакция 
19 
1439 
теріс реакция 
теріс реакция 
 
Барлығы 19 бас 
 
4  (21 пайыз) 
 
6  (31,5 пайыз) 
  Мысалы  шалшықтың  орта  тұсына  қарағанда  шет  жағында  моллюскалар  5-6 
есе  кӛп  болады.  Тоспа  ұлуларының  әр  түрлі  таралуы  кӛпшілік  жағдайда  малды 
шалшық сулар шетіне жайғандықтан болады 
Себебі,  жер  асты  сулары  жақын  болғандықтан,  және  шымы  былқылдақ  жер 
мал  тұяғымен  тез  қопарылып,  кӛптеген  ұсақ  шұңқырлар  –  кіші  прудовиктер 
тіршілігіне  қолайлы  сулы  шұқанақтар  пайда  болады.  Тоспа  ұлулары  ұзақ  уақыт 
сусыз  тіршілік етуге қабілетті.  Құм топырақты су түбінде ол ұзақ  уақыт тіршілік 
ете  алмайды.  Осы  ерекшелігі  арқылы  олардың  таралып  бӛлінуі  сараланады. 
Топырағы құнарлы, кеуіп қалатын су қоймаларында тоспа ұлулары кӛп тарайды.  
 
Тоспа  ұлуларының  ересектері
  де 
және  жас  ұрпақтары  да  құрғақшылыққа 
тӛзімді  келеді.  Олардың  ұрықтары  –  жұмыртқалары  да  әр  түрлі  заттарға,  ӛсімдік 
қалдықтарына жабысып, ылғалдылығы бар сусыз ортада жақсы сақталады.   
          
Тоспа ұлулары 
ӛте тез кӛбейеді. Кӛктемде, жазда және күздің  біраз мезгіліне  
дейін    олар  3  ұрпаққа  дейін    шығара  алады.  Ғалымдардың  есебіне  қарағанда  12 
жұмада  бір 
тоспа  ұлуы 
25 000  жұрағат  бере  алады.  Демек,  жаппай  дамуының 
мүмкіндігі мен табиғатта таралуы  осындай  мӛлшерде  ӛседі.  

247 
 
 
Тоспа  ұлулары 
мекендейтін  жерде  малдың  бауыр  сорғыштарымен 
зақымдануы  ӛте  жоғары, кейде 70-80  пайызға дейін жетеді.  
        
Тоспа  ұлуларының 
бауыр  сорғышлармен    кӛп    зақымдануы    және  олардан  
жетілген церкарийлердің  шығуы  жаздың  аяғы,  күздің  басында  жиі  кездеседі. 
Бұл    уақыт    малды    ауруға  шалдықтыратын  ең  қауіпті  кез    Бауыр  сорғыштың 
малдарда  таралуын  зерттеу  үшін    19  бас  ірі  қара  малдардың  тезегі  және  қаны 
алынып,  паразитологиялық  және    иммунологиялық  әдістермен  салыстырмалы 
зерттелді.  
        Паразитологиялық  әдістер    малдардың  тезегінің  ерітіндісін  тұндыру  әдісімен 
зерттелді. 
       Иммунологиялық  әдістер  малдардың  қан  сарысуларын  тікелей  емес 
гемагглютинация реакциясын  қою арқылы зерттелді. 
       Зерттеу  нәтижесінде  паразитологиялық  әдістермен  зерттелген  19  бас 
малдардың    4  басының  тезегінен    №1421,  1425,  1426,  1427  барлығы  16  пайыз    
Бауыр сорғыш жалпақ құрттарының жұмыртқалары бар екендігі байқалды.  
       Ал, тікелей емес гемагглютинация реакциясымен зерттелген 19 бас малдардың  
6 басының № 1421, 1422, 1425, 1426, 1427, 1428 қан сарысуларынан    барлығы 24 
пайыз бауыр сорғыш жалпақ құрттарына қарсы антиделері бары байқалды.  
Сондықтан  қоршаған  ортаның  абиотикалық  факторлары:  ылғалдылықтың 
жеткiлiктi  және  температураның  жоғары  болуы  мен  биотикалық  факторлары, 
тұрақты  және  негізгі  иелерiнiң  жеткiлiктi  болу  бiрлестiгi  қолайлы  болуына 
байланысты  бауыр  сорғыш  құртының  жеделдете  кӛбеюiне  толық  жағдай 
жасалынғаны байқалды. 
Қорытынды: 
1. Бауыр сорғыш жалпақ құртының таралуын паразитологиялық және     иммунологиялық 
әдістермен салыстырмалы зерттеу тиімді екендігі анықталды.  
2. Жүргiзiлген зерттеу  ірі қара малдарда бауыр сорғыш жалпақ құрты  паразитологиялық  
әдістермен    21  пайызға,  ал  иммунологиялық  реакциялармен                              3.      1,5  пайызға 
таралғаны байқалды. 
 
                                                         Әдебиеттер 
1. Мұхаметалин Қ. Малдың паразит аурулары, Қайнар, 1973. 
2.  Халила  Ә.Н.  т.б.  Малдың  паразит  ауруларын  иммунологиялық  әдiстермен  анықтау, 
Ғылым. 1996. 
3. Тiлменбаев Ә.Т. Энтомология, Алматы-1994. 
4. Бей-Биенко Г.Я. Общая энтомология. М.: 1980 
5. Викторов Г.А. Экология паразитов. М.: 1976 
6. Захваткин Ю.А. Общая энтомология. М.: 1983 
7. Кульберсон Д.Г. Иммунитет к паразитарным заболеваниям. М., 1948. 
8. Халилаев А.Н. Токсоплазма және безноитий антигендерiн зерттеу. М., 1982. 
9. Халилаев А.Н. Изучение антигенов токсоплазмида., 1991. 
 
ӘОЖ 57:37.016 
 
СЫН ТҦРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНЫП 
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ 
 
Мамирова Н.А., Қҧнанбаева Е.М. 
ХГТУ, Шымкент, Қазақстан 
 
Резюме 
Особенности развития мышления школьников в процессе учебной деятельности. Сущность 
дидактических  игр  и  их  роль  в  развитии  школьников.  Система  упражнений,  направленных  на 

248 
 
развитие  логического  мышления,  диагностика  уровня  его  развития.  Влияние  инновационных 
педагогических технологии на процесс обучения школьников. 
Summary
 
Features  of  development  of  thinking  of  younger  schoolboys  in  the  process  of  educational 
activity. The essence of didactic games and their role in the development of students. The system 
of exercises aimed at the development of logical thinking, diagnostics of level of development. The 
impact of innovative pedagogical technologies in the process of teaching students
 
 
Қазіргі  әлемдік  ауқымдағы  қайта  құрулар  жедел  ақпараттандыру  білім 
саласындағы  ӛзгерістер  адамзат  қоғамы  алдында  білім  сапасын  арттыру 
қажеттілігін  туындайтыны  анық.  XXI  -  ғасыр  білім  ғасыры,  тұлғаның  ой-ӛрісінің 
даму  тенденциясын  заман  талабына  дамыту  әрбір  ұстаздың  міндеті.  Қазақстан 
Республикасының  президентінің  Н.Ә.  Назарбаев  жолдамасында  «Дарынды 
балаларға  арналған  мектепті  дамыту  және  оған  мемлекеттік  қолдау  кӛрсету» 
туралы ӛкілі талантты балалармен жұмыс істеуді жаңа үлгісін жасауға жол ашты. 
 Оқушылардың  логикалық  ойлау  қабілетін  дамыта  отырып  бәсекеге 
қабілеттілігін дамыту. Еліміздің  тәуелсіздік  алып,  ӛркениетті  ел болуы үшін  жас  
ұрпақты    білімді    әрі  тәрбиелі,    ӛз    Отанын    жанындай    жақсы  кӛретін,  
құрметтейтін,    қорғайтын    парасатты    саналы    азамат    етіп    тәрбиелеп    шығару,  
олардың    жандүниесін,    әсемдік    ӛркениетке    сай    рухани    қазыналарын    байыту,  
ата  –  бабаларымыздың    дәстүрлерін,    озық    ӛнегелерін,    ой  –  санасын    әрбір  
педагогика  саласында еңбек  етіп  жүрген  ұстаздар қауымының  ең  үлкен  парызы  
деп есептеймін.   
Сондықтан  оқушылардың  бағалы  және  нақты құзыретілігін  қалыптастыру  
мақсатында      ӛзімнің    ӛткізіп  жүрген  сабақтарымда    тиімді    әдіс  –  тәсілдерді  
қолданып    отырамын.  Осындай    маңызды  проблемаларды    ойдағыдай    шеше  
алатын,    бірінші    баспалдықты    басатын    жас  ұрпаққа  білім,    тәрбие  берудің    ең 
қиын  да,    жауапты  кезеңі  бастауыш    мектептен    қалыптасады.  Ұяда  не    кӛрсең  ,  
ұшқанда  соны  ілерсің   дегендей,    бастауыш    сынып    оқушыларының    айналадағы  
әр нәрсенің  қыр сырын  білуге  таби-ғатынан  ынтасы  зор болып  келеді. Оқушы 
қандай  бір  педагогикалық  проблеманың  шешімін  таба  білсе,  ойлау  қызметінің 
нәтижесінде  рахаттанады.  Ӛзін  сол  жаңалықты  алғаш  ашқандай  сезінеді.  Қазіргі 
қоғам талабы- мұғалімнен баланың жан-жақты дамуына мүмкіндік тудыра отырып, 
әрбір бала бойындағы дара қабілетті анықтап, оны әрі қарай дамытуды қалайды. 
ХХІ  ғасырдың  жан-жақты  зерделі,  дарынды,  талантты  адам  қалыптастыру 
бағытындағы  білім  беру  ісі  бүгінгі  күн  талабы.  Қазақстанның  дамуына  білім  мен 
ғылымның  әр  етуі  үшін  дүниежүзілік  кеңістігіне  ену,  оқыту  жүйесін  заман 
талабына сай үйлестіре алуға, оқу-әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда. Осы 
тұрғыдан  алғанда  бүгінгі  таңда  мұғалімге  білім  берудің  тиімді  жолдарын 
қарастыру, таңдай білу еркіндігі тиіп отыр.  
Сыни  тҧрғыдан  ойлау  технологияның  маңызы  ерекше  болғандықтан 
оқушының  логикалық  ойлау  қабілеттерін  арттыру  олардың  субъект  ретіндегі 
дамуының алғы шартының бірі және ӛзекті тақырып болып табылады. 
В.  Давыдовтың  «Бастауыш  сынып  оқушысының  психологиялық  даму» 
еңбегінде:  «Оқыту  үрдісіндегі  оқушылардың  логикалық  ойлау  қабілетін 
қалыптастыру ӛзіндік мақсат емес, ол – белсенді тұлғаны тәрбиелеу құралдарының 
бірі»  делінген.  «Ойлау  логикалық  заңдылықтары  мен  формаларына  бағынады. 
Кӛптеген  адамдар  логикалық  ойлайды,  бірақ  ӛздерінің  ойлауы  логика 
заңдылықтары  мен  формалары  арқылы  болып  жатқанын  білмейді»  -  дейді  В. 
Кириллова. 

249 
 
Оқушылардың    ойлау  қабілетін  дамытуда  логикалық  тапсырмалар  орын-
датудың  маңызы  зор.  Логикалық  тапсырмалар  оқушыларды  белсенділікке  
тәрбиелеу,  ӛз  бетінше  жұмыс  істеуге  дағдыландыру,  сондай-ақ  оқушыларды 
икемділік пен шеберлікке баулу мақсатында пайдаланылады.  
Логикалық  тапсырмалар  арқылы  оқушылардың  ойлау  қабілетін  дамыту  үш 
негізгі бағытта іске асырылады: 

 
Қызығушылығын арттыру; 

 
Ойлау және қабылдау қабілетін дамыту; 
Ойлау ізденісін дамыту 
Логикалық  тапсырмалар  арқылы  оқушылардың  ойлау  қабілеттерін  арттыру 
мақсатына негізделген дәріс моделін құрастыруға болады.  
Мұндай сабақтардың құрылысы 4 кезеңнен тұрады: 
1.
 
Машық. Сергіту; 
2.
 
Оқушылардың 
ойлау 
қабілетінің 
негізі 
болатын 
психологиялық 
механизмдерінің дамуы (ес, зейін, қабылдау, ойлау); 
3.
 
Іздену тапсырмаларын орындату; 
4.
 
Оқушыларға  белгілі  түсінікпен  жаңалықты  кӛруге  тәрбиелеу,  мақсатында 
логикалық тапсырмаларды орындату.  
 А.Н.  Леонтьев  «Логикалық  ойлау»  ұғымына  нақты  анықтама  берген 
«Логикалық  ойлау»  дегеніміз  –  логика  заңдылықтарын  пайдалана  отырып,  ой-
пікірлерді  тұжырым-дарды  қолдануға  негізделген  ойлаудың  бір  түрі.  Баланың 
логикасын  дамыту  ұғымдарын  ӛсіру,  оқу-тәрбие  үрдісіндегі  ұдайы  жүргізілетін 
жұмыс.  
Қазіргі  кезде  біздің  республикамызда  білім  берудің  жаңа  жүйесі  жасалып, 
әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бүгінгі күні біз бір кісідей Жаңа 
дәуір,жаңа  ғасыр,  жаңа  мыңжылдықта  ӛмір  сүріп  отырмыз.  Адамның  жақсы  ӛмір 
сүруіне  үш  сапа  негіз  бола  алады.Олар:  адал  еңбек,  мінсіз  ақыл,  таза  жүрек,  бұл 
сапалар  адамның  дүниеге  келген  күнінен  бастап  тәрбиелейді»  -  (Шәкәрім  Қ.). 
Адамның  адам  болып  қалыптасуында  ата-аналарымен  қатар,  тәрбиеші  мен 
мұғалімнің  орны  зор.  Білім  берудің  даму  бағыты  мен  технологияларын  қамтитын 
кӛптеген педагогикалық технология түрлерін қазіргі кезде кӛптеп қолданып жүрміз. 
Атап айтсақ : Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдовтардың «Дамыта оқыту», Ж.Қараевтың 
«Деңгейлеп  саралау»  технологиясы,  М.М.Жанпейісованың  «Модульдік  оқыту» 
технологиясы  «Сын  тұрғысынан  ойлауды,  оқу  және  жазу  арқылы»  дамыту 
технологиясы,  «Ынтымақтастыққа  оқыту»  т.б.  Бұл  технологиялардың  әрбір 
стратегиялары оқушының ой-ӛрісінің, сӛздік қорының дамуына тигізер пайдасы ӛте 
зор.  
Қоғам  ойлаутың  ӛзі  ӛнім  екенін  түсініп  келеді.  Жаңа  технологияларды  іс-
жүзіне енгізу ӛндірістік және әлеуметтік ӛмірге жаңа мазмұн кіргізетін, болашаққа 
қатысты  жаңа  міндеттер  қойып,  шеше  білетін  ойлау  ақыл-ой  қабілеті  бар  адамды 
қажет  етеді.  Мемлекеттің  даму  барысында  ақыл-ой  және  ойлау  әлеуметтің  рӛлі 
орасан  зор.  Ойлау  қабілетті  дамыту  ойлау  қызметін  жетілдірумен  тығыз 
байланысты. Баланың ойлау қабілетін дамыту мәселесі, мектеп тәжірибесінде үлкен 
орын  алады.  Оқушы  қабілетіне  қарай  ең  басты  мәселені  айыра  білсе,демек  ол 
күрделі ойлау мәнді тапсырмаларды орындай алады. 
Сонымен  ойлау  дегеніміз  мәселені  шешудегі  толғану  процесі.  Ойлану–
дамушы  құбылыс  және  ол  адам  басында  үнемі  жұмыс  күйінде  кездеседі. 
Ойланудың негізгі қызметі жұмбақ мәселелерді шешу. Мәселелердің шешілуі адам 
басында реттелініп отырылады. Ой процесі  кӛзге кӛрінбейтіндіктен оның дәл ӛзін 
зерттеу мүмкін емес. Сондықтан ойлану туралы зерттеулер, олардың процесс күйін 

250 
 
емес,  ойлану  қалайша  жүзеге  асып,  реттеліп  отыруы  үшін  қандай  шарттар  қажет 
екенін тексеруге арналған. 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Назарбаевтың  «Қазақстан  ӛз 
дамуындағы  жаңа  серпіліс  жасау  қарсаңында»  атты  Қазақстан  халқына 
жолдауында: Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына 
кіру  стратегиясындағы  осы  заманғы  білім  беруді  дамыту  және  білікті  кадрлар 
даярлау  жүйесін  дамыту–тӛртінші  басымдықта  «Білім  беру  реформасы 
Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін 
маңызды  құралдардың  бірі.  Бізге  экономикалық  және  қоғамдық  жаңару 
қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі  қажет. Адамның ӛмір 
бойы білім алуы үшін жағдай туғызуымыз керек» делінген. 
Осы  орайда  ӛзімнің  атқарып  жатқан  жұмыстарыма  нақтырақ  тоқтала  кетсем, 
сабағымда  тек  білім  беруді  ойластырып  қоймай,балалардың  жеке  бастарының 
қасиеттерін,  қабілеттерін  дамытудың  жолдарын  ойластырамын.  Шәкірттерімнің 
жазу мен ойлау қабілетін дамытуда алдымен кӛңіл-күйінің кӛтеріңкі болуына кӛңіл 
бӛлемін.  Оқушымен  жақсы  қарым  қатынаста,  түсінушілік  жағын  есте  ұстаймын. 
Менің балаға деген ықыласым, оқушының ӛз ісіне деген сенімін оятады. 
         Ұстаз  заманға  сай  жаңаша  ұстаз  болуға  тиіс.  Сонымен  қатар  әр  түрлі 
стратегиялар,  диаграммалардың  да  оқушының  ойлау  қабілетін  арттыруға    ӛте 
қолайлы екенін сіздер ӛз сабақтарыңызда да қолданып кӛріп отырсыздар. 
         Сабақ  мақсатын  айқындау,  оған  қойылатын  талап  жаңалық  емес  Ал 
стратегияның ерекшелігі, оның талабы осы мақсатқа жету.  Оқушының ӛзі аркылы. 
Оның  оқу  іс-әрекеті  ұйымдастыру  арқылы.    Ойлау  дағдыларын  дамыта  отырып 
жүзеге  асыруды  қарастырады  Оқушылардың  оқудағы    іс-әрекеті  арқылы, 
олардың  ойлау  дағдыларын  жетілдіре  отырып  мақсат  қою  технологиясын 
былайша кӛрсетуге болады 
Осы  мақсатқа  жету  үшін  пайдаланылатын  стратегиялар  манызды  істерге 
бастайды. 
1.
 
бір-бірінің пікірін құрметтейтін ортаны қамтамасыз ету; 
2.
 
оқушыларға анықта  нақты мақсат қоюға мүмкіндік беру; 
3.
 
жырды талқылауға белсенділікпен қатысуға үйрету; 
4.
 
ойлаупен жұмыс істеуге ұмтылдыру; 
5.ӛздерінің айтқан, жазған жауапгарына толғанып ойлауын қамтамасыз ету; 
Оқушылардың  таным  үрдістерін  сезімдері мен  эмоциялары,  ерік  үрдістерін  
дамытылуы    оқытудың    жаңа    технологияларымен  байланысты.    Оқушының    ӛзі 
арқылы, оның  оқу  іс - әрекетін  ұйымдастыру  арқылы  ойлау  дағдыларын дамыта  
отырып жүзеге  асыруды қарастырады. Осы  мақсатқа  жету  үшін  пайдаланылатын  
стратегиялар    маңызды    істерге    бастайды.    Бірін  –  бірі    құрметтейтін  ортаны  
қамтамасыз    ету,    оқушы-ларға    нақты    мақсат    қоюға    мүмкіндік  беру,  ойлаупен  
жұмыс  істеуге    ұмтылдырады.    Ӛздері    айтқан,    жазған    жауаптарына    ойланып,  
толғануын  қамтамасыз  етуге  мүмкіндік береді. 
   Сын  тұрғысынан  ойлауды  дамыту  бағдарламасы  әлемнің  түпкір-түпкірінен 
жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибелі жүйеге келтірген Джинни 
Л.Сикл,  Куртис  С.  Мередит,  Чарльз  Тэмпел.  Жобаның  негізгі  Ж.Пиаже,  Л.С. 
Выготский теорияларын басшылыққа алады. 
Мақсаты  барлық  жастағы  оқушыларға  кез  келген  мазмұнға  сын  тұрғыдан 
қарап,  екі  ұйғарым  бір  пікірдің  біреуін  таңдауға  саналы  шешім  қабылдауға 
сабақтарда  үйрету.  Біздің  елімізге  Джордж  Соростың  ашық  қоғам  институты, 
«Сорос-Қазақстан»  қоры  арқылы  келген  бұл  технология  орыс  және  қазақ  тілінде 
мектеп тәжірибелеріне ене бастады. 

251 
 
«Сын тұрғысынан ойлау» ұғымын белгілі бір идеаларды қабылдай отырып, 
оның  неге  қатысты  екенін  зерттеу,  оларды  жеңіл  септикалық  ойларға  қарсы  қоя 
білу,  салыстыра  алу,  сол  идеяларға  қарсы  кӛзқарастармен  тепе-теңдікте  ұстап 
зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді авторлар. 
Сын  тұрғысынан  ойлау  -  сынау  емес,  шыңдалған  ойлау.  Бұл  деңгейдегі 
ойлау  тек  ересек  адамдарға,  жоғарғы  сынып  оқушыларына  ғана  тән  деп  ойлау 
дұрыс  түсінік  емес.  Жас  балалардың  да  бұл  жұмысты  дұрыс  ұйымдастырған 
жағдайда ӛз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері 
сӛзсіз.  Оған  осы  жобамен  дұрыс  жасау  барысында  кӛз  жеткіздік.  Аталмыш 
бағдарламаның  ішкі  құрылымында  ерекшелік  бар.  Бұл  құрылым  үш  деңгейден 
тұратын  оқыту  мен  үйретудің  модулі.  Білімнің  болашақта  пайдаға  асуы,  қажетке 
жаралып  қалыптастырады.  Кӛп  ақпаратты  талдай,  жинақтай  отырып,  ішінен 
қажеттісін  алуға үйретеді. 
Сын  тұрғысынан  ойлау  бағдарламасы  қызығушылықты  ояту,  мағынаны 
тану,  ой-толғаныс  кезеңдерінен  түзіледі.  Сорос  -  Қазақстан  қорының 
ұйымдастыруымен  ӛткізіліп  отырған  «Оқу  мен  жазу  арқылы  сын  тұрғысынан 
ойлауды  дамыту»  (СТО)  бағдарламасының  қазіргі  таңдағы  талаптарға  сай  жоғары 
білімді,  әсіресе  білгенін  ӛмірде  пайдалана  білетін  оқушыларды  тәрбиелеу 
мақсатында  алатын  орны  ерекше.  Оқушының  ойлау  қабілеті  практикалық 
әрекеттері,  ізденімпаздығы  арқылы  дамиды.  Ойлауқа  үйрететін  сабақтар  –  жаңа 
технологияларды  қолдану  болып  табылады.  Мұндай  сабақтарда  оқушыға  ерекше 
ахуал,  мұғалім  мен  оқушы  арасында  ынтымақтастық  қатынас  қалыптасады. 
Мұғалім  бұл  жағдайда  білімді  түсіндіріп  қоюшы,  бақылаушы  емес,  бағалаушы 
емес,  танымдық  іс-әрекетін  ұйымдастыратын  ұжымдық  ойлау  істердің  ұйытқысы. 
Тек  осындай  оқыту  ғана  оқушы  интеллектісінің  кӛзін  ашып,  шығарма-шылығын 
дамытады. 
           Қорыта  келгенде,  мұғалімнің,  әр  сабағы  баланы  дамытуға  ойлау 
жұмыстардың  мол  болып,  ізденімпаздыққа  бағытталған  сабақ  жоспары  болса, 
еліміздің жастарының болашағы зор болатынына сенімдемін. Білім негізі мектепте 
берілері  анық.  Сондықтан  да  мектеп  мұғалімі  бағдарлама  кӛлемінде  ғана  білім 
беріп қоймай, пәндер арқылы баланың жан-жақты дамуын қамтамассыз ету керек.  
                                                                  
                                                          Ә

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет