Әдебиеттер
1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы. 2010 ж
2. «Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету
жӛніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасы
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 мамырдағы № 488 қаулысы
4. Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы. 2009ж
5. ҚР жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары. Мектеп
алдындағы дайындық. - Алматы: РОНД, 2002.
6. Алимбаева Р.Т., Айқынбаева Г.Қ. Бастауыш мектепке келген балалардың даму деңгейін
анықтап білу әдістемесі – Қарағанды. 1999.С-52-56.
222
ӘОЖ 373.1.02:372.8
МАТЕМАТИКА КУРСЫН КӘСІБИ – ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БАҒЫТТА ОҚЫТУДА
ОҚЫТУШЫЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
1
Қарабаев А.,
2
БекжановА.К.,
1
Юнусова А.,
1
Абдрахманова Г.М.
1
Халықаралық гуманитарлық – техникалық университеті,Шымкент қ.,Қазақстан
2
«Бабай – корган» ЖОМ Туркестан қ. ОҚО. Қазахстан.
Резюме
В данной статье рассматриваются требования, предъявляемые к преподавателям высших
педагогических учебных заведений в процессе преподавания математики в профессионально –
педагогическом аспекте.
Summary
This article discusses the requirements for teachers of higher educational institutions in the
teaching of mathematics in professional - pedagogical aspect.
Барлық қазақстандықтардың ӛсіп – ӛркендеуі, қауіпсіздігі және әл –
ауқатының артуы жӛніндегі ел Президентінің республика халқына Жолдауында
тӛртінші ұзақ мерзімді басымдық ретінде Қазақстан азаматтарының денсаулығы,
білімі мен әл – ауқаты туралы үлкен мәселелерді атап кӛрсеткені баршаға аян.
Тәуелсіз мемлекетімізге еңбекқор, кәсібін терең түсінетін, үнемі ӛзгеріп отыратын
жағдайларға дұрыс та негізді тоқтам таба алатын және ӛзінің білімі мен іскерлігін
әртүрлі әрекеттердің айналасында қолдана білетін қабілетті мамандар қажет. Соңғы
жылдардағы білім беру жүйесіндегі ӛзгерістер гимназиялардың, лицейлердің,
колледждердің, жеке мектептердің т.б. құрылып, жұмыс істеуі – мұғалімдерге жан
– жақты жетілген, кӛпсалалы дайындық иесі болу талабын жүктейді. Қазіргі заман
мұғалімі ӛзінің іс – әрекетінде білім беру жүйесін гуманизациялау идеясын жүзеге
асыруға дайын, оқу процесін ұйымдастыруда соны әдістер табуға икемді, әртүрлі
оқу орындар саласында жұмыс істеуге қабілетті, оқу орындарының түрлеріне
сәйкес оқу бағдарламалары мен жұмыс жспарларын жасай және ӛзгерте білу
рухында болуға тиіс.
Осы айтылғандардан мұғалімдер дайындайтын жоғары оқу орындарының
алдында үлкен де салмақты міндеттер тұрғанын кӛреміз. Солардың негізгілерінің
бірі – жоғары педагогикалық оқу орындарын бітірушілердің кәсіби шеберлігінің
негізін құру мәселесі, ӛйткені халыққа білім беру реформасы "ғылыми негізге
сүйенген әрбір пәнді оқытудың жоғарғы деңгейімен қамтамасыз етуді" міндеттеп
отыр.
Алдымен біз "кәсіби шеберліктің негізгі" ұғымының мәнін ашып алайық.
Психологиялық – педагогикалық тұрғыда бұл ұғымға Н.В. Кузьминаның,
А.И.Щербаковтың, Д.В. Самуйленковтың т.б. ғалымдардың еңбектерінде толық
анықтамалар берілген. Мысалы, Н.В. Кузьмина шеберлікті "маманның жұмыс
жағдайларын дұрыс шешудегі кәсіби білімдер мен іскерліктерді, дағдыларды
меңгеруі" десе, ал А.И.Щербаков "ғылыми білімдердің, іскерліктер мен
дағдылардың және мұғалімнің әдістемелік ӛнері мен жеке сапаларының синтезі"
рентінде анықтай келе, шеберліктің жоғары деңгейі ӛз пәнін терең білуі,
әдістемелік тұрғыда жақсы қаруланған, балалардың психологиясын түсіне алуы
және оқушылармен жұмысты ұйымдастыруда қолдана білетін ӛзіндік сапасы деп
есептейді. Д.В.Самуйленков педагогикалық шеберліктің белгілерін әртүрлі
топтарға бӛлу арқылы баяндайды.
Мұғалім қызметінің аса бір ерекшелігі – оның тек бір ғана объектісі емес, екі
түрлі объектімен, яғни оқу материалы және оқушылармен жұмыс жүргізуінде.
223
Осыдан оның жұмысының екі бағыты келіп шығады: біріншіден, мұғалім оқу
материалдарын терең меңгеруге және ӛзі сабақ беретін пәнді негізді түрде білуге,
сонымен қатар ол оқу материалдарын ӛткенде ғылыми тұрғыда, оқушыларға
қызғылықты және түсінуге оңай жолдарын қарастырса, екіншіден, ол балалардың
жас ерекшеліктерін, қызығушылықтарын арттыру, психологиясы мен
қабілеттіліктерін білуі тиіс.
Сонымен қорыта келгенде, біз "мұғалімнің кәсіби шеберлігі" деп сабақта
немесе сабақтан тыс уақыттағы оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуге және олардың
дұрыс дамуларына қажетті педагогикалық, әдістемелік, сонымен қатар арнайы
білімдердің, іскерліктер мен дағдылардың және оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты
мен міндетіне барабар жоғарыда айтылғандарды (білімдер, іскерліктер, дағдылар)
шебер қолдана білу қабілеттілігінің жиынтығын түсінеміз.
Ӛз пәнін терең білетін және педагогтік қабілеттіліктерді меңгерген адам ғана
шебер мұғалім бола алады. Әр мұғалім жоғары кәсіби шеберлікке жете алады. Ол
үшін ӛз кәсібін терең түсіну, практика, қабілеттілік, ӛзін – ӛзі әр уақытта тәрбиелеп
отыру, үнемі білімін кӛтеріп – жетілдіріп отыру, ӛзінің жұмысына деген
қызығушылықтың болуы, т.б. талаптарды жүзеге асыра білуі қажет. Жоғары
педагогикалық оқу орындары толық мәнінде "шебер - мұғалім" дайындауы мүмкін
емес, алайда "шебер - мұғалім" болудың алдын ала қажетті шарттарын жасайды.
Міне, осыларды кәсіби шеберліктің негізі бола алады деп есептейміз. Біз жоғарыда
келтірілген ғалымдардың еңбектерінің негізінде және ӛзіміздің жоғары оқу
орнында істеген тәжірибемізге сүйене отырып "математика мұғалімінің кәсіби
шеберлігінің негізі " түсінігін мектеп жұмысын дұрыс шешудегі математикалық
білімдердің, іскерліктер мен дағдылардың және математикалық мәдениеттің
деңгейлері, математиканы мектепте оқытудың мақсаттары мен міндеттерін жете
түсіну, пікіріне сенімділігі, математиканы оқыту әдістемесін меңгеру мен оны
оқытуда оқушылар қабілеттілігіне күшті әсер ету, оқыту процесінде тәрбиелей
білудің синтезі деп қарастырамыз.
Біз әртүрлі тәсілдермен педагогикалық жоғары оқу орындарын
бітірушілердің математикалық дайындықтарының кемшіліктері мен олардың пайда
болу себептеріне талдау жасағанымызда тӛмендегі жағдайларды байқадық:
біріншіден, мектеп математикасы мен жоғары математика курстарының
арасындағы байланыстың жоқтығы;
екіншіден, математикаға ғылыми және оқу пәні ретінде қызығушылықтың
жоғары деңгейде болмауы;
үшіншіден, бітірушілердің болашақ қызметіне деген пәндік және
педагогикалық білімдердің, соған қажетті әдістерді меңгерулерінің жеткілікті
дамымауы;
тӛртіншіден, жоғары оқу орындарында оқу мерзімі аралығында
студенттерге математикалық ойлау қабілеттерін арттыру мен математикалық
мәдениетті үйрету деңгейінің тӛмендігі;
бесіншіден, мектеп математикасы мен оны оқыту әдісіндегі білімдерінің
қазіргі заман талабына сай келмеуі.
Міне, осы айтылғандардан біз педагогикалық жоғары оқу орындарында оқу
мерзімінде математика мұғалімінің кәсіби шеберлігін арттырудың ешқандай
жүйесі құрылмағанын кӛреміз.
Сонымен, кең салалы, үлкен мәселенің бірі жоғары педагогикалық оқу
орындарында студенттерге математика пәні бойынша кәсіби бағытта оқыту
мәселесін қалай шешуге болады?
224
Студенттердің мұғалім болып қалыптасуына күшті құралдың бірі – жоғары
педагогикалық оқу орындары оқытушыларының жеке үлгісі мен педагогикалық
және ғылыми іс – әрекеттері. Бұл ережені ұсына отырып, біз білімдердің,
іскерліктер мен дағдылардың мазмұндары оқытушылардың педагогтік шеберлігі
мен ӛткізген сабақтарының ғылыми мазмұндылығына пропорционал деген
педагогикалық заңдылыққа сүйенеміз. Жоғары теориялық және әдістемелік
деңгейде сабақты ӛткізу, ӛз пәнін терең меңгеру, аудиторияны кӛре білу, жоғары
педагогикалық мәдениет, ұйымдастырушылық қабілеттілігі т.б. оқытушылардың
кәсіби сапарлары студенттердің сабаққа деген ӛте қызығушылықтарын анықтайды.
Оқытушылар студенттерге тек қана білім берумен шектелмеуі қажет, оларға оқыту
әдістерін үйретеді және жалпы педагогикалық, математикалық мәдениетке
тәрбиелейді.
Осы тұжырымдардан, жоғарыда қойылған сауалдың шешімін табу үшін
жоғары педагогикалық оқу орындарының оқытушыларының тӛмендегі талаптарды
жүзеге асыру қажет деген қорытындыға келеміз: алдымен, мектеп математикасын
жақсы білуі (мазмұнын, әдісін, оқулықтар мен оқу құралдарын т.б.) және ӛзі
жүргізетін сабақтарды, мысалы, математикалық анализ курсын мектеп
математикасымен байланыстыра білетін жеткілікті пікірлердің болуы; одан соң,
педагогика мен психологияның теорияларын жете меңгеруі, математикалық ойлау
процесін құрудағы психологиялық ерекшеліктерді түсінуі, оқыту құралы мен
формасындағы және әдісіндегі дидактикалық, сол сияқты психологиялық негіздерін
таба білуі; үшіншіден, ӛзінің ғылыми – зерттеу потециалын (шамасын) оқу
процесінде қолдана алуы; тӛртіншіден, студенттерді жалпы және математикалық
мәдениетке, математикалық ойлау тұрғысында тәрбиелеу; бесіншіден, студенттерге
мұғалім кәсібінің жоғары екендігін үлгі етіп кӛрсете білуі.
Біз бұл мақалада жоғары педагогикалық оқу орындарын бітірушілер мен
студенттердің математикалық дайындықтарының кемшіліктері мен олардың пайда
болу себептері, сайып келгенде, бір нәрсеге келіп тоғысатынын кӛрсеттік. Ол -
болашақ математика мұғалімдерін кәсіби – педагогикалық бағытта оқыту
мәселелерінің дұрыс жолға қойылмауы. Оны жүзеге асыруда жоғары
педагогикалық оқу орындары оқытушыларына қандай міндеттер мен талаптар
қойылатыны туралы сӛз қозғадық. Жоғарыда айтылған ойларымыз бен
пікірлеріміздің негізінде, сондай-ақ математиканың ғылым мен оқу пәні ретіндегі
ерекшеліктерін ескере келе және жоғары оқу орындарында кәсіби бағыт берудің
психологиялық мәселелеріне сүйене отырып, болашақ математика мұғалімдеріне
оқытудың әдістемелік жүйесінің негізін құру қажет деген басты қорытындыға
келеміз.
Әдебиеттер
1. Кузьмина Н.В. Проблемы профессиональной подготовки специалистов в ВУЗах. В сб:
Проблемы отбора и профессиональной подготовки специалистов в вузах. Л.:Знание,1970.
С.47-61.
2. Щербаков А.И. Формирование личности учителя советской школы в системе высшего
педагогического образовния. - Автореферат... док.пед.наук (по психологии). Л., ЛГУ, 1968.
С.35.
3. Самуйленков Д.Ф. Мастерство, педагогический такт и авторитет учителя.
Смоленск,1961.
4. Мордкович А.Г. Профессионально – педагогическая направленность специальной
подготовки учителя математики в педагогическом институте. Дисс. ...док.пед.наук.М.,1986.
5. Абылкасымова А.Е. К проблеме подготовки учителей математики в условиях
многоступенчатого образования в университете. В сб: Совершенствование подготовки
учителя математики. Санкт – Петербург, 1995.
225
6. Абылкасымова А.Е. Профессионально – педагогическая направленность предметной
подготовки студентов – математиков в бакалавриате университета. В сб: Проблемы
преподавания математики и информатики в ВУЗе и школе. Алматы,АГУ,1997.
ӘОЖ 373.1.02:372.8
СТУДЕНТТЕРДІҢ ТАНЫМДЫЛЫҚ ЫНТАСЫН ҦЙЫМДАСТЫРУ ПРОЦЕСІНДЕ
ОҚЫТУ ПСИХОЛОГИЯСЫН "ЕСЕПКЕ АЛУ"
1
Қарабаев А.,
2
Сулейменов С.Б.,
1
Юнусова А.А.,
1
Абдрахманова Г.М.
1
Халықаралық гуманитарлық – техникалық университеті, Шымкент қ., Қазақстан
2
Кентау қ. Ал – Фараби атындагы №14 мектеп гимназия. ОҚО. Қазахстан
Резюме
В данной статье рассматриваются вопросы учета психологии обучения в процессе развития
познавательной активности студентов высших педагогических учебных заведений.
Summary
This article addresses the accounting for the psychology of learning in the process of development of
informative activity of students of higher educational institutions.
Жоғары мектептерде мамандарды даярлау ісінде студенттердің белсенділігін
қалыптастыру мәселесі қазір басты проблема болып отыр. Ол үшін жоғары оқу
орындарындағы оқу процесінің тиімділігін арттыру және ӛмір талабына сәйкес
оқыту әдістемесін қолдану қажет деп саналады.
Адамның арнайы (ӛзіндік) қажеті мен оқу ісінің мотиві ӛмір шындығына
шығармашылықпен қарауды және соған сәйкес бағыт ұстай білуді меңгеру болып
табылады. Оқу ісінің нақты мазмұны ӛзара байланысы түрінде кӛрінеді.
Оқытудың барысында оқу ісінің әдістерін қалыптастыру іске асып жатады.
Оқу ісінің қалыптасуы психолог-сынақшылардың, оқытушылардың оқу ісін
қалыпқа келтіру процесін басқаруы деген сӛз. Теориялық талдау мен сынақ
мәліметтерін қорытындылау нәтижесі осы қалыпқа келтіріп және оларды
мүмкіндігінше
оқу
ісіне
қалыптастырудың
практикалық
міндеттерімен
байланыстырып жүрген бірқатар бағыттарды бӛліп кӛрсетуге мүмкіндік береді.
Оқу ісіне психо –педагогикалық талдау жүргізгенде оны тұтас нәрседей
сезініп, олардың әртүрлі қалыптасу жағдайын ашып және студенттердің жеке
басының ӛсіп – жетілуінде олардың потенциальды рӛлін кӛріп тұрғандай түсінікпен
қарау керек. Оқу ісін бағыттауда, реттеуде, сондай-ақ ішкі механизмді де ашу
керек. Оқу материалдарын қайта пысықтауда сол механизмдердің жағдайларын,
қайта пайда болу заңдылығын және ӛзгерісін анықтап білу қажет.
Оқу ісін қалыптастыруға және оған талдау жасауға қойылатын талаптар
оның сабақтық мазмұны мен мақсатының қалай жүргізілуіне және оның
алғышарттарының қалай түсіндірілуіне байланысты. Мұнда оқу ісінің зерттелуінде
оның қалыптасуын білуде қандай бағыт ұсталғанының ӛзінде принципті мән бар.
Ӛйткені, мұның ӛзі оқу процесінде баяндау-түсіндірме түрде қарайтын
педагогикалық психологиямызда әлі де ӛмір сүріп келе жатқан дағдыны жоюға
мүмкіндік береді.
Оқу ісін толық түсініп, психологиялық реттеу – бағыттау үшін және осы
қызметтің барысында жеке басты заңды түрде ӛсіріп-жетілдіру үшін оларды жүзеге
асыратын жағдайларды теориялық жағынан анықтау және сынақ ретінде қайта
жүргізу керек. Сонда ғана студенттерге материалды игеруге тепе-тең мүмкіндік
беріледі. Оқыту принципіндегі педагогикалық процестің осы түріне қатысты
226
мәселені де теориялық жағынан негіздеуге, оларды тиімді пайдаланудың сапалық-
құрылымдық белгілерін анықтауымызға тура келеді. Сӛйтіп, біз оқу мен қызметтің
басқа түрінің, мәселен,еңбектің ара қатынасының ерекшеліктерін аша кӛрсетуіміз
керек.
Психологиялық талдау, оқу ісін тиімді қалыптастыру және соған лайық
студенттердің жеке басында белгілі дәрежеде қалыптасу мен сапа болуын қадағалау
үшін сол істің бәрін жӛнге келтіретін механизмді - ілім - білімді игеру процесінің
механизмін – арнайы зерттеу де қажет болады. Бұл міндетті ойдағыдай шешудің
алғышарты осы заманғы психологияны дамытуды, оқу ісін оның танымдылық,
себеп-дәлелділік және басқа да компоненттерімен қоса зерттеу әдістері мен
жетілдірілген құралдарын жасап шығаруды талап етеді.
Жаңа құралды, түрлі сабақты оқыту процесінде оқудың формалары мен
әдістемелерін жасау ісінде білім берудің қазіргі мазмұны ерекшеліктері әрқилы
тәжірибелік мӛлшерде жүзеге асырылады. Болашақ мамандарды тәрбиелеуде сызба
геометрияны басқа табиғи-ғылыми және қоғамдық – саяси пәндермен кешенді
түрде байланыстыра жүргізудің үлкен мүмкіндігі бар. Осы мүмкіндіктер түсінісуді
қалыптастыруда және түсініктерді меңгеруге қолда бар бұрынғы байланыс пен
қарым-қатынасты жаңадан қалыптасқан біліммен қайта жаңғыртудан кӛрінеді. Бұл
кӛрсетілген мүмкіндіктерді жасау оқу пәнінің мазмұнына, сондай-ақ оқытудың
әдістемесіне, яғни оқытудың құрылымына байланысты. Мұның ӛзі жеке оқу
пәндерінің әдістемесіне, атап айтқанда, сызба геометрияның мазмұнына,
принциптеріне, әдістеріне, оқыту тәртіптері мен студенттердің оны меңгеру
заңдылықтарына арнайы зерттеу жұмысын жүргізуді талап етеді.
Студенттердің шығармашылық қабілетін және конструкторлық ойын дамыту
мәселесі осы күнгі педагогиканың шұғыл талабы ретінде күн тәртібіне қойылып
отыр. Жоғары оқу орындарында кӛркем конструкциялау негізінен сабақ берудің
құрылымы мен бағытын солар анықтайды. Міне, студенттердің нақ осы ой
қызметінің ерекшеліктерін дамыту сызба геометриядағы оқу курсының ең аса
маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.
Геометриялық формаларды және формаларды макеттеу процесін зерттеудегі
логикалық ойлау мен болжам кеңістігін дамыту проблемасын қарағанда біз оның
күн тәртібіне қойылуының дұрыс екендігіне кӛз жеткіземіз.
Студенттер бұл тұрғыда фактілерге, іздену қасиеттері мен қоршаған
дүниенің құбылыстарын қадағалауы жағынан зерттеушілер жағдайында қалады.
Мұнда олардың барлық оқу ісі шығармашылық сипатқа ие болады.
Педагогикадағы және психологиядағы оқыту проблемаларына және
теориялық ойлауды қалыптастыру идеяларына зерттеу жұмыстарын жүргізуге
байланысты оқу процесіндегі модельдендіру мәселесінің маңызына және оның
рӛлін түсінуге деген кӛзқарас ӛзгерді, осының ӛзі оның функцияларын ӛзгертуге
алып келді. Ол танымдылық функцияларын орындай бастады. Ал, бұрынғы
модельдендіру кӛмекші рӛлінде ғана болатын, одан түсіндірілетін ойдың
сезінушілік – кӛріністік бейнелерін нықтай түсетін құрал рӛлін кӛретінбіз.
Модельдендіру оқу құралы сияқты ерекше пәндерді меңгеруге және
техникалық обьектілерді кӛрнекі құрал ретіндегі күйінен оларды зерттелуге
қатысты негізгі техникалық обьектілерге кӛшіру қажетін жүзеге асыруға және
оларда ұстанатын бағыт әдістерін шешуге мүмкіндік береді.
Ғылым да ілім мазмұнын игеруге бағытталады, дидактиканың оқыту
қызметінің оқыту бағдарламасы және тағы басқалары. Оның әрбір элементін
меңгеру (түрлі дәрежеде) тәсілі де әртүрлі. Ізденіске арналған творчестволық
қызмет шығармашылық іс тәжірибесін игеру тәсілі боп табылады. Шығармашылық
227
қызмет тәжірибесін игеру дәрежесі де әртүрлі. Мәселен, И.Я.Лернер
"Оқушылардың ӛзіндік танымдылық дәрежелерінің белгілері" еңбегінде былай деп
кӛрсетеді: оқушылардың ӛзіндік танымдылығын қалыптастырудың нақты процесін
(негізінде гуманитарлық ғылым материялдары бойынша оқытудан) танымдылық
міндеті дәрежесін қолдана отырып талдау жасағанда олар мынаны білетіндіктерін:
бір жағдайда берілген тапсырмадан ӛздігінен және дәлелденген бір немесе
бірнеше нақты қорытындылар (ой түйіндеулер) жасайтындықтарын, бірнеше
дәлелді параллельді әрі бір-бірінен бӛлек нақты қорытындыларға (ой
түйіндеулеріне) әртүрлі мәліметтермен келетіндіктерін, бір немесе бірнеше
берілген жағдайдан (бірақ мұның бәрінде қорытындылар бір-бірінен аулақтатылған
болуға тиіс) дәлелдер жасай білетін, әртүрлі берілген жағдайлардың арасынан
шығарған байланыстар негізінде нақты қорытындыларын кӛрсетті [1]. Дәлелді
болуға тиісті ӛзінділікпен шешілген тапсырмалар, сондай білгірліктің элементтері
ізденімпаздық дағдыдан қӛрінеді. Міндет мәселелерінің арақатынасын оның
туындар себептерімен білу, іздену кезеңдерін жүйелілікпен қарап отыру,
проблемаларды әр жақты зерттеу және оның толық әрі дәлелді жағынан алынған
жауаптарын талдай білу саны кӛрсетеді.
Білім жүйелілігі, функциялары және ой еңбегінің негізгі сипаттары
танымдылық қызметінің түрін модельдендіруге және оқу аяғында оған талаптар
қоюды белгілеуге мүмкіндіктер жасайды. Істелінген әрекет ойланылған,
қорытындыланған және меңгерілген жұмыс болу үшін ол ӛтпелі жағдайдан ӛтуі
керек.
Студенттердің оқу ісін орындауда ой еңбегінің қалыптасу кезеңдерінің
мәнісін қысқаша қарастырып кӛрейік.
Бірінші кезеңде студенттер ісінің мақсаты, оның объектісі, бақылау жүйесі
туралы қажетті түсініктер алады. Бұл іспен және оны орындау шарттарымен алдын-
ала таныстыру кезеңі – істің анықталу негізінің схемасын құрастыру кезеңі. Мұнда
студенттер алдында іс – әрекеттің анықталу негізінің мазмұны ашылады,
үйретілген нәрсеге кірісу, іс – әрекетке енетін операцияның үш түрімен – анықталу,
орындалу, бақылау түрлерінің мазмұнымен және тәртібімен - танысу басталады.
Бұл кезеңде студенттер іс – әрекетінің құрамынан жеткілікті түрде айқын
түсінік алады және ол түсініктер әрқайсысын ойландыруға, алдында болған сондай
түсініктермен кейінгі тапсырманы салыстырып кӛруге мәжбүр етеді. Оқып -
үйренушілердің іс – әрекетінің мақсаты, әдеттегідей, бар ой – ӛрісін жұмсап,
естігенінің бәрін уақыт пен кеңістікте бейнелерін елестетіп, бұрын алған білімдерін
пайдалану арқылы соған жетуді кӛздейді. Мұндайда ол сӛзсіз ӛз тәжірибесіне, яки
осы жағдайда қалай болса да тікелей немесе бірнеше қатысы бар мысалдарға
сүйенеді. Ал, кӛздеген мақсаттарына жету үшін олардың әрқайсысы ӛздерінің
дайындық дәрежесіне қарай түрліше іс – әрекет жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |