«развитие науки и инновации в современном мире: проблемы и перспективы»



Pdf көрінісі
бет45/49
Дата03.03.2017
өлшемі4,76 Mb.
#6701
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49

 
Әдебиеттер  
 
1.
 
Алтынсарин  Ы.  Киргизская  хрестоматия.  Таңдамалы  шығармалар.  –  Алматы:  ҚазССР 
ғылым акад. баспасы, 1955. – 413 б. 
2.
 
Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі. – Алматы: Санат, 1995. – 352 б. 
3.
 
Белинский В.Г. Таңдамалы шығармалары. – Алматы: ҚБЖБ, 1948. – 516 б. 
4.
 
Ушинский  К.Д.  Таңдамалы  педагогикалық  шығармалар.  –  Алма-Ата:  «Оқу  педагогика 
баспасы», 1945. – 101 б. 
 
ӘОЖ 159.9 
 
ОҚУШЫЛАРҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӚРСЕТУДІҢ МӘНІ 
 
                                                        Мырзабаева А.Ж.,    Кадырбаев Т.А. 
ХГТУ, Шымкент, Қазақстан 
 
Резюме 
Основы деятельности психологической службы у учащихся 
 
Summary 
Fundamentals of activity of psychological service in students 
 
Психологиялық  қызмет  қазіргі  кезде  әлеуметтік  ортаның  барлық 
салаларында кеңінене тарап келе жатыр. Білім беру жүйесінде, оның ішінде орта 
мектепте,  осы  қызметті  ұйымдастырудың  ӛзіне  тән  қиындықтары  мен 
шешілмеген  проблемалары  ӛте  кӛп.  Мектеп  психологтары  жұмыс  мазмұнын 
анықтау  үшін  басқа  мемлекеттерде  қалыптасқан  тәжірибені  зерттеу  қажет 

363 
 
болды.
 
Кӛпшілікке  психологиялық  қызмет  кӛрсету  18  ғасырда  кезінде  Батыс 
Еуропа  елдерінде  аяқ  ала  бастады.  19  ғасырда  психологиялық  зерттеулерге 
қызығушылық  кеңінен  тарағандықтан  АҚШ,  Германия,  Франция  т.б.  елдерде 
әлеуметтік-психологиялық 
зертханалар 
ашылып, 
талапкерлердің 
психофизиологиялық ерекшеліктерін бағалап беруге мүмкіндік туды. Осы елдер 
тәжірибесін зерттеп жүйеге келтірген ғалымдар З.А. Малькова, В.М. Вульфсон, 
К.Р. Рональдо, Г.Б. Радионов, И.А. Соколова, А.С. Овчинников, И.О. Татур. 
Білім  беру саласында психологиялық қызмет кӛрсету жүйесінің ғасырдан 
астам  тарихы  бар.  19  ғасырдың  50-шы  жылдарынан  бастап  жеке  тұлға  жан 
дүниесінің  ерекшеліктерін  зерттеуге,  психологиялық  қасиеттер  кӛрсеткіштерін 
анықтап, оларды сандық және сапалық жағынан бағалауға ӛте кӛп кӛңіл бӛліне 
бастады.  19  ғасырдың  70  жылдары  жекелік  қасиеттерді  зерттеуге  арналған 
біршама  әдістемелер  жасалды.  Психологиялық  зерттеу  жүргізуге  қолданыла 
бастаған  әдістемелерді  1870  жылы  АҚШ  ғалымы  Гальтон  ұсынысы  бойынша 
тест  деп  атады.  Тестерді  жасау  және  олардың  кӛмегімен  жандүние 
ерекшеліктерін  анықтауға  қызығушылық  ӛте  жоғаы  болды.  Сондықтан 
психодиагностикалық  тестерді  жасаудың  ӛзі  психологиялық  ғылымының  бір 
саласы ретінде кеңінен орын алды. 
Психодиагоностикалық  зерттеулерді  жүргізу  әдістері  анықталып,  жекелік 
психикалық қасиеттерін анықтау 19 ғасырдың екінші жартысынан бастап дамып 
келе  жатыр.  Бірінші  психодиагностикалық  зерттеулер  психикалық  аурулар 
арасында жүргізілді. 
Тәжірибелік  психологиялық  зерттеу  негізін  құрушылардың  айтуы 
бойынша,  психоз  ауруына  ұшырағандардың  психикалық  қасиеттері  дені 
саулармен  бірдей,  тек  кейбір  қасиеттері  ерекше  дамып,  анық  байқалатын 
ауытқуға  ұшыраған.  Сондықтан  оны  зерттеу  жеңілдеу  болды  деп  кӛрсеткен. 
Осындай  ерекше  дамыған  қасиеттерді  зерттеу  де  оңай  болатындықтан 
психологиялық  қасиеттердің  даму  деңгейін  диагностикалау  жүргізілді. 
Тәжірибелік психология дамуындағы бұл кезең клиникалық деп аталады.  
19  ғасырдың  екінші  жартысында  жоғары  жүйке  қызметінің  ерекшеліктері 
анықталуы,  жүйке  жүйесінің  функциялары  мен  психикалық  қасиеттердің 
байланыстылығы  дәлелденгенімен  байланысты  темпераментке  жан-жақты 
сипаттама  берілді.  Сеченов,  Павлов  жүргізген  зерттеулер  нәтижесінде  олар 
екінші  сигналдық  жүйенің,  нағыз  адамдық  қасиеттердің  қалыптасуына  негіз 
болатыны  анықталды.  Бұл  кезді,  тәжірибелік  психологияның  дамуына 
физиологтардың  қосқан  үлесін  ескере  отырып,  психофизиологиялық  кезең  деп 
атауға болады. 
Жекелік  психикалық  қасиеттерді  зерттеу  тестілерін  қолдану  Франция, 
Германия т.б. елдерде 19 ғасырдың аяғында кеңінен орын алды. Психологиялық 
зерттеу  жүргізуге  қолданыла  бастаған  әдістерлі  1870  жылы  Гальтон  тест  деп 
атауды  ұсынды.  Осы  кезден  бастап  қабілетті  зерттеу  арқылы  адам  мүмкіндігін 
анықтауға  қызығушылықты  қанағаттандыру  мақсатымен  Франция,  Германия, 
АҚШ  т.б.  мемлекеттерде  психологиялық  зертханалар  ашылып,  барлық 
талапкерлердің  іс-әрекет  түрлеріне  икемділігін  анықтауға  бағытталған 
зерттеулер кеңінен қолданылды. Гальтонның ұсынысы бойынша тест кӛмегімен 
ӛлшенген  қасиеттердің  бір-бірімен  корреляциялық  байланысы  бар  екендігі 
ескерілді. 
Жекелік  психикалық  қасиеттерді  зерттеу  20  ғасырдың  басында  бірнеше 
салада  жүргізілді.  Дегенмен  ең  бірінші  қызығушылық  тудырған  мәселелер 
темперамент  ерекшеліктерін  анықтау,  мінез  кӛрсеткіштеріне  сипаттама  жасау, 

364 
 
интеллектуалдық  қабілет  шкалаларын  түзу,  жеке  процестердің  ерекшеліктерін 
зерттеу т.с.с болып тармақталды. Бұл зерттеулерді  бастапқы кезде психиатрлар 
психикалық дертке ұшырағандарды емдеу жолдарын анықтау мақсатымен және 
дені  сау  адамдардың  психикалық  ерекшеліктерін  бағалау  мақсатымен 
жүргізіледі.   
Психологиялық  зерттеулерде  математикалық  және  статистикалық 
тәсілдерді  қолдану  үшін  Парсонс,  Фишер,  Спирмен  деген  математиктер 
шақырылды. Фишер дисперсиялық талдауды, ал Спирмен – факторлық талдауды 
психологиялық  зерттеуде  қолдану  жолдарын  анықтап  берді.  Фишер  ұсынған 
дисперсиялық  талдау  әдісі  кӛмегімен  жеке  факторлардың  эксперимент 
нәтижесінде  тигізетін  әсерін  статистикалық  жолмен  анықтауға  мүмкіндік  туды. 
Ал Спирмен жасап шығарған кӛпӛлшемді факторлық талдау әдісі кӛмегімен бір-
бірімен корреляциялық байланысы ӛте тӛмен кӛрсеткіштер анықталып, олардың 
байқалуын статистикалық жолмен талдауға жол ашылды. 
Келесі  кезеңде  Г.  Айзенк  және  Р.  Кеттел  фактоорлық  талдауды  жекелік 
қасиеттерді  зерттеуге  қолданды.  Осы  кезден  бастап  жеке  адамның 
психологиялық  қасиеттерін  толық  ӛлшеп  психологиялық  кескінін  жасауға, 
барлық  кісілік  психикалық  кӛрсеткіштерін  бір-бірімен  ұштастырып  анықтауға 
жол  ашылды.  Сонымен  қатар  интеллектуалдық  қасиеттерді  зерттеу  тестері 
кеңінен  қолданыла  бастады.  1905-1907  жылдары  француз  ғалымы  А.  Бине 
статистикалық  жағынан  негізделген  интеллектуальдық  тест  жасап  шығарды. 
Ұсынылған тәсілді ӛңдеп шығуға Т.Симон ӛз үлесін қосып, психодиагностикада 
бұл әдістеме Бине-Симон шкаласы деп қолданыла бастады.  
Жеке тұлғаның психикалық қасиеттерін зерттеп, оны сандық және сапалық 
жағынан  бағалап  беруге  қызығушылық  кӛп  болды  және  ӛз  ерекшеліктерін 
зерттеп,  барлық  қыр-сырын  анықтап  алуға  сұраныс  қалыптасты.  Соның 
арқасында батыс Еуропа елдерінде психологиялық зертханалар ашыла бастады. 
Бұл  зертханаларды  Германияда  –  Вундт,  Францияда  –  Бине,  АҚШ-да  – 
Мюнстерберге,  Торндайк  т.б.  ғалымдар  ұйымдастырды.  Бұл  зертханаларда 
барлық  талапкерлердің  іс-әрекет  түрлеріне  икемділігін  анықтауға,  кәсіби 
жарамдылығын  анықтап,  мамандыққа  баулу  жұмыстары  жүргізілді.  Зерттеу 
барысында  Гальтонның  ұсынысы  бойынша  темт  кӛмегімен  ӛлшенген 
қасиеттердің бір-бірімен корреляциялық байланысы бар екендігі ескерілді. 
Сол  кездерде  неміс  психиатры  және  психолог  Э.  Кремчер  және  АҚШ 
психологі  У.  Шелдон  ӛз  зерттеулерінің  нәтижесінле  адам  мінездерінің 
типологиясын ұсынды. Олардың ізбасарлапы Э. Фромм, К. Леонгард, А.Е. Личко 
және  басқалар  типологиялық  зерттеулерді  жалғастырып,  қазіргі  кезде  кеңінен 
пайдаланып  жүрген  мінез  акцентуациясы  туралы  ілімнің  негізін  құрады.  Олар 
мінез  типін  анықтау  негізіне  келесі  қағидаларды  ұсынды:  а)  адам  мінезі 
онтогенездің  бастапқы  кезеңдерінде  қалыптасып  ӛмір  сүрудің  барлық 
кезеңдерінде  тұрақты  кӛрініс  береді;  б)  мінез  кӛрсеткіштерінің  топтасуы 
кездейсоқ мәселе емес. олар адамдардың бір-бірінен айырмашылығы бар болып 
ерекше  тұлға  болуына  негіз  болатын  тұрақты  кӛріністер,  сондықтан  олар 
негізінде  мінез  типологиясын  құруға  мүмкіндік  туады;  в)  адамдардың  басым 
кӛпшілігін осы типологияға байланысты бірнеше топқа бӛліп, олардың жекелік 
ерекшеліктерін сипаттауға болады. 
Ӛткен  ғасырдың  20-шы  жылдары  жекелік  қасиеттерді  зерттеуге  және 
интеллектуалдық  қасиеттерді  анықтауға  арналған  тестердің  кӛптеген  түрлері 
құрылды. Оларды қолдану арқылы жеке тұлғаның психикалық қасиеттерін жан-
жақты  талдауға  мүмкіндік  туды.  Сонымен  қатар  топтағы  адамдардың  ӛзара 

365 
 
қарым-қатынасын  зерттеуге  арналған  Я.  Морреноның  социометриялық  зерттеу 
әдісі, К. Левиннің ӛлшеу әдістемелері, Я. Коломенскийдің ұжымының қалыптасу 
деңгейін  бағалау  тестері  кеңінен  қолданылады.  50-60  жылдары  психологиялық 
зерттеулерге  қызығушылық  күшейіп,  психодиагностикалық  зерттеулер  саны 
және  диагностикалық  әдістер  кӛбейе  түседі.  Кӛптеген  мемлекеттерде 
психологиялық  зерттеу  орталықтары,  мамандыққа  баулу  кабинеттері, 
мамандыққа жарамдылықты анықтау қызметін кӛрсететін кеңселер, жеке адамды 
мазасыздану  жағдайынан  шығару  шараларын  ұйымдастыратын  орталықтар 
ашылды. 
Тәжірибелік 
психологияның 
дамуындағы 
бұл 
кезеңді 
психодиагностикалық деп атаймыз. 
Қазіргі  кезде  психологиялық  зерттеулер  нәтижелері  адам  ӛмірінің  барлық 
салаларында  кеңінен  қолданылуда.  Психологиялық  қызмет  кӛрсету  жүйесі 
жақсы дамыған болуды ӛмірдің кӛптеген орындары талап етіп отыр. Сондықтан 
психологиялық  қызметті  білім  беру  жүйесіне  және  әлеуметтік  орта 
ерекшеліктеріне  икемдеп  ұйымдастыру  бүгінгі  күн  талабы  деп  айтуға  әбден 
болады. 
Психологиялық қызметті ұйымдастыруға үлгі болатын модельдер. Мектеп 
психологиялық қызметінің мақсаты мен міндеттері. Балаға психологиялық кӛмек 
кӛрсету міндеттері мен салалары.  
Білім беру саласында психологиялық қызметті ұйымдастырудың ғасырдан 
асатын  тарихы  және  мол  тәжірибесі  бар.  Кӛптеген  елдерде  бұл  қызмет  ӛткен 
ғасырдың  басында  пайда  болып,  табысты  дамып  келе  жатыр.  Білім  беру 
саласындағы психологиялық қызметтің даму тарихын және қазіргі жағдайын Р.Б. 
Радионов,  И.А.  Соколова,  З.А.  Малькова  және  т.б.  ғалымдар  зерттелген.  Жеке 
тұлға  ерекшеліктерін  психологиялық  қасиеттердің  сандық  және  сапалық 
кӛрсеткіштерін зерттеу нәтижелерін мектеп тәжірибесінде қолдануды ұсынды. 
Ӛткен  ғасырдың  басында  Францияда  А.  Бине  жекелік  қасиеттерді  зерттеу 
мәнінде  бірнеше  мақалалар  жарияланды.  1905  жылы  психологиялық  зертхана 
ұйымдастырылып, талапкерлердің интеллектуалдық қабілетін зерттеу  жұмысын 
жолға қойды. Биненің жүргізген зерттеулері кӛптеген ғалымдарды қызықтырып 
психологиялық  қызметті  ұйымдастыруға  ұйытқы  болды.  1908  жылы  Бостон 
қаласында  Фрэнк  Парсонс  мамандыққа  баулу  бюросын  ашты.  Ол  осы  бюро 
қабырғасында кӛп жыл жүргізген тәжірибесін қорытындылай келіп, мамандықты 
таңдап алу үшін әр адам үш нәрсені жақсы білуі қажет екенін кӛрсетті.  
Олар: 1) ӛз қабілеті мен мүмкіндіктерін және оның табалдырығын білу; 2) 
Таңдаған  мамандығы  бойынша  жұмыс  жағдайымен  танысып,  ол  қызметті 
орындау үшін қандай қасиеттер керек екенін анықтап, жалақысы, болашағы, ӛсу 
жолдары,  білімін  жетілдіру  кӛздері  туралы  толық  мағлұмат  алу;  3)  әр  баланың 
арманы мен мүмкіншіліктерінің бір-біріне сай келуін бағалау. 
Осы  бағыттарда  анықталған  мағлұматтарды  бір-бірімен  салыстыра  талдау 
нәтижесінде  психолог  әр  балаға  болашақ  мамандығын  анықтауы  туралы  ӛз 
кеңестерін береді.  
Кӛп  ұзамай  Англияда  Цирил,  Бэрт,  АҚШ-да  Арнольд  Гессель  мектеп 
қабырғасында  балаларға  және  олардың  ата-аналарына  психологиялық  кӛмек 
кӛрсету ісіне кірісті. Осы бастама кейінен Гайденс қызметі (гайд-кӛмек кӛрсету, 
жетелеу  деген  мағынаны  білдіретін  сӛзден  шыққан)  деп  аталып,  қазірге  дейін 
білім  беру  жүйесінің  үлкен  бір  саласы  болып  дамып  келеді.  Ірі  мектептерде 
бірнеше психолог қызмет атқарады. Сондықтан оны бригада деп атауға болады. 
Психологиялық  қызметті  ұйымдастыру  тобы  ӛз  іс-шараларын  бірнеше  бағытта 
ұйымдастырады және ӛзінің алдына келесі міндеттерді қойып отыр: 

366 
 
-
 
Балаларға  мектепке  дейінгі  ӛмірден  оқушы  міндетін  атқаруға  кӛшуіне 
кӛмек кӛрсету; 
-
 
Мектепке оқу параллельдерін анықтап алуға ықпал жасау; 
-
 
Жоғары сынып оқушыларына мамандық таңдап алуға жәрдем беру; 
-
 
Оқушыларды болашақ отбасы ӛміріне даярлау. 
Осы зерттеулерге байланысты ӛткен ғасырдың 20-шы жылдарынан бастап 
психологиялық  қызметке  сұраныс  туа  бастады.  Ресейде  тәжірибелік 
психологиялық  зерттеулер  педалогия  деп  аталады.  Бұл  салада  И.А.  Артемьев 
баланың  әлеуметтік-психологиялық  ерекшеліктерін  психофизиологиялық 
зерттеулермен ұштастырып жүргізу қажеттігі туралы еңбектер жазды. 
П.П. Блонский, Л.С. Выготский ӛз еңбектерінде балалардың жеке даралық 
ерекшеліктерін  зерттеудің  ірге  тасын  құрды.  Кӛптеген  батыс  елдерде 
қолданылып  жүрген  әдістемелерді  П.П.  Блонский  орыс  тіліне  аударып,  оларды 
пайдалану  жолдарын  анықтады.  Дегенмен  ӛткен  ғасырдың  30-шы  жылдары 
жүргізілген  зерттеулер  ӛзінің  жалғасын  таппастан  тәжірибелік  психологиялық 
ілімдердің дамуы кеңес мектептерінде қолданылмады. Тек қана ӛткен ғасырдың 
60-шы жылдарынан бастап бұл саладағы қызметке кӛңіл  бӛліне бастады. Балтық 
теңізі жағалауындағы мемлекеттерде, әсіресе Эстоноияда, психодиагностикалық 
зерттеулерді  жүргізуге,  мамандыққа  баулу  және  кәсіби  бағдар  беру 
орталықтарын  құруға  үлкен  мән  беріліп,  Х.И.  Леймтес,  Ю.Л.  Сыэрд  бұл 
қызметтерге ғылыми жетекшілік жасады.  
Қазіргі кезде кӛптеген елдер психологиялық қызетті мектеп қабырғасында 
және әлеуметтік ортада ұйымдастырып, психологиялық  қызмет кӛрсету дәстүрі 
кеңінен қалыптасып келеді. Психологиялық  қызмет ерте құрылған мемлекеттер 
тәжірибесін жан-жақты зерттеудің мән-мағынасы ӛте терең болып отыр. Оларда 
қалыптасқан  ұйымдастыру  түрлерін  және  бұл  жұмыстың  мазмұнын  зерттеу 
негізінде  кӛптеген  елдер  ӛз  мектептерінде  психологиялық  қызметті 
ұйымдастыру мақсаты мен міндеттерін анықтап алып отыр. 
Біздің елде білім беру жүйесіндегі психологиялық қызметтің мақсаты мен 
мазмұнын анықтауға Ресей, Балтық жағалауындағы мемлекеттер тәжірибесі мол 
мүмкіндік тауып беруде. Сондықтан осы мемлекеттердің тәжірибесін, теориялық 
және әдістемелік құралдарын терең және жан-жақты талдау үстіндеміз. 
Психологиялық  қызметтің  мақсаты  –  бала  дамуындағы  әр    кезеңдегі  жан 
дүниесінің  ерекшеліктерін  анықтап  алып,  олардың  ӛз-ӛзіне,  қоршаған  ортаға 
деген  кӛзқарасының,  қарым-қатынас  мәдениетінің  қалыптасуына  жетекшілік 
жасау. Бұл мақсат келесі міндеттер арқылы нақтыланады. 
Психологиялық қызметтің міндеттері: 
-
 
психологиялық  және  әлеуметтік  –  психологиялық  тұрғыдан  қыйындық 
кӛріп  жүрген  балалардың  проблемаларын  анықтап,  оларға  дер  кезінде  кӛмек 
кӛрсету; 
-
 
оқушыларды мектеп табалдырығын аттаған күннен басап оны бітіргенше 
жетелеп, сүйеніш болып жүру; 
-
 
проблемасы  бар  балаларды  жан-жақты  зерттеп,  оны  туғызатын  себебін 
анықтау және түзету-дамыту жұмыстарын жүргізу; 
-
 
дамуында  ауытқуы  бар  балалардың  психологиялық  қасиеттерін  ӛңдеу 
үшін психологиялық тренингтер ұйымдастыру; 
-
 
оқу-тәрбие  жұмысына  ғылыми  жетекшілік  жасап  әр  оқытушының  ата-
аналардың  психологиялық  –  педагогикалық  білімін  жетілдіру  және  біліктілігін 
арттыру жұмысын ұйымдастыру. 

367 
 
Осы анықталған міндеттерді орындау т.б. ӛмір барысында тұрған шиеленіс 
жағдайларды  дұрыс  шешу  үшін  психологтар  әр  адамға  сүйеніш  болып,  бағыт-
бағдар беріп отыруы қажет. Қазақстанда мектеп психологі енді тағайындалып, ӛз 
жұмысын атқаруға жаңа ғана университет бітірген тәжірибесі таяз жас мамандар 
кірісті. Дегенмен олар жұмыс мазмұнын анықтап алу үшін ізденіс үстінде. 
Психологиялық қызмет моделін құру қажет екенін анықтап алу оңай емес. 
бұл  мәселені  шешу  үшін  бұрынғы  Кеңес  мектептерінде  психологиялық 
қызметтің  мазмұнын  анықтағандар  Н.Р.  Битянова,  И.В.  Дубровина,  А.И. 
Прихожан  ұсынған  үлгілерді  қолдануға  немесе  басқа  елдерде  қалыптасқан 
тәжірибені  үлгі  ретінде  қолдана  отырып  мектеп  психологі  қызметін  келесі 
бағыттарда ұйымдастыруға болады: 
-
 
психодиагностикалық жұмыс; 
-
 
психопрофилактиклық жұмыс; 
-
 
психологиялық кеңес беру; 
-
 
психокоррекция жүргізу; 
-
 
ата-аналарға  психологиялық-педагогиклық  білім  беру  және  біліктілігін 
арттыру; 
-
 
психологиялық қызмет кӛрсету жүйесі қызметін насихаттау; 
-
 
әлеуметтік – диспетчерлік қызмет кӛрсету; 
Осы  аталған  бағыттардағы    іс-шаралар  бір-бірімен  үйлесімді 
ұйымдастырылылуына  кепілдік  болатын  мақсат  пен  міндеттер  жоғарыда 
кӛрсетілген . 
Мектеп  оқушыларына,  кӛпшілікке  жүйелі  түрде  психологиялық  қызмет 
кӛрсету  үшін  ол  объекті  туралы  психолог  толық  мағлұмат  алуы  қажет.  Бұл 
мағлұмат  психодиагностикалық  зерттеу  барысында  жиналады.  Оқу-тәрбие 
жұмысы  барысында  психологиялық  зерттеу  әдістерін  қолдана  отырып, 
оқушылардың  таным  процестерінің  даму  деңгейі,  жекелік  қасиеттерінің 
қалыптасуы,  оқушылар  мен  оқытушылар  арасындағы  қарым-қатынастың 
қалыптасуы  талданып,  әр  балаға  қандай  жәрдем  керек  екендігі  нақты 
анықталады.  Психологиялық  қызмет  мазмұнын  анықтау  үшін  бұл  жұмыстың 
мақсат-міндеттеріне сүйене отырып оның барлық жоғарыда келтірілген салалары 
бойынша іс-шаралар тізімін толық жүйеге келтіріп жұмыс жоспарында кӛрсету 
қажет. 
Сонымен қатар, қазіргі кезде психологиялық қызметті білім беру жүйесіне 
ендіру,  әр  оқушыға,  педагогтарға,  оқушылардың  ата-аналарына  психологиялық 
қызмет  кӛрсету,  дамуында  ауыткуы  бар  балаларға  дер  кезінде  кӛмек  кӛрсету 
ерекше орын алып отыр. Күн талабына байланысты психологиялық қызмет тек 
мектеп – гимназиялар емес, барлық мектептерде толық қанды қызмет атқаратын 
психолог  жұмысы  қажет.  Осы  талаптарды  толық  қанағаттандыру  үшін  мектеп 
психологиялық қызметінің мазмұнын анықтау және пайдаланатын әдістемелерді 
жүйеге  келтіру  жұмысын  кӛптеген  ғалымдар  мен  мектеп  психологтары 
жүргізуде. 
Психологиялық  қызметтерді  ұйымдастыруда  кездесетін  қиыншылықтар 
кӛбінесе  қазақ  тіліндегі  әдістемелік  материалдардың  тапшылығымен 
байланысты.  Соған  қарамастан  мектептерде  психологиялық  қызмет  кеңінен 
тарауда.  Әр  мектептегі  психологтар  ӛздері  әдістемелік  материалдарды 
жинақтастырып,  соларды  пайдалану  салаларына  байланысты  әр  психолог  ӛз 
жұмысының  мазмұнын  анықтауда.  Жинақталған  әдістемелік  материалдар 
балалардың жас ерекшеліктеріне, жекелік даму кӛрсеткіштеріне және балаларда 

368 
 
кездесетін проблемаларға байланысты топтастырылған. Сондықтан мектептерде 
психологиялық зертханалар қалыптасып келе жатыр деп айтуға болады. 
Психолог қызметіне негіз болатын құжаттарды анықтап алу да оңай болмай 
отыр.  Қазіргі  кезде  Қазақстан  психологтар  ассоциациясы,  Сорос  қоры  қаржы 
бӛлген  мекемелер,  психолог  ғалымдар  мен  мектеп  психологтары  жинақтаған 
материалдар жүйеге келтіріліп, қазақ тіліндегі әдістемелік жинақтар жарық кӛріп 
жатыр. Олардың ішінде Кӛмекбаева, Нұрмаханбетова т.б. ғалымдардың жасаған 
әдістемелік  құралдарын  кеңінен  пайдалануға  болады.  Сонымен  қатар  озық 
тәжірибелі мектеп психологтардың шығармашылық еңбектері де баспадан шыға 
бастады.  
 
Әдебиеттер 
 
1.
 
Выготский Л.С. Собрание сочинений в 6 томах. М., 1982. 
2.
 
Грановская Р.М. Элементы практической психологии. М., 1997. 
3.
 
Диагностика готовности детей к обучению в школе – анализ поведения
4.
 
Жарықбаев Қ. Жалпы психология. Алматы, 2004. 
 
 «ЖИВОЙ» ЭПИЧЕСКИЙ ТЕКСТ В  ПАРАЛЛЕЛИ С КНИЖНЫМИ ДАСТАНАМИ 
 
Мухаметзянова Лилия Хатиповна 
Старший научный сотрудник Института языка, литературы и искусства им. Г. Ибрагимова 
Академии наук Республики Татарстан 
                         
Түйін                                                                                                                                                                  
Бұл статьяда таратар китаби дастандарындағы «данды» эпикалық процесс  зерттеледі 
 
                 Summary 
In the article the "living" book in the epic process «dastan» Tatar people 
 
         Традиционный  народный  дастан  –  это  синкретический  жанр,  который  у 
многих  народов  совместно  с  импровизатором-сказителем  представляет  собой 
вербальное  творчество,  для  которого  характерно  единство  эпического  текста  и 
декламационно-напевное  исполнение.  Подобные  вербальные  тексты  носят 
стихотворный, прозаический или смешанный характер. В поэтическом отношении 
в них доминирует народный стих, основанный на силлабике и прозе. В творчестве 
чичана-импровизатора в зависимости от звучания звуков принято строить текст при 
помощи специального подбора слов. Взяв в основу сходство звуков, он исполняет 
объемный  текст  и  таким  образом  добивается  благозвучия  и  фонетической 
гармоничности  своего  выступления.  Сказитель,  опираясь  на  удобство 
произношения  и  добиваясь  благозвучия,  запоминания,  выстраивает  строки, 
начинающиеся  на  один  и  тот  же  звук,  затем  переходит  к  другому  звуку.  Пример 
такого  аллитерационного  стиха,  начинающегося  на  определенный  звук,  мы 
находим в киргизском ―Манасе‖:  
Баздышам тентушка соога ыргыткан,  
Беежинге барса жол салган,  
Баздышам беш жуз киши косшу алган.  
Байбише калды сарайда,  
Балдарын асар далайда.  
Жоомокто сиздей кимде бар.  
Саната Манас болбосо,  
Сайганы сиздей кимде бар.  

369 
 
/Повелитель мой близким добычу дарил,  
В Беджин путь проложил.  
Повелитель мой пятьсот человек свиты имел.  
Жена осталось вдовой в тереме,  
Дети твои вырастут с трудом.  
Казна твоя полна золота.  
Кто, кроме Манаса в былине  
Еще, как вы, отвагу явил,  
Кто, кроме легендарного Манаса,  
Так пикой разил врага.( Отрывок по: Ауезов М. Собрание сочинений. В пяти томах. 
Т. 5. Литературно-критические и публицистические статьи 1936 – 1961 гг. Перевод 
с казахского. М: Худ. литер., 1975. [С. 393 – 394]  
Известно,  что  народный  стих  аллитерационного  типа  с  древнейших  времен 
широко  распространен  в  фольклоре.  В  дастанах  подобная  фонетическая 
организация  стиха  использовалась  для  построения  эпического  текста  с  целью 
достижения 
отточенности 
смысла, 
придания 
тексту 
особой 
звуковой 
выразительности и была очень популярной формой передачи эпоса дописьменного 
периода.  Условия  реализации  эпоса  требовали  быстрого  сосредоточения  и 
импровизированного  использования  рифмованных  строк,  что  почти  невозможно 
совершить  сиюминутно.  Именно  поэтому  в  эпосе  народные  певцы  прибегали  к 
аллитерационному  стиху,  как  к  самой  подходящей  системе  стиха,  где  вовсе 
необязательно соблюдение равенства стихотворных строк и существование рифмы, 
все решает аллитерация, которая основана на созвучности звуков. Традиционными 
методами в народном  дастане выражалась народная идеология, доносилась мысль 
сказителя.  В  своем  содержании  ―живой‖  эпос  неплохо  сохранил  и  ритуально-
мифологическую функцию.  
Классические  образцы  архаического  ―живого‖  эпоса,  идущие  из  глубины 
веков,  сохранились  у  ряда  тюркских народов.  Киргизы,  например,  сегодня  вправе 
гордиться своим ―Манасом‖, казахи – версиями ―Шора-батыра‖  они же и узбеки – 
―Алпамышем‖,  казахи,  нугайцы  –  ―Кузы-Курпячем‖  и  др.,  саха-якуты  –  своими  
многочисленными  олонхо,  башкиры  –  ―Туляком‖  и  др.,  а  также  сказителями  – 
народными   представителями, доносившими до народа ―живой‖ эпос в различных 
вариантах. В фольклористике у этих народов еще в 30-х гг. ХХ в. была поставлена 
проблема эпического исполнителя, роль сказителя в эпосе исследовалась наравне с 
текстом жанра как его неотъемлемый атрибут.  
Надо подчеркнуть, что у тех народов, которые сравнительно дольше вели кочевой 
уклад жизни, а также к мусульманской культуре приобщились довольно поздно или 
не  испытали  влияния  ислама  вообще,  стабильнее  сохранилась  устно-
исполнительская форма эпоса. Иногда сохранение эпоса в устной форме у того или 
иного народа – результат соседства с народами, для эпического творчества которых 
характерна  традиционная  форма  эпоса,  где  акциональность,  вербальность  и  текст 
присутствуют в более полном объеме.  
Богатой  на  первичные  вербальные  тексты  территорией,  где  живут  татары, 
можно  назвать  Сибирь.  Эпос  сибирских  татар  в  общем  плане,  бесспорно,  – 
достаточно  богатое,  в  полном  смысле  слова  синкретическое  устное  творчество. 
Татарский народ гордится устно бытовавшим и зафиксированным из уст сибирско-
татарских сказителей «Алпамышем», «Кузы-Курпячем и Баянсылу», «Йиртюшлек», 
отдельными  устными  вариантами  «Идегея»  и  др.  дастанами.  Территориальная, 
географическая 
разобщенность 
татар 
способствовала 
историческому 
формированию  и  развитию  у  разных  этнических  групп,  компактно  проживающих 

370 
 
на  разных  территориях,  тех  или  иных  культурных  традиций.  Этот  многовековой 
процесс  хорошо  прослеживается  и  на  примере  развития  эпоса.  В  то  время,  когда 
татары Поволжья отдали предпочтение книжной разновидности, сибирские татары 
сказывали  устные  дастаны.  Это  неопровержимый  факт,  представляющий  эпос  в 
различных его разновидностях у одного и того же народа.  
Итак,  полнокровное  дастанное  творчество  устного  вида  характеризуется 
синтезом  музыкального  исполнения,  выступления  сказителя  и  воспринимающей 
эпос  аудитории.  Текст,  являющийся  результатом  именно  такого  творчества,  в 
фольклористике  оценивается  как  первичный  ―живой‖  вербальный  текст, 
основанный на сугубо традиционных методах народных эпос-дастанов.  
У  народов,  имеющих  эпос-дастаны,  имена  тех,  кто  доносит  эпический  текст 
до  народа,  составляют  целый  ряд  синонимичных  названий.  Талантливых  людей, 
занимающихся  сказительством,  каждый  народ  называет  по-своему:  аэды,  суты  и 
кушилавы,  гриоты,  сказители,  кобзари,  улигершин,  гэсэршин,  хайджи  и  др.  У 
тюркоязычных народов также существуют названия, применяемые для обозначения 
непосредственного  «зачинщика»  эпоса-дастана.  Самыми  распространенными 
именами  носителей  эпического  искусства  у  тюркоязычных  народов  являются 
«жырау»,  «олонхосут»,  «шаир»,  «жомакши»,  «ашуг»,  «бахши»,  «сэсэн»  или 
«кобаирсы», «акын», «манасчи», «кыссахан», «кайчи» и др.  
Что  касается  поволжских  татар,  нельзя  не  заметить  то,  что  с  давних  времен 
наблюдается  отделенность  эпоса  от  его  ритуально-обрядовой  функции.  Напевное 
исполнение большого произведения перед народом в связи с каким-либо обрядом 
или  крупным  событием,  как  у  киргизов  и  казахов,  у  казанских  татар  не  было.  В 
исторических  источниках,  касающихся  обороны  Казани,  например,  нигде 
документально  не  зафиксировано  напевное  исполнение  эпос-дастанов  чичанами-
сказителями.  В  связи  с  такими  событиями  было  принято  играть  музыку  без 
словесного сопровождения. Этот факт напоминает о том, что уже в начале XVI в. у 
казанских татар не пользовалась популярностью устная разновидность эпоса.  
Отличающиеся импровизаторским талантом люди, конечно же, были и среди 
поволжских  татар,  следовательно,  существовало  и  определяемое  для  этой 
категории  слово  –  «чичан»  («чичән»).  Из  известных  в  последнюю  эпоху  имен 
сказителей  можем  назвать  Сабирджан-акына  из  деревни  Менгер,  Байчигави  из 
Лаишевского  района,  Кашшафетдин  Шагимардан  Минзаляви  из  деревни  Солек 
Минзелинского  уезда,  Хусаина  Нугай  и  еще  несколько  личностей2.  Их  репертуар 
был  насыщен  народными  песнями,  афоризмами,  сказками,  но  дастаны  в  их 
творчестве  не  прижились.  У  татарского  народа  сохранились  также  образы 
общетюркских  чичанов,  например,  Жирен-чичан,  Сыпра  (Субра)-джырау, 
Жамукай-чичан  и  др.  Но  известные  в  тюркском  и  нетюркском  мире  эпические 
сюжеты,  приобретая  книжную  форму,  переживали  еще  одну  жизнь, 
распространившись у поволжских татар в форме книжных дастанов. В них чичан не 
выделяется  ни  как  автор-импровизатор,  ни  как  исполнитель  своего  произведения 
перед аудиторией. Зачастую в книжных дастанах автор вовсе не указывается и в его 
роли  практически  выступает  переписчик,  переработчик  дастана,  он  же  является  и 
создателем  того  или  иного  варианта  дастана  на  известный  сюжет.  В  книжных 
дастанах  роль  носителя  эпической  традиции  народа,  слегка  перешагнув  устно-
исполнительскую функцию, приобрела иную форму.  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет