Развитие образовательной среды в школе



Pdf көрінісі
бет43/55
Дата07.04.2017
өлшемі11,58 Mb.
#11218
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   55

Нупирова А.М.



, Нұржанова Ұ.Б.

2

,  

1.Ғылыми жетекшісі, аға оқытушы, жаратылыстану ғылымдарының 

магистрі 

2. Студент 4 курста, физика-математика және жалпы техникалық пәндер 

кафедрасы, мамандықтың «Физика» 

 

«УЛЬТРАДЫБЫС СИҚЫРЛАРЫ» АТТЫ ЭЛЕКТИВТІ КУРСТЫҢ 

БАҒДАРЛАМАСЫ 

 

Бүгінгі  таңдағы  әлеуметтік  экономикалық  жағдайлардың  күрделенуі, 

ақпараттар  ағымының  қарқындауы,  бәсекелестіктің  артуы  сияқты  жағдаяттар 

білім беру ұйымдарының түлектеріне елеулі жоғары талаптардыжүктейді. Бұл 

жағдайда  жалпы  білім  беру  мақсаты-көп  функционалды  компетенциялармен 

(құзырлармен),  шығармашылық  іс-әрекет  тәжірибесімен  қаруланған,  бүгінгі 

өзгермелі  жағдайларда  бағдарлана  алуға  дайын  адамды  дамыту  болып 

табылады. 

Бейінді-бағдарлы 

оқытудың 

мақсаты-оқушылардың 

қызығушылық 

бағытын,қабілетін  келешекте  ие  болуға  тиісті  мамандыққа  бейімделуін 

қанағаттандыру  немесе  басқа  сөзбен  айтсақ  жеке  тұлғаға  бағытталған,яғни 

оқытуды дифференциалдау және жекешелендіру. 

Бейіндеп  оқытатын  мектептің  жоғары  сыныптарына  арналған  оқу 

жоспарын шартты түрде 3 бөлікке бөлуге болады. 

1-бөлік.  Жалпы  білім  беретін  базалық  пәндер.  Бұл  сыныптағы  барлық 

оқушылар үшін міндетті болып саналады. 


402 

 

2-бөлік. Белгілі бір бағыттағы таңдаған оқушылар үшін міндетті және сол 



бағытты толық анықтайтын тереңдетілген бейіндік білім беретін пәндер. 

3-бөлік. Оқушылардың өз таңдауы бойынша енгізілетін таңдау (элективтік) 

курстары. 

Физикадан  бағдарлы  сараланған  білім  беруде  оқушылардың  таңдауы 

бойынша қатысатын элективті курстарды ұйымдастырудың үлкен мәні бар. 

Элективті  курстар-мектептің  жоғары  сатысында  оқыту  бағдарының 

құрамына  енетін  және  оқушылардың  таңдауы  бойынша  қатысатын  міндетті 

курстар. 

Барлық  жалпы  білім  беретін  пәндер  негізіндегі  бағдарлы  және  элективті 

курстардың  жиынтығы  әрбір  оқушы  үшін  жеке  білім  теориясын  құруға 

мүмкіндік береді 

Элективті курстар төмендегідей мақсаттарды көздейді: 

1. Қазіргі заманның өзекті мәселелерін зерделеу; 

2.  Болашақ мамандықтың ерекшеліктерін  таныстыру,  оқушылардың  түрлі 

іс-әрекеттерді  орындау  барысында  осы  мамандық  иесі  ретінде  өзіндік 

сыналуына жағдай туғызу; 

3. Оқушының шығармашылық, танымдық іс-әрекетін қалыптастыру; 

4. Бейіндік (профильдік) пәндердің мазмұнын толықтыру; 

5.Оқушының  белгілі  сала  бойынша  қабілетін  ұштау,  оның  бойында 

келешекке қажет білік пен дағдының қалыптасуына мүмкіндік жасау; 

6.  Оқушының  білімге  деген  құштарлығын  жоғары  дәрежеде  дәйектеу 

мақсатында  бала  бойындағы  қызығушылықты,  шығармашылық  шабытты 

жандандыру. 

Қолданбалы  курстардың  бағдарламаларына  енгізілетін  білім  мазмұны 

мына талаптарға жауап беруі тиіс: 

1.  Мазмұнның  толымдылығы.  Бағдарламаны  дайындау  кезіндегі  білімнің 

толымдылығы  бағдарламада  қойылған  мақсаттарға  жету  үшін  қажетті  және 

жеткілікті білімдерді анықтауда болып табылады. 

2.  Оқушылар  үшін  жаңалық  дәрежесі.  Іс-әрекеттің  тиімділігі  және 

оқушыларды ынталандыру үшін берілетін білімнің бұдан бұрын игерген білімге 

қарағанда жаңалық дәрежесімен анықталады. Бағдарлама базалық жалпы білім 

беретін  пәндердің  оқу  бағдарламаларында  жоқ,  оқушылар  үшін  мүлдем  жаңа 

білімдерді қамтуы қажет. 

3.  Мазмұнның  жалпылық  дәрежесі.  Мәселен,  білімнің  жалпылығының 

қажеттігі  оқушыларда  жалпыланған  іс-  әрекет  тәсілдерін  қалыптастырудың 

қажеттігінен  туындайды.  Бағдарламаға  енгізілген  білімнің  жалпылық  деңгейі 

ондағы  қойылған  оқыту  мақсаттарына  және  оқушылардың  абстрактілі 

ойлауының  даму  деңгейіне  сәйкес  болу  керек.  Бағдарламаға  енгізілген 

материал  оқушылардың  әр  түрлі  категориясы  үшін  қолданылуы  мүмкін,  оған 

бағдарламаға  енгізілген  білімдердің  жалпылығы  арқылы  оқушылардың 

барлығына ортақ мәселелерді таңдап алу арқылы қол жеткізуге болады. 


403 

 

4.Мазмұнның  ғылымилығы.  Бағдарламаға  алдыңғы  қатарлы  ғылыми 



білімдер мен адамның пракикалық іс-әрекеіндегі неғұрлым құнды тәжірибелер 

енгізілуі қажет. 

5.  Білім  мазмұнының  сараланғандық  сипаты.  Бағдарламада  білімнің  әр 

түрлі деңгейі мен түрлері сараланып берілуі қажет. Мұғалім ғана емес, оқушы 

да  меңгерілетін  білімнің  әрқайсысының  ерекшелігін  оның  ғылым  мен 

практикаға қоланылу ерекшілігі түсінуі тиіс. 

6.  Курстың  практиакалық  бағыттылығы.  Бағдарлама  білім  беру 

стандартының  талаптарына  сәйкес  оқушылардың  алған  білімін  практикада  әр 

түрлі  мәселелерді  шешу  үшін  қолдана  алу  қабілеттілігін  қалыптастыратындай 

материалдарды қамту керек. 

7.  Оқу  материалының  өзара  байланыстылығы  мен  жүйелілігі. 

Бағдарламадағы  білім  мазмұны  барлық  келесі  тақырыптарды  оқу  өткен 

тақырыптарға  сүйене  отырып  жүргізілетіндей,  ал  жеке  және  жалпы  білімдер 

арасында байланыс болатындай болып жүйелі түрде құрылуы тиіс. 

8. Уақыт қорына лайықтығы. Бағдарламадағы материалдар оны зерделеуге 

бөлінген уақыт қоры ескеріле отырып беріуі керек. [1, стр.135-142] 

Білім  мазмұнына  қойылатын  бұл  талаптар  білім  стандарты  жалпы  білім 

беру  мақсаты  және  оқушыларды  оқытудың  психологиялық  заңдылықтары 

арқылы анықталады 

Элективті курстар мектеп компоненті есебінен жүзеге асырыла алады және 

олар бірнеше функцияны атқаруы мүмкін: 

-

 



бағдарлыкурстардың мазмұнын толықтыруы; 

-

 



таңдап  алған  бағдар  аясынан  тыс  оқушылардың  әр  түрлі  танымдық 

мүдделерін қанағаттандыруы. 

Жалпы  алғанда  физикадан  бағдарлы  сараланған  білім  беруде  элективті 

курстардың шамамен келесі түрлерін ұсынуға болады: 

1.  Пәндік  элективтік  курс,  оның  міндеті-базистік  оқу  жоспарындағы 

«Физика»  оқу  пәні  бойынша  білімді  кеңейту  және  тереңдету,  оны  бірнеше 

топқа бөлуге болады:  

 



Пәнді  тереңдетіп  оқытуға  бағытталған  көтеріңкі  деңгейдегі  элективті 

курс,  ол  оқу  пәнімен  тақырыптық  та,  уақытша  да  келісімді  бола  алады.  Бұл 

жағдайдағы  толықтырылған  бағдарлы  курс  физиканы  тереңдетіп  оқытатын 

арнайы мектептің (сыныптың) бағдарламасымен сәйкес келеді. 

 

Курстың жеке бөлімдері тереңдетіп оқытылатын арнайы курстар. Мұндай 



курстарға «Механика», «Заттың құрылысы мен қасиеттері», «Термодинамика», 

«Оптика»,  «Салыстырмалылықтың  арнайы  теориясы»,  «Атом  және  атом 

ядросының физикасы» және т.б. жатуы мүмкін. 

 



Оқу  бағдарламасына  кірмейтін  негізгі  курстың  жеке  бөлімдері 

тереңдетіліп  оқылатын  арнайы  элективті  курстар.  Мұндай  курстар  ретінде 

«Гидро-аэродинамика»,  «Максвелл  теңдеулері»,  «Плазма  физикасы»  және  т.б. 

болуы мүмкін. 

 

Оқушыларға  білімді  тәжірибеде  қолдана  алудың  маңызды  жолдарымен 



және  әдістерімен  таныстыру,  оқушылардың  қазіргі  заманғы  техника  мен 

404 

 

өндіріске  қызығушылығын  дамыту  мақсатындағы  қолданбалы  элективті 



курстар. Мұндай курстарға «Физика және техника», «Физика және компьютер», 

«Физикажәне қоршаған орта», «Электр техникасы мен радиотехника». 

 

Табиғатты  танып  білу  әдістерінт  зерделеуге  арналған  элективті  курс. 



Мұндай  курстардың  мысалдары  ретінде  «Физика  ғылымындағы  іргелі 

эксперименттер»,  «Физика-техникалық  зерттеулердің  әдістері»,  «Физика  –

техникалық модельдеу» және т.б. жатқызуға болады. 

 



Физика және астрономия тарихын зерделеуге арналған элективті курстар. 

 



Физикалық  эксперимент  негізінде  есептер  шығаруға  арналған  элективті 

курстар. 

2.  Пәнаралық  элективті  курстар,  олардың  міндеті-оқушылардың  табиғат 

пен  қоғам  туралы  білімдерін  интеграциялау.  Мұндай  курстарға  «Ғарыш 

физикасы»,  «Астрофизика  элементтері»,  «Биохимиялық  физика»  және  т.б. 

жатқызуға болады. [2, стр.17] 

Ғылыми 

– 

педагогикалық 



әдебиеттерді 

сараптау 

нәтижесінде 

жаратылыстану  бағыттағы  жоғарғы  сыныпқа  арналған  «Ультрадыбыс 

сиқырлары» атты элективтік курстың бағдарламасы жасалды. 

 

№  Тақырыбы  



Сағат 

саны 


Кіріспе Дыбыстар әлеміне саяхат 

1.



 

 

Ультрадыбыстың  екі  қасиеті  Ультрадыбыстың  толқын 



ұзындығы Ультрадыбыс энергиясы 



Ультрадыбыстың әсерлері 

2.

 

 



Ультрадыбысты шығару және қабылдау әдістері 

3.



 

 

Механикалық ультрадыбыс шығарғыштар 



4.

 



 

Ультрадыбыстық генератор 

5.

 



 

Ульрадыбысты қабылдау 

6.

 



 

Ульрадыбысты алу 



Табиғаттағы ультрадыбыстар 

7.

 



 

Жарқанат түнде қалай көреді 

8.

 



 

Ультрадыбыс және жәндіктер 

9.

 



 

Кит қалай «сөйлеседі?» 

10.


 

 

Табиғаттан үйрене отырып... 





Ультрадыбыс-бақылаушы 

11.


 

 

Ультрадыбыстық дефектоскоптар. 



12.


 

 

Сұйықтарды бақылайтын ультрадыбыстық құралдар.  



13.


 

 

Газбен жұмыс істейтін ультрадыбыстық құралдар. 





Су астындағы ультрадыбыс 

14.


 

 

Ультрадыбыстың таралуы 



15.


 

 

«Титаник» неге опат болды? 



16.


 

 

Ультрадыбыстық эхолоттар 



17.


 

 

Гидролокациялық станциялар 





Ультрадыбыстың химия мен биологияда қолданылуы 

405 

 

18.



 

 

Дыбыс химиясы дегеніміз не? 



19.


 

 

Ультрадыбыстың биологияда қолданылуы 



20.


 

 

Ультрадыбыстық жарқырау 



21.


 

 

Эмульсия және оның қолданылуы 



22.


 

 

Ультрадыбыстың фармацевтикада қолданылуы 



23.


 

 

Ультрадыбыспен емдеу 





Ультрадыбыстың халық шаруашылығының әр түрлі саласында 

қолданылуы 

24.


 

 

Ультрадыбыстың өсімдіктер өсуі әсері  



25.


 

 

Ультрадыбыстық коагуляция 



26.


 

 

Ультрадыбыстық сүзгініөндірісте пайдалану 



27.


 

 

Ультрадыбыстық пісіру және кесу 



28.


 

 

Ультрадыбысты радиотехникада қолдану 



29.


 

 

Ультрадыбыс жеңіл өнеркәсіпте 



30.


 

 

Ультрадыбыс және одан сақтану жолдары 



31.


 

 

«Біздің  өмірімізде  ультрадыбыстың  алатын  орны»  атты 



оқушылардың баяндамалары 

32.



 

 

Қорытынды кеші 

 

Элективті  курсты  оқытуда  күтілетін  нәтижесі  сауалының  жауабы:  жеке 



білім траекториясын мектепте құруға қандай білім, білік, тәжірибе қажетігі мен 

мектепті  аяқтағаннан  соң  сәтті  кәсіби  карьера  алынып,  қандай  қызмет  түрлері 

игерілетіні, оны игеру үшін қандай құндылықтар қажет екені ұғынылады. 

Оқыту  нәтижесі  «оқушы  білуі  керек»  (  мысал  келтіру,  түсінік  алу)  білу, 

тәжірибесі  болуы»  терминдары  түрінде  беріліп,  құзырлы  термин  ретінде 

қалыптасуы керек. Курстағы оқуды аяқталғанда оқу құзырлығының кем дегенде 

негізгі  үш  түріне  сәйкес-  топпен  жұмыс,  ақпаратпен  жұмыс,  мәселені  шешу  -

құзырлықтары бойынша білім алған оқушының деңгейін анықтауға болады. 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі 

1.

 



Пан  С.М.  Подготовка  педагога  профильной  школ/С.М.  Пан//Народное 

образование -2004.-№1. -С.135-142 

2.

 

Бондаренко  М.А.  Элективные  курсы  по  физике  и  их  роль  в  организации 



профильного  и  предпрофильного  обучения//Физика  в  школе.-2003.-№  7.  - 

С.17. 


3.

 

Арызханов Б.С. Ультрадыбыстар әлеміне саяхат.–Алматы: Қайнар, 1987-160 



б. 

 

 



Касымова А.Г.

1

, Сабирова А.Е.



1.Ғылыми жетекшісі, физика-математика ғылымдарының кандидаты, 

доцент 

2. Студент 4 курста, физика-математика және жалпы техникалық пәндер 

кафедрасы, мамандықтың «Физика» 

406 

 

 



ОРТА МЕКТЕПТЕГІ 9 СЫНЫПҚА АРНАЛҒАН «МЕХАНИКА» 

ТАРАУЫ БОЙЫНША АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ ӘДІСТЕМЕЛІК 

НҰСҚАУЛЫҚ ҚҰРАСТЫРУ 

 

Елбасымыз  2006  жылғы  өз  Жолдауында  тақталып,  қазақстандық-тардың 

жаңа ұрпағы ең кем дегенде үш тілді біліп, қазақ тілін  –мемлекеттік тіл, орыс 

тілін  –ресми  тіл  және  ағылшын  қарым-қатынас  тілі  ретінде  еркін  білуі 

керектігін  атап  көрсетті.  Одан  әрі  Еуропада  көптілділік  қалыптасқандықтан, 

біздің  де  ортақ  құндылықтармен  кіріккен,  тілдік  ортасы  жарасы  тапқан  тек 

болашаққа құлаш ұрған ұлтқа айналуымыз керектігін өзекті мәселе етіп қойды. 

Бұдан  берілетін  білім  мазмұнын  жетілдіру  –тіл  дамыту  мәселесінің  заңды 

өзектілігі  дер  едім.  Сонымен  қатар,  мемлекеттік  тілге  деген  қамқорлықты 

арттыра  отырып,  орыс  тілін  қазақ  халқының  ғылым  мен  білімге,  оған  қоса 

ағылшын  тілі  де  біздің  болашағымызға  қажет  деп  тұжырымдады.  Дүние 

жүзімен қарым-қатынас, ұлттық бәсекеге қабілеттілікті деңгейлеу үшін осы үш 

тілді  балаларымыздың  мектептен  бастап  меңгергені  олардың  болашағына  көп 

пайдасын  тигізетініне  тоқталды.  Үш  тіл  туралы  Елбасының  Жолдауын 

басшылыққа ала отырып, бүгінгі күннің талабына сай оқытуды қамтамасыз ету, 

бүгінгі  күнгі  тіл  үйретіп  жүрген  әдістемелік  құралдардың  сапасын  өңдеу 

керектігін  қосып  айтты.  Бүкіл  технология,  ақпарат,  компьютердің  тілі  болып 

отырған  ағылшын  тілін  білу  –өмір  талабы  дей  келе,  шет  елдердің  озық 

тәжірибелерін, әдісін қолданумен: 

-дамыған 50 елдің қатарына қосылу үшін ағылшын тілін терең меңгерту; 

-үш тілді үйрете отырып әлемді тануына ықпал ету; 

-ағылшын тілін білу арқылы жаһандық қарым-қатынас жасауға болатынын 

көрсету; 

-жаңашыл  технологиялық  ақпараттар  ағылшын  тілінде  болғандықтан, 

құрал тетіктерін талдауды мақсат тұтуды ескертті.  

Тіл  –бүкіл  тіршіліктің  алтын  қазығы,  ғылымның,  білімнің  қай  саласы 

болмасын, ол тіл арқылы дамиды.  

2010  жылғы  30  қаңтардағы  «2010-2020  жаңа  он  жылдық  жаңа 

экономикалық  өрлеу  Қазақстанның  жаңа  мүмкіндіктері»  атты  Жолдауында 

білім  беуде  12  жылдық  оқыту  моделін  енгізу,  білім  сапасын  жоғарылату, 

ұлттық  инновациялық  жүйенің  толыққанды  жұмыс  істеп,  «зияткерлік 

мектептер» отандық білім беру жүйесінің флагманы болатынына, осы заманғы 

оқу  бағдарламаларының,  басты  назарға  алынуына  тоқталды.  Тілді  жоғарғы 

деңгейде  меңгеріп,  шетелдік  білім  жүйесімен  басқа  мәдениетті  үйренеді. 

Алдына  мақсат  қойып,  ізденіске  және  тәуелсіз  жұмыс  істеуге  жетелейді.  Үш 

тілді  үйретуде  қоспақ  жаңалығым  үштілді  ұрпақ  сезімін,  ойын  ана  тілінде 

жинақтап, құрастырып, ұйқастырып, қалған екі тілге аударып, бір уақытта үш 

тілдік  тұғырлылығы  мен  шығармашылығын  арттырады.  Электрондық 

сөздікпен,  әртүрлі  тілдегі  сөздіктер  жинағын,  сабақта  өткен  мәліметті 


407 

 

қолданып,  аударып  алып,  ұйқасын  сәйкестіріп,  үш  тілде  сөздік  қорын 



молайтады.  

Тіл  дамыту  жұмыстары  негізінде  сабақ  процесі  арқылы  жүргізіледі.  Ал 

қазіргі  сабақ  дамыта  оқытуға  негізделген  сабақ.  Оқушының  танымдық 

қызығушылығын,  дарынын,  қабілетін  дамыту.  Есте  сақтау,  ойлау  дағдылары, 

берілетін білімнің ең негізгі мәселелерін бөліп ала білу. Салыстыру, қорытынды 

жасау,  өз  беттерімен  бір  нәтижеге жете  білу,  фактілер  мен  ұғымдарды жүйелі 

түрде  жеткізе  білу.  Модель,  жоба  жасап,  болжамдар  ұсынып  оны  қорғайды, 

дәлелдейді, білуге дағдыланады. Алдында тұрған мақсатқа жете білу, сайыстар 

мен іскерлік ойындарға қатысу. Қазіргі талап бойынша тіл дамыту жұмыстарын 

интерактивті  әдістер  арқылы  жүргізу  нәтижелі  болмақ.  Мысалы,  «ХХІ  ғасыр 

көшбасшысы»  интеллектуалды  сайысын  үш  тілде  қолданып,  тәрбиелік  сабақ 

өткізуге  болады.  Оқушылар  орыс  тілінде  еркін  сөйлейді,  себебі  орыс 

балаларымен тілдесіп ойнап, бір ортада өмір сүріп жатыр. Ал ағылшынша тек 

сабақта  ғана  оқулық  көлеміндегі  ережелерді  жаттап,  оның  елу  пайызы 

ұмытылып қалады. [1, б.13-18] 

Тәуелсіз  елдің  білім  жүйесінің  жаңа  үлгісін  қалыптастыру  мақсатында 

елбасымыз  Н.Ә.Назарбаевтың  мына  бір  сөзді  ұстаздарға  күш-қуат  береді:  «Өз 

Отанын шексіз сүйе білетін, білімді, іскер, еліміздің ертеңі күнін күллі әлемге 

көрсететін  келешек  ізбасарларымызды  қалай  тәрбиелейміз?  Оларға  сапалы 

білімді  қалай  береміз?  Міне,  ұстаздар  осы  бағытта  алда  тұрған  ауқымды 

міндеттерді,  көкейкесті  мәселелерді  шешуге  міндетті.  Біз  күдіктенбейтін  жаңа 

білім  мен  технологияның  пайда  болуы,  даму  жүйесінің  басты  бағыттарының 

айқындалуы  ХХІ  ғасыр  –білім  ғасыры  деген  анықтаманы  нақтылай  түседі». 

Осылай  деген  елбасы  көптеген  жылдар  бойы  мектептің  оқу-тәрбие 

жұмысындағы  бірсарындылық,  біртекті  оқу  жоспарлары  мен  бағдарламалары, 

орамсыздық,  дайын  үлгіден  шыға  алмаушылық,  педагогтік  ой  догматизмі, 

жоғарыдан  келіп  түскен  әдістемелік  нұсқауларды  орындаудағы  формализм 

оқыту  мен  білім  беру  сапасын  төмендетіп,  үлгерімнің  сапалық  емес,  сандық 

көрсеткішіне  назар  аударумен  ерекшеленетінін  атап  өткен  еді.  Сондықтан  да 

жаңа  технологияларды  білім  беру  саласында  мектептерде  қолданып,  жүзеге 

асыру  керек.  Оқушыларға  сапалы  білім  ошақтарының  кезек  күттірмейтін 

мәселелердің бірі болып отыр. [2, б.28-33] 

Қоғам мектеп түлегінің қандай болғанын қалайды? 

Америкалық  педагог  С.Шлехтидің  «ХХІ  ғасыр  мектептері.  Білім  беру 

реформасындағы 

басылымдықтар» 

(1990) 

атты 


кітабында 

мектеп 


қызметкерлері  арасында  сауалнаманың  өткізілгені  туралы  айтылады. 

Сұрастырылғандардың «Сіз мектептен не күтесіз?» деген сұраққа көбіне «Бізге 

өздігінен оқи алатын адамдар керек» деген бірыңғай жауап қайтарған екен.  

Сондықтан  мен  оқулықтың  жаттығуларынан  өзге  оқыту  әдісін  қолданып,  

механика  тарауы  бойынша  әртүрлі  тапсырмаларды,  соның  ішінде  механика 

бөлімдері, тесттер жинағы, есептер, зертханалық жұмыстар, өздік жұмыстарды 

қазақ-орыс-ағылшын  тілінде  Front  Page  бағдарламасы  бойынша  электронды 

оқулық  құрастыруды  жөн  көрдім.  Механика  тарауын  таңдап  алғандағы 



408 

 

мақсатым,  механика  тарауы  бойынша  жалпы  сипаттама  бере  отырып,  физика 



пәнінен  оқушылардың  теориялық  білімді  практикамын  ұштастыра  отырып,  өз 

бетінше жеке жұмыстар жүргізу қабілеттілігін, дүниетанымын дамыту. [3] 

Бұл оқулық 9 сынып оқушыларына өте ыңғайлы, себебі механика тарауы 

бойынша қалаған  тапсырмаларын орындайды және ағылшын  тілінде  өздігінен 

жұмыс  істеуге  үйренеді.  Бұл  оқулық  арқылы  оқушылардың  тапсырманы 

орындауға деген қызығушылықтары артып, бағдарламамен қалай жұмыс істеу 

керегін  үйреніп,  алдағы  уақытта  өз  ниеттерімен  бір  тақырыпты  алып  өз 

қолдарымен электронды оқулық құрастыруғада мүмкіндік алады. 

 

 

1-сурет. Элекронды әдістемелік оқу құралының алғашқы беті. 



 

2-сурет. Мазмұны. 



409 

 

 



3-сурет. Үлгісі

 

Сабақты дәстүрлі тұрғыда жоспарлаудың ерекшеліктері: 



Мұғалім  түсіндіреді,  сұрайды,  бағалайды,  қорытындылайды.  Оқушы 

түсіндірілген сабақты қайталайды, сол бойынша бағаланады. 

Сабақты технологиялық тұрғыда жоспарлаудың ерекшеліктері:  

Мұғалім  мен  оқушы  бірлесіп  шығармашылық  әрекет  етеді,  ортақ  нәтиже 

жаңа іс-әрекеттер мен ізденістерге мұрындық болады.  

Қорыта  келгенде,  еліміздің  ертеңі,  елбасымыз  Н.Ә.  Назарбаев  айтқандай, 

«Келешек –жастардың қолында, жастардың тағдыры –ұстаздардың қолында»!!! 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 

1.

 

12 жылдық білім беру №2, 2013 ж 



2.

 

«Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2008-2010 жылғы 



бағдарламасы». 

3.

 



Селевко Т.К. Современные Образовательные технологии. –М., 1998 

 

 



Абдимоминова Д.К.

1

, Садық Ә. Б.

2

 

1.Ғылыми жетекшісі, аға оқытушы, жаратылыстану ғылымдарының 

магистрі 

2. Студент 4 курста, физика-математика және жалпы техникалық пәндер 

кафедрасы, мамандықтың «Кәсіптік оқыту» 

 

АҒАШТАН

 

БЕС


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет