Развитие образовательной среды в школе


Список использованных источников



Pdf көрінісі
бет41/55
Дата07.04.2017
өлшемі11,58 Mb.
#11218
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   55

Список использованных источников: 

1.

 

Андреева И.А. Энциклопедия: Шитьё и рукоделие – 2-е изд.-М.: 



Большая русская энциклопедия, 1998.-288с. 

2.

 



Перевертень Г.И. Поделки из бросового материала/ Г.И. Перевертень. – 

М.: АСТ; Донецк: Сталкер, 2005. – 23с. Поделки своими руками. 

 

 

Жигитов А.Б.



1

, ЖарылкасимҒ.М.



1.Ғылыми жетекшісі, аға оқытушы, жаратылыстану ғылымдарының 

магистрі 

2.Студент 4 курста, физика-математика және жалпы техникалық пәндер 

кафедрасы, мамандықтың «Кәсіптік оқыту» 

 

КОРПУСТЫҚ ЖИҺАЗДЫ ЖАРЫҚПЕН ДЕКОРАЦИЯЛАУДЫҢ 

ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КЕЗЕҢДЕРІ 

 

Адамның  шығармашылық  іскерлік  нысаны  ретіндегі  жиһаз  оны  жасаған 



адамдардың  өмір  сүру  жаңдайын,  дәстүрлері  мен  талғамдарын  бейнелейді, 

қолданбалы өнердің даму деңгейі мен техника жағдайын сипаттайды, еліміздегі 

өндіріс  материалдары  мен  әдістері  туралы  мағлұматтар  береді,  яғни 

материалдық мәдениет ескерткіші болып табылады. Көркем-стильдік қатынаста 

жиһаздың  архитектурамен  ортақ  сипаттары  бар,  себебі  ол  интерьердің 

ажырамас  бір  бөлігі  болып  табылады  және  адамның  еңбек  пен  демалыс 

үдерісіндегі жайлылықты қамтамасыз етеді. Жаппай тұтынушылық пен өндіріс, 

улитарлық  және  эстетикалық  қасиеттердің  үйлесімділігі  жиһазды  өнеркәсіптік 

өнер туындысы ретінде қарастыруға мүмкіндік береді, яғни ол адамға тұрақты 

оң  әсер  ету  мақсатында  бізді  айнала  қоршаған  күнделікті  заттық  әлемді 

эстетикалық өзгерту болып табылады[1]. 


387 

 

Ағаш  жиһаз  адамзат  өркениетінде  көп  мыңжылдықтан  бері  бар. 



Материалдың  қолжетімділігі,  төмен  жылуөткізгіштігі,  экологиялық  тазалығы, 

ағаштың қайталанбас суреті және функционалды зат қана емес, сырттай қарау 

және  қолмен  ұстаудан  эстетикалық  ләззат  алуға  болатын  тұрмыстық  керек-

жарақтарды  жасау  –  мұның  бәрі  жиһаз  таңдау  кезінде  өте  маңызды  болып 

табылады. 

Бәлкім, бірінші жиһаз тұрғын жайға әкелінген ағаштың бос қуысты (шіріп 

кеткен)  діңгегі  болған  шығар.  Оны  сақтауға  арналған  ыдыс  ретінде 

пайдаланған.  Қақпағының  болуы  оған  отыруға  мүмкіндік  берсе,  кейіннен  ол 

сандыққа айналды. 

Ағаштан  жиһаз  жасаған  бірінші  адамдар  мысырлықтар  болған.  Біздің 

заманымызға  жеткен  суреттер  мен  археологиялық  олжаларға  ұқсас  олар 

табуреттер 

мен 

үстелдер 



жасаған. 

Кейіннен, 

құрал-саймандардың 

жетілдірілуімен,  металлургияның  дамуымен  және  қоладан  темірге  көшуімен 

адамзат  қатаң  функционалдық  міндеттерді  шешуден  шебердің  жұмысынан 

эстетикалық ләззат сыйлайтын интерьер бұйымдарын жасауға кірісті. 

Интерьерге  қайталанбас  стиль  беру  үшін,  дизайнерлер  өз  жұмыстарында 

жиһаздарды  диод  арқылы  жарықтандыру  сияқты  бірегей  әдісті  қолдануда.  Ол 

үшін  мына  жарықтандыру  құралдарын  қолданады:  диодты  шамдар,  диодты 

ленталар  және  диодты  сызғыштар.  Әрине,  бұл  жағдайда  диодты  лентаны 

қолдану  ең  ыңғайлы  әдіс  болып  табылады.  Диодты  лента  жоғары  техникалық 

сипатқа,  бірегей  жарық  сапасына  ие  және  де  интерьер  жарықтандыру 

жұмыстарында  кең  қолданылады.  Диодты  ленталар  иілгіштігінің  арқасында 

кез-келген  жиһаз  элементіне  орнатыла  береді.  Лентаның  желімді  беті  оңай 

орнатуға мүмкіндік береді. Диодты лента сапалы және қауіпсіз материалдардан 

дайындалғандықтан, орнатылатын жиһаз бетін бұзбайды.  



Диодты 

ленталар 

төмен 

деңгейдегі 

вольттық 

кернеумен 

істейтіндіктен,  қызып  кету  және  қысқа  тұйықталу  ықтималдылығын 

азайтады.  Диодты  жарығы,  сәулеленуі  көзді  алмайды.  Сонымен  қатар, 

диодты ленталар түстер мен реңктердің кең ауқымымен қамтамасыз етеді. 

Жарықты және түс гаммасын реттеу үшін реттегіш контроллер қолдануға 

болады. Контроллер – бұл шағын өлшемді электрондық құрал.  

Диодты  лентаның  көмегімен  жұмсақ  жиһаздарды,  журнал  үстелін, 

шкафтарды,  ас  бөлме  жиһаздарын,  шыны  сөрелерді,  әйнектерді  және  де  кез-

келген интерьер бөліктерін жарықтандыруға болады. Сонымен бірге, ленталар 

сіздің интерьеріңізге қайталанбас стиль жасай отырып, иілімділігінің арқасында 

кез-келген жерге оңай орнатылады[2]. 

Шындығында,  интерьер  дизайнындағы  қайталанбас  әдіс  –  жиһаздарды 

диод  арқылы  жарықтандыру.  Жарықтандыруды  қала  үйлері  мен  қала 

сыртындағы  үйлерге  қолдануға  болады.  Жарық  орнату  үлкен  қалалардың 

ритмін және қала сыртындағы үйлердің жайлылығын сезінуге мүмкіндік береді. 

Ағаш журнал үстелшелер баспа өнімдерін сақтау үшін ғана қолданылмай, 

жарқын  сәндік  элемент  болып  табылады.  Оларүйлердежурналдардан  да 

ертепайдаболды, 

бірақолкездеатауыбасқаеді. 

Людовик 

XIV 


388 

 

әдеміағашбұйымдыбағалызаттарсалынғанқобдишасынсақтауғапайдаланған,жар



лықтарғаөзініңпатшалыққолтаңбасындәлсондақойғандыұнатқан. 

Оданкейін 

сарай маңындағыларөзүйлерінеосындайүстелшелердіқоюдысән қылған[3]. 

Қазіргі  пәтерлерде  ағаш  журнал  үстелді  көбінесе  қонақ  үйлерден 

кездестіруге болады, алайда бұл жағдай қатып қалған аксиома емес. Бұл жиһаз 

түрі кіреберіс бөлмеде де, жатын бөлмеде де тамаша көрінеді. Ылғал ағаштың 

басты  жауы  болып  табылатындарын  еске  сақтау  қажет.  Ағаш  бетінің  табиғи 

түсінің «жанып кетуін» болдырмау үшін, күн сәулесінің ұзақ уақыттық тікелей 

әсерінен сақтау қажет[4]. 

Ағаш – салтанатты интерьерлермен де, ең демократиялық интерьерлермен 

де 

тамаша 


үйлесетін 

классикалық 

материал 

болып 


табылады. 

Ағашүстелдершыны  мен  металға  толы  бөлменіңөзіне  де  үйлесіпкетеді. 

Еңбастысы 

– 

оны 



қайжергедұрысорналастырукеректігінбілужәнесәйкеспішінінтаңдау.Онда 

жұмсақ  жиһаздың  жанына  қойған  дұрыс,  сонда  үстел  қажетті  ұсақ-түйектерді 

қоятын  орынға  айналады,  жазба  үстелден  бастап  дастархан  жасайтын  үстелге 

дейінгі  әртүрлі  қызметтерді  атқаратын  болады.  Оның  конструкциясы  берік, 

орнықты,  ал  беті  –  механикалық  зақымдаулардан  қорғалған  болуы  тиіс.  Көп 

жағдайда  журнал  үстелшелерінің  аяқтары  доңғалақтармен  толықтырылып, 

оларды  қажеттілік  бойынша  жылжытуға  мүмкіндік  береді.  Сәндік  элемент 

ретіндеүстелтерезеніңжанынаорналастырылады,  немесеинтерьердегіөзге  бос 

орындытолтырады. 

Бұлжағдайда, 

оныңфункционалдылығынаемес, 

сыртқытүрінекөбіректалапқойылады. 

Олағаштыңбағалытүрлеріненжасалып, 

жартылайбағалытастарменкөмкерілеалады,  пішіні  де  өзгешеболуымүмкін, 

осылайшаүйиелерініңкөзқуанышынаайналады. 

Ал 


шағынбөлмелердекішігірімәсемүстелмінсізүйлесімтабады [5]. 

Ағаш  журнал  үстел  жылу  мен  жайлылық  бере  түседі.  Себебі  ағаш  – 

тыныштық пен үйлесім туғызып, өз жанының бір бөлшегін айналадағылармен 

бөлісетін  жанды  материал.  Оның  үстіне,  ағаш  жиһаз  –  асқан  беріктік  пен 

төзімділікке  ие  ең  экологиялық  таза  және  ыңғайлы  жиһаз.  Сонымен  қатар, 

қытайлық фэн-шуй ілімінің тұжырымдамасына сай, ол адамның ақыл-ойының, 

эмоционалдық және физикалық дамуына жағдай жасайды. 

Біз 


өз 

тәжірибе 

жұмысымызда 

ағаш 


журнал 

үстелдерінжиһазжасауғаарналғанталаптардыескере,заманауижарықтандыру 

арқылы әсемдедік. 

Қорыта  келгенде,  интерьер  дизайнындағы  қайталанбас  әдіс  жиһаздарды 

жарық  арқылы  декорациялау  болып  табылады.  Жаңа  электрондық 

технологиялар жиһаздарын әсемдеуге көп мүмкіндік береді. 

 

Пайдаланған әдебиеттердің тізімі: 

1.

 



Барановский В.А. Проекты мебели для вашего дома. 2005. — 344 с. 

2.

 



Журнал «Сам себе мастер» М.: Гефест-Пресс. — 36 с. 

3.

 



Левадный В.С. Мебель для нашего дома. М.: Аделант, 2005. — 288 с 

4.

 



Янг М.Э. Основы декорирования. М.: ACT; Астрель, 2007. — 302 с. 

389 

 

5.



 

Лацис М.С.(отв. ред.). Дизайн интерьера. 500 идей для типовых квартир. 

М.: Эксмо, 2012. — 336 c 

 

 



Касымова А.Г.

1

, Жолдыбекова А.Б.



1.Ғылыми жетекшісі, физика-математика ғылымдарының кандидаты, 

доцент 

2. Студент 4 курста, физика-математика және жалпы техникалық пәндер 

кафедрасы, мамандықтың «Физика» 

 

МИҒА ШАБУЫЛ ӘДІСІН ФИЗИКА САБАҒЫНДА ҚОЛДАНУ 

 

ХХ ғасырдың басында Ж.Аймауытов: «Сабақ беру  – үйреншікті жай ғана 

шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны табатын өнер» деген екен. 

 «Нені  оқыту  керек?»  деген  сауалға  мемлекеттік  білім  беру  стандарты 

жауап берсе, «қалай оқыту керек?» сауалына жауапты тек мұғалімнің кәсіптік 

даярлығынан,  жаңа  технологияны  пайдалана  білуінен,  өзінің  нақты  мақсатын 

дәріс үстінде қалыптастыра білу шеберлігінен іздеу керек. Әрбір мұғалім тиісті 

әдістемелік  іскерлікті  меңгере  білуі,  оқу  материалы  мазмұнын  логикалық-

дидактикалық  тұрғыдан  талдай  білуі  керек.  Оқытушы  өзінің  әр  сабағымен 

шәкірттерін  қызықтыра  біліп,  шәкірттері  сол  сабақты  асыға  күтіп  отыратын 

дәрежеге  жеткізу  қажет.  Сонда  ғана  оқытушы  шын  ұстаз  болғаны  деп 

санаймын.  

Егер  бала  алған  білімдерін орынды  пайдалана  білсе,  еркін,  өзіндік дәлел-

уәждерін  нанымды  жеткізе  білетін,  сыни  пікір  –  көзқарастары  жүйелі  дамып, 

сандық  технологияларда  құзырлылық  таныта  алатын  жеке  тұлға  болып 

қалыптасады. [1] 

Қазіргі  таңда  оқыту  мен  оқудың  сан  алуан  әдіс-тәсілдері  бар.  Сол  әдіс-

тәсілдердің тиімдісін және пайдалысын мұғалім өз еркімен таңдайды. Осындай 

әдіс-тәсілдерді  зерттей  келе,  көңілімнен  шыққаны,  әлемдік  озық  идеялар 

негізінде  жасалынған  жобалардың  бірі  –«Миға  шабуыл»  әдісі. Миға  шабуыл 

әдісін  1941  жылы  А.Ф.Осборн  ұсынған  болатын.  Әуел  баста  жарнамалық 

бизнесте  қолданылған бұл әдіс адамның шығармашылық ойлауына қозғау салу 

мақсатын көздеген еді. Бұл әдіс шетелдерде кеңінен қолданылып келеді. Біздің 

елімізде де осы әдісті қолданудың маңызы зор. Миға шабуыл оқушының өзін-

өзін  жоғары  бағалауына,  ойын  еркін  айтуына,  жаңа  идеялар  мен  ойларының 

туындауына жол ашады. [2] 

Тәжірибе  жүзінде  көз  жеткізгенім  қазақ  балаларынан  гөрі  орыс  ұлтының 

балалары  ойларын  ашық  жеткізеді  және  ойын  айтудан  қысылмайды.  Қазақ 

балалары  көп  жағдайда  ойын  жеткізуге  қысылады  және  сыртқы  бағалаудан 

қорқады.  Сол  себепті  көп  оқушылар  біліп  тұрғанын  да  айта  алмай  немесе 

жеткізе алмай жатады. Осы олқылықтың алдын алу және болдырмау үшін миға 

шабуыл әдісін бүкіл Қазақтандық мектептерде негізгі әдіс ретінде қолданылса 

нұр  үстіне  нұр  болар  еді.  Бұл  әдістің  негізгі  ерекшелігі  бүкіл  пәндерге  және 


390 

 

бастауыштан жоғарғы сыныптарға дейін еш қиындықсыз өткізуге болады. Бұл 



жердегі ең негізгі мәселе –«сұрақтың дұрыс қойылуы». Сұрақ дұрыс қойылған 

жағдайда ғана жақсы нәтижеге жетуге болады.  

Бұләдістіңнегізгіміндеттері: 

 

Мүмкіндігіншекөпидеялардыжинақтау; 



 

Ғылыминемесеоқуғақатыстымәселелердішешу; 

 

Оқушылардың шығармашылықойлауындамыту; 



 

Ынтымақтастықтыдамыту. 

Миғашабуыл 

— 

топ 



мүшелерініңбелгілібір 

 тақырыпбойыншабелсендіжұмысістейотырып, 

соғанқатыстыайтылғанидеяларынөзішіндеталқылап, 

ортақкелісімгекелгендеріннегіздепжазыпұсынуәрекеті. 

Бұләрекетжүргізушітарапынаннақтыбелгіленгенуақыткөлеміндеорындалуышар

т. 


«Миға шабуыл» әдісін қолдану ережелері  

Миға  шабуыл  барысында  идеяларды  сынамаңыз,  бағаламаңыз, 

талқыламаңыз және қорғамаңыз. Топ ішіндегі жұмыс барысында Сіз тек: «Бұл 

керемет идея екен?», деп қана айта аласыз. Ал жеке-дара жұмыс жасағанда  өз-

өзіңізге  тым  сыни  көзбен  қарамаңыз:  «Айналадағылардың  күлкісін  келтіретін 

ақымақ идея ғой!» деген сипаттағы өзіңізді — өзіңіз сынауыңыз креативтікпен 

жанаспайды әрі жолыңызда түрлі кедергілерге соқтырады. 

Миға шабуыл әдісін қолданып өткізілетін сабақтың мақсаты 

 

оқушыларға  өз  идеяларын  айтқызу.  Бұл  жерде  оқушылардан  тек  қана 



дұрыс және тура идеяларды айтуды талап етпеу керек. 

 



балаларды «көпшілік» алдында өз ойын қорықпай жеткізуге үйрету. 

 



балаларды қиялдауға үйрету. 

 



балаларды  біртіндеп  сөйлеуге,  сөйлеп  жатқан  баланың  сөзін  бөлмей 

тыңдауға және оның ойын құрметтеуге үйрету. 

 

баланы  әрқашан  қолдап,  мадақтап  отыру  керек.  Оның  ойы  шындыққа 



жақын келмеседе. 

 



баға баланың жауабының дұрыс немесе бұрыстығына емес, оның сабаққа 

белсенді қатысып, өз идеяларын айтып отырғанына қойылады.[3, б. 78-82] 

 «Миғашабуыл»  соңында   жеке  адам  немесе  топтар  айтылған  ойлардан 

жалпы қорытынды жасау үшін  процестің нәтижесін қарастырады. 

Миға шабуыл әдісінің артықшылықтары: 

 



уақыт үнемделеді; 

 



топпен 

жұмыс 


істеу 

барысында 

оқушылар 

арасында 

ынтымақтастық, сыйластық, достастық қасиеттері жақсы дамиды; 

 



оқушы ойын еркін айтуына мүмкіндік туады; 

 



бастауыш сыныптарға да, жоғары сыныптарғада қолдануға болады; 

 



кез келген пәнге қолдануға болады; 

 



оқушының пәнге деген қызығушылығы артады

 



оқушының ізденушілік, шығармашылық қасиеттері дамиды; 

 



қиын тақырыптарды да оңай меңгеруге көмектеседі.[4, б 51-52] 

391 

 

Бұл  әдіс  елімізде  кеңінен  қолданылса  болашақ  ұрпақтың  қамы  үшін 



уайымдамасақта  болады.Миға  шабуыл  әдісін  физика  сабағына  да  қолдану  оң 

нәтиже  беріп  келеді.  Өз  сабақтарымда  бұл  әдісті  көп  қолданамын.  Себебі  бұл 

әдісті үй тапсырмасын сұрау кезінде де, жаңа сабақты түсіндіру барысында да, 

сабақты  бекіту  кезінде  және  рефлексия  кезіндеде  қолдануға  болады.  Ең 

алдымен миға шабуыл әдісінің өткізілу кезеңдеріне тоқталып өтейін.  

1.

 



Сыныпты  екі  топқа  бөлеміз  (3-4  топқа  бөлугеде  болады).  Бір  топ 

«пікір айтушылар», ал келесі «сарапшылар». 

2.

 

Оқушыларға  ойынның  шартын  түсіндіріп,  екі  топтың  міндеттерін 



айту  керек.  Оларға  кез  келген  идеяны  ,  күлкілі  немесе  қиял  ғажайып  болсада 

айтуға болатынын, ешкімге де біреудің идеясына күлуге болмайтынын ескерту 

керек.  Әр  бала  кемінде  бір  идея  айтуы  керек.  Идея  қанша  көп  болса  сонша 

жақсы. 


3.

 

Екі топқада тапсырма беріледі. 



4.

 

Бірінші топ өз шешімдерін айтады, әрине бір ғана емес, қанша идея 



туады  соның  бәрін.  Екінші  топ  барлық  идеяларды  асықпай  тыңдайды  және 

жазып алады. Бірақ үндемейді. 

5.

 

Мұғалімде ол идеяларды жазып отыруы керек. Мүмкіндік болса бұл 



сабақта күйтаспаны қолданған жөн. 

6.

 



Барлық  идеялар  тыңдалып  болған  соң,  сөз  сарапшыларға  беріледі. 

Олар  ақылдаса  отырып,  ең  жақсы  деген  идеяларды  таңдайды  және  өз 

идеяларын ұсынады. 

7.

 



Келесіде топтардың орнын ауыстыру керек. 

8.

 



Балаларды  қызықтыру  үшін  –  қызықты  сұрақ  немесе  қызықты 

құбылысты алған дұрыс. 

Мысалы: Стақандағы қайнаған суды қалайша тез арада суытуға болады: 

Балалардың жауаптары: 

1)

 

Салқын су немесе сүт құю керек 



2)

 

Ауданы үлкен ыдысқа құю керек 



3)

 

Тағы  бір  сондай  стакан  алып,  арасын  алыс  ұстап  бір-біріне  құю 



керек 

4)

 



Көп мөлшерде тосап немесе қант қосу керек 

5)

 



Мұз салу керек 

6)

 



Салқын қасықтарды салып қою керек 

7)

 



Тоңазытқышқа  немесе  салқын  су  құйылған  үлкен  ыдысқа  салып 

қою керек және т.б 



Миға шабуыл әдісін үй тапсырмасын сұрау кезінде қолдану. 

Физика  сабағы  мемлекеттік  білім  беру  стандарты  бойынша  7-сыныптан 

бастап  оқытыла  бастайды.  Осы  кезеңде  миға  шабуыл  әдісін  қолданудың 

маңызы  зор.  Ең  алғаш  физиканы  оқыту  кезінде  біз  оны  табиғатпен,  қоршаған 

ортамен  және  қарапайым  өмірмен  байланыстырып  түсіндіреміз.  Осы  жетінші 

сыныпта  күрделі  әрі  ауқымды  тақырыптардың  бірі  Ньютон  заңдары.  Осы 

тақырып бойынша үй жұмысын сұрауға мысал келтірейін: 

a)

 



Оқушыларды үш топқа бөлеміз; 

392 

 

b)



 

Әр топ өз іштерінен сарапшыларды сайлайды; 

c)

 

Сарапшы барлық айтылған пікірлерді жазып отырады; 



d)

 

Топтарға 



тапсырма 

беріледі:«Ньютон 

заңдарының 

біздің 


тұрмысымыздағы мәні»; 

e)

 



 1-топ Ньютонның бірінші заңы. 2- топ Ньютонның екінші заңы, 3- 

топ Ньютонның үшінші заңы; 

f)

 

Әр  топқа  7  минут  ойларын  айтуға  және  3  минут  сараптап  негізгі 



идеяларды анықтауға беріледі; 

g)

 



Мұғалім  үш  топтың  да  негізгі  идеяларын  тыңдайды  және 

толықтырады. 



Миға шабуыл әдісін жаңа сабақты түсіндіру кезінде қолдану. 

Мысал ретінде 9-сыныптың Астрономия тарауындағы «Жұлдызды аспан» 

тақырыбын  алайық.  Көп  жағдайда  үй  жұмысы  сұралынып  болған  соң, 

оқушылардың  жаңа  тақырыпты  игеруге  зауқы  соқпай  қалады.  Осындай 

жағдайларда олардың көңілін сабаққа аудару үшін қызығушылығын ояту керек. 

a)

 



Ең алдымен оқушылардан кітапты жабуларын сұраймыз

b)

 



Тақырыпты тақтаға үлкен әрі анық етіп жазып қоямыз; 

c)

 



Оқушылардың  ішінен  пысық  әрі  шапшаң  оқушыны  тақтаға 

шығарамыз. Ол айтылған пікірлерді жазып тұрады; 

d)

 

Оқушылардан  тақырып  бойынша  бір  немесе  бірнеше  сөйлемнен 



тұратын ақпарат беруін сұраймыз; 

e)

 



Әр  оқушы  өз  идеясын  параққа  жазады.  Оған  5  минут  уақыт 

беріледі; 

f)

 

Барлығы жазып болған соң, біртіндеп оқып шығады; 



g)

 

Жаңа  тақырып  болған  соң  сарапшы  мұғалімнің  өзі  болады. 



Идеяларды тыңдап негізгілерін тақтаға жаздырады; 

h)

 



Жазылған  идеяларға  сүйене  отырып,  мұғалім  жаңа  сабақты 

түсіндіреді; 

i)

 

Бұл  жағдайда  барлық  оқушының  назары  сабаққа  ауады.  Себебі  ол 



өзі айтқан идеяның дұрыстығына көз жеткізу үшін мұғалімді мұқият тыңдайды. 

Миға шабуыл әдісін сабақты бекіту  кезінде қолдану. 

Физика  сөзі  табиғат  деген  ұғымды  беретінін  бәріміз  жақсы  білеміз.  Біз 

табиғаттың  бір  бөлшегі  болғандықтан,  бүкіл  өміріміз  физикамен  ұштасып 

жатыр.  Физика  пәнінің  негізгі  мақсатыда  осыда.  Оқушыларға  физиканың 

өмірмен  байланысын  түсіндіру.  Осы  орайда  миға  шабуыл  әдісін  8-сыныптың 

«Қайнау.  Булану.  Конденсация»  тақырыбын  бекіту  кезінде  қолдануға  мысал 

келтірейін: 

a)

 



Оқушыларды екі топқа бөлеміз. Пікір айтушылар және сарапшылар

b)

 



Тапсырма  беріледі:  қайнау,  булану,  конденсацияға  мысалдар 

келтіру(өзіміздің қарапайым көріп жүрген мысалдар); 

c)

 

Бірінші  топ  өз  пікірлерін  толық  айтып  болған  соң,  екінші 



сарапшылар тобы оның ішінен шындыққа жақынын таңдап алып, қосымша өз 

мысалдарын келтіреді; 



393 

 

d)



 

Осылайша  барлық  оқушылар  бұл  тақырыпты  жақсы  түсінеді  және 

есте сақтайды. 

Миға шабуыл әдісін рефлексия немесе кері байланыс кезінде қолдану. 

10-сынып  физикасында  негізінен  электрлік  құбылыстар  туралы  көп  өтеді. 

Сондай  сабақтардың  бірі  –  Ом  заңы.  Осы  тақырыпта  миға  шабуыл  әдісін 

қолданып қалай кері байланыс алуға болады соған мысал келтірейін: 

a)

 

Тақтаға өз қалауы бойынша бір оқушыны шығарамыз; 



b)

 

Стикерге  бір  сөз  жазып  (мысалы:  Ом)  оқушының  маңдайына 



жабыстырамыз. Оны сол оқушыдан басқалардың бәрі көруі керек; 

c)

 



Тақтадағы  оқушы  маңдайындағы  жасырын  сөзді  табу  үшін  қалған 

оқушыларға  сұрақ  қояды.  Сұрақ  саны  10-нан  аспауы  керек  (мысалы:  бүгінгі 

тақырыпқа  қатысты  ма?,  Адам  ба?,  Өлшембірлік  па?,  Оны  көзбен  көре 

аламызба т.б). Бұл жерде оқушы әр қойған сұрағын мұқият зерттеп сол арқылы 

шындыққа жол іздеуі керек;  

d)

 



Қалған оқушылар тек қана ия немесе жоқ деп қана жауап береді; 

e)

 



Осылайша өз қалауы бойынша бірнеше оқушыны шығаруға болады. 

 

Әдебиеттер тізімі: 

1.

 

http://www.grandars.ru/student/marketing/metod-mozgovogo-shturma.html 



2.

 

http://psyfactor.org/personal/personal12-03.htm 



3.

 

Білім берудегі менеджмент 2013ж, №12, 78-82 бет 



4.

 

Математика және Физика 2015ж, №4, 52-53 бет 



 

 

Жигитов А.Б.

1

, Карасаева С. М.



1.Ғылыми жетекшісі, аға оқытушы, жаратылыстану ғылымдарының 

магистрі 

2.Студент 4 курста, физика-математика және жалпы техникалық пәндер 

кафедрасы, мамандықтың «Кәсіптік оқыту» 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет