Оқушының оқу қиындықтарының сипаты мен дәрежесіне қарай бір немесе бірнеше білім беру қажеттілігі анықталуы мүмкін. Оқушылардың ерекше білім қажеттілігі оқытудың кез келген кезеңінде пайда болады.
ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау –оқу процесі барысын- да оқушыны қолдаудың түрін, формасын, көлемін анықталған оқу қиындықтары, олардың пайда болу себептері мен механизмдері негізінде белгілеу. Оқу процесі барысында қиындықтары бар балаларды анықтау және олардың ерекше білім алу қажеттіліктерін бағалау екі деңгейде жүзеге асырылады.
Оқушының қажеттілігін бағалау мен қолдау көрсетудің бірінші деңгейі.
бағалау мен қолдауды тікелей мұғалім жүргізеді. мұғалім формативті бағалау процесінде оқу қиындықтарын бірінші болып анықтайды (егер ерек- ше білім беру қажеттіліктерін мектепке дейінгі жаста пмпк анықтамаған болса). Оның міндеті – өзбетінше қиындықтардың сипатын, олардың пайда болу себептерін, оқушының қалыптасып жатқан білімдерінде олқылықтарын анықтау. Осы алынған ақпарат негізінде мұғалім оқушының сыныптағы оқу барысына қолдауды ұйымдастырады (жекелік тәсіл).
мұғалімнің оқушыны қолдау тәсілдері:
-оқу нәтижелерін бағалау тәсілдерін өзгерту;
-бақылау материалдарын өзгерту;
-сыныптағы оқу орнын белгілеу және бейімдеу;
егер оқушыда мұғалімнің жекелік көмегіне қарамастан бір немесе бірнеше пән бойынша оқу бағдарламасын меңгеруде қиындықтары сақталса, онда мұғалім мектептік психологиялық-педагогикалық қызметінен көмек сұрап, 7- форманы толтырады (а-қосымшасы).
Оқушының қажеттілігін бағалау мен қолдау көрсетудің екінші деңгейі.
Қажеттіліктерді бағалауды мектептің психологиялық-педагогикалық қызметінің мамандары жүргізеді (психолог, логопед, арнайы педагог, әлеуметтік педагог). Олар ата-аналарын кездесуге шақырып, балалардың оқудағы қиындықтары және ерекше білім беру қажеттілігін бағалау тура- лы мұғаліммен бірге хабардар етеді. балалардың мамандардың көмегіне қажеттіліктерін бағалау үшін ата-аналарының жазбаша рұқсатын алу қажет 6- форманы толтырады (а-қосымшасы).
әрбір маман арнайы әдістер мен тәсілдерді қолдана отырып, оқушының оқу қиындықтарын тудыратын даму ерекшеліктері мен себептерін анықтау мақсатында тереңдетілген тексеру жүргізеді (психологиялық, логопедиялық,
арнайы педагогикалық). тексеру барысында маман оқушы дамуының әлсіз жақтарын ғана емес, сонымен бірге күшті жақтарын көрсетіп, оқушының табысты болу ресурстарын да анықтайды. тексеру нәтижелері бойынша маман мыналарды белгілейді:
қандай мамандар оқушыға қиындықтарды еңсеруге көмектесе алады (психолог, логопед, арнайы педагог);
оқытудың қандай әдістері мен тәсілдері ең тиімді болады;
оқушының оқу орнын қалай бейімдеу керек.
психолог, логопед, арнайы педагог, әлеуметтік педагог анықтаған оқыту қиындықтарының себептері негізінде мұғалім мен психологиялық- педагогикалық қолдау мамандары жүргізетін жекелік оқу бағдарламасының мазмұны белгіленеді. мамандар көмегінің бағыты мұғалімнің сабақтағы жекелік тәсілінің және балаға ата-аналары көрсететін көмегінің мазмұнына сәйкес келісіледі. мамандар көмегі жекелік және топтық сабақтарда іске асырылады.
мұғалім мен мамандардың көмегі қысқартылған оқу бағдарламасын табысты меңгеруге ықпал жасамаған жағдайда (1-3 оқу тоқсандар ішінде),қолдау қызметі оқушының ата-анасы пмпк-не ұсынымдар алу үшін жіберіледі (ата-анасының келісімімен). бөлектенген жағдайда психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету мамандарының тексеру нәтижелерін сараптағаннан кейін пмпк ұсынымдарын алу жөнінде шешім қабылданады.
Оқушының қажеттілігін бағалау мен қолдау көрсетудің үшінші деңгейі. Оқушының қажеттіліктерін бағалауды психологиялық-медициналық- педагогикалық кеңес мамандары жүргізеді. бағалау нәтижелері бойынша пмпк оқушыға арнайы педагогтың, ассистент-педагогтың көмегін, білім алудың варианттарын ұсынуы мүмкін: тұрғылықты жеріндегі жалпы білім беру сыныбында, арнайы сыныпта, арнайы мектепте. ҚР «білім туралы» заңының 49 бабына сәйкес білім беру ұйымын таңдау құқығы ата-аналарға беріледі. ата-аналар тұрғылықты жердегі мектепті таңдаған кезде, мектеп оқушыға мұғалімнің және қолдау көрсету мамандарының көмегін пмпк
ұсынымдарына сәйкес қамтамасыз етуі тиіс.