Редакция ал қ



Pdf көрінісі
бет9/15
Дата21.02.2017
өлшемі3,55 Mb.
#4639
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15

Фонетикалық парықтар 

Мұнда негізінен тіл дыбыстау 

жақтарындағы парықтар көзде ұсталады. 

Ауызекі тілде болсын, жазба тілде болсын, 

екіұдай айтылып, екіұдай жазылып жүрген 

сөздер бар, Яғни, уақиға – оқиға, бәйге – бәйгі, 



әпкеншек – әткеншек, ғайып – айып, айқай – 

айғай, білім – ілім, палуан – балуан, жүз – дүз, 

жүзім – үзім, бөлегі – бөлігі, үлгіру – үлгеру, 

аспан – асбан, арқылы – арқалы, күзеуліктен 

– күзектен, ұрықсат – ұлықсат, теңіз – деңіз, 

ұқық – құқық, арам – харам, лаңман – лағман, 

ғалым – алым, әрекет – харекет, құдағи – 

құдағай деген сөздер фонетикалық парықтарға 

жатады. Және де тілімізде үнемі айтылатын 



риза – разы – ырза қатарлы сөздер сан құбылып 

айтылады да тыңдаушыға да, тіл үйренушіге 

де көп қиындық келтіреді. Әрине, тілімізде 

кезігетін мұндай мың құбылмалылықтың 

қазақ әдеби тіліне тигізер пайдасы мардымды 

бола қоймас. Кейде кейбір дыбыстардың сөз 

ішінде орын алмасуы, дыбыстардың өзгеруі, 

түсіп қалуы сынды жайттар үнемі ұшырасып 

отырады. Мәселен: қария – кәрия, қазір – кәзір, 

тоспал – тұспал, шұбар – шыбар, құлұн – 

құлын, бұлғары – былғары, таста – тыста, 

назағай – нажағай – найзағай – ажағай, 

бес – беш, сақшы – шақшы, қалың – қалын, 

масқара – машқара, жаутаңдау – жәутеңдеу, 

таңдай – таңлай, маңдай – маңлай, тізгін – 

дізгін, жүзік – дүзік, түңлік – түңдік, жыңдау 

– жыңлау, әтейі – әдейі, тұмақ – тымақ, 

батыру – матыру, бірдеңке – бірдеңе, лұқсақ 

– рұқсат, қыран – қыраң, зорлық – зордық, 

кигіз – киіз, шапағат – шапқат, текемет – 

тегемет, шегара – шекара, әпкел – әкел, алып 

бер – әпер, ана жаққа – ана йаққа, бұл жаққа – 

бұй  аққа, ол жаққа – о йаққа, өлең – өлен, қалың 

– қалын, барайық – баралы, келейік – келелі, 

суғару – суару қатарлы сөздерді сан мыңдап 

табуға болады. Тілімізде үнемі кезігетін, әрине, 

от басы, ошақ қасында айтылатын тұрмыстық 

лексикадағы сөздердің бәріне бірден реттеу 

жүргізіп, тезге салу – оңай-оспақ жұмыс емес, 

десе де жазу емлеміздің қағидасымен, жазба 

тіліміздің дәстүрі бойынша мүмкіндігінше 

ең дұрыс сөзді істете білуіміз шарт. Тілімізде 

ұшырасатын тостаған – тостақан, аңғал 

– анғал, үкімет – өкімет, жойқын – жоян, 

ашты – ашшы сынды фонетикалық егіз 

сөздердің құбылысынан мағына дербестігін 

тудыруға ұрыну – біздіңше, қолайлы тәсіл емес. 

«Әйтеуір өзіміздің тіл ғой», – деп, барлығын 

қалағанымызша істетуге қарай ұрынар болсақ, 

берер пайдасынан зияны көбірек тиеді. Қазіргі 

күндері баспа беттерінде уақиға – оқиға, құқық 

– ұқық сынды сөздердің қатар істетіліп жүргені 

көп қиындық тудырады. Әр адам қалағанынша 

сөз қолданатын ауқым үрдіс алып отыр. Әрине, 

мұндай жағдай әркімді алаңдатпай қоймайды.   



Лексикалық парқы  

Tіліміздегі сөздік қор мен сөздік құрамды 

зерттейтін сала «лексикология» делінеді. Сөздік 

қор – тілдегі барлық сөздің жиынтығы. Қазақ 

тілінде қолданылатын сөздердің бәрі – тілімізді 

молайтатын негізгі құрам. Жерлік сөздер де 

одан тыс қала қоймайды.  

Өзінің туып-өскен жерінде айтылмайтын 

кейбір сөздерді естіген кісінің алғашында 

ғажаптанарлығы табиғи. Мұндай жерлік 

сөздерді естіген кісі көбінде алды-артын 

ойластырмай, өзгенің сөзіне тели салады.  

Іс жүзінде кейбір сөздердің тамыры тереңде 

жатқанын ескермеу әбестік саналары хақ. 

Тіліміздегі жергілікті сөздердің пайда 

болуының екі түрлі себебі бар: бірі – қазақ 

халқы әлмисақтан тартып, бір-біріне жақын 

диалектілерде сөйлейтін түркі тілдес тайпалық 

одақтар мен ру-тайпалардан құрам тапқаны – 

шындық. Халқымыздың антогенездік (тектік) 

құрамында күні бүгінге дейін сақталып келе 

жатқан қоңырат, меркіт, керей, найман, үйсін, 

қаңлы сынды рулардың болуы – осының дәлелі. 

Бұл ру-тайпалар кейін қазақ халқын құраса да, 

өз кезінде ата-бабалары сөйлеген сөздердің 

қалдықтарын белгілі дәрежеде сақтап, уақыт 

өтуіне сай, заман қажетіне сәйкес өзгертіп 

отырғаны белгілі. Ал екінші себебі – қазақ 



ШЕТЕЛ ҚАЗАҚТАРЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ

ШЕТЕЛ ҚАЗАҚТАРЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ

№ 2 ( 2 0 1 6 )

№ 2 ( 2 0 1 6 )

56

57

халқы да өзге елдер секілді мәдени, экономика, 



саяси т.б. жақтардан көршілес елдермен тығыз 

байланыста болған. Тілімізде тарихи себептерге 

байланысты араб-парсы тілдерінен, моңғол, шағатай 

тілдерінен, өзге түркі тілдес ұлттардан, орыс, қытай 

тілдерінен қабылданған сөздерде әр жерде ұқсамаған 

варианттар  пайда болған. Яғни, жергілікті тілдер 

ғайыптан пайда болмаған. Олардың тарихи тегіне 

шынайы көз жүгіртіп, әдеби тіліміздің қажетіне 

сай пайдалана білуіміз, қажет болғанда кейбір басы 

артық сөздерді істету-істетпеу жағын да заман 

тұрғысынан тезге салып көруіміз өте орынды деп 

қараймыз.   

Қазақ халқы өмір сүріп отырған ұқсамаған 

өңірлердегі қазақтардың жасаған ортасының 

ұқсамауы, өзге ұлттармен аралас-құраластығының 

тығыз-сирек болуы, қала өміріне алыс-жақындығы 

сынды әртүрлі объективтік, субъективтік себептердің 

салдарынан ұқсамаған жерлік сөздердің қалыптасып 

отырғандығы – шындық. Мәселен, шығыс-солтүстік 

диалектісінде:  жоңышқа, тайынша, шелек (кәтел), 



дардай, шөңке, шөл жер, кілегей, сүзбе, қалақ, 

табын, мұз қант, бауырсақ, күпәна, ауызүй, орамал, 

ұйық (әдетте жұқасын «байпақ», қалыңын «ұйық» 

деп айтады), шолпы немесе сүзгіш, елеген, тегене, 



тартпа, таба, үлкен шыны, шап айыл, моржа, 

бәренгі, матша, елек; батыс-оңтүстік диалектісінде: 

беде, тана, мосы, әлем, шәшке, мейнәм жер, маңыз, 

қатық, қасық, бада, науат, тоқаш, шөмеле, далан 

үй, лөңгі, байпақ, шойла, шылапшын, табақ, шалғы, 

көмбе қазан, кесе, шандыр айыл (шандыр тартпа), 

керней, кәртөшкі (кәртөпиә), белағаш, елгезер т.с.с.   

Лексикалық жақтағы мұндай парықтарды 

ішкерілей зерттеп, құныға іздеген зерттермендер 

молынан кезіктіре алады, тіпті бір аймақта тіршілік 

кешіп жатқан қазақтардың рулары арасында кезігетін 

кейбір сөздердің ұқсамаған тұрғыда айтылуы – 

тіпті де қызығарлық жайт. Тілімізде үнемі айтылып 

жүретін құрбы-құрдас деген сөздің мағынасын 

албан тілінде кейде теңқұр деген сөзбен бейнелеп 

жүр. Тартпа, айыл деген сөзді қос тартпа деп 

атайды. Жапсыру сөзі шаптау делініп жүр. Албан 

тілінің лексикасына тән ерекшелікте тұлып сөзін 



мес, торсық, шанаш деген сөздердің орнына 

қолданады. Тілімізде шелек деген сөз – негізінен 

сұйықтық құйылатын ыдыстың жалпылама аты, 

албан тілінің лексикалық сөздерінде бұл тіпті де 

айқындалып, темір шелек, ағаш шелек  делініп, 

шелектің неден жасалғандығын тіпті де анықтап 

көрсетеді. Мәшиненің дөңгелегін кейде шөлмек 

деп атайды. Тіліміздегі «шөлмек мың күн сынбай, 

бір күн сынады» деген тіркестің құрамындағы 

«шөлмек» «іс тігетін мәшиненің қайығы» дегенді 

көрсетеді. Шылапшын деген сөзді албан тілінде 

кірші деп атайды. Албан тіліне тән тағы бір 

ерекшелік – «құрбы, құрдас, тел қозыдай тең 

өскен» деген мағынаны білдіретін бәстәс сөзін 

кейде көрші деген сөздің орнына алып жүр. Көрші 

сөзін кейде қошына деп, тайынша  сөзін тана деп 

атайтын жәйттер де жиі ұшырасады. Жоғарыдағы 

мысалдардан мынаны айқын байқауымызға әбден 

болады: әрқандай зат негізсіз пайда болмайды, 

оның өзіндік келу тегі болады. Бір ұлтта айтылып 

жүрген ұқсамаған сөздерге ой жота тұжырым жасап

бүкілдей жоққа шығарғанымызбен, оның бізге берер 

пайдасынан зияны көбірек. Ал тілімізде осындай 

ұқсамаған жерлік сөздердің жүруі, бір жағынан, 

тілімізді байытқанымен, екінші жағынан, түсінуге 

үлкен кедергілік жасайды. Бәлкім, уақыт өте келе 

біреуі үстем орынға шығып, енді біреуі ұмытылуы 

да әбден мүмкін. Десе де жазба тіліміз айшықты 

болуы үшін әрбір зиялы қауым пікір бірлігіне келуі, 

қай сөзді әдеби тілде істету керектігін ой елегінен 

өткізуі керек, өте-мөте қолдану аясы ең көп сөзді 

көбірек істетуге дағдылануымыз қажет. Енді мақал-

мәтелдерді, фразеологиялық тіркестерді мысалға 

келтіре отырып, қолданыста жүрген бірқатар 

сөздердің қолданылу аясына тоқталып көрелік. 

Мәселен, шелек, кәтел, мосы сөздерінің ішінде біреуі 

негізгі орынға шығуы керек. Меніңше, шелек сөзін 

істетуді ақылға қонымды деп қарауымызға болады. 

Себебі тілімізде үнемі айтылатын Айран сұрап келіп, 



шелегіңді жасырма, Айран ішкен құтылып, шелек 

жалаған тұтылар деген мәтелден шелектің жиі 

қолданылатындығын байқаймыз. 

Әрі әдеби тілде бұл сөздің қолданылу аясы 

біршама кең. Мәселен: 

Етектерін белдеріне қайырып түріп алған, 

алжапқыш тартқан қалыптарымен қолдарына 



шелектерін ұстасып, жүргіншілерге қарап:

– Қалашылар келеді, қалашылар келеді! – деп 

айғайлады («Абай», 1-том, 11-бет) . 

Дәл жанында үлкен биік шелекке ашытып қойған 

түйенің қымызы бар еді («Абай››, 1-том, 156-бет). 

Оспан әдейі сол араға тығылып тұр, Абай 

қыспаққа ала берсе,  сол шелектің бір септігін 

көрмек («Абай», 1-том, 156-бет). 

Мұндай мысалдар романның көп жерінен кезігіп 

отырады.  

Ал қасық пен қалақ сөздерінің қолданулы 

жиілігін тексерер болсақ, қасық сөзі көбірек 

қолданылады. Мәселен: құрғақ қасық ауыз 

жыртар. Бұл мәтел Махмұт Қашқаридің «Түркі 

тілдер сөздігінде» ұшырасады. Қасықтап ішіп, 



шөміштеп төгу, қасықтай қаным, шыбындай 

жаным деген тіркестерде қасық сөзі қолданылады. 

Шелек, қасық сөздері өзге түркі тілдес халықтарда 

ұшырасады. Ұйғыр, қырғыз сынды ұлттарда 

айтылуында азырақ фонетикалық өзгеріс 

болғанымен, мағынасы ұқсас. Жоңышқа мен 



беде сөздерінің бірін істетуге тура келсе, әрине, 

жоңышқа сөзін қолданған абзал. Себебі қазіргі 

күндегі жазба тілдерде жоңышқа сөзі молынан 

істетіліп жүр. Бауырсақ, тоқаш сөздеріне келер 

болсақ, әрине, бауырсақ сөзін қолдану ақылға сыяр 

еді. Себебі ол сөздің қолданылу аясы біршама кең. 

Мәселен: дастарқан үстіне үш табаққа сап 

ашыған бауырсақ қойысты («Абай», 1-том, 183-бет). 

Тегене, табақ сөздерін тезге салар болсақ, Іле 

өңірінде қол жууға істететін ыдысты табақ деп 

айтады, тегене сөзі аз қолданылады. Алтай өңірінде 

тегене сөзі көбірек қолданысқа түседі. Екеуінің 

ортасындағы парықты ескере отырып, тегене сөзін 

істету ақылға қонымды болар деп есептейміз. 

Тегене сөзі әдеби шығармаларда жиі 

қолданылады. Мәселен: Алшынбай әңгімесінің 

тұсында, қарабас ауыз үйден қамыс тегенеге 

толтырып қымыз әкеп еді. Шүңет келген сырлы сары 



тегене («Абай», 1-том, 183-бет) .   

Тонар деген сөздің орнына албан тілінде тандыр 

сөзі қолданылады. Бұл араб тіліндегі таннұр сөзінен 

алынған. Оны бір жерлерде меш деп те атайды. Жер 

тандырдай болып кеуіп кетіпті деген сөз тіркесіне 

негізделсек, тандыр деген сөзді алғанымыз дұрыс 

секілді.  

Грамматикалық ерекшелігі  

Тілдің грамматикалық өзгеріске түсіп 

отыратыны – табиғи шындық. Уақыт өтуіне ілесе, 

сөздік құрам молаяды, кемелденеді, тіліміздегі 

бірқатар сөздер өзгереді. Дегенмен фонетикалық, 

лексикалық өзгешеліктермен салыстырғанда, тілдің 

грамматикалық өзгерісі өте баяу болады. Мәселен, 

етістік сипатты сын есім болып табылатын есімшенің 



-тын/-тін жұрнағы кей өңірде -тұғын болып 

айтылады: кір жуатын (жуатұғын) мәшине, оның 



көзі көрмейтін (көрмейтұғын) болып қалды

Бұйрық мәндегі етістіктің 1-жағы 



(-айық/-ейік

ауызекі тілде 



-алы/-елі болып келеді. Мысалы: 

барайық – баралы, келейік – келелі. Тіпті ауыз 

әдебиет үлгілерінде барғыл, келгіл түрінде де 

ұшырасады. 

Қазақстанның оңтүстігінде тұрмыс кешіретін 

қазақтар мен Қытайдағы албан руларының тілдері 

негізінен ұқсас болып келеді. Албан, суан сынды 

Ұлы жүзге енетін рулар болғандығынан да солай 

болуы мүмкін. Мәселен, алыңыз деген сөз Оңтүстік 

Қазақстанда  алың немесе алғын деп айтылады, 

барыңыз деген сөз барың немесе барғын делінеді. 

Барың деген сөз Оңтүстік Қазақстандағы қазақтардан 

сырт, түрікмен, қарақалпақтарға іргелес қазақтардың 

тілінде де кезігеді [1].   

Моңғолия қазақтарында әдеби тілдегі кейбір 

сөздердің буындары түсіп қалып, қысқарып 

айтылады. Мысалы: әйтеу – әйтеуір (Қыстай 



ауырып, әйтеу өлмөгөсөң отырмын), тұтқидан – 

тұтқиылдан (Әшейін тұтқидан айта-ақ салғаны) [3].  

Бұйрық райдың бірінші жағы ауызекі тілде 



-алық/-елік болып айтылады. Мәселен: баралық, 

көрелік. Ал Іле өңірінде негізінен албан диалектінде 

көрелі, баралы түрінде айтылады. Ана жақ деген 

тіркес ана йақ, мына жақ деген тіркес мына йақ 

делініп, көрсе игі еді деген тіркес көрсигі еді деп 

айтылып жүр. Халық ауыз әдебиеті үлгілерінде 

бұйрық райдың екінші жақтық жекеше түрі барғыл, 

келгіл болып та айтыла береді.  

Түйіндеп келгенде, жоғарыда қазақ тілінің 

жергілікті орындағы тілдерінің фонетикалық, 

лексикалық, грамматикалық жақтардағы кейбір 

ұқсамастығына талдау жасап өттік. Бұлар қазақ 

тілінің жалпы тұлғасына үлкен өзгеріс енгізе 

қоймайды. Дегенмен уақыт ұзарған сайын парықтың 

ұлғая беретіні хақ. Бұл жағы әлі тереңдей ойлануды 

қажет етеді.   

Әдебиет тізімі:   

1. Омарбекұлы С. Қазіргі тіл білімінің өзекті 

мәселелері. – Алматы: Арыс, 2007. - 119-б. 

2. Гің Шымиын, Мәкен, Жұматай Қазіргі қазақ 

тілі. – Бейжің: Ұлттар баспасы, 1999. 

3. Қазақ диалектологиясы. – Алматы: Ғылым, 

1965. - 37-б.

ШЕТЕЛ ҚАЗАҚТАРЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ

ШЕТЕЛ ҚАЗАҚТАРЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ


№ 2 ( 2 0 1 6 )

№ 2 ( 2 0 1 6 )

58

59

– «Арулар» одағы қашан 



және қандай ой-мақсатпен 

құрылғанын баяндап берсеңіз.

– Моңғолиядағы қазақ 

әйелдерінің «Арулар» одағы 2006 

жылы 11 мамырда құрылды. 

Одақтың атын Моңғолияның Еңбек 

сіңірген мәдениет қайраткері, 

жазушы Сұлтан Тәукейұлы 

ұсынды. Үкі мен ою әшекейленген 

ұйымның таңба белгісін «Адмон» 

компаниясының дизайнері Табиғат 

Абдоллаұлы жасады.  

Бұл қоғамдық ұйым 

Моңғолиядағы азғана қазақтың, 

соның ішінде Ұланбатыр 

қаласы мен орталық аймақтағы 

қандастарымыздың тілін, дінін, 

салт-дәстүрін насихаттау, келешек 

ұрпаққа жеткізу және түрлі салада 

еңбек ететін қазақтың  қыздары 

мен әйелдерін Моңғолия көлемінде 

және өзге де шетелдерде таныту 

және олардың тілек-армандарын 

тиісті мекемелерге жеткізу, 

басқадай бейресми ұйымдармен 

бірігіп жұмыстауды өзіне мақсат 

етіп қойды.  Біз осы бағытта 

жұмыстайтын Моңғолия көлемінде  

басқа да бейресми ұйымдармен 

бірігіп жұмыс жасаймыз. Бұл елдегі 

50-ге жуық бейресми әйелдер 

ұйымдары арасында қол жеткізген 

жетістіктері мен қоғамдағы абы-

ройы мен беделі жағынан «Арулар» 

одағы көшбасшылар қатарынан 

көрініп жүр. 

 



 «Арулар» одағының үніне 

айналған «Ару жұлдыздар» жур-

налы қашан дүниеге келді?

– Бұл әдеби-көркем журналдың 

шыға бастағанына да биыл 10 

жыл толып отыр. Мезгіл сайын 

жарық көретін «Ару жұлдыздар» 

басылымында да өз мақсатымыз 

бойынша Моңғолиядағы қазақ 

әйелдерінен шыққан ғалымдар, жа-

зушылар, кәсіпкерлер, мемлекеттік 

қызметкерлер мен халыққа үлгі-

өнеге болатын аналарды насихат-

таймыз. Таралымы 1000-1500 дана 

көлемінде. Осыған қарамастан 

журналымыз тек Моңғолияда ғана 

емес, Қазақстан, Қытай, Түркия, 

АҚШ және Еуропа елдеріндегі 

қандастарымыз арасында да өз 

оқырмандарын тауып жатыр. 

Бүгінгі күні журналдың 41 саны 

жарыққа шықты.



– Осы арада «Арулар» одағы 

мен «Ару жұлдыздар» ұйытқы 

болған шаралардың ауқымы ту-

ралы да аз-кем айтып өтсеңіз.

– Қазақстаннан сырт елдегі 

қазақтардың бір бөлігі Моңғолияда 

тұрып жатқанын білесіздер. Олар 

Моңғолия қазақтарының орталығы 

атанған Баян Өлгей аймағынан 

басқа, ел астанасы Ұланбатыр 

қаласы мен Қобда, Төв, Хэнтий, 

Дархан уул, Орхон, Сэлэнгэ сияқты 

орталық аймақтарда да қоныс 

тепкен. Біз ішкері аймақтардағы 

қандастарымызбен көбірек жұмыс 

жасауға тырысамыз. Онда одақтың 

алдына қойған  мақсат-міндеттеріне 

сай іс-шараларды қала тұрғындары, 

студент жастар ішінде ғылыми 

конференция, кездесу түрінде 

өткіземіз. Мәдени іс-шараларды 

әдетте басқа ұйымдармен және 

ондағы кәсіпкер ағайындармен 

бірігіп  тек қазақ тілінде жүргіземіз. 

Бұл «осындағы азғана ағайын сол 

елдің тіліне, дініне кіріп кетпесін, 

өзіміздің қазақтығымызды, салт-

дәстүрімізді сақтасын» деген оймен 

жасалады. Сондай-ақ салт-дәстүрді, 

қолөнерді насихаттау үшін әсіресе 

шебер әйелдердің кездесуі мен 

солардың көрмелерін жасаймыз. 

Бұдан бөлек жыл сайын ұлағатты 

ұрпақ өсіріп, тәрбиелеп, отбасының 

ұйытқысы болып, ел мәртебесін 

көтеруге сүбелі үлес қосқан ана-

ларды «Ару ана» атағымен мара-

паттаймыз. Оған ие болғандарды  

«Ару жұлдыздар» журналы мен 

Моңғолия ұлттық телеарнасындағы 

«ТВ-Толқын» бағдарламасы арқылы 

бүкіл жұртшылыққа таныстыруды 

дәстүрге айналдырдық.

– 

Айнагүл  Сарайқызы, 

Моңғолияның дамуына қазақ 

әйелдерінің қосқан үлесі қандай?

– Қазақ әйелдері Моңғол елінде 

революция жеңгеннен бастап 

ерлермен бірдей еліміздің дамып-

көркеюіне өз үлесін қосып келеді. 

1930 жылға дейін қазақ әйелдерінің 

саяси құқығы шектеулі болды. Одан 

кейін партия, жастар ұйымдарына 

сайлану, сайлау құқығына ие болып, 

өз ықтиярлығымен тұрмыс құратын 

болды. 

1940 жылы Ұлы Хурал өкілі, 



Мемлекеттік Кіші Хурал мүшесі әрі 

басқармасына алғаш рет қарапайым 

жұмысшы әйел – Жәмила 

Әбселенқызының сайлануы қазақ 

әйелдері үшін тарихи бетбұрыс 

болды. Жәмиламен бірге Өшетай 

Садыққызы Ұлы Хурал мүшесіне 

сайланып, ел билігіне араласып, 

еліміздің тарихында есімі қалды. 

 – Қазақ әйелдерінің арасынан 

бірінші боп шығып, қоғамның 

түрлі саласы бойынша өзгелерге 

жолбасшы болып, үлгі-өнеге 

көрсеткен тұлғалардың есімін 

атай аласыз ба? 

– Алғашқы зиялы әйелдер тура-

лы, соның ішінде дәрігер, мұғалім, 

журналист, жазушы қатарлы рухани 

салада табысты қызмет атқарып, 

көпке танымал болған аналарымыз 

бен қыз-келіншектерімізді еске ал-

мауымыз әбестік болар. Ең алғашқы 

қазақ  мұғалім Қазира Жәлел 1944 

жылы жас кадрларды дайындау 

мектебін бітірген.  

Баян Өлгей аймағында осы 

заманғы медицина негізі аймақ 

орнағаннан кейін 1941 жылы 

қаланған. 1948 жылы Ш. Өмірзақ,  

Т. Әбілмәжін, Х. Шағи, Нәбейхан, 

Бикен, С. Күлизалар Алматы 

қаласына келіп медицина учили-

ще сінде оқыған. 1954 жылы Моң-

ғолияның мемлекеттік универ-

ситетінде медицина факультетін 

бітіріп, Тоня Әбілмәжін мен 

Марзия Жүніс медицина саласын-

да ұзақ жылдар бойы басшылық 

қызмет атқарған. Қазақ әйелдерінен 

тұңғыш рет дәстүрлі медицина 

мен ине қою, тамыр айыру арқылы 

емдейтін Пашка Ережеп дәрігердің 

де орны бөлек. 

Аймағымызда 1956 жылы 

ашылған Музыкалық драма 

театрының алғашқы білімді 

әртістерінің бірі – Қайжамал Бақыш 

1960 жылы «Моңғол еліне еңбек 



МОҢҒОЛИЯДАҒЫ 

«АРУЛАР» ОДАҒЫНЫҢ 

ҚҰРЫЛҒАНЫНА 

 

10

 жыл толды



ШЕТЕЛ ҚАЗАҚТАРЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ

ШЕТЕЛ ҚАЗАҚТАРЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ

Мамыр айында 

Моңғолия дағы қазақ 

әйел дерінің «Арулар» 

одағының құрыл ғанына  

10 жыл толды. 

Біз осыған орай 

Моңғолиядағы қазақ 

әйелдерінің бүгінгі 

тыныс-тіршілігі мен 

олардың қоғамдағы орны 

туралы одақ төрағасы, 

«Ару жұлдыздар» 

журналының  бас ре-

дакторы Айнагүл 

Сарайқызын сұхбатқа 

тартып едік. 

Айнагүл Сарайқызы

№ 2 ( 2 0 1 6 )

№ 2 ( 2 0 1 6 )

60

61

сіңірген әртіс» атағын алған. Ал 



Рамазан Қуанбай қазақ әйелдері 

ортасынан тұңғыш рет Ресейде 

инженер-технолог мамандығын 

алып, сауданың озат қызметкері, 

кейін қазақ әйелдерінен шыққан 

министрліктің алғашқы бөлім 

бастығы болды. Сол сияқты қазақ 

қыздарынан алғаш рет зоотехник 

мал дәрігері, агроном мамандығын 

игерген Ғайни, Әйемхан, шахматшы 

Жәмилаш, Жіңкей апаларымыздың 

еңбегі – бір төбе. Ал желмая жүйрік 

атанған Алданыш Рамазан апайы-

мыз алғашқы қазақ спортшысы ғана 

емес, Моңғол елінен олимпиадаға 

қатысқан әйел ретінде тарихта аты 

қалды. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет