Қ
азақстанның халық жазушысы,
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Қабдеш Жұмаділов туралы сыр-
толғаныс Қабдеш Жұмаділов туралы сөз
болғанда, оның өзіне тиесілі тарихи міндетін
орындаған ұлт азаматы, нағыз халықтық
жазушы екендігіне ешкім күмән келтірмейді.
Өйткені қаламгердің жеке басының тағдыры
да, көркемдік әлеміндегі кейіпкерлерінің
тағдыры да – ұлы атамекендегі қандастары үшін
мүлдем тосын құбылыс еді. Өзіне бүкіл көшпелі
қауымның соңғы бір көшінің рухани қуаты
мен бақ-талайын, азаттықты аңсаған арманы
мен азабын, қуанышы мен қайғысының көз
жасын аманат етіп тапсырған міндетті Қабдеш
Жұмаділов табандылықпен және қайсарлықпен
орындап шықты. Ол сол арман-мүдденің
жыршысы ғана емес, соны жүзеге асырған
нысаналы тұлға дәрежесіне көтерілді.
Тәуелсіз Қазақ мемлекетін құруды аңсаған, сол
үшін күрескен және сондай бақытқа жетіп тұрып,
империялардың тәлкегіне ұшыраған тағдырлардың,
«Елім!» деп еңіреген ерлердің жан дүние сін жеті
бірдей романына арқау еткен Қабдеш Жұмаділов,
міне, бұдан сол ұлттың жеке мемлекет, оның
ішінде, тәуелсіз мемлекет болғанын көріп, көріп
қана қоймай, оның рухани жырауына айналды.
Зады, жазушының ең үлкен бақыты, орындалған
арманы – осы шығар. Өйткені дәл осы Тәуелсіздікке
Қабдештің жазушы, азамат ретіндегі қосқан үлесі
ерекше. Оны тұлға дәрежесіне жеткізген де – сол
мақсат.
Тағдыр талайынсыз талант тумайды. «Ақыл мен
мінездің сауытына сыйып» (Абай), ағысқа қарсы
жүзбеген парасат-пайым иесінің тұлға дәрежесіне
көте рілуі де қиын. Бұл реттен алғанда, Қабдештің
басына түскен тағдыр талқысы да тауқыметті.
Бірақ түбі қайырлы, жұбанышы басым болды.
Егер де Қабдеш Жұмаділовті қазақ қауымының
рухани сахнасына дәл осы заманда шығарған ұлы
ұстаз – қазақтың тарихы десек, ара ағайын мұны
«асылық» демейтін шығар. Себебі балапанын
биік құздың басынан лақтырып жі беріп, жерге
тақағанда қағып алып, қайтадан лақтырған ана
қыран сияқты, Қабдешті екі елдің арасында кезек
шайқап, шыңдаған да – сол қилы заманға ұшыраған
ұлтымыздың тағдыры.
Елден елдің бөлінгені – қасі рет. Алайда сол көшке
үйір қазақтың тапқан бір олжасы – ұлттық мәйегінің
бір сығымын аман-есен сақтап қалды. Қапалы әрі
қауырт көш жолында талай-талай текті тұқымдар
телімге ұшырады. Атамекеннен бастап Анадолыға
дейінгі Гималай мен Гиндукуш тауларының
арасында талай Қабдештер мен Әбіштер қалды ғой.
Әбіш Кекілбаевтың үйі де үрке көшіп, Иранға бет
алып бара жатқан жолынан кездейсоқ тағдырдың
себебімен елге қайтқанын оқығанда, бұған анық
көзім жетті. Сондықтан да Қабдештің арамызда тірі
жүруінің өзі – сол күндердің нысаналап жіберген бір
сәлемі сияқты. Демек, Қабдеш – жай талант емес,
тағдырлы, нысаналы талант. Бұл сөз ұзақ жылдар
бойы «арғы беттен келген» деген кемсіткен сөзді
естіп, бетіне шіркеу түскендей болып күн кешкен
Қабдештің жүрегін жұбата қоймас, бірақ айтылуы
және бүгінгі ұрпақтардың білуі тиіс шындықтың бірі.
Әйтпесе не ата тегінде, не білім мен тәрбиесінде,
не ұлтжандылығында өзгелер миығынан күлетіндей
еш кемістігі жоқ еді. Өйткені Қабдештің бойындағы
азаматтық қасиеттер де сонау Әлихан мен Ахмет
сияқ ты Алаштың көсемдерінен рухани күш алған еді.
Сауатын сол Ахаңның «Әліпбиімен» ашқан ұрпақтың
ұлтының қамын ойламай өсуі де мүмкін емес. Бұған
Қабдештің туған ортасы да әсер етті. Ортасыз өскен
талант – жапандағы жалғыз ағаш сияқты, дараланып
көрінгенімен де, саясы аз, келешегі келте.
Ал Қабдеш болса, қазақтың үш ғасырдан
бергі тарихының кіндігі байланған, жеңісінің де,
жеңілісінің де, күресінің де куәсі болған Жоңғар
қақпасының қапталында туды. Қасиетті Тарба-
ғатайдың бүйіріндегі «Шәуешек» атты осынау
шағын қалада XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасыр дың
ұзына бойындағы тарихи қозғалыстардың әрқилы
мүдде лерінің шытырман күресі жүріп, тайқазандай
буырқанып жатты. Өзгелерді былай қойғанда, жер
шарын бөліп билеуге ұмтылған үш империяның
– Ресейдің, Қытай дың, Ұлыбританияның – өзара
пәтуаға келіп, қол қойысқан шаһары да – осы
Шәуешек еді. Мәнжу империясы мен қытай отар-
шылдығына қарсы ұлт-азат тық көтерілістің, тәуелсіз
Шы ғыс Түркістан мемлекетін орна ту жолындағы
күрестің, қазақ, ұйғыр, дүнген ұлттарының азаттық
қозғалысының ұйытқысы тура сол ара болғанын
ескерсек, мұ ның өзі Шәуешек қаласының тарих тағы
орнын анықтап береді.
1950 жылы Шығыс Түркістан мемле кеті
құлатылғанша Алаш тың ұлттық идеологиясы
Шығыс Түркістанның ресми идеологиясы ретінде
өмір сүрді. Алашқа қатысты тарихи кітаптар мен
қолжазбалардың әлі күнге дейін сақталып қалуы
сондықтан.
Ал Қабдеш болса, Ахаңның «Әліпбиімен»
сауатын ашты, Әлекеңнің саяси бағдарын
ұлттық мұрат ретінде жаттап өсті, Жақаң сияқты
«жаңқамның өзі алаштың керегіне жарасын» деп
мақсат қойды. Ұлт-азаттық идеясын бойына сіңірген,
Ресей мен Қытай империясының отаршылдық
сая сатын бүге-шігесіне дейін талдаған, «азат
мемлекеттің азаматы» атанып қалған кезінде екі
басты алып самұрық пен жеті басты айдаһардың
қаһарына ұшыраған халқымен қоса Қабдеш те
алпысыншы жылдардың басында тағдырдың
сілікпесіне ұшырады. Алматыда оқып жүрген
студентті кері шақыртып алып, «оңшыл ұлтшыл»
атандырып, басына «қалпақ кигізіп», көмір
шахтасынан бір-ақ шығарды. Зады, мұндай айып
тағылып, ұлтшылдығы үшін түрменің дәмін татқан
жазушы да осы Қабдеш болу керек. Тағдыр бұл
жолы да Қабдешті қамқорлығына алып, қазақтың
«соңғы көшіне» ілесіп, ұлы мекеніне ат басын тіреуге
мүмкіндік берді.
Міне, сонда ғана өмірдің қақ пақылында жүрген
Қабдеш ауыр тыныс алып, өзінің өмірінің ең басты
мақсатын жүзеге асыруға кірісті. Тағдырдың оған
тартқан сыбағасы жеткілікті еді. Енді соны ел
мүддесімен ұштастырып, қалың қазақтың рухани
қажеттілігіне жарату міндеті тұрды. Жоңғар
қақпасындағы «құс жолы» – «қазақ жолы» болған
өлкенің тари хы мен тағдырын жазу Қабдештің
пешенесіне жазылды. Бұған оны бойға біткен
таланты ғана емес, ұлт алдындағы перзенттік парызы
да мәжбүр етті.
Қазақ әдебиетінің алпысыншы жылдардың
ортасындағы тағдыры – бақытты тағдыр.
Ұлтымыздың бар мүмкіндігі ашылып, қазақ
идеясының басы қайта ұлттық нысана ретінде
құрала бастаған тұсы да – сол кез. Зауалға ұшыраған
отыз жылдың ішінде елдің санасын тұман басып,
өткен ұмытылып, жалаң идея ғана қалған еді.
Тың қуатпен келген жаңа толқын да, айтары мол
алдыңғы ағалар да өз шығармалары арқылы ұлтының
мүддесін жеткізуге бет бұрды. Міне, сол қазақ
идеясының қалып тасуына Қабдеш те батыл кірісіп,
тосын тақырыбымен күні кеше ғана тәуелсіз ел
болған Қазақ мем лекеті бар екенін қалың қау ым-
ға көркем шындық арқы лы баяндап берді. «Соңғы
көш» ро маны қолына тигенше Шығыс Түр кістан
мемлекетінің өмір сү р генінен шегара маңындағы
жұрт шы лық болмаса, жалпы қазақ тың мағлұматы
аз еді. Осындағы Жа сыбай, Жағыпар, Нұрбек,
Нартай, Оспан, Дубек, Тұрсын, Шәкен бейнелері
арқылы айтыл ған қазақтың қазақтық қасиетін сақтап
қалу идеясы әркім нің жанына орындалмайтын
армандай болып ұялап қалды. Жасы үлкендер мұның
астарында Алаш орданың ұлы мақсаты жатқандығын
бірден аңғарды. Қабдеш тарихи шындықты жазып
отырса да, көркем шындық арқылы ол арманды ұлы
жұрттағы қазақтың тағдырымен ұштастыра отырып
суреттеді. Көшпелі өмір дің соңғы көші-қонымен
қоса «қазақ» деген ұлттың тарихтан ысырылып бара
жатқанын барынша қанық та анық айтты. Шығыс
Түркіс танның құлауын қасіретті көріністермен
бейнелей отырып, Қазақ станның да мұрат-мақсатын
жоқтады. Атауы басқа болғанмен де, атамекеннің де
арыз-арманы соның ішінде құмыға қайнап жатты.
Ұлттық идея – саяси ұғым емес, үлкен мәні бар
ғылым. Ұлт тық идеясыз ешқандай халық дербес
өмір сүре алмайды. Қазақ идеясы Алашорданың
тұсында өте биік ғылыми сатыға көтерілді. Ол –
ұлттық құрылым, тектілік сыпат, дәстүр, психология,
сөйлеу мәнері, экономикалық күнкөріс тәсілі, ойлау
жүйесі, рәсімдік салттар, ғылыми атаулар, оның
ішінде ұлттың өзіне тікелей қыз мет ететін ғылым
мен білім саласы, халық саны, тағы да басқа толып
жатқан рухани сыпаттарды қамтиды. Міне, осындай
күрделі мәселелерге біз әлі де жете көңіл бөлмей
келеміз. Мұны Қабдеш Жұма ділов «Соңғы көш»
дилогиясында көркемдік шешімінің негізгі нысанасы
етіп алды. Қазір де өзінің көсемсөздерінде үзбей
қозғап келеді. Қазақ идеясы – Қабдеш Жұмаділовтің
өмірлік мақсатының алтын діңгегіне айналды.
«Тәуелсіздік» деген – тәтті де, ащы да, қасиетті
де сөз. Бірақ бұл сөзді қазақ зиялыларының екі
бірдей толқыны ашық айта алмай кетті. Діліміз
(менталитетіміз) бен санамыздың жұтаң тартқаны
сондай, дербес мемлекеттікке қол жеткен бүгінгі
бақытты күн деріміздің өзіне наразы болып,
Тәуелсіздікті тәбетіне айырбас тап жүрген
қандастарымыз бар. Оларды беттен тырнауға да
болмайды. Өйткені империялық идеологиядан
басқа ешқандай тосын ой оларды мазалаған емес.
Өзгеше ойлауға мүмкіндіктері де, мұршалары
да келмеді. Ал Қабдеш Жұмаділов «Соңғы
көш» арқылы «қазақтың демократиялық ұлттық
мемлекеті» деген ұғымды адамдардың тағдырлары
арқылы бейнелеп берді. Ұлт-азаттық көтерілістің
рухы жалындаған бұл шығармадағы ұлыханьдық
шовинизм мен империялық отарлаушылыққа қарсы
күрес, астарын аударып қарасаңыз, ұлы орыстық
шовинизмді де айыптау болып табылатын. Сол бір
идеология қыспағында жарияланған романды дәл
қазір оқып отырып, Қабдештің қалай әдібін жатқыза
баяндағанына таңғаласың. Зады, ұлы арманның өзі
ілгері жетелеп, жебеп отырған сияқты. Ал «Тағдыр»
романы арқылы екі империяның өз мүддесі үшін
жері, тілі, діні, өрісі, қыстағы біртұтас ұлтты қалай
аяусыздықпен екіге бөл генін көсіле суреттеді.
Жайлауы жатқа, қыстауы өзіне қалып, баласы
басқа мемлекеттің қарауына кетіп, өзі Отанында
қалған тағдырларды қылыштың жүзімен бөлген
де – сол империялық қомағай пиғыл. Социализмнің
өзін сол ұлы ханьдық және ұлыорыстық мүддеге
бағындырған аяр сая сатты барынша әшкерелеген
де – Қабдеш Жұмаділов еді. Иә, жалғыз ол емес.
Бірақ Мұхтар Әуезовтің «Қилы заманынан» кейін
мәселені бүркемелемей, болған тарихи оқиғаны
нақты жазған жазушы – осы Қабдеш. Сол үшін талай
сөз естіп, ыммен шеттетілді. Соның есесін сексен
жас қа келген, мақтанға еліге қой майтындай кемелді
тұсында қайтарып, бағасын беріп жатсақ, әбден
орынды ғой деп есептеймін.
Әр таланттың өзегіне біткен алтын жүлгесі бар.
Қабдеш үшін ол жүлге – қазақтың елдігінің тағдыры.
Кез келген жазушының кемеліне келгендігін
танытатын және шығармашылық шыңына
бағалайтын бір туындысы барлығы анық. «Соңғы
көш» пен «Тағдыр» – сондай шығармалар.
Қазақ елінің екі ғасырлық өмірі қамтылған,
тарихи оқиғалар мен бірін бірі толықтырған
бейнелер әдебиетіміздің беттерінен ықылым
заманға дейін өше қоймайтын тұлға ретінде өмір
сүретініне сенім мол. Соған «Дара боз» дилогиясы
келіп қосылғалы да біраз болды. Алдыңғы кітап-
ҚАБДЕШ ЖҰМАДІЛОВ – 80 ЖАС
ҚАБДЕШ ЖҰМАДІЛОВ – 80 ЖАС
№ 2 ( 2 0 1 6 )
52
тың жарыққа шыққанына қан шама уақыт өтсе де,
тым-тырыс жат қан әдеби сынның назарын түбінде
бір аударатын роман – бұл. Марқайған, әбден ақыл-
тәжі рибесі толысқан тұста қаламына арқау болған
Қаракерей Қабанбай батыр туралы бұл шығарма,
жұрт күткендей, атыс-шабыстан, найза мен
қылыштың жарқыл-жұрқылынан, жоңғарды жапыра
қырған батырды бейнелеген батальдық көріністерден
тұр майды. Қолдан батыр жасап, қолпаштап, теңеу
таба алмай қи налып жүрген Қабдеш жоқ. Өзге-өзге,
Қабанбайдың өмірі небір таңғажайып оқиғадан кенде
емес.
Алайда Қабдеш Жұмаділов «Дарабоз» романын-
да мүлдем басқаша әдеби тәсіл қолданған.
Аңыздан батырдың бейнесін аршып ала отырып,
Қабанбайды алқын-жұлқын, ретті-ретсіз жекпе-
жектерге қатыстырмай, кәдім гі сабырлы ақыл иесі
ретінде сурет тейді. Қабанбайдың білек күшінен
гөрі ақыл қайраты басым. Қалың қауымның мұндай
әдеби әдісті жатырқап қабылдағаны байқалғандай
болған сол кездерде. Өйткені оқырмандарымыздың
талғамын атыс-шабысқа әбден кәніктіріп алған
жайымыз бар. Қабдеш одан бас тартқан. Ол
жауын ақылымен жеңген батырды бейнелеген.
Шындығында да, қанша ержүрек болса да, «батыр
бір оқтық». Ал Қабанбай – «ақтабан шұбырынды,
алқа көл сұламаның» алғашқы шай қасынан бастап
атқа қонып, елу жыл бойы ақ туын көтеріп жүріп,
қазақты қара қонысына қондырып барып, Барлық
тауын жастанған ел тұтқасы. Ресей мен Қытай
империясының әскеріне тосқауыл қою үшін,
ең бастысы, ақыл-айла керек. Абылайдың бас
қолбасшысының парасаты да ханға лайық болғаны
лазым. Ал ретті тұсында жайрататын жауды аямай-ақ
жайратып береді. Батырдың ойлы бейнесі арқылы
Қабдеш Жұмаділов қазақ тарихындағы көмескі
жайлардың көлеңкелеріне ой сәулесін жібе ріп, соны
толғана отырып, санадан өткізуді, шындықты бүрке-
мелемей бүгінге жеткізуді мақсат еткен. Бұл – толған,
толысқан, ұлттық рухани тұлғаға айналған Қабдеш
Жұмаділовтің туған ұлты туралы толғанысы. Ойлы,
пайымды, елдігімізді үнемі еске түсіріп отыратын
байсалды шығарма.
Қабдештің атын шығарған және қалың қауымға
таныстырған алғашқы әңгімесі «Қаздар қай тып
барады» деп аталады. Ашар шылық пен таптық
қуғынға түскен қарт бір кезде арғы бетке өтіп кетеді.
Сонда туған жерінің бір уыс топырағын белбеуінің
ішіне түйіп алған екен. Етікші асуының қиын-
қыспағынан жанталаса жүріп атамекеніне қайтып
оралады. Бұл – сол жылдары қиын-қыспақты кешіп
жатқан Шығыс Түркістандағы қандастарымыздың
асыл арманының бірі еді. Тағдырлы талант
кейінгі жылдары романға ден қойғандықтан да,
шағын жанрдан қол үзіңкіреп қалды. Ол заңды да.
Әйтпесе әзілді астарға толы әңгімелерін сүйсіне
оқыған мен сияқты балапан талаптанушылардың
талайы ның бетін көркем әдебиет ке бұрғанына
еш шүбәм жоқ. Сырттай қарағанда, үлкен шы-
ғар маларының алымды да ауыр тағдырларды
суреттеуге арналғанына қарап, Қабдешті тек
қасіретті көріністердің жазушысы ретінде бағалайды.
Бұл – мүлдем теріс ұғым. Әзіл мен юморға, неше
түрлі қиясбайлық мінезге, махаббат машақаттарына
құрылған әңгімелері кезінде сыншылардың талай
мақаласына арқау болған. Оның қазіргі заманның
көкейкесті мәселелеріне арналған, кішкентай
адамдардың тағдыры арқылы үлкен қоғамдық ой
қозғаған «Сар жайлау», «Сәйгүліктер», «Қа рауыл»
атты повестері мен «Көкейкесті», «Атамекен»
романдары – Қабдештің ізденістерінің жемісін
танытатын шығармалар. Бұл туындыларда
қаламгерлік шеберліктің түрлі қырлары барынша
еркін көрінеді. Бір өкініштісі – осы уақытқа дейін сан
қырлы талантты тұлғаның көркемдік шеберлігі мен
жазушылық лабораториясы жөнінде арнайы зерттеу
жүргізілмей келеді. Біздің ойымызша, Қабдештің
тілдік нақыштары, тарихи шындық пен көркемдік
шындықты қатар тізгіндеудегі шеберлігі – қандай да
болсын сыни жүкті көтере алатын зерттеу тақырыбы.
Ұлтымыздың бойындағы ең қасиетті ұғымның
бірі – «парыз» деген сөз. Менің пайымдауымша,
Қабдеш Жұмаділов – өзінің ұлтының алдындағы
перзенттік, жазушылық парызын толық өтеген
азамат. Ешқандай талант өзінің еңбегін бұлдаған
емес. Бірақ өнер иесі шабыттың қанатында ұшып
жүретінін ескерсек, әр тұлғаны өзіне лайық биікке
көтере білуіміз қажет. Бұл – елдігіміздің белгісі,
адамды сый лаудың атамыздан қалған жолы. Соны
ұмытпағанымыз абзал.
1. суретшінің жас мөлшері 18-35 жас аралығында
болуы тиіс,
2. автордың өмірбаяны, толық мекенжайы және оқу
орны, жұмысы, телефоны көрсетілуі керек,
3. кескіндеме шығарма көлемі 100x150 см-ден кем
немесе аспауы тиіс (материалдары: майлы бояу, гуашь,
акварель, кенеп, картон, ақ қағаз)
4. Графикалық шығарма көлемі 40x90 см
(материалдары: офорт, линогравюра, гравюра,
литография т.б.) көркемдік деңгейі талапқа сай,
тақырыпқа мейлінше лайық болуы тиіс.
Шетелдік және оралман қазақ жастарының арасында
Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай сурет көрмесі өтеді
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және
қоғамдық-саяси жұмыс комитеті 2016 жылдың қазан айында Алматы қаласында
«Алматы – тәуелсіздіктің алтын бесігі» атты шетелде тұратын және оралман қазақ
жастарының өнер фестивалі аясында сурет көрмесін өткізуді жоспарлап отыр.
ЕРЕЖЕСІ
Мақсаты: шетелдегі дарынды қазақ жастарының бейнелеу өнері түрлерін меңгерудегі
шығармашылық шеберлігіне баса назар аудару. Олардың отансүйгіштік, рухани,
ұлттық нақышта бейнеленген, сомдалған тың тақырыптағы шығармаларын
насихаттау.
Міндеті: бейнелеу өнері түрлері саласында шығармашылық шынайы туындыларын
шыңдап жүрген шетелдегі қандас жастарымыз бен оралман қазақ жастарының
еңбектерін көпшілікке таныту.
Суретшілер өздерінің хаттарын мына мекенжайға жібере алады:
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының үйі (Алматы қаласы, Ш.Уәлиханов
көшесі, 43А немесе электрондық адрес: kazaktar.kz@mail.ru, tugan_til79@mail.ru
Тел.: 8(727) 2739025; тел./факс: 8(727) 2739997
КӨРМЕГЕ ҚАТЫСУ ШАРТТАРЫ:
Әрбір автордың көркем шығармасы талапқа сай
безендіріліп (багет), саны 5-7-ден аспауы керек.
Суретшілер өздерінің толық аты-жөні, өмірбаяны,
байланыс телефондары, тұрғылықты мекенжайын
көрсетіп, хат жазуы керек. Ұйымдастырушылар
авторларға өздері көрсеткен байланыс телефондары
арқылы хабарласады.
Жеңімпаздар дипломдармен және ақшалай
сыйлықтармен марапатталады.
ҚАБДЕШ ЖҰМАДІЛОВ – 80 ЖАС
№ 2 ( 2 0 1 6 )
№ 2 ( 2 0 1 6 )
54
55
Қ
азақ тілі морфологиялық құрылысы
жағынан жалғамалы тілдер тобына,
туыстық тегі жағынан алтай тілдері
жүйесінің түркі тілдері тобының батыс түрік
тілдері тармағындағы қыпшақ тілдері тобына
жатады. Жалпы алғанда, қазақтардың тілі – бірлікке
келген тіл, түрлі өңірдегі қазақтардың тілінде
үлкен парық жоқ. Десе де қазақ халқы ұқсамаған
ру-тайпалардан құралған, ұлан-ғайыр далада күн
кешіп жатқандықтан, тілдік мәселелер де аз емес.
Қазақ халқы Қытайдан сырт, Қазақстан, Моңғолия,
Түркия, Өзбекстан, Түрікменстан, Қырғызстан,
Иран т.б. мемлекеттерде орналасқан. Әр жердегі
қазақтар өздерінің қажеті үшін орыс, қытай,
ағылшын, араб, парсы, моңғол т.б. тілдерден лек-
легімен сөз қабылдағандықтан, сөз қолданыста да
көптеген ұқсамастықтар бар.
Қазақ тілінің диалектілері туралы сөз қозғаудан
бұрын, ең алдымен, диалект туралы тоқтала
кетелік. «Диалект» – грек тілінен енген сөз, ол –
жалпыхалықтық, ұлттық тілдің өзіндік ерекшелігі
бар бөлегі. Ол «жергілікті тіл» деп те аталады.
Яғни, жергілікті сөйлеу тілінің жалпыхалықтық
тілден фонетикалық, лексикалық, морфологиялық
жақтан парықталуы. Мәселен, Қазақстанның
Жетісу өңірін мекендейтін қазақтар қолданатын
әпкіш (суды иықпен таситын құрал), елгезер (ұн
елейтін елек), тұма (бұлақ, бастау), мүрде (мола),
мұттайым (жексұрын, оңбаған), Жайық бойының
қазақтары қолданатын бойлай, (ылғи, үнемі), ілкі
(алғаш), мәтөк (кербез), нәрегей (арық қозы),
ұштан (жұқа мата) сөздері республиканың басқа
жерінде тұратын қазақтардың тілінде кезікпейді [1].
ҚХР, ШУАР, Іле
педагогикалық институты,
филология факультетінің
оқытушысы
Диарбек
ӘЛІМАҚЫНҰЛЫ
ҚЫТАЙ
ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ ТІЛІНДЕГІ
ЖЕРЛІК ПАРЫҚТАР МЕН
ӨЗГЕШЕЛІКТЕР
Қазақтардың тілі – бірлікке келген тіл, әр өңірде
жасап жатқан қазақтар бір-бірімен ешқандай
кедергісіз тілдесе береді, үлкен жақтан тілдік парық
болмайды. Десе де ұқсамаған өңірдегі қазақ халқы
арасындағы тілдік парық негізінен ауызекі тілдегі
жергілікті ерекшеліктер мен өзге ұлттармен аралас-
құралас отырғандықтан келіп шыққандығы жалпыға
аян. Мұндай өзгешелікті «жергілікті тіл» деп атап
жүруіміздің де өзіндік себебі бар.
Қазіргі күндері ғалымдардың тұжырымдарына
негізделер болсақ, Қытайдағы қазақ тілі екі
диалектіге, яғни, «шығыс солтүстік», «батыс –
оңтүстік диалектілері» деп айтылып жүр. Шығыс
солтүстіктің қамтитын өңірі біршама кең, жан саны
да недәуір көп. Бұл өңірлерге негізінен Шыңжаң
өлкесі Іле Қазақ автономиялы облысына қарасты
Алтай аймағы, Тарбағатай аймағы, Күнес, Нылқы
аудандары, Бұратала Моңғол автономиялы облысы,
Үрімжі ауданы, Мори Қазақ автономиялы ауданы,
Баркөл қазақ автономиялы ауданы, Ақсай Қазақ
автономиялы ауданы қатарлы жерлер жатады. Батыс
оңтүстік диалектіне автономиялы облыстың Текес,
Шапшал, Қорғас, Құлжа қатарлы төте қарасты
аудандары жатады [2].
Қазақ халқы қоныстанған өңірлердің кеңдігі,
барыс-келістің аздығы, қатынас-тасымалдың
қолайсыздығы салдарынан Іле өңіріндегі қазақтар
мен Алтай, Тарбағатай өңірлерінің қазақтарында
тіл қолдануда фонетикалық, лексикалық,
грамматикалық парықтардың бар екендігіне ешкім
де көз жұма алмайды. Іле өңірінде тіршілік кешіп
келе жатқан албан, суан рулары мен қызай рулары
арасындағы тілдерде белгілі парықтар байқалады.
Мәселен, Іле өңіріндегі албан, суан рулары
тайыншаны тана, шелекті мосы деп атап жүр.
Ал Алтай өңірінде жоңышқа, кәтел десе, Іле
өңірінде беде, шелек деп айтады. Тіпті керпіш,
қыш, кесек, шай балшық деп әртүрлі айтылатын
жағдайлар кездеседі. Бауыр сөзі Алтай өңірінде
«іні» деген мағынаны білдірсе, Іле өңірінде ер
адамның бірге туған аға-інісі, өзге де ер адам-
дарды көрсетеді. Енді ұқсамаған өңірлерде
жасап жатқан қазақтардың тіл қолданысындағы
парықтарды фонетикалық, лексикалық,
грамматикалық тұрғыдан талдау жасап көрелік.
Бұл жекелеген сөздердің дұрыс жазылуына да
септігін тигізері сөзсіз.
Достарыңызбен бөлісу: |