– Моңғолиядағы аймақтық
әйелдер ұйымының тарихы
қай кезден басталады? Қазақ
әйелдерінің Моңғолияның
Жоғары өкілетті органдарына
мүшелікке, басшылық сайлануы
қалай жүрді?
– 1930 жылы Улаанхус
сұмынында Аймақтық әйелдер
ұйымы құрылғанда оған
басшылыққа Тухи Дөрветханқызы
тағайындалған. Ол Шеруші
хошунының үкірдайы Сүкірбайдың
баласы – Дөрветханның қызы бола-
тын. Аймақтық әйелдер кеңесін Ту-
хидан кейін Дулмаа, Дәрия Ерқара,
Бұлшын, Әзине, Лхам, Ләмия
Базанай, Қайжамал Бақыш, Мария,
Әймихан, Күлдан Қашқынбай,
Марияш, Ермеш Сіләмхан, Сай-
ран Сіләм, Алмагүл Есмағзам,
Сәулетхан Бағиман, Майрагүл
Көкежандар басқарды.
Жалпы 1940-1981 жылдары
Моңғол елінің Ұлы және Кіші
Хуралына, Халық Ұлы Хуралына
қазақ әйелдерінің 18-і өкіл және
басқарма болып сайланды. Одан
кейін демократиялық құрылымға
көшкен 20 жылда Халық Ұлы Хура-
лы мен Мемлекеттік Ұлы Құрылтай
мүшесіне аймағымыздан бірде-бір
әйел сайланған жоқ. Баян Өлгей
аймағының тарихында Партияның
орталық комитеті мүшесіне сайла-
нып, жұмыстаған әйел болмады.
1990 жылдан кейін 18 жыл өткенде
ғана қазақ әйелдерінің өкілі болып
Сәуле Жанымхан, Күланда Шоңай
еліміздегі екі үлкен МХРП мен
Демократиялық партияның басқару
кеңесіне мүшелікке сайланды.
Азық-түлік, ауылшаруашылық
министрлігі және Білім, мәдениет,
ғылым министрлігінің тете
министріне тағайындалып, ұлт
азшылығының өкілі болды.
– «Арулар» одағының
Моңғолияның әйелдер одағы
сияқты өзге қоғамдық ұйымдар
мен құзырлы мекемелермен
қарым-қатынастары қалай жүріп
жатыр?
«Арулар» одағы – бүгінгі таңда
90 жылдан астам тарихы бар
Моңғолия әйелдер одағының белді
бір мүшесі. Әйелдердің құқығы,
гендер мәселесі, жанұядағы
зоракерлік, қайшылықтан ту-
ындайтын келеңсіз жағдаймен
күресетін, одан алдын ала сақтану
барысында жұмыс жасайтын
көптеген ұйымдармен бірігіп
жұмыстап келеміз. Біз сонымен
қатар Моңғолдың ұлттық адам құқы
комитетіне де мүшеміз. Сол себепті
үкімет деңгейінде болып жатқан
іс-шараларға да қатысып, «Арулар»
одағының атынан өз ойымызды
жеткіземіз.
– Жастармен тәлім-тәрбие
жұмысы жүргізіле ме?
– Одақ жанында жастардың «Бе-
реке» деген клубы жұмыс жасай-
ды. Бұл қазақ жастарының қазіргі
тыныс-тіршілігімен жақынырақ та-
нысып, ондағы өзгерістерден хабар-
дар болып отыруға мол мүмкіндік
береді. «Жастарымыздың өзінің
ана тілін, діні мен ділін сақтауы
қандай?» деген мәселелер бойын-
ша осы клубпен бірлесіп, түрлі
шаралар өткізіп тұрамыз. Мәселен,
жаңа оқу жылының басында Улан-
батырда оқитын 1-курс студент
қыздармен кездесу өткізіп, тәлім-
тәрбие жұмыстарын жүргіземіз.
Онда жас қыздарға өзіне таныс
емес үлкен қалада өзін қалай
алып жүрудің тәртібі мен жөн-
жоралғысы туралы кеңес беріледі.
Мәселен, Баян Өлгейден келген
жастарымыз моңғол тіліне шорқақ
болса, ішкері аймақтағы балалар
қазақ тілінде сөйлей алмайды. Сол
себепті жоғары оқу орындарының
оқытушылармен бірлесіп, оларға
қазақ тілінде курс аштық. «Жоғары
оқу орнында салт-дәстүріміздің
сақталуы қандай?» деген тақырып
бойынша ғылыми конференция
жасадық.
Сондай-ақ Толғойттағы Омар
мешітінің жанындағы «Ел бірлігі»
бейресми ұйыммен бірлесіп,
қандастарымыз көптен мекендейтін
Налайх ауданында бірқатар жұмыс
атқардық.
– Мерейтойға арналған іс-
шаралар қалай жүріп жатыр?
– «Арулар» одағының
5 жылдығында Мұқағали
Мақатаевтың сөзіне жазылған
Т.Төлендиевтің «Арулар» әніне
бейнебаян түсірген едік. Ал Баян
Өлгей аймағының 70 жылдық ме-
рейтойына «Қазақтың маңдайалды
арулары» атты моңғол тілінде
кітап шығарып, оны жұртшылыққа
тарту еткенбіз. Бұл кітапта 1930-
2010 жылдар аралығында қазақ
қыздарының аймақ пен еліміздің
дамуына қосқан үлесі паш етілді.
Ұланбатырда қазақ әйелдері
арасында олимпиада ойында-
рына ең алғашқы боп қатысқан
Алдан Рамазанқызы тұрады.
Оған «Моңғолияға еңбек сіңірген
спортшы» деген атақ әперу ту-
ралы Президентке хат жазып,
тиісті ұйымдармен байланысып
жатырмыз. Бұған дейін Алданыш
апамыздың «Еңбек Қызыл ту»
орденімен марапатталуына өз
үлесімізді қостық.
Енді 10 жылдық мерейтойға
жоспарланған 10 үлкен шараның
қатарында, одақ жанындағы
жастардың «Береке» клубынан
«Жастардың үні» атты форум-
ды Уланбатыр қаласында, «Біз
қазақтың ұрпағымыз, тілімізді,
дінімізді, салт-дәстүрімізді
ұмытпайық» атты кездесу сұхбатты
Дархан-Уул аймағының Шарын-
гол сұмынында жүрілді. Налайх
ауданында «Қыздармен сырла-
су», «Бата сайысы», «Тілімізді,
мәдениетімізді құрметтейік»,
«Сұрақ, жауап, сұрақ» атты қазақ
мақал-мәтелдерінің сайысы
ұйымдастырылды. Баян Өлгей
аймағында «Сағындырған әндер-
ай» концертін ұйымдастырып,
«Көктемнің көрікті аруы» атты ару
қыздарды сыналту сайысы жүрілді.
Кешікпей «Қазақ қызы» деген
өлеңге бейнебаян түсіріп, «Арулар
10 жылда» деген деректі фильм
жасауға ниеттеніп отырмыз.
– Әңгімеңізге рахмет.
Еңбектеріңізге жеміс тілеймін.
Сұхбаттасқан Е. Кебекбай
Мүшәйра мен терме сайысына 35 жасқа дейінгі
шетелде тұратын және елімізден тыс аймақтарда туып-
өсіп, қазір атажұртқа оралған жас қазақ ақындары мен
жыршы-термешілері қатыса алады.
Автордың шығармасы бұрын еш жерде
жарияланбаған болуы керек.
Бір ақын үш өлеңмен қатыса алады.
бірінші өлеңі – атамекен, ел мен жер, елдік,
патриоттық мәселелер тақырыбында болуы керек
(міндетті);
екінші өлеңі – Зуқа батырдың туғанына 150 жыл
толуына орай батырдың ерлігі мен өмірі туралы
(міндетті);
үшіншісі еркін тақырыптағы өлең болуы қажет.
Терме сайысы еркін тақырыпқа құрылады.
Термешілердің орындаушылық шеберлігіне баға беріледі.
Термешілер Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының
«Атажұрт» баспа орталығына алдын ала хабарласып,
Шетелдік және оралман қазақ жастарының арасында Қазақстан тәуелсіздігінің
25 жылдығына орай жыр мүшәйрасы мен термешілер сайысы өтеді.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-
саяси жұмыс комитеті 2016 жылдың қазан айында Алматы қаласында «Алматы – тәуелсіздіктің
алтын бесігі» атты шетелде тұратын және оралман қазақ жастарының өнер фестивалі аясында жыр
мүшәйрасы мен термешілер сайысын өткізеді.
ЕРЕЖЕСІ
Мүшәйра мен терме сайысының мақсаты:
- Шетелдегі жас қазақ ақындарының жырларын байқауға қатыстыру арқылы олардың ұлттық,
отаншылдық сезімін, Атажұртқа деген махаббатын арттыру, мемлекеттік тілдің мәртебесін одан
әрі көтеру, әлі таныла қоймаған ақындарды, жыршы-термешілерді анықтау, жас дарын иелерін
жұртшылыққа таныстыру;
- Қазақ жастары арасында отансүйгіштікті кеңінен насихаттау, өскелең ұрпақтың бойына ұлттық
рухты сіңіру, тәуелсіздікті терең сезіндіру, елдік мәселелерге сергек қарау.
Ақындар өлеңдерін «Мүшәрайға» деген атпен мына мекенжайға жібере алады: Дүниежүзі
қазақтары қауымдастығының үйі (Алматы қаласы, Ш.Уәлиханов көшесі, 43А немесе
электрондық адрес: kazaktar.kz@mail.ru, tugan_til79@mail.ru
Тел.: 8(727) 2739025; тел./факс: 8(727) 2739997
МҮШӘЙРА МЕН ТЕРМЕ САЙЫСЫНЫҢ ШАРТЫ:
тіркеуден өтуге, мүмкіндігі болса, орындайтын
термелерінің үнжазбасын тапсыруға міндетті.
Өлеңдер 2016 жылдың 15 қыргүйегіне дейін
қабылданады. Жіберілетін өлең мәтінінің астына
автордың толық аты-жөні, өмірбаяны, байланыс
телефондары, тұрғылықты мекенжайы көрсетілуі шарт.
Ұйымдастырушылар авторларға өздері көрсеткен
байланыс телефондары арқылы хабарласады. Алдын
ала іріктеуден өтіп, конкурсқа жіберілгендердің
арасынан арнайы әділқазылар алқасының қатысуымен
жүлдегерлерді анықтау, оларды марапаттау рәсімі 2016
жылдың қазан айындағы фестиваль аясында өткізіледі.
Әділқазылар алқасының шешімімен жеңімпаздарға
бес дәреже бойынша жүлде (ақындарға бөлек,
термешілерге бөлек) тағайындалады.
Мүшәйра мен терме сайысының жеңімпаздары
дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен
марапатталады.
ШЕТЕЛ ҚАЗАҚТАРЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ
№ 2 ( 2 0 1 6 )
№ 2 ( 2 0 1 6 )
62
63
АБАҚ КЕРЕЙДІҢ
ШҰБАРАЙҒЫР
РУЫНАН ШЫҚҚАН
ҚОЖАБЕРГЕН БАТЫР
саясаттанушы,
журналист
Досан
БАЙМОЛДА
Б
абалардың ғасырлар бойғы арманы
орындалып, азаттықтың ақ таңы
атып, төбемізде тәуел сіздіктің көк
туы желбіреді. Еге мен ел бо лып, еңсемізді
тіктедік. Бай та ри хымыз дың барын бағам-
дап, жоғын түген деп, келмеске кеткен кер
заманның кесірінен ақтаң даққа айналған
тұстарын жады мыз да қайта жаң ғыртып жа-
тырмыз. Бұл тұста әлі де көп жұмыс істелуі
керек секілді. Бұған дейін тарихи дерек,
мәліметтерден гөрі көбінесе халық аузын-
да айтылып келген батыр бабаларымыздың
бірінің ерлік ісін екіншісіне жапсыру не олар-
ды жаңылыс атау орын алып келді. Тарихқа
жасалған осы қиянатты түзейтін кез келгендей.
Осы уақытқа дейін Қазақстанда,
Моңғолияда жарық көрген кейбір кітаптарда,
мақалаларда керейдің ашамайлы руы-
нан шыққан атақты жырау, қолбасшы ба-
тыр Қожаберген Толыбайұлы мен абақ
керейдің шұбарайғыр руынан шыққан батыр
Қожаберген Жәнібекұлы – екеуіне қатысты
тарихи шындық жағдайлар бұрмаланып келді.
Тарихта екі Қожаберген батыр бар: бірі –
керейдің ашамайлы руынан шыққан әйгілі
«Елім-ай» әнінің авторы Қожаберген жырау
болса, екіншісі – абақ керейдің шұбарайғыр
руынан шыққан Қожаберген батыр. Аттас
болғандықтан, екі Қожаберген батырдың
тікелей ұрпақтарын түсініспеушілікке, кейде
бітпес дауға жетелегені – шындық.
Енді «осы екі Қожаберген батыр кімдер?»
дегенге келер болсақ, екеуі де – Жоңғар зама-
нында өмір сүрген атақты батырлар болғаны –
тарихи шындық. Ашамайлы керейден шыққан
атақты жырау, батыр Қожаберген Толыбайұлы
1663-1763 жылдары өмір сүрген болса, абақ
керейден шыққан Қожаберген Жәнібекұлы
1703-1764 жылдары аралығында өмір сүріпті.
Екеуі де жоңғарға қарсы күресте бірі –
қарт, бірі – жас батыр сарбаз ретінде көзге
түскен. Қожаберген жырау 1663 жылы қазіргі
Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Жам-
был ауданының «Күлтөбе» деген жерінде То-
лыбай сыншының отбасында дүниеге келген.
Орта жүз ашамайлы керейдің бәйбіше көшебе
руының таузар тайпасынан шыққан атақты
батыр, әйгілі суырыпсалма ақын Қожаберген
Толыбайұлының есімін еліне танытқан,
тарихқа атын қалдырған – «Елім-ай» жыр-
дастаны.
Қаратаудың басынан көш келеді,
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді,
Ел-жұртынан айырылған жаман екен,
Қара көзден мөлтілдеп жас келеді
Мына заман қай заман? Бағы заман,
Баяғыдай болсайшы тағы заман....
деп жырлаған Қожаберген жырау 1723
жылы Қазақ даласына жасалған Жоңғар
шапқыншылығы кезінде ел басына түскен
ауыр апатты яғни «Ақтабан шұбырынды,
алқакөл сұлама» кезеңін осылай жыр тіліне
көшірген екен. 100 жасаған жыраудың денесі
Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы-
на қарасты Күлтөбе жеріндегі әкесі Толыбай
сыншы қорымына жерленген.
Абақ керейдің шұбарайғыр руынан
шыққан Қожаберген батыр туралы айтар
болсақ, Қожаберген Жәнібекұлы жоңғар
соғысының соңғы кезең дерінде Абылай
бастаған қазақ сарбаздарының ту ұстаушы-
ларының бірі болған. Батыр бабамыз жоңғарға
қарсы күресте Қабанбай, Бөгенбай, Ер
Жәнібек секілді батырлармен үзеңгілес бо-
лып, хан Абылайдың қасынан орын алып-
ты. Ол да ерлігі арқылы ел аузында аңызға
айналған. Шұбарайғыр әулеті жауға шапқанда
«Қожаберген, Қожаберген!» деп ұрандатқан.
Абақ керейдің шұбарайғыр руынан шыққан
Қожаберген батыр Жә ні бекұлы туралы қытай,
орыс, моң ғол деректерінде біршама мәліметтің
бар екендігі бүгінгі күні ғылымда дәлелденіп
отыр. Мысалы, Қожаберген батыр туралы
орыс тарихшылары Г.Н.Потанин, Н.А.Аристов
секілді тарихшылар өз еңбектерінде жазып
қалдырған. Бұл деректерде Қожаберген ба-
тыр 1750 жылы керей руларын бастап, Ха-
барга Базар өзеніне жеткені айтылады. Бұл
– қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Тарба-
ғатай ауданындағы өзен атауы. Қожаберген
батыр бастаған керейлер көші туралы орыс
тарихшысы Г.Н.Потанин: «Қазақтар Алтайға
келіп, XVIII ғасырдың 70-80-жылдарында
Қара Ертістің бойымен Тарбағатай, Сауыр
тауының солтүстігі мен Алтайдың оңтүстігін
мекендейтін болды», – деп жазады. Орыс
тарихшыларының тағы бір тарихи дерегінде
1757 жылы Қожаберген батыр бастаған
шұбарайғырдың мың түтіні Ертіс өзенін өрлей
келе, Алтай – Сауырды мекендеп қалғанын
жазса, екінші бір деректе 1760 жылы Қотырақ
батыр Қалбадан жәнтекей ауылдарының үлкен
ШЕТЕЛ ҚАЗАҚТАРЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ
ШЕТЕЛ ҚАЗАҚТАРЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ
№ 2 ( 2 0 1 6 )
№ 2 ( 2 0 1 6 )
64
65
шоғырын бастап, Ертісті өрлеп көшкенін, бұлармен
қатар Бұқарбай бастаған ителілер, Қожаберген
бастаған шұбарайғырлар да жылжи-жылжи
Кішкене тау, Маңыраққа жетіп тоқтағаны туралы
айтылады. Бұл кезде Жоңғар хандығы жойылып,
бүкіл аймақ Қытайға қарасты жер болып қалған еді.
Моңғол, қытай деректерінде көп айтылатын,
жоңғар қоңтайшысы Әмірсанамен (Амарсанаа)
жақын дос болған – Қожаберген батыр. Моңғол
деректерінің бірінде Манж-қытай әскеріне қарсы
күресте Әмірсанаға 2 мың әскерімен Қожаберген
батырдың көмекке келгенін, 1756 жылы «Нұра»
деген жерде Әмірсана мен Қожаберген батыр манж-
қытай әскерімен соғысып, уақытша жеңіліс тауып,
қазақ жеріне қарай шегінгені туралы жазылған.
Жоңғар хандығы үшін күресте бірде манж-қытай
көмегін алуға мәжбүр болған, бірде қытайға қарсы
күресіп, Абылай ханды пана тұтқан Әмірсана
қоңтайшы ақыры мұратына жете алмай, Ресей
жеріне, Тобылға (Тобольск) қашып барып, 1757
жылы сүзектен өлгені туралы тарихта айтылады.
Жоңғар қоңтайшысы Әмірсана мен Қожаберген
батырдың достастығының берік болғаны сондай,
– Әмірсана өзінің Мултар деген ұлын Қожаберген
батырға берген екен. Қожекең оны 7-ұлы етіп,
«Қазақбай» деп атаған. Кейін бұл үлкен әулетке ай-
налып, ұрпақтары бүгінде Моңғолияда, Қазақстанда
өмір сүреді. Өмірі билік үшін күреспен өткен
Әмірсана қоңтайшы 1722 жылы туып, небәрі
35 жас қана жасапты. Онымен жақын дос әрі аға
болған бабамыз Қожаберген де, Әмірсанамен бірге
манж-қытай әскеріне қарсы соғысқан шағында 50-
ден жаңа асқан кезі екен. Ал Қытай деректеріне
қарағанда, манж-қытай билігіне бас ұрмаған жоңғар
қоңтайшысы Әмірсананың соңынан қуа соғысқан
қытай әскері 1756 жылы Қазақ жеріне басып кірген.
Қытай әскері Шаған Оба маңында Танғутай тайшы-
ны қуып жүріп, қазақтың мыңдығымен қақтығысқа
түскен. Осыдан кейін-ақ қазақ сарбаздары мен
қытай әскері арасында қанды шайқастар басталып
кеткен. Қазақтар ескі ата-бабаларының дәстүрімен
қаша соғысып, қытайдың әскерін соңына ерте
Сарыарқа төскейіне қарай шегіне берген. «Батыс-
ты бағындырушы» қытай әскерінің қолбасшысы
– Дардананың Ежен ханға жазған хатында: «Жау-
ларымызды қуып «Нұра» аталатын өзенге жеттік.
Әскери сап құрып, әрі аттандық. Осы жерде екі
мың қарақшымен (қазақ сарбаздарын солай атай-
ды) соғыстық, сұрастырсақ – бізге қарсы соғысып
жүрген Әмірсана мен Қожабергеннің жасақтары
екен», – десе, манж-қытай әскерінің тағы бір
қолбасшысы – Хадаха әскери кеңеске жазған ха-
тында: «Абылайдың Бөгенбай батыр бастаған
жасағымен де шайқастық. 20 адамды өлтіріп, бір
адамды тірі қолға түсірдік, 40 шақты ат олжа бол-
ды», – дейді. Осы хатта Хадаха Қожабергеннің
Әмірсананы ертіп, Сарыарқа төсіндегі Нияз тауы-
на барып бекінгенін жазады. Бұл – қазіргі Астана
қаласынан 100 шақырымдай жер, «Осакаровка» елді
мекені осы таудың беткейінде орналасқан. Қазақ
пен қытай әскері арасында соңғы шешуші соғыс
Шідертінің жоғарғы ағысында жүрді. Уақыт өте
келе бұл жер «Шүршітқырған» деп аталды. Абы-
лай хан бастаған Қабанбай, Бөгенбай, Ер Жәнібек,
Қожаберген батырлар басқарған қазақ сарбаздары
Қазақ даласын қытай әскерінен тазартты. Сібір ше-
гара әскерін басқарған генерал В.Якоби бұл қырғын
туралы: «Батыс жорығына аттанған қытайдың жиыр-
ма мыңынан Селенгі шегарасына тек мың алты жүзі
қайтып келді», – деп жазады.
Орыс тарихшысы Н.А.Арис тов: «ХVІІІ ғасырдың
екінші жартысының басындағы жоңғарлармен
соғыс жөнін дегі қытай деректерінде керейлер ту-
ралы мәліметтердің кездесетіндігін, Абылай хан
мен бірге жоң ғарларға қарсы күрескен Қо жаберген
батырдың 1757 жылы Қы тай билігімен келіссөз
жасасқаны туралы айтылатындығын жазады. Тари-
хи дерек бойынша, Қытай елшілерімен болған бұл
келіссөзге Абылай ханның өзі қатысқан және бұл
келіссөз 1757 жылы 7 шілдеде Аягөз бойындағы Ма-
мырсу Байпақбұлақ деген жерде өткен. Ал манжы-
қытай деректеріндегі «Қа зақ тайпаларының отбасы
саны туралы тізім дәптерінде»: «Абақ керейдің 1000
отбасы Қожаберген батырдың билігінде», – делінген.
1760 жылы Қытай шегарасына жақын барған қазақ
сарбаздары туралы орыс барлаушысы Сафир Сәлиев:
«Қытай шегарасына жақын маңда Абылай сұлтан
бастаған екі мың, Қабанбай батыр бастаған екі мың,
Қожаберген мен Қошқарбай батыр бастаған екі мың,
Көкжарлы Барақ бастаған екі мың әскер тұр», – деген
мәлімет берген.
Батырдың өзі ұстаған қасиетті ақ туы бүгінгі
күні оның ұрпағы – Мұқтажыұлы Жұмаштың
шаңырағында сақтаулы. Жұмаш ағамыз
Моңғолияның Баян-Өлгей аймағының Бұғыты
ауылында (сұмынында) тұрады. Киелі бұл туды
бейбіт уақытта сандықтан шығармайды. «Егер
сандықтан шығарса, жамандық болады» деген сенім
жергілікті халық арасында бар. Бұл туды 1943 жылы
Моңғолия қа зақтарынан жасақталған партизан от-
ряды Алтай аймағын гоминдан қолынан азат ету
шайқасына қасиеттеп апарыпты. Осы соғыс іс-
қимылына қатысқан майдангер Лүдәрін Ақмерұлы
өзінің естелігінде: «Моңғолиялық қазақ сарбаздары
шұбарайғыр руынан шыққан атақты Қожаберген
батырдың киелі ақ туын өздерімен бірге ырымдап
алып жүрді. Сол тудың шапағаты әлде құдіреті
болар, моңғолиялық қазақ сарбаздары Отан үшінгі
аса маңызды да, қиын тапсырманы ерлікпен орын-
дады», – дейді. Шежіреші Оңғар Маусым ұлы батыр
бабамыздың осы киелі ақ туын өзінің көргенін ай-
тады: «Бұл – әбден тозығы жетіп, бұлы сүзіліп, өңі
сарғайып кеткен ақ ту. Биіктігі – 150 см, ені – 70 см,
ақ матадан істелген байрақ екен. Сырыққа байлар
Қожаберген батырдың Ақ туы осы
сандықта сақтаулы.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Потанин Т.Н. Очерки Северо-Западной Монголии, т. II.СПб,1881.
2. Аристов Н.А. Заметки об этнографическом составе тюркских племен// Живая старина вып. III-IV, 1892.
3. «Керей» қазақ ру-тайпаларының тарихы, XV том, Алматы, 2014 ж.
4. «Қазақтың ханы Абылай», I-II томдар, Ел-шежіре баспасы, 2011 ж.
5. Қожаберген жырау. «Елім-ай», Қазығұрт баспасы, Алматы, 2012 ж.
6. Б.Монголхүү. «Цаст алтайн чуулган», Улаанбаатар, 2009 ж.
7. Д.Цэмбэл. «Амарсанаа», Улаанбаатар, 2009 ж.
8. Д.Баймолда. «Қазақ көші», Алматы қаласы, 2013 ж.
9. «Ел ұраны-Ер Жәнібек», зерттеу мақалалар, Алматы, 2014 ж.
10. О.Маусым. «Атаға ықылас-балаға мирас», Алматы қаласы, 2011 ж.
жағы көмкерілген, үш жерден байлайтын бауы бар.
Кезінде садақ оғы ма, найза ұшы ма, тиіп, жыртылған
жерлерін ақ жіппен тігіп жамаған екен. Тумен бірге
ұзындығы 30 см мөлшерінде тудың басына байлай-
тын бір уыс жылқының қара қылы, бір-екі қайыс
бау бар. Сандыққа екінші рет қолымды жүгіртіп,
найзаның ұшы, бір кісілік ақыреттік ақ мата, ер
адамның көйлегін алып шықтым. Сан дықта киізге
салынған «Құран» кітабы бар екен. Найза 30 см
ұзын, 6-7 см жалпақ, екі жағы жүзделген, сырықтың
басына сапталатын ұңғысы, шегелеп бекітетін екі
жерден тесігі бар. Көйлек ақ бұлдан тігілген тік
жағалы жеңінің ұшы, омырауы сырылған. Жағасы
мен жеңінің ұшында түймесі бар, бұлының ішкі
жағында тақта жазу мен қызыл өңді өрнегі бар».
Бабамыз ұстаған ақ тудың қандай екенін,
қайда екенін білсек те, бабамыздың жатқан жері
– зиратының нақты қайда екенін әлі біле алмай
жүрміз. Тек білетініміз, ол – Қожаберген бабамыздың
басы Шыңжаңдағы Алтай өлкесінде жоқ екендігі.
Осыдан 2-3 жыл бұрын ағайындас інім Болатхан
Заядан екеуіміз Қытайдың Шыңжаң өлкесін ара-
лап, Алтай аймағының шұбарайғырлар көп тұратын
Қаба, Буыршын аудандарына дейін барып, сондағы
көнекөз қариялар және ауылдың шежірешіл аза-
маттарымен сөйлесіп, әңгімелескен кезімізде бұған
көз жеткізген болатынбыз. «Үрімжі» баспасынан
2000-жылы жарық көрген «Шұбарайғыр шежіресі»
кітабында: «Қожаберген Жәнібекұлы 1703 жылы
туып, 1764 жылдары дүниеден өткен» деп жазылған
болса, 2015 жылы Қытайдың Үрімжі қаласы «Илин»
баспасынан жарық көрген «Абақ керей шұбарайғыр
руының шежіресі» атты кітапта: «Қожаберген батыр
1695 жылы туып, 1764 жылы дүниеден өтті» деп жа-
зылыпты. Батырдың туған жылына қатысты тағы бір
қытайлық зерттеуші 1723 жыл туған деген дерек ай-
тады. Ал ел ауызында Қожаберген батыр 1760 жыл-
дары өз ажалынан о дүниелік болып, Сарыарқада
«Қызылағаш-Аршалы» деген жерде жерленген деген
әңгіме тағы бар. Сондай-ақ, Зайсан ауданының
шежіресінде: «шұбарайғыр Қожаберген батыр 1762
жылы Қалба тауында қайтыс болды» деп жазылған.
Қожаберген батырдың елінің, халқының тағдыры
үшін 1757 жылы Абылай ханмен бірге Қытай
билігімен келіссөз өткізгені жайлы және одан кейінгі
жылдары қытай-қазақ арасында сауда саттықпен
елші қызметінде болғаны туралы Қытай деректерінде
жазылғанына қарап, батыр бабамыздың туған
жылы шамамен 1703 жылы, ал қайтыс болған жылы
шамамен 1764 жылдары болар, ал жатқан жері
Қазақстан жерінде, яғни Шығыс Қазақстан облы-
сы, Зайсан жерінде деген кейбір зерттеушілердің
айтқан уәждерімен келісуге тура келеді. Қожаберген
батырдың Ер Жәнібек батырмен бірге жоңғардан
босаған Алтайға қарай керей тайпасын алғаш бас-
тап көшкені және шұбарайғыр руын басқарып,
еліне қызмет еткені туралы жоғарыда айтып
өткен тарихи деректер бұған дәлел бола алмақшы.
Қытай мұрағаттарында біздің бабамыз Қожаберген
батырдың Қытай елімен сауда-саттық жасауда
ықпалды тұлға болғаны туралы айтылады. Осыны
қолға алып, тереңірек зерттеу өте маңызды іс болмақ.
Қожаберген батырдың Жүзік деген кіші әйелінен
тараған ұрпақтары бүгінгі күні Моңғолияда және
Қазақстанда өмір сүреді. Ал бәйбішеден тарағандары
Қытайда өмір сүреді. 1993-жылы Қожаберген
батырға арнап ұрпақтары Моңғолияда, Баян-Өлгей
аймағының Бұғыты сұмынының «Қарасу» де-
ген жерінде ас берді. Осы асқа қатысқан кезімде,
Қожаберген батырдың қасиетті ақ туын сақтап
отырған ұрпақтарының бірі Жұмаш ағамызбен
сөйлесіп, туды шығарып, мұражайға сақтауға беру
мәселесін көтерген едім. Бірақта, ағамыз және
маңайындағы басқа туыстар «туды шығарса адам
өледі» деген ескі ырымды алға тартып, менің
ұсынысыммен келіспеді. Амалсыз сол жолы ақ
ту сақталған сандықты бейнетаспаға ғана түсіріп
қайтқан едім. «Қазақ жерін кеңейтуге өз үлесін
қосқан Қожаберген батырдың есімі оның ерлігі
жайында тереңірек зерттеліп, оқулық кітаптарға
енгізілсе, оның ақ туын тарихи-мәдени мұра
ретінде қорғауға алып, ұлттық мұражайлардың
біріне қойылса екен» деп ойлаймыз.
ШЕТЕЛ ҚАЗАҚТАРЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ
ШЕТЕЛ ҚАЗАҚТАРЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ
№ 2 ( 2 0 1 6 )
№ 2 ( 2 0 1 6 )
66
67
ﯔﯨﺪﻳﻩﺭﻪﻛ ﻕﺎﺑﺍ
ﻥﺎﻘﻘﯩﺷ ﻥﺎﻨﯨﯞﺭ ﺮﯩﻌﻳﺍﺭﺎﺑﯘﺷ
ﺮﯩﺗﺎﺑ ﻥﻪﮔﺭﻪﺑﺎﺟﻮﻗ
Достарыңызбен бөлісу: |