ЛИТЕРАТУРА:
1.
Козыбаев М.К. Монолог об отчизне //Проблемы методологии, историографии и
источниковедения истории Казахстана (Избранные труды). Алматы, 2006. С.267.
2.
Матюхин А.А. Государство в сфере права: институциональный подход. – Алматы: ВШП
«Эдилет», 2000.- 596 с.
3.
Гегель Г.В.Ф. Философия права. - М.: Мысль, 1990. - 324 с.
4.
Монтескье Ш. О духе законов. Избранные произведения. - М.: Госполитиздат, 1955.-
С.288 - 289.
5.
Соловьев А.И. Политический облик постсовременности: очевидность явления //
Общественные науки и современность. - 2001.- №5.- С.63 - 67.
6.
Назарбаев Н.А. Стратегия становления и развития Казахстана как суверенного
государства. - Алма-Ата, 1992. - 32 с.
7.
Кант И. Сочинения на немецком и русском языках. - М., 1967. - Т.1. - 237 с.
8.
Кант И. Идея всеобщей истории во всемирно-гражданском плане. К вечному миру. -
Алматы: Научные труды «Әдилет», 1999. - 113 с.
9.
Акмамбетов Г.Г. Особенности формирования гражданского общества в Казахстане //
Известия НАН РК. Серия обществ. наук. - 1994.- № 3.- С.10 - 17.
141
Есенғазы Қуандық
т.ғ.д., профессор
МӘДЕНИ ҚҰРЫЛЫСТЫ ИДЕОЛОГИЯЛАНДЫРУДЫҢ ЗАРДАПТАРЫ ...
Қазақстан тарихындағы мемлекеттік маңызы бар, ең өзекті күні бүгінге дейін өзінің
шынайы бағасын ала алмай, кеңестікдәуір тұсындағы тұжырыммен шектеліп қалған,
ғылымда жаңашазерттеле қоймаған мәселелердің бірі-20-30 жылдардағы
мәдениқұрылысты идеологияландыру, ондағы интеллигенцияны "ұлтшылдыққа" айыптау.
Қазан төңкерісіне дейін патша отаршылары шешіп-пішкен "қазақтарда зиялы қауым
болған жоқ" деген қате пікір сауатсыз,қараңғы халық деген жалған тұжырыммен
заңдастырылды. Ал 20-30жылдары большевиктер өмірге әкелген әміршіл-әкімшіл
жүйеніңжалған идеологиясы қазақ халқының санасын улап, жан дүниесінлайлап, оларға
еркінен тыс зорлық жасап, ғасырлар бойы қалыптасқан әдет-ғұрып, салт-дәстүр
жораларынан, мәдени жетістіктерінен еріксіз айырып, кеңестік қалыпқа салып, ұлттық бет-
бейнесін өзгертуге шұғыл кірісті. Олар "көшпелі ел ХХ ғасырда өмір сүруге тиісті емес"
деген "теориямен" қаруланып, қазақтарды өз "қамқорлықтарына" алды.
Көшпелі елді "қараңғы болды, мәдениеті төмен еді" деген жасанды тұжырымдар әлі
күнге дейін қазақтардан көлеңкедей қалмай келеді. "Қазақтардың көшпелі ел болып өмір
сүруі-өркениеттен артта қалушылық емес, ата кәсіп"-деген осы саланы зерттеуші орыс
профессоры С.П.Швецовтың ғылыми пікіріне де ешкім құлақ аспады. Ал,кейін сол пікірдің
ақиқат екенін уақыттың өзі дәлелдеп шықты. Көшпелілер атанған қазақ халқының бай ауыз
әдебиеті, қолөнер мәдениеті, материалдық рухани байлықтары, сондай-ақ басқа халықтарда
қайталанбайтын өзіндік дала этикасы болғандығына академик Қозыбаев Манаш ағамыз:
"Бұл-көшпелілер өркениетінің этикасы. Ол-сұлулыққа, батырлыққа, парасаттылыққа бас иіп,
әдептілік пен тәрбиелілікке үлкен мән беріп, басына көтерген халықтың этикасы"[1, 37-б.]-
деп баға берген.
Ал осындай дала этикасының тамаша үлгілерін ғасырларға созылған жаугершілік
заманда, одан қала берді отаршылдық бұғауы жүздеген жылдар мойнынан түспеген
кезеңдерден бері сақтап келуі, қазақ халқының дамуында осындай қиын-қыстау заман
болмағанда өркениетті елдер қатарынан кенже қалмаған болар еді деген ойға жетелейді.
Тағы бір ескеретін жәйт, бұл халықтың мәдени салт-дәстүрлері өзгеше, яғни шығыстық
болды, ал оны Батыс елдерімен салыстырып, бір өлшемге салып бағалау әділетсіздік болар
еді. Көшпелі ел атанған қазақтардың қонақжайлылығы, сөзге шешендігі, зеректігі,
алғырлығы, үлкенді құрмет тұтатын асыл қасиеттері өркениет төрінен орын алған
халықтардан кем соқпады.
Өзге халықтар секілді тарихта қазақтардың да елінің, жерінің бет-бейнесін,
болмысын, қадір-қасиетін өзіндік ұлттық ерекшеліктерін айшықтап тұратын, жұртының
мақтанышына айналған, маңдайына біткен тума талант, оқыған, өмірде тоқығаны көп аяулы
перзенттері аз болмағаны ақиқат. Олар өздері өмір сүрген кезеңдерде халқының бетке ұстар
зиялылары болды. Мәдениеттің әр саласының өкілдері болған олардың өз халқының
мақтанышына айналғанына тарихта, ел аузында қалған есімдері дәлел. Тек соңғы екі
ғасырдағыларын атасақ олар: ғалым-этнограф Шоқан, ағартушы Ыбырай, қазақ поэзиясының
классигі, данышпан Абай, ақын-философ Шәкәрім, Біржан сал, Ақан сері,Үкілі Ыбырай,
Құрманғазы, Әлихан, Ахмет, Мағжандар сияқты ұлт мақтаныштары жәнеМұстафа, Тұрар,
Смағұл, Сұлтанбек, Ыдырыс секілді қоғам қайраткерлері т.б. болды. ХХ ғасырдың басында
қазақтардың 20 пайызынан астамы оқи да жаза да білген. Мұның ішінде мұсылманша
оқығандарыда бар, олардың біразы Стамбұлда, Францияда, Петерборда, Мәскеуде, Қазанда,
Уфада, Омбыда оқығандар еді, олардың көбі парсы, араб, орыс және басқа да шет тілдерін
білді. Мысалы, Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердиев, Әріп Тәңірбергенов, Нәзір
Төреқұловтар бірнеше тілдерді меңгергендер.
142
Ал 1926 жылғы халық санағы мәліметі бойынша Республика халқының 25 пайызы
сауатты болған [2, 22-б.]. Елдегі мәдени саладағықайта құрулар социалистік құрылысты
орнатудың маңызды буыныдеп есептелді. Оның ішінде әдебиет пен өнер саласындағы
өзгерістердің жаңа қоғамның адамдарын тәрбиелеудегі рөлі баса көрсетілді. Сол кездегі
Кеңес елінің, оның ішінде Қазақстанның идеялық өмірінде БК(б)П Орталық Комитетінің
1925 жылғы 18 маусымдағы қаулысының ықпалы күшті болды."Көркем әдебиет
саласындағы партия саясаты туралы" деген бұл қаулыда жат идеологияға қарсы күресті
күшейту қажеттілігі айтылды. Қаулыда "пролетариат жазушыларының үстемдігі жоқ, партия
бұл жазушыларға осы үстемдікті алудың тарихи құқығын иемденуге көмектесуі керек"-
делінген.[3, 27-б.]. Сонымен бірге партияның Орталық Комитеті жаңа әдебиеттің негізгі
міндеттерін, оның социалистік қоғам құрудағы күресінің орнын белгілеп берді. Сөйтіп,
партия көркем әдебиеттің еркін дамуына тұсау салып, оны айтқанына көніп, айдауына
жүретін жағдайға бейімдеді. Оған дәлел буржуазиялық идеологияға қарсы күресу
мақсатында пролетариат жазушыларын біріктіретін ұйым-Пролетариат жазушыларының
ресейлік ассоцациясы (РАПП) құрылды да, оның үлгісімен дереу 1926 жылы (ҚазАПП)
пролетариат жазушыларының қазақтық ассоциациясы құрылды. Оның "Жыл құсы" атты
баспа органы болды. Бұл альманахтың беттерінде теориялық маңызды мәселелер бойынша
қазақ совет әдебиетінің көрнекті өкілдері мен әдебиет сыншыларының мақалалары басылды.
Партия тарапынан тапсырма бойынша жазылған олардың бұл мақалалары өмір шындығынан
алшақ жатты. Ол мақалалардың басты мақсаты ұлтшыл-буржуазиялық идеологияның
өкілдерін мұқатып, талқандау болды.
РАПП басшылығы да кез-келген ұлт әдебиетінің революцияға дейінгі мұрасы
буржуазиялық мұра болып табылады, өйткені оны буржуазиялық ортадан шыққан
жазушылар жасаған деген идеяны басшылыққа алуды ұсынады. Бұл тұжырымдамаға орай,
пролетарлық әдебиетті тек пролетарлар әулетінен шыққан жазушыларғана жасай алады
деген бір жақты бағыт ұстады. Ал ҚазАПП-шылардың (Қазақстан пролетар жазушыларының
ассоциациясы)орталыққа еліктеген өз мақсаттары мен ұрандары болды. Олар Абайды
ұмытуға, шығармаларын өртеуге шақырды. Оны "енді туып келе жатқан қазақ
буржуазиясының идеологы"-[4.] деп кемсітті.М.Жұмабаев сияқтыларға қара бұлт
төндірді. "Пролеткульт"идеологтары пролетариат мәдениетін классикалық мұрадан айырып
алу ұранын, біздің революцияға дейінгі мәдениетіміздіңдемократиялық дәстүрлерін
нигилистікпен жоққа шығару ұранынжария етті. Сол кездері туып, уағыздалған
пролетарлық мәдениетті тек пролетариаттың өзі ғана жасауы керек деген ұғымның түп-
төркіні, міне, сонда жатты. Осы бір идеяның түр-түсін сәл ғана өзгертіп, РАПП-шылар
"пролетар тегінен" шықпаған талантты жазушыларды социалистік мәдениеттен аластамақ
болды. Ол солай болды да. Ал жас ұлт әдебиеттері топырағына егілген бұл "бағалар" сұмдық
зиянды болып шықты. ҚазАПП-шылар, қазақ әдебиетінің негізін салған Абайды және оның
барша ізбасарларын, сол сияқты екі революция арасындағы ұмытылмайтын ауыр жылдарда
терең
із
қалдырған
әдебиетке
қосылған
жазушыларды
түгелдей
"буржуазия
жандайшаптары", "буржуазиялық ұлтшылдар" деп жариялап, өткеннен қалған бай мұрадан
біржолата аластап тастауға тырысты. Бұл шабуылға ең алғашқылардың бірі болып
ұшырағандар Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Дулатовтар болды.
"Алашорданың" басшысы Ә.Бөкейхановқа қазақ әдебиетінің ескі, күні өткен
шығармаларын (Кенесары, Наурызбай және Абылай туралы) поэмаларды басып шығаруды
кеңінен жүргізді, діни феодалдық-патриархалды тақырыптарға жазылған хан мен
байлардыңөмірін мадақтайтын ертегілерді басып шығарды деп негізсіз айыптағады.
Алашордашылар мәдениетпен өнер саласында өздерін қожайын санап, өздерін қазақ
халқының өкілетті өкілдері ретінде сезінеді деп кінә тағып, оларды қудалады.[5, 201-б.].
Сол кездегі бұл азаматтар Орталықтан жүргізілген большевиктер саясатының түпкі
мәнін дер кезінде түсіне біліп, оның халыққа түбінде ешбір жақсылық әкелмейтінін, тек
отарлаудың жаңа біртүрі екенін сезіп, оған қарсылық жасап бақты, жандары
ауырып,жүректері сыздады. Мысалы, осы аласапыран кезеңде ауылдағы тапкүресін және
143
идеологиядағы таптық принципті жоққа шығара отырып, А.Байтұрсынов: "Қазақтың
қаламұстаған отаншыл қайраткерлері әрі интернационалист болып, әрі өзОтанына қарсы
шығушылар қатарында қала алмайды. Олар сырттай өзгеруі мүмкін, бірақ ішкі жан дүниесі
өзгермейді. Олар қазақхалқын құрбандыққа апаратын отаншыл рухтағы емес
өкіметпенбірге бола алмайды"-деп ашық айтты.[6, 40-б.]. Ал, большевиктер партиясының
халық мүддесінен алшақ тұрғанын көре білген Мағжан коммунистерді еңбекші халық деген
атауды желеу еткен түпкі мақсаты бұлыңғыр, жалған идеологияның жалауын көтеруші топ
деп баға берді.Өлкелік партия ұйымы оған қарсы болып, оны өшіп бара жатқан өмірді,
пантюркизмді, "Алашты", билерді жырладың деп айыптады. М.Жұмабаевтың Ташкентте
өлеңдер жинағының басылып шығуына байланысты Шығыс Коммунистік университетінің
және рабфактың тыңдаушыларының 1924ж.ылы қараша айында Мәскеуде ұйымдастырылып
өкізілген жиналысы болды. Ал 1925 жылдың басында іле-шала "Еңбекші қазақ" газетінде сол
жиналысқа қатысушылардың сөздері басылып, ақынның творчествосына баға берілді. Бұл
баға оқырман көпшіліктің әділ бағасы емес, партия ұйымдарының шындықты бұрмалаған
жалған сұрқия саясаты еді. Осы жиналыста әдебиет таптық ұғымнан жоғары тұратын
құбылыс, саясаттан тыс болуы керек деген Мағжан тұжырымдарына кеңестік идеологияның
жанашырлары қарсы шығып, ол саланы бас аяғына дейін өздерінің қалауларынша
идеологияландырды. Мағжанның өлеңдері байлардың әдебиеті, кеңестік пиғылға қарсы
бағытта деп сипаттама беріледі /7/. ОсыМәскеуде өткен жиналыста қазақ студенттерін
Жұмабаевқа қарсы айдап салудағы мақсат, сол кездегі партияның ұлттық әдебиетті өз
ықпалына түсірудегі кезекті әккі әрекеттерінің бірі болатын. Бұл жиналыста студенттер
бірауыздан Жұмабаевтың поэзиясы формасы жағынан көркем болғанымен, ол кеңестік
саясатқа қарсы зиянды, ұлтшыл деген пікір "білдірді".
Қазақстан партия ұйымдары мәдени мекемелерді, оның ішінде баспасөз бен баспа ісін
дереу өз ықпалында ұстау мақсатындабатыл шаралар жүргізді. 1925 жылғы желтоқсандағы
V
өлкелікпартия
конференциясының
қарарында
былай
деп
көрсетілді:
"Баспақызметкерлерінің құрамын сан және сапа жағынан да қанағаттанарлықсыз деп
есептеп, конференция баспа қызметкері қатарындағы партия мүшелерінің пайызын
ұлғайтуды ұсынады, баспа қызметкерлерінің біліктілігін көтеру үшін қысқа мерзімді курстар
ұйымдастырып, әсіресе, қазақтарды көптеп тарту көзделді".[8, 446-б.].
Өлкелік партия ұйымы "буржуазия идеологтарына" қарсы жас ақын жазушылар
Сейфуллиннің, Мұқановтың, Майлиннің, Жансүгіровтердің қазақ кедейін білімге, өз
қанаушыларына қарсы күреске, социализм құруға шақырған шығармаларын бастыртып
шебер пайдаланды. Жаңа қоғамға жатырқай қарап, оның келешегіне күмәнданушылар
"ұлтшыл буржуазия" өкілдеріне қосақталды, бірен-саранБ.Майлин, С.Мұқанов сияқтылар,
еңбекші халықтың мүддесін көздеп, оларды жарқын болашаққа жеткізетін жаңа қоғамды өз
шығармалары арқылы насихаттай бастады. Алғашында жаңа өмір жақсылық әкелер,
әділеттік орнап, ел теңелер деп үміттенген Бейімбет, өзінің Жалбыр, Раушан, Азамат
Азаматыч сияқты өзі жасаған кейіпкерлері арқылы есімі мәтелге айналған,елге мәлім
Мырқымбайы арқылы жаңа өмірді бірге құруға шақырды. Бірақ басқалар сияқты ол халқына,
ел азаматтарына опасыздық жасап, жағымпаздыққа бармады. Кеңестік саясатты уағыздауға
ат салысқанымен де, өмір шындығынан аттап кете алмады. Басын бәйгеге тіге жүріп, замана
сырын ашып берді, тұтас бір дәуірдің ғажайып картинасын, сол кезеңдегі қазақы
мінездердіңқайталанбас, керемет бейнесін жасап беріп кетті. Ол өзі туралы: "Менің жақсы
нәрселерім еленбей, оны аяқпен асыра салған секілденіп, бұдан 15-20 жыл бұрын
жазғандарым болса, соны сүйреп әкеп, додаға салу басталды. Бұл-ҚазАПП-тың қыспағының
үдеп тұрған кезі еді. Мен сол кезде көзге шыққан сүйелдей көріндім" деп жазуы сол бір
аласапыран кезеңнен белгі береді[9]. Міне, осы жоғарыда есімдері аталған екі тұлғаның
тағдырлары да өзгеше болды.Қазақ әдебиетіндегі біз атаған екінші алып тұлға-С.Мұқанов
болса, ол саяси жүйенің алдамшы идеологиясының жетегінде кете барды, оның
айтқанынан шықпай "жан-тәнімен беріле" қызмет етті.
144
Ұлы Қазан төңкерісінен кейінгі кезеңдегі қазақ әдебиетіндегі ағымдар туралы
мәселеге келгенде идеологияның ығына жығылған С.Мұқанов оны төмендегідей үш бағытқа
бөлді.
Ең бірінші бастысы-"Еңбекшілер бағыты" деп есептелінді. Оған Коммунистік
партияны, Кеңес өкіметін, қазақ еңбекшілерін қорғап жазған жазушылар мен ақындар,
ұлтшылдар мен отаршылдарға қарсы шығып, қазақ еңбекшілерінің тағдырларын Кеңес
өкіметімен байланыстырғандар жатқызылды. Ұлтшыл жазушылар ұсынған әдебиетті
С.Мұқанов ірі байлардың, моллалар мен ақсақалдардың мүддесін көздейтін "Кеңес өкіметіне
қарсы бағыт" деп бағалады. Олардың жақтастары панисламизм мен пантюркизмді
ақтаушылар, Коммунистік партияға, барлық орыстарға қарсы деп жазықсыз кінәлап, екінші
бағытқа жатқызды...Нақты тұрақты көзқарастары, принциптері жоқ күш, билік әкімдер
жақта, солардың соңынан еруші жазушылар мен ақындарды Мұқанов үшінші бағытқа
жатқызады. Осылай, қазақ әдебиетіндегі әр түрлі ағымдарға баға бере келіп, С.Мұқанов,
Ғ.Тоғжановқа қарағанда ұлтшылдарға қарсы дәйектілік көрсетіп, үлкен ымырасыздық
танытты. Тіпті С.Мұқанов А.Байтұрсыновты да менсінбей, "Ахметті тек букварь (әліппе)
құрастырғаны үшін ғана бағалауға болады. Әйтпесе қазақ еңбекшілеріне ол ешқандай да
қымбат емес" дегенге дейін барды. [10, 38,39-б.]. Осылай айтаққа еріп, ұлттың атын
жамылып, өз қандастарының сорын қайнатқандар да аз болмады, олардың басым көпшілігі
басқару-әкімшілік биліктерде және әдебиет саласында отырып ауызды аштырмады, адамның
мысын басып тұратын бір дүлей күшке жанталаса қызмет етті. Ол күш империялық
саясаттың идеологиясы болатын.
Партия ұйымдарын жат элементтерден тазартуға ауыл кедейлерін саяси белсенділікке
шақырумен қатар идеологиялық майданның барлық учаскелерінде пәрменді шабуылдар
басталды. Бұл қадам 1929 жылы өткен Казкрайкомның V пленумының шешімінде ашық
айтылды: Қазақ пролетариаты әдебиетін нығайту мен дамыту және барлық көркем
әдебиетте жетекшілік рөлді жеңіп алу үшін коммунист-қазақтар мен шығыс ұлттарының
арасындағы осы дәуірдің пролетарлық көркем әдебиеттерін жасау мүмкіндігі туралы күдік
пен сенімсіздікті батыл жеңу талап етілді. Пленум партия және творчестволық ұйымдардың
маңызды міндеті әдебиет пен өнердің басқа да саласында "барлық ұлтшыл-буржуазиялық"
(Алаш-Орда) ықпалдарға қарсы аяусыз күрес жүргізу деп есептеді. ҚазАПП-қа өз мүшелері
арасында топшыл элементтердің күшін жою бағытында қызметін кеңінен өрістетуқажет
екендігі, пролетарлық жазушылар арасындағы өз жұмыстарынолардың революциялық
марксистік көзқарастарын қалыптастырудамәдени және саяси жұмыстарды барынша соған
бейімдеу керектігі айтылды.[11.].
Алайда бұл идеологиялық бағыт бұдан былай партияның жіті бақылауымен жүргізіліп
отырды. Оған қазақтың пролетар жазушы-ларының 1932 жылғы сәуірде өткен І съезіндегі
"Қазақтың көркем әдебиетінің жағдайы және ҚазАПП-тың міндеттері туралы"[12, 82-б.].
деген тақырыпта жасалған Қайып-Назаровтың баяндамасының қарары дәлел. Қарар сол
кездегі большевиктер партиясының осы саладағы жұмысының бағытына жан-жақты нұсқау
берді. Социализм кезеңінде пролетарлық әдебиет, бұрын-соңды болмаған пролетариаттың
тап күресіндегі Кеңестер Одағының барлық еңбекшілеріне коммунистік тәрбие беретін
қуатты құралы болуы тиіс делінді. Қазақтың пролетарлық әдебиеті өзінің алғашқы
қадамынан бастап, Алашорда мен байлардың әдебиетін біртіндеп, ойдағыдай ығыстырып
шығара отырып едәуір көпшілік әдебиетіне айналды. Сондай-ақ, қазақ пролетарлық әдебиеті
алдындағы таяу арадағы міндет барлық қазақ әдебиетіндегі үстемдікті жеңіп алу деп, өзінің
идеологиялық сұрыптауын да жүзеге асырып отыруды ұмытпады. Біраз жазушылардың
шығармаларында
бай-феодалдардың
идеологиясы,
жергілікті
ұлтшылдық,
контрреволюциялық троцкизм сияқты белгілер пайда бола бастады. (Сейфуллинде) Қазақ
шаруалары ескіліктің сарқыншақтары шеңберінен, ұсақ буржуазиялық идеализм пиғылынан
шыға алмауда (Жансүгіров, Майлин, Тұрманжанов және басқалар.) және көркем әдебиетке
топшылдық күресті таратуы байқалды. Сондай-ақ қазақ әдебиетіндегі жолбике жазушылар
тарапынан сын және өзара сын дегенді желеу еткен кеңес аппаратына, коммунистерге,
145
колхоздарға тоғышарлық сындар айтылуда деп атап көрсетті (М.Дәулетбаев, Шанин және
басқалар) [13, 82-б.].
Сынның жағдайы мүлдем қанағаттанарлықсыз болып, алашордашылар, ұлтшылдар
және троцкишілердің сындарының әшкереленуі әлі әлсіз көрінеді. (Аймауытов, Кемеңгеров,
Әуэзов, Екеу, Мәметовалар) және Сейфуллин сияқты Алашорда агенттері мен олардың
жақтастары қазақ партия ұйымдарының ішінен сына қағуда. ҚазАПП-тың "Әдебиет
майданы" (бұрынғы "Жаңа әдебиет") журналы мүлдем қанағаттанарлықсыз шығарылады деп
танылды. Журнал редакциясы партиялығы жоқ мақалалармен идеологиялық сапасы жағынан
жат әңгімелер басуға әуестенуде. Партияның тура нұсқауына қарамастан ҚазАПП-тың өз
ішінде сын мен өзара сын соңғы уақытқа дейін өз дәрежесінде болмады деп баға беріліп,
дереу осы съезд шешімдерін басшылыққа алу міндеттелді. Онда "РАПП-тың V пленумының
РАПП-ты қайта жасақтаудағы алдында тұрған кезекті міндеттері туралы қарары оған нақты
бағдарлама және нұсқау болып табылатынын ескертті. ҚазАПП-тың таяу арадағы негізгі мін-
деті шығармашылық айтысты кеңінен өрістету керектігі айтылды.[14]. Шығармашылық
айтысты және ҚазАПП-тың творчестволық міндетін шешуде, әдеби мұраға сын көзбен
қарамай оған маркістік-лениндік талдау жасамай өрістету мүмкін емес. Қазақ әдебиетіндегі
ұлтшыл-буржуазиялық
ықпалды,
контрабандалық,
контрреволюциялық
троцкистік
концепцияны, тошылдықты аяусыз әшкерелеу және кез-келген уклондармен нақты күрес
бұдан кейінгі ҚазАПП-тың басты міндеті болуы тиіс делінеді. ҚазАПП күнделікті
қызметінде әдебиет пен искусствоға жат ықпалды тықпалаған кез келген әрекетке
большевиктік қырағылық және идеялық ымырасыздық көрсетілуі қажет. Сынды маркстік-
лениндік деңгейге көтеріп, оны партияның жауынгерлік қаруына айналдыру қажет. Съезд
қазақтың ұлттық театрының дамуына үлкен мән бере отырып, оны көпшілікке идеологиялық
және мәдени тәрбие берудің қуатты үгіт құралы (V пленумының қарары) ретінде ҚазАПП
басшылығына қазақ театрына нақты көмек көрсетуді күшейтуді, социалистік құрылыстың
міндеттеріне лайықты идеологиялық ұстамды репертуар құруды ұсынды. Әсіресе ұлттық
революциялық музыка шығаруға осы саладағы қандай да болмасын бұрмалаушылық пен
(шовинизм, жергілікті ұлтшылдық т.с.с.) батыл күрес жүргізуге ерекше назар аудару көздел-
ді".[15].
Республикада 20 жылдардың ортасынан бастап-ақ қызыл идеологияның қысымымен
қазақ
ұлтының
бет-бейнесі,
жан-дүниесі
өзгертіліп
тілі,
психологиясы
"интернационаландырылды". Сөйтіп, біртіндеп, олардың өзінің ұлттықпсихологиясы
өзгертіле бастады. Осы ұғымды жергілікті халыққа мойындату арқылы бұл процесті
жасанды түрде тездетуді көздеген әрекеттер жаппай жүргізілді. Әдетте мұндай әрекеттерге
қарсылық білдіретін зиялылар тарапынан болатын кедергіні болдырмау үшін, оларды бұл
ортадан дереу аластау керек болды. Халықты айтқанына көндіру үшін алдымен ұлт қамын
көксеген осы ел ертеңін ойлаған зиялыларды жою күн тәртібіне қойылды. Сөйтіп, 20-30
жылдарда қазақ интеллигенциясы Кеңестер өкіметі тарапынан бұрын-соңды болып көрмеген
жалақорлыққа, жауыздыққа тап болды. Қазақтың ағартушы-интеллигенттерінің алғашқы
буынының есімдері халық арасында өте беделді болды, сондықтан олардың соңынан халық
ойланбастан ерді. Осы орайда Кеңестер өкіметі олардан сескенгендіктен, ОГПУ органдары
арқылы әрекетке кірісті. Кезінде қазақ интеллигенциясы Ресейдің Қазақстанның "бос
жерлеріне" 55 милионнан астам орыс шаруаларын қоныс аудару арқылы отарламақ болған
әрекетіне қарсылық білдірген еді. [16]. Шындығында, ондай бос жерлер болмаған, солай
болса да жерлердің иелері-қазақтар, жергілікті тұрғындар қарудың күшімен қуылып,жер
босатылған болатын. Қазақ интеллигенциясының осындай өз жерлерін Ресей империясының
осылай отарлауына бермей, қарсылық көрсеткен кезі әлі ұмытылмап еді.
Тұтас бір халықтың бетке ұстар маңдай алды тұлғаларын тұншықтыру, құрту, "ел
сеніміне енген даралардың" көзін жою арқылы ұлттық сананы жою-империялық саясаттың
патша заманынан келе жатқан сенімді тәсілі болған. Оған мына бір оқиға дәлел. Әлихан
Бөкейханов "Алашорда" үкіметі Ресейден дербес мемлекет болғысы келетінін мәлімдегенде,
патша адмиралы Колчак оларды қалай уыстан шығармаудың тәсілін айтып: "Маған салса,
146
қазақтарды бағындыру қиынға соқпас еді: ол үшін халыққа сөзі өтетін, халық сенетін 500
интеллигенттің көзін жойса, жетіп жатыр-қазақтар тағзым етті деп есепте"-деген екен.[17,91-
б.]. Осы әккі тәсіл іс-жүзіне асырылды. Расында да, қазақ ұлтының ең осал жері сол
болатын. Сол осал жерден ойып кірген "қызыл иделогия" сан-алуан құйтырқы әдістер
арқылы көзі ашық, оқыған азаматтарды өздерінің жымысқы саясатын жүзеге асыруға бөгет
болады деп қорқып, оларды орталарынан аластап қуғын-сүргінге ұшыратты.
Қазан төңкерісінен кейін тарихи аренада көрінген ұлтының шынайы жанашырларына
большевиктер жүргізген әккі саясатқа қарсылық білдіргендері үшін "халық жауы" деген
айдар тағылып қудаланғаны белгілі. Осы жылдары Қазақстанның оқулықтары мен ғылыми
әдебиеттерінде А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Дулатовтардың есімдері үнемі Кеңес
өкіметіне қастандық жасаушы зиянкес жау ретінде берілді. Бұл фамилиялардан кейін
таптауырынға айналған "ұлтшыл-буржуазиялық элементтер" деген құбыжық сөздер
қосарланып жазылатын болды.
Негізсіз тағылған осы айыптар сол кезде жұртқа найзағайдың жарқылындай әсер
еткен "халық жауы" деген анықтамамен байланыстырылды. Кеңес өкіметімен ашық күресте
жеңілген олар идеологиялық майданда зиянкестік жасауға көшті деген пікір таратылды. Ал
мұрағат материалдары бұл айтылғандарды жоққа шығарады. В.И.Лениннің өзі кешегі
алашорда өкілі болған қырғыз әскери ревкоммүшесі А.Байтұрсыновпен кездесіп
әңгімелескеннен соң, қырғызөлкесінде кеңсе жұмысын қалай жақсарту керектігі туралы
бірнеше кеңестер берген.[18,7т.541-б, 8т.101-б.].
Алайда әдебиет пен өнер саласына партия ықпалын жүргізу оңай болмады.
Сондықтан ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық санаға большевиктер ұсынған жалған
идеологияны сіңірту зорлықпен жүргізілді.
1928-1930 жылдары Қазақстанда ПП ОГПУ-дың (Біріккен Мемлекеттік Саяси
Басқарманың өкілетті өкілдігінің) үштігімен қазақтың алғашқы интеллигенттеріне
"ұлтшылдар" деген айып тағып "ұлтшыл-буржуазия" өкілдері деп аталған қылмысты іс
ашады. Революциядан бұрынғы алғашқы ағартушы-ғалымдардың барлығы бұл атауға
жатқызылды десек қателеспейміз. Олар: алғашқықазақ оқулықтарының авторлары,
ағартушы-ғалымдар,ақын-жазушылар, заңгерлер, дәрігерлер, саяси қайраткерлер,
"Алашорда" ұйымының мүшелері-яғни қазақтың ылғи зиялылары А.Байтұрсынов,
М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Е.Омаров, М.Тынышпаев, Х.Досмұхамедов,
Ж.Досмұхамедов, Ә.Ермеков, Ж.Күдерін, Ж.Ақпаев және басқалар еді.
Қазақстанда ағарту ісімен шұғылданған осы жайсаңдар қуғынға ұшыраған соң-ақ,
қазақ ұлты тұтасымен Ресейге тәуелді болып қалды. Ғылым мен мәдениеттің дамуы да
партияның жіті бақылауында жүзеге асырылып отырылды. Бұдан былай қазақ балаларытек
орыс тілінен аударылған оқулықтармен ғана білім алатынболды. Олар өз тарихын
ұмытып, барлық оқиғаларды бұрмаланғанқысқа тарих оқулығы бойынша оқып, білім алды.
Қоғам дамуы туралы "кезеңдер",ұлттар арасындағы "интернационализм" секілді "жаңа
аңыздарға"табынып, соған сеніп, жаттап, "жарқын болашаққа" жетеміз деп даурықты. Кім де
кім партияның айтқанына көнбесе, олардың алдарынан да тиісті жаза күтіп тұрды. Өмір
өзгеріп, жалғандық жалаңдаған заман келіп, халық оған мойынсынып, тіршілік мәні кете
бастады. КОКП-ның сұрқия саясатының арқасында зиялылардың жаңа ұрпағы
"қалыптасып", олардың көпшілігінің балалары өз ана тілін білмейтін, ата-дәстүрден
шошынған, ауылдағы қазақша сөйлейтін туыстарынан жерінген "жаңа қазақтарды" құрады.
Ұлттық санадан, психологиядан жұрдай, түрі қазақ, жан дүниесі, ойы, тілі орыс бұл
қандастарымыздың келешегі әлі де бұлыңғыр күйде қалып отыр. Міне, "қызыл
идеологияның" құдіреттілігінің нәтижесі осындай болды...
Алғашқы қуғынға ұшыраған ғалымдардың бірі Күдерін Жұмахан болды. Оны "1927-
28 жылдары Ташкентте Тынышпаевтың астыртын ұйымының мүшесі болып, онымен үнемі
байланыста болғансың. Ұйымжетекшісімен бірігіп "Орта шаруалардың одағын" құрдың"
деп(өмірде ондай ұйым болмаған) айыптайды. Сонымен 30-жылдардың басында ол
Алматыға келіп Бұралқиев пен Ақпаевтарды "ауылда жұмыс жүргізбедің" деп кінәлаған
147
көрінеді. Осы әрекеттері үшін Күдерин Жұмаханды өмірде болмаған ұйымның өзге де 15
"жетекшісімен" 5 жылғаОрталық-қаратопырақты облыстарға Воронеж бен Льгов қалаларына
жер аударады.
Қазақ интеллигенциясын осылай жою кезең-кезеңмен жүргізілді. Бірінші: 1928-1931
жылдары; екінші 1937-1953жылдары; үшінші 1949-1953 жылдары.Қаншама әуреленгенмен
деалғашқы интеллигенттердің "қылмыстарын" мойындарына қоя алмады, бірақ олардың
халық арасына ықпалы тиіп, іріткі туғызуы мүмкін деген күдікпен Ресейдің Орталық-
қаратопырақты облысына, Карелияға, Соловкиге әкімшілік жолмен бес жылдан он екі жылға
дейін мерзімге жер аударады/19/. 1931 жылыдұшпан топтың өкілі деген желеумен 10396
адам тұтқындалды, соныңбасым көпшілігі интеллигенция өкілдері болды.[20].
Осындай зобалаңдардың асқынуына идеология, әсіресе, 1932 жылы 10 қаңтарда
БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің Мәдениет және Насихат бөлімдері мен Қазақстандық
марксизм-ленинизм ғылыми зерттеу институты "Сталин жолдастың хатына байланысты
Қазақстанның теориялық майданындағы күрестің міндеттері туралы" алған қаулысы себепші
болды. Қазақтың көркем әдебиеті менәдеби сыны социалистік құрылыстың қазіргі талабына
сай емес,олар Алашорда ықпалында болып, әлі өз дәрежесінде жүргізілмейотыр. Бұл
мәселелерді жүзеге асыру партияның теориялық күштерін топтастыру арқылы орындалуы
қажет деген нұсқау берілді.[21]. Осы қаулы интеллигенция өкілдеріне қарсы қуғын-сүргіннің
күшеюіне үлкен әсерін тигізді. Сөйтіп, алғашында ғылыми қателіктерден басталған ой-
пікірлер бұдан былай бұлжымас саяси қағидаға айналып, ресми сипат алды. Бұл
тұжырымдардан басқа ой-пікірлердің барлығы саяси-ғылыми қателіктерге бағаланып
қуғындалды. Осындай теріс көзқарас ақыры зиялылардың түбіне жетіп тынды. Қудалаудың
осы идеологиялық әдісі әлі де жалғасып келеді.
Сол кездегі зиялыларды жаппай қудалау қазақтардың патриархалдық-рулық
қоғамдағы сипатына тән, қанға сіңген рушылдық пен жікшілдік ел билігіне араласқан
азаматтар арасындағы бақталастық, күншілдік, іштарлық, көреалмаушылық сияқты әдетті
әрекеттері өршіп, оған себебін тигізуінен де болды. Осы жағымсыз қылықтар партия
тарапынан зымияндықпен қолдау тауып, ушықтырылып отырылды. Осындай айлакерлікті
әбден меңгерген Голощекин қазақтарды бірін-біріне әшкерелетіп, одан соң жаппай айыптап,
қуғындауға кірісті. Бұл жазалауға, қуғын-сүргінге ұшыратуға идеологияның сенімді құралы
баспасөз органдары айтарлықтай "үлес" қосты. Мысалы, "Лениншіл жас" газетінде Еселбаев
деген "Семей театры ұлтшыл Бековтің бөлтіріктерінен әбден тазартылсын" деп шу көтерді.
Ол мақаласының аяғында алашордашыл, ұлтшыл Бековтың бөлтіріктері Қиялов, Көкібаев,
Қалтаевты театрдан қуу керек"- деп ұсыныс білдіреді.[22]. Міне осы жылдардан бастау
алған қазақтардың өздерін өздері халық жауы етіп көрсетуші әдеті кейінгі жаппай қуғын-
сүргін жылдарына ұласты.
Ш.Өржанов деген "Наркомпростағы халық жауларының ұяларын" тауып
"қырағылық" көрсетті. Бірімжанов, Байдәулетов, Сейітханов, Қарымсақов, Садықов,
Аспандияров, Үсенов, Айтметов, Есембаев, Әубәкіров, Игенов, Мырзабекова, Ахметова,
Назаров сияқты бір топ адамды "халық жауы" Жүргеновтің сілімтіктері деп өзінше
"дәлелдеді". "Егерде бұл бай-манаптардың істеген зиянкестік зардаптарын тез жоюды
ойласақ, әлгі халық жауы Жүргеновтің сыбайластарын Наркомпростан қуу керек"- деп
"ақыл"
береді.[23].
Сол
кездегі
қалыптасқан
"қағида"
оқу-ағарту
халық
комиссарыТ.Жүргенов жау екен, ендеше оның қарамағында істейтіндердің бәрі жау болды.
Саяси сауаты жетерлік философ І.Қабылов өзінің "Троцкишіл, оңшыл, ұлтшыл
сұмырайларды түгел құртайық" деген мақаласында Рысқұлов пен Қожановты, Жолдыбаев
пен Сұлтанбаевты, Сәдуақасов пен Мұстамбаевты "предатель", "сұмырай", "ұлтшыл",
"алашордашыл", "фашист", "агент" деген ғайбат сөздермен қорлауы оның өз пікірі емес, сол
кездегі идеологияның арандатуы екені де айдан анық.[24].
Идеологияның негізгі құралы болып саналатын баспасөзде партияның арнайы
тапсырмасымен осылай өртке май құйылып отырылды. Бұл орайда, әсіресе, сол кездегі
"Лениншіл жас" газетінің редакторыЗ.Тұрарбеков ерекше белсенділік көрсетті. "Комсомолға
148
кіріп кеткен жауды толық жоямыз".[25]. "Бухариншіл контрабанда" және "Ауыл мұғалімі"
журналының редакциясындағы ашық ауыздар", "Комсомолдағы халық жауларын түгел
әшкерелеп, түп тамырыменқұртайық!".[26]. Комсомолдағы халық жауларын бірін
қалдырмай, әшкерелейік!".[27]. "Буржуазиялық ұлтшылдардың ұясын тас-талқан жасау
керек".[28]. деген сияқты редакциялық нұсқауға толы мақалаларды қаптатып жіберді.
Ұзақ жылдар "Еңбекші қазақ" газеті редакторының орынбасары болған идеологиялық
майданның жауынгері Сүгіров Рахым: "ұлтшыл-фашистер өздерінің қастық әрекеттерін
ешуақытта тоқтатқан жоқ. Өлкенің жаңа басшылығымен бірге ескі перегивті сөккен болып,
сұрқия сөзді бетке ұстап, Құлымбетов, Жүргенов, Жандосовтар-түлкі құйрықты шошқалар-
өздерінің фашист қожайындарының тапсырмаларын орындау үшін үнемі астыртын жұмыс
жүргізіп келгендігі айқындалып отыр. Халық жаулары Асылбеков, Нұсейітов, Ғатауллин
бастаған контрреволюцияшыл ұлтшыл топ Орталық Қазақстанның мал шаруашылығын
өсірмеуге, кері кетіруге аз қастандық істеген жоқ".[29]. Осындай жала жапқан
материалдарды басу үлкен науқанға айналды."Партияның Х съезі қарсаңында,-деп жазды
Кеңес өкіметіне "жаны ашығандар", "Социалистік Қазақстан" газетінде-Қожанов, Ас-
пандияров, Жандосов және басқалары троцкистік-ұлтшылдық тезис жасап, ол тезистерін
Сталин жолдастың тезистеріне қарсы қойды... Бұл тезиске Досов пен Төртқұлов та қол
қойды...".[30]. Міне, кеңес дәуіріндегі өзіндік пікір білдіріп, ұсыныс жасағандарды осылай
талмау жерден оңдырмай ұрып отырды. Кешегі жолдас, сырлас адамдардың бір-бірін жау
етіп көрсетулерінің басты себептерінің бірі большевиктер жүргізген "қызыл идеологияның"
қармағына ілінуінен еді.
Пролетариат жазушысы атанған С.Мұқанов: "Б.Майлиннің 1925 жылы жазған "Ел
мектебі" деген революцияға қарсы пьесасын көрдік. Ол бұл пьесасында ауылдың тұрмысын
жамандап, халық жауын мақтаған, жазған өлеңдері революцияға қарсы" деп[31] көрсеткен.
Қазақстан совет жазушыларының 1-пленумында ол тағы да:"Әдебиет майданы"
журналына жылдан артық редактор болған жолдас Сәкен Сейфуллин еңбек ақы алғаннан
басқа еңбек сіңірмеді. "Троцкийдің бандасының бандиткасы Галина Серебрякованың
"Маркстің жас кезі" деген революцияға қарсы романын аударып басты"-деген ауыр
сөздермен ғайбаттауға дейін барған .[32].
Ал, ол Ілияс Жансүгіровті "ұлтшылдық туралы кітап басып шығарды, онда қырғыз
бен қазақтың арасына от салатын мәселе көтерген" деп кінәлайды. Академик ағамыздың
Ілиясты да бұл кезеңге ешқандай қатысы жоқ, Сүйінбайды да, ұлтшылдар етіп шығаруы сол
жылдардағы билікке жағынудың айласы болса керек. Кеңестік жүйеге беріле қызмет еткен С.
Мұқанов сияқты қуғын-сүргіннен аман қалған жазушының тағы бірі Ж. Саин болды. Белгілі
жазушы атанған ол: "Халық жаулары, фашизмнің қарғылы төбеттері шаруашылық, мәдениет
құрылысымыздың бір ғана бөлігіне зиян жасап қойған жоқ, олар өздерінің екіжүзділік
сұрқиялығын пайдаланып, әр жерге-ақ қанат жайғысы келді. Олар "сұр күшіктерің"
Тоғжанов, Жансүгіровтер осы күнге дейін көркем әдебиет майданында жүр. Қазақстан
ЛКЖО Орталық комитетінің секретарлары О.Кенжеғараев, Құлымбетов, Есқараев,
Сәдуақасов, тағы басқа Жапон империализмінің агенттері бастаған ұлтшыл- фашист
бандылары Қазақстанды ұлы Советтер Союзынан бөліп алуға тырысты. Қазақтың бостандық
алған Советтік Социалистік Республикасын жапон империализмінің колониясына
айналдырып, феодалдардың, байлардың, молдалардың үкіметін қайта орнатпақшы болды.
Қазақ еңбекшілерін аштыққа, қайыршылыққа ұшыратпақшы болды. Зұлым ұлтшыл-
бандалары жастарға да өздерінің арам қолын cозды, жастардың ішіндегі тұрмыс жағынан
бұзылған, саяси табансыз элементтердің ішіне шпиондар, диверсанттар, зиянкестер кадрын
таратты. Өлкелік комсомол комитеті өзінің басшылығындаұзақ уақыт халық жауы, ұлтшыл-
фашист Тәштитовтың отырғандығы осыны көрсетеді" деп соқты.[33]. Сол кезеңдегі
партияның саясатына құлай берілгендер осылай оның айтқанын екі етпей орындауға
тырысты. Міне,осындай кезекті бір тапсырма Алматы пединститутының бір топ
студенттеріне де жүктелді. Олар өз ұстазы, әдебиет теориясы пәнінен сабақ беретін Әмина
Мәметованың үстінен шағым ұйымдастырады. "Бізді дұрыс оқытпайды. Алашордашыл
149
ақындардың зиянды өлеңдерін айтады... Тіпті контрреволюционер, алашордашыл ақын,
соңғы кезде бандит болып, талай еңбекшілердің қанын жұтқан Шәкәрімді де мақтайды.
Шәкәрім алашорданың әрі ақсақалы, әрі соты болып, контрреволюцияның жырын
жырлаған ақын екенін кім де болса біледі"[34]- деп "жаңалық" ашты. Жапония, Германия
қайда екенін білмейтін, тіпті ол мемлекеттерді картадан көрсете алмайтын толып жатқан
адамдарды солардың агенттері етті. Қолдан жасалған бұл зұлмат творчество адамдарын
сенім мен үміттен айырып, мүлде су жүрек етті. Олардың бойын үрей биледі. "Байтал түгіл,
бас қайғы" күйге душар етті. Қызметкерлерді "тыныш жүріп, жан бағып аман болайықшы"
дегізді. Ақын-жазушылар тарапынан творчествоға селқостық туды, оларды бұқарадан аулақ
болуға мәжбүр етті. Зиялы қауымнан жасанды "ұлтшыл-фашистер" жасаудың тағы бір
себебі-көп адамдардың жалтақтығы, жағымпаздығы, айтқанды орындай қойып жақсы
атануы болды. "Мынаны құрт", "мынаны жаз" десе-ақ болды "ләппай, тақсыр", деп құлдық
ұрып тұрды. Жалақорлардың енді бір тобы бассауғалау қамында болды. “Қырағылығың кем
деген айыптауға ұшырап, мансабымнан айрылып қалармын" деп сақтанғандарының түрі осы
болды. Атақ үшін неден болса да тартынбады, адал адамдарды жәбірлеуге, қорлауға,
айдатып, аттыруға дайын тұрды. Өзгелерді "әшкерелеп", өздері ғана Кеңес өкіметіне адал
еңбек сіңіріп жүрген берілген адам ретінде көрініп, жау болмауға, мансаптарынан айрылмау
үшін жанталасты. Сөйтіп, өз бастарының амандығын күйттеуден аса алмады. Осылай "қызыл
идеология" адамдардың моральдық жағынан азғындауын тездетіп, кісілік қасиеттен жұрдай
етті, ар-ожданға қаяу түсірді, саналы, адамгершілік қылықтарды жоғалтты, адамшылдық іс
істеуден айырды.
Голощекин кезінен бастау алған интелигенцияны қуғын-сүргінге ұшырату "1937-38
жылдарға дейін созылып, тағы қазақтың оқыған 66 мың адамына жапа шектірді. Бұл шығын
алдыңғы шығыннан кем соқпады. Бұлар халықтың интеллектуалдық әлеуетін әлсіретіп,
психологиясын жасытуда алдыңғы трагедиядан даасып түсті".[35].
Зиялы қауымынан айрылған қазақ халқы "тілсіз", "мылқау", күй кешіп, есеңгіреп,есінен
танып қалды. Халық басына төнген бұл зұлмат Кеңестер империясының тұтастығын,
беріктігін қамтамасыз ету үшін Орталықтан жоспарлы түрде жасалған шара болатын. Ондағы
тағы бір мақсат өкіметке қарсы бас көтерер интеллигенция өкілдерінен құтылу еді. Өйткені
көзі ашық оқыған зиялылар большевиктер жүргізіп отырған саясаттың жалғандығына көздері
жетіп, олардың осылай бұра тартуларына қарсылық білдіргендер еді. Сол кезде-ақ билік
басындағылар өздеріне кедергі болатын осындай ұлтжанды азаматтарды жасырын түнделетіп
келіп ұстап, шетінен топ-тобымен жалған жала жауып тұтқындауды әдетке айналдырды.
Осы саяси науқандардан соң-ақ, біздің елдің халқы революциядан кейінгі кезеңде
жүргізілген жаңа саясатты, тұрмыстың басқа саласына қарағанда тезірек меңгерді. Оны сол
кездегі мына бір Мақаншыдан (бұрынғы Семей облысының ауданы) келген жеделхатта
жазылған оқиғадан оқып білуге болады: "Қарағанды облысында ашылған контрре-
волюциялық
бандиттердің,
ұлтшыл-фашистердің
ұйымы
турасындағы
айыптау
қорытындысын оқысымен,осыған байланысты Мақаншы селосындағы колхозшы, жұмысшы
және қызметшілердің қарашаның 19-ында 1275 адам қатынасқан митингісі болды. Митінгіге
жиналған адамдар әшкереленген халық жауы Асылбеков, Нұрсейітов, Ғатаулин, Ізбасаров
тағы басқа азғын иттердің істеген зиянкестік ісіне қатты ызаланып, Отанымызды сатпақшы
болғандарды жер бетінен мүлдем жоюды пролетариат сотынан талап етті".[36,20-б].].
Митингіде шығып сөйлеген колхозшы-жұмысшылар, қызметшілер өздерінің сүйікті
Отанына, Ленин-Сталин партиясына шын берілгендігін, КСРО-дағы туысқан көп ұлттардың
мызғымайтын берік достығына адалдығын көрсетті. Митингіге қатысушылар өзінің
қаулысында: "Біздің ұлы Отанымыз-КСРО-да көп ұлтты елдердің туысқандық достығы
әбден бекіп нығайды,халық жауларының қандай әрекеті болса да олар біздің советелінің
туысқандық бірлігін бұза алмайды. Бұған ұлы көсеміміз,данышпан әкеміз Сталин жолдас
бастаған Орталық партия Комитетібасшылық етіп отырған біздің большевиктер
партиясының күші,беделі толық кепіл"-деп қол қойған.
150
"Ұлтшыл-фашист сатқындардың бандасын әшкерелеп, олардың талқанын шығарған
НКВД орындарына, оның айбынды басшысы Ежов жолдасқа алғыс айтатындарын, осы азғын
иттердің істеген істеріне ызаланып қана қоймай, Ленин-Сталин партиясының, оның
данышпан көсемі Сталиннің төңірегіне бұрынғыдан да берік топтасып, жаңа табыстармен
жауап беретіндерін, аудандағы стахановшылар қатарын бұрынғыдан да көбейтіп, еңбек
өнімділігін арттырып, Советтер Союзының күшін бұрынғыдан да нығайтумен жауап
беретіндіктерін жазған. Сондай-ақ, олар пролетариаттық әділ соттан Отанды сатпақ болған
троцкийшіл, бухариншіл ұлтшыл-фашист сұмырайларды атуға үкім шығаруды талап еткен.
Митингінің тапсыруы бойынша: Смауллаев, Кизеев, Қордашев, Шернисов, Ыбыраев,
Сағитов, Санкина, Погрерицкийлер қол қойған".[37,20-б].
Биліктерін іс жүзіне асыру жолында большевиктер партиясы халық атынан сөйлеу
тәсілінің тиімділігін шебер меңгергені соншалықты, өз жоспарларын, іс-шараларын
көпшіліктің талап етуі" ретінде көрсетуге әуес болды. Осы жасанды идеологияға сеніп
өздерін-өздері ұстап берген аңғал қазақтар туралы сол кезде-ақ А.Байтұрсынов: "Жұртқа
көңіл қалып тұр, жұрт жалғанға нанып тұр" деп олардың адасқан дәрменсіз күйін, бұлыңғыр
келешегін дөп басып ескерткен еді/.[38,33-б].
Халықты алдап-арбап, қорқыту тәсілдерін қолданған большевиктердің жаңа қоғам
құру идеологиясы, пролетариаттың социалистік революциядағы жеңісімен,яғни саяси билікті
алысымен басталып, ол қоғамның барлық саласындағы қайта құрулардың "қуатты құралы"
ретінде қолданылып отырылды.
Енді осы ызғарылы өткен тарихты қазіргі заманмен салыстыра зерделесеңіз биліктің
тек аттары ғана өзгерген әдіс тәсілдері сол қалпында...
Достарыңызбен бөлісу: |