Редакциясын басқарған т.ғ. д, профессор М.Ғ. Ескендіров



Pdf көрінісі
бет22/25
Дата03.03.2017
өлшемі2,64 Mb.
#6429
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25

ЛИТЕРАТУРА
1.Назарбаев Н. А. В потоке истории. – Алматы : Жібек жолы, 2010.  
2.  М.К.  Козыбаев  «Казахстан  на  рубеже  веков:  размышления  и  поиски.  Память  народа». 
Книга первая. Алматы, 2000.  
3. Козыбаев  М.  Монолог  об  Отчизне  /  Проблемы  методологии,  историографии, 
источниковедения (Избранные труды). — Алматы: Ғылым. – 2006. 
4. http://e-history.kz/ru/contents/view/1621 
 
 
 
 
 

168 
 
Жігер Жанәбіл 
PhD, профессор, New Vision Eurasian Research Center, Алматы қ. 
 
ҚАЗАҚСТАН ТРИХЫН ЗЕРТТЕУДЕГІ ЖАҢА БАҒЫТ НЕМЕСЕ БАТЫСТЫҢ  
«ШЕКАРА ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ» БІЗГЕ НЕ БЕРЕДІ 
 
Мақалада жалпылы Қазақстан тарихы, оның ішінде Қазақстан тарихының орта ғасыр 
кезеңін зерттеуде «жаңа» теориялық тұжырымдама іздеуге бағытталады. Өзіндік экономика 
жүйеге  негізделген  Еуразия  дала  қауымы  саяси  құрылымы  болсын  және  елара  қарым-
қатынастары  жағынан  болсын  көптеген  ерекшеліктері  барбір  қоғам  болған.  Кеңес  кезінде 
Марксизм аясында салған теориялық тұжырым көшпенді  елдердегі  өзіндік ерекешеліктерді 
өшіріп  оныңқоғам  даму  кезеңін  отырықшы  өркенниеттермен  бір  деңгейде  сипаттама  беруі 
еді.  Нәтижеде  көшпенді  қауымға,  оның  ішінде  Қазақ  қоғамына  сол  өркениет  елдерді 
қортындылайтын екідаму сатысын да зорлап танып қойған. Кеңес одағы тарап ширек ғасыр 
өтседе,  біз  әлі  Марксизм  тұжырымынан  толық  арыла  алмай  отырмыз.  Осы  орайда  Батыс 
ғылым  саласында  жылдар  бойы  бұрқырап  қайнап  мәресіне  жетіп  келе  жатқан  теориялық   
сараптамаларды  Марксизм-ленинизмге  толық  балама  ретінде,  орынды  түзулер  еңгізіп,  сол 
негізде «жаңа» әдістеме тұжырымдаманы іздеу біздің күн тәртібінде бір көкейкесті мәселе. 
1950 жылдарынан бері  АҚШ-та жарық көріп, 1980-2000 жылдары  самғаған «Шекара 
айналымы»  (“Frontier  cycle”)  тұжырымдамасы  (концепсиясы)біз  үшін  маңызы  зор.  Атап 
айтқанда,  Еуразия  кеңістігін  жақсы  зерделеген  Оуэн  Латтимор  1950  жылдан  бастап  өзінің 
«шекара  айналымы»  теориялық  көзқарасын  сол  жылы  баспадан  шыққан  еңбегінде  жүйелі 
түрде  қортындылайды.  Оның  айтуынша  тарихта  жиі  қайталанып  отыратын  «жоқ  жерден» 
пайда  болатын  дала  империясының  қалыптасу  сол  елдердегі  мал  шаруашылық  
экономиксынын  шектеуінентуындаған  құбылыс.  Дала  елінде  өндірістік  өнім  деңгейі  төмен 
және  ол  жүйе  сол  қоғамның  тұрмыстық  мұқтажын  толық  қамтамасыз  ете  алмайды. 
Сондықтанда  көшпенділер  «сыртқы  әлеммен»екі  бағытта  тығыз  қарым-қатнас  жасауға 
мәжбүр:  
1. Бейбіт өмірдегі  отырықшы елдермен жасалатын сауда-саттық. 
2. Қарулы күш қолдану арқылы отырықшы елдерді бодаулыққа жығу. 
Нәтижеде  Еуразияның  кең  даласына  орналасқан  көшпенді  қауым  өздерінің  саяси 
басқару  жүйесін  көрші  отырған  өркениеттердің  саяси  басқару  жүйесіне  қарай    бейімдеп 
отырған,  яғни  дала  халқының  мемлекеттік  күш  қуаты  да  Рим  империясының,  Парсы 
мемлекеттерінің,  әсіресе  аспан  асты  елі--Қытайдың  саяси  бірлік  деңгейіне  сай  өзгеріп 
отырған.  аспан  асты  династиялары  бір  саяси  орталыққа  бағынған  қуатты  мемлекет  бола 
қалса, олардың «көлеңкелері», солтүстіктегі осыған дейін кең далада шашылып жүрген тайпа 
бірлестіктері  де  «бірден»  алып  Ғұндармемлекеті,  Түрк  қағанат  және  Моңғол  империясына 
айналып  үлгіреді.  Бұл  Отырықшы  мемлекеттерге  қарай  бейімделіп  отыратын 
көшпенділердегі саяси құбылысты өз айналымымен (cycle)қайталанып отырады дейді, автор 
оны  бір  сөйлеммен  «Шекара  айналымы»-мен  жеткізген.Бұл  еңбектің  жарық  көруі  әуелі 
осыған  дейінгі  батыс  тарих  саласында  қалыптасқан    «Еуразия  көшпенділерінің  ара-тұра 
отырықшы елдерге лап беріп бас салатын жаулаушылық  үрдісінің сол даланың  құбылмалы 
климатының әсерінен болған» пікірді теріске шығарады.  
Алайда,  Оуэн  Латтимордың  «жаңа  тұжырымы»-ның  үлкен  қаңқасын  салып 
үлгіргенімен,  ол  көп  сұрақтарға  жауап  бере  алмай  кеткен.  Мысалы,  көшпенділердегі  алып 
саяси  бірлікдің  пайда  болуына  жеке  тұлғалардың  көсемдік  рөлі,  сондай-ақ  не  үшін  Түрк 
қағанатына  қарағанда  Моңғол  империясы  жаһанды  күйрете  аяусызталқандауға  барды;  не 
үшін  көшпенді  елдердегі  империялық  бірлікдің  сақталу  мерзімі  отырықшы  елдерге 
қарағанда  тым  шолақ  болады?  Араға  39  жыл  салып,  АҚШ  Гарвард  университетінің  Томас 
Барфейльд «Сұрапыл шекара: көшпенді империялар және Қытай» деген еңбегін жариялады 
да  Оуэн  Латтимордың  салған  қаңқасының  іргелерін  қалап  оған  жан  бітірді.  Барфильдтің 
пайымдауынша,  көшпенділердің  бірігуіне  сол  елдердің  өз  іштерінде  аса  қабілетті 

169 
 
«харизмаға»  толы  тұлғаның  дүниеге  келуі  себепкер  болған.  Бұл  кейіпкерлер  сахна  төрінен 
орын  алғаннан  соң  өздерін  тәңір  жарылқап,  мол  құт  бергендіктен  ел  билеушісі  болғанын 
жаһанға жария етеді. Осыдан кейін олар қол астыларына  біріктірілген қалың қауымды аспан 
асты династияларын жаулауға бағыттайды. «Соның нәтижесінде, өзіне шапқан жауға қарсы 
тұра  алмаған  Қытай  династиясы  тез  арада  тізе    бүгіп,  билеушілердің  қойған  барлық 
шарттарын орындауға, атап айтқанда, бодаулық құн төлеуге келісім беруге мәжбүр болады»-
, дейді Барфильд.  
Осыған  қарап  дала  қауымынан  әлсін-әлсін  орын  алып  отыратын  империялардың 
қалыптасуына көрші отырған өркениетті елдер  - Қытай, Иран және орта ғасырлардағы Рим 
империясы  себепкер  болған  деген  қорытынды  жасауға  болады.  Осы  теорияға  ұстамындағы 
батыс  ғалымдарын  біз  «экстерналист»  (externalist)  деп  атаймыз,  яғни  қозғалту  күшті 
«сырттан  іздеушілер».  Бізге  мәлім  болғандай    бұл  тұжырымдаманың  басты  нысанасы 
көшпенділердің  алып  саяси  бірлікке  -  Ғұндар  мемлекеті  (209  б.з.б-93  б.з),  Түрік  қағанаты 
(552-744б.з.)  және  Моңғол  империясына    (1206-1368)  қалай  біріккенін  талдау  болып 
табылады.  Алайда, Батыс ғалымдарының көшпенді қауымында осы бір саяси құбылысты тек 
екі  жүйедегі  экономиканы  негіз  еткен  қоғам  арасындағы  жойғын  талас-тартыс  деп  қарасақ 
малшы қауымындағы көптеген құбылыстардың ерекшелііктеріне көз жұмған боламыз. 
Барфильдтің еңбегі жарық көргеннен кейін, араға он жыл салып, 1999 жылы АҚШ-та 
Никола  Ди  Космоның  «Ішкі  Азия  тарихында  мемлекеттердің  қалыптасуы  және  оларды 
кезеңге  бөлу»  деген  мақаласы  жарық  көреді.  Ол  Латтимор  мен  Барфильдтің  жасаған 
тұжырымдарын  сынға  алып,    «шекара  айналымы»-на    өзінше  түзетулер  енгізбекші  болды. 
Автор Еуразия кеңістігіндегі түрлі көшпенді елдерден бастап (атап айтқанда, ғұндар)  кезінде 
Қытай мен Орта Азия елдерін бірдей уысына ұстап тұрған Жоңғар хандығына дейінгі (1635-
1755 ж.ж.) көшпенділер мемлекеттеріне шолу жасайды да,одан өзгешелеу қорытынды жасап 
үлгіреді.  Ол  көшпенді  империялардың  сахна  төріне  келуіне  дала  қауымының  ішкі  саяси 
жүйесінің  шиеленісуі  себепті  деп  қарайды.  Оның  пайымдауынша  «жанартаудың»  атылуы 
сол  саяси  дағдарыста  жеңіске  жеткен  көсемдік  тұлғаның  өзінің    руымен  билік  басына 
келуінен  басталады.  Енді  осы  көшпенділерден  шыққан  алып  саяси  бірлікті:  қағанат  пен 
империялардың моторын тоқтатпау үшін «жанар майды» (шексіз байлық деп түсінеміз) тек 
көрші  өркениет  елдерден  алуға  болады  дейді.  Автордың  айтуынша,  көшпенділер  әуелі 
орталыққа  бағынатын  мықты  саяси  бірлікті-қағанат  пен  империяны,  т.б.  қалыптастырып 
үлгіреді.  Ол  саяси  бірлік  Іле-шала  арнасынан  асып  шыққан  асау  өзендей  әлемді  жаулауға 
көшеді  дейді.  Нәтижесінде  көшпенділердің  алып  мемлекеті  төмендегі  төрт  сипаттағы 
қозғалыстың  жоқ  дегенде  біреуіне  жүгіну  арқылы  отырықшы  өркениетке  өз  билігін 
жүргізеді:   
1) бодаулық құн төлету 
2) сауда қарым-қатынасы және бодаулық құн алуды тең ұстау 
3) қос билік жүйесін құру арқылы отырықшы халыққа бөлек басқару жүйе қолдану 
4) отырықшы елдерді әкімшілік-саяси жүйе бойынша бөліп алып, оларға тікелей билік 
жүргізу, олардан жер салығын жинау. 
Никола  Ди  Космоның  бұл  ізденісін  біз  «интерналист»    (internalist),  яғни  «іштен 
ізденуші» тобына жатқызамыз.  
Бізге  мәлім  болғандай,Батыс  ғалымдары  «сырттан»  қараса  да,  «іштен»  қараса  да 
жалпылы бір «шекара айналымы»-ның екі түрлі сипаттамасын ғана, екеуі де көшпенділердің 
саяси  шарықтауы  мен  құлдырауын  көршілес  отырықшы  мемлекеттермен  тікелей 
байланыстырады.  Бұл  тұжырым  Батыс  ғалымдарының  көшпенді  мал  шаруашылығын  негіз 
еткен  дала  қауымның  қоғамдық  экономика  және  саяси  тыныс  тіршілігі  тұралы 
танымдарының әлде болса бір жақтылау екенін білдіреді. Бізше Еуразия кеңестігінде тыныс 
тіршілік  еткен  қалың  көшпенді  қауым  өздерінің    саяси  бірігуін  әуелі  тайпа  аралық 
көптегеншабуылдарға  бой  беріп,  ақыры  жеңген  жақ  өзінің  жан-жақты  дәлелдеп  шығу 
арқылы  қара  орман  қалың  елдісахарадан  соққан  қара  дауылдай  отырықшы  мемлекеттерге 
жаулау  үрдісіне  көшеді.  Ғұндар,  Түрктер  және  Моңғолдар  солардың  қаймағы  деп  білеміз, 

170 
 
олар  сыртқа  шабуыл  жасауға  дейін  әуелі  өз  ішіндегі  ұзақ  қақтығысты  бастан  кешіреді  де, 
ішкі  жүйелерін  реттеп  алады.  Бұнда  туындайтын  бір  сұрақ  қалың  көшпенді  тайпалық 
қауымның бірлесуіне не себеп болған?   
«Шекара айналымы»-нан «дала айнылмы»-на көшу 
Батыс  ғалымдарының  зертеу  нысаналары  дала  қауымы  алып  мемлекетке  айналып 
шегіне  жетіп  шарықтаған  кезеңіндегі  экономика  мен  әлеуметтік  құбылыстар  болса,  оның 
қортындысын  «шекара  айналымы»  тұжырымдамасымен  шығарған.  Ал  бізді  мазалайтын 
сұрақ көшпенділер сол «шекара айналымы»-на жеткенге дейінгі дайындық сатылардан қалай 
өткен? Атап айтқанда, бізді қызықтыратын сұрақ төмендегідей, не үшін Еуразия даласында 
жасаған  көшпенді  малшы  қоғамында  мың  жылдар  бойы  бірлескен  кең  ауқымды  сыртқа 
бағытталған  жойғын  жаулаушы  соғыстарға  қарағанда  олардың  өзара  ру-тайпа 
барымталарыжиы орын алып тұрған;  екіншіден, ру-тайпа аралық соғыс шабуылға қарғанда 
олардағы  бейбіт  өмір  өткізу  мерзімі  ұзақтау  болған.  Орта  ғасыр  заманындағы  Еуразия 
кеңістігіндегі дала қауымының күнделік тыныс-тіршілігін жақыннан қарағанда төмендегі екі 
үлкен ерекшеліктері ие: 
I. 1) Бейбіт кезде  халық арасында және отбасында өтетін мерекелер мен іс-шаралар: 
наурыз  мейрамы,  құрбан  айт,  хан  сайлауы,  ас  беру  және  дәстүр  бойынша  отбасында 
тоқтаусыз  жүріп жататын той-домалақтар: қыз ұзату, құда түсу  төңірегіндегі алыс-берістер, 
шілдехана,    бесік  той,    тағы  сол  сияқты  өмір  бойы  кезегімен  өтіп  жататын  халықтық 
жиналыстар.  
2)  Бұдан  тыс  ауыл  арасында  үнемі  ұйымдастырылып  тұратын  асар  салумен  жылу 
жинау  арқылы  көптің  жоққа  беретін  қолұшы  көмектер.    Бұл  халық  арасында  кеңінен  етек 
жайған  мал  және  басқа  да  заттардың  бір  қолдан  екінші  қолға  өтуі,  сондай-ақ,  кедей-
кепшіктердің  тегін  тамақтануы  арқылы  көшпенділердегі  қауым  ішіндегі  заттылай  қордың 
тепе теңдігін қайта үлестіру арқылы қалыпты өлшемде ұстап тұрудың басты механизмы. 
II. 
Көшпелі  қауымда: ру, тайпа және тайпалық бірлестіктер арасында  «мал дауы, 
жер дауы және жесір дауы»-нан туындап отыратын барымтадан соғысқа айналып кететін мал 
мен  адамды  олжалау  әрекеті  де  тоқтаусыз  жүреді.  Мұнда  да    байлықты  қайта  бөлу  үрдісі 
жүреді.  белгілі  бір  этнос  ішіндегі  ру-тайпа  арасында  төңгеленіп  өтіп  жататың  кіш  және 
орташа  барымталармен  екі  этностар  арасында  орташа  және  ауқымды  талау  негізнде  жиы 
қайталап отыратын шапқыншылық соғыс, мысалы, Қазақ-Жоңғар арасындағы бір ғасырдан 
ары жалғасқан жан кешті жорықтардың алман кезек жүру. Көшпенді  елдер арасындағы бұл 
үрдіс олардың басы қосылып отырықшы елдерге жасаған алып ауқымды сұрапыл жаулауға 
қарағанда әрі жиы, әрі тоқтаусыз өтеді.   
Бұл екі арна қосылып көшпенділердегі экономикалық тепе теңдікті сақтаған. Ал екеуі 
қосылғанда  «даланың  реттеу  механизмі»  (Steppe  redistribution  mechanism)  жұмыс  істейді. 
Сондай-ақ,  бірінші  арнаға  қарағанда  дала  қоғамындағы  экономиканы  негіз  еткен  саяси 
қозғалыс көбінесе екінші арнамен аққан: барымта, тайпа аралық қақтығыс және екі көшпенді 
ел арасындағы қантөгіс. Бұған қарап көшпенді қауымында төменнен жоғары қарай жүретін 
туыстық (kinship) бірліктер: аталас (lineage),  ру (clan), тайпа (tribe) және тайпалар одағының 
(tribal  union)  мыңдаған  жылдар  сақталып  келген.  Бұл  рулық  құрам  осы  механизмның 
талабына сай жасалған деп түсінуіміз қажет.   
Қуанышымызға  орай  салыстырмалы  түрде  біз  үшін  ең  қымбатты  да,  бағалы  да 
Америка этнографы Луиз Е. Суиттың ертеректеСолтүстік Араб Бедуиндардың арасында жиы 
жүретін  түйе  барымтасы  туралы  жүргізген  зерттеу  ғылыми  қортындысы.  Суит  өзінің 
«Солтүстік Араб бедуиннің түйе барымтасы:  қоршаған ортаға бейімделудің бір механизмі»  
атты  еңбегінде    «түйенің  төңірегінде  жүретін  барымта  -  Бедуин  қоғам  жүйесінің  басты 
механизмінің бірі» деп көрсетіліп, төменгі төрт ерекшеліктері беріледі:  
1) Тайпа арасында  жүретін барымта - тоқтаусыз үрдіс; 
2)  Барымта  екі  тайпаның  алма-кезек  шабуылымен  жүреді,  кейде  көрші  отырықшы 
қауымдардың басып өткен сауда керуенімен қажылыққа жол тартқан жолаушыларды да қоса 
шауып кететін кездері болған;  

171 
 
3)  Барымтаның  басты  мақсаты  –  адам  өміріне  қауіп  төндірмейтіндей  етіп  байлықты 
заттай олжалау;  
4) Барымтада олжалап алған түйелерді тайпалар арасында кеңінен ауыстыру. 
Міне,  бұдан  жасайтын  қорытынды  ру-тайпа  арасында  тоқтаусыз  жүретін  «барымта» 
барлық мал шаруашылығын негіз еткен қауымдарға бірдей үрдіс; екіншіден, «барымта»-ның 
төңірегінде  қалыптасқан  біріңғай  жол-жосын,  мәселе,  билердің  төрағалығымен  екі  жақты 
бітімшілікке шақыру және қалыпты құн төлеу, сондай-ақ, қайшылық шешу кезінде билердің 
танымалдық болуы т.б.;   үшінші,  ру-тайпа ішіндегі  жай халықты күнделікті талас-тартыста 
соғысқа  бейімдейлеп  әр  кезде  сақада  сай  болу.  ру-тайпа  тартысының  сүзгісінен  өткен 
біріңғай  тұлғалардың  саяси  сахнадан  орын  алуы,  мысалы  Ғұндардың  Модынды,  Түрктіің 
Бумын  қағанымен  Моңғолдың  Шыңғысханы  осы  сүзгіден  сүрінбей  өткен  кезіндегі 
майталмандар  десек  болады.Сондықтанда  сыртқы  көзге  бейне  жиырма  жылдың  аржақ 
бержағында бір көтерілген дала империясының аржағында осындай аласапыран сұрапыл ру-
тайпа ара талас-тартысы болғанын естен шығаруға болмайды. 
Бір  қызығы  сол  көшпенді  қауымдар  бір  тудың  астына  жиналып  қалай  алып 
мемлекетке  тез  айналса,  олар  сол  жылдамдықпенқайта  құлдырау  кезеңіне  көшеді.  Біздің 
байқауымызшабұл құлдырауға тікелей себебкер болған Латтимормен Барфельддың жасаған 
тұжырымыңдай  отырықшы  өркениет  елдеріндегі  орталық  билік  жүйесініңәлсіреуінен 
туындаған  бөліну  нәтижесі  емес  (көшпенділерді  бір  тудың  астына  жинайтын  соғыс 
нысананың  жойылуы).  Көшпенділердің  саяси  бірлігінің  құлауына  себебгерді  сол  дала 
империясының  ішінен  іздеу  керек,  «құлдырауға»  түрткі  болатын  бас  себеб-ол 
көшпенділердегі ерте заманнан қалыптасқан мүліктік-мұрагерлік қағида, яғни әкеден балаға 
мирастыққа қалатын жанұялық мал-мүлік бөлісу салтын ел басқарған ханмен қағандар оны 
мемлекеттік  билік  жүйесіне  еңгізуінен  шыққан.  Атап  айтқанда,  алып  империяның  басына 
келген  билеуші  отбасының  бір  империяға  қараған  алып  даланы  өз  жанұясына  түгелімен 
қаратып алуы,  сол елдегі саяси үрдіске кері әсер еткен: жаулап алған жермен елді ұрпаққа 
мирастық  етіп  бөліп  беру  салт-дәстүр  белгілі  бір  көшпенді  империясын,  мысалы,  Моңғол 
империясының,құлдырау  бағытына  қайта  оралуына  әкеп  соққан.    Демек,  көшпенділер 
орнатқан  саяси  бірліктің  көпке  бармайтыны  анық.  Бұл  құлдырау  Моңғолдарда  1259  жылы 
Мөңке қаған өлгеннен кейін шегіне  жетті, яғни әлемді уысына ұстаған Моңғол империясы 
саяси бірлікте тек 53 жыл ғана өмір сүрген.    
Қортындылай  келгенде,  Оуэн  Латтимормен  Томас  Барфильд  және  олардың 
жақтастары  «шекара  айналымы»  (“Froniter  cycle”)  тұжырым  арқылы  дала  қауымындағы 
саяси  бірліктен  туындайтын  бір  орталыққа  бағынған  алып  мемлекеттің  тігілуіне  себекер 
болған 
көшпенді 
елдермен 
отырықшы 
мемлекеттер 
арасындағы 
мәңгіболатынжаулаушылықсебебінен  іздеу  шындықды  толық  ашып  айтып  бере  алмайды, 
сондықтанда  біз  оған  балама  ретінде  қосарымыз  дала  қауымындағы  тоқтаусыз  жүрген 
барымта  сол елдердегі  алып мемлекеттің негізін салса, қайтып жоғарыдан төмен қарай  сол 
қуатты мемлекеттің құлдырауына көшпенділердегі әкеден балаға мұрагерлік дәстүр себекер 
болған.  Нәтижеде  дала  елінің  саяси  бірігуінеде,  қайтып  тарап  кетуіне  де  көшпенді  малшы 
қауымы  өз  ішіндегі  құбылыстар  реттеп  отырған  деп  сендіреміз.  Батыстың  «шекара 
айналымы»  тұжырымдамасына  өзгеріс  еңгізіп  оны  «дала  саяси  айналымы»  (“the  Steppe 
political cycle”) -деп білгеніміз жөн. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР: 
1.  Barfield,  Thomas.  The  Perilous  Frontier:  Nomadic  Empires  and  China  («Сұрапыл  шекара: 
көшпенді империялар және Қытай»). Cambridge, Mass.: Basil Blackwell, 1989). 
2.  Di  Cosmo,  Nicola.  “State  Formation  and  Periodization  in  Inner  Asian  History”  («Ішкі  Азия 
тарихында мемлекеттердің қалыптасуы және оларды кезеңге бөлу») Journal of World History 
10 <1999>, 1–40 pp. 
3.  Janabel,  Jiger. “From  Mongol  Empire to  Qazaq Jüzder: Studies on the Steppe Political  Cycle ( 
13th–18
th
centuries)”  (Моңғол  империясынан  Қазақтың  жүздеріне  дейін:  Даланың  саяси 

172 
 
айналымын  зерттеу).  A  thesis  presented  to  The  Committee  on  Inner  Asia  and  Altaic  Studies  in 
partial fulfillment of the requirements for the degree of Doctor of Philosophy in the subject of Inner 
Asia and Altaic Studies, Harvard University. Cambridge, Massachusetts May, 1997. –25–38 pp. 
4.  Khazanov,  A.  M.  Nomads  and  the  Outside  World  («Көшпенділер  және  сыртқы  әлем»). 
Cambridge: Cambridge University Press, 1984. 
5.  Lattimore,  Owen.  Pivot  of  Asia:  Sinkiang  and  the  Inner  Asian  Frontiers  of  China  and  Russia. 
Boston: Little, Brown, 1950)» («Азияның діңгегі: Шинжаң және Қытаймен Ресейдің Ішкі Азия 
Шекаралары»). 
6.  Sweet,  Louise  E.“Camel-Raiding  of  North  Arabian  Bedouin:  A  Mechanism  of  Ecological 
Adaptation” («Солтүстік Араб бедуиннің түйе барымтасы: қоршаған ортаға бейімделудің бір 
механизмі») In Louise. E. Sweet ed., Peoples and Cultures of the Middle East. New York: Garden 
City, 1970. VoL I.  265-289 pp 
 
 
УДК 669.162.214 
Райстанова П.К. 
№16 КММ жалпы орта білім беретін мектептің» оқу ісі меңгерушісі, Семей қаласы 
 
ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ТАРИХЫН ОҚЫТУ  -  ҰЛТТЫҚ ТҰТАСТЫҚТЫҢ НЕГІЗІ 
 
Тәуелсіздік  алған  ширек  ғасыр  уақыт  аралығында  әлемдік  деңгей  негізінде  елімізде 
жан-жақты  реформалар  жүргізу  үрдісі  жүзеге  асырылуда.  Бұл  әсіресе,  тарихи  танымды 
тереңдету  бағытында  айқын  көрініс  табукда.  Президентіміздің  Қазақстан  халқына 
Жолдауында:  «Ұлттық  бәсекелестік  қабілеті  бірінші  кезекте  оның  білімділік  деңгейімен 
айқындалады» деп айтылғаны белгілі. Осы тұрғыдан Қазақстан Республикасының білім беру 
жүйесін  дамыту,  халықаралық  деңгейге  көтеру,  қайта  қалыптастыру  міндеті  көзделген. 
Заман ағымына ілесе алатын тұлғаны өз ісінің маманы тұрғысында дайындау, терең біліммен 
жабдықтауға бағытталуы керек деп ойлаймын. Алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың 
негізінде  еркін  бағдарлай  білуге,  өзін-өзі  іске  асыруға,  өзін-өзі  дамытуға  және  өз  бетінше 
дұрыс,  адамгершілік  тұрғысынан  жауапты  шешімдер  қабылдауға  қабілетті  адам  ғана 
еліміздің көркейіп гүлденуіне ықпалын тигізе алады. Бұған қазіргі қоғамдағы шындық дәлел.  
Қазақстан  қоғамының  трансформациясы  жағдайында  мемлекет  алдында  Қазақстан 
Республикасының  білім  беру  жүйесін  қалыптастыру  өзекті  мәселесі  пайда  болды.  Тарих 
сабағында  жаңа  технологияларды  қолдана  отырып,  оқушылардың  ұлттық  дүниетанымын 
қалыптастыру  –  бүгінгі  күннің  өзекті  мәселелерінің  бірі.  Тарих  -  ұлт  зердесі, 
бабаларымыздың  басынан  өткен  тарихи  оқиғалар  топтамасы.  Тарих  пәнінен  сабақ  беретін 
мұғалім  ретінде  оқушыларға  қазақтың  сайын  даласында  ежелгі  заманнан  бастап  бүгінге 
дейін  ұрпақтар  сабақтастығының    үзілмей  келе  жатқандығы,  қазақтардың  қазіргі  ата 
мекеніміздің тұрғылықты халқы екендігі түсіндіріледі. Сонымен қатар, адамзат тарихындағы 
түбірлі  өзгеріске  себеп  болған  көшпелі  өмір  салтының  қалыптасқандығы  және  Еуразия 
даласында  көшпелілер құрған мемлекеттік бірлестіктердің қуатты болғандығы айтылады. 
Халықты халықтан бөліп тұратын оның ұлттық ерекшеліктері ретінде ең бірінші және 
өте қасиетті белгісі ұлттық тіл, оның өте бай сөздік қоры,салт –дәстүр, әдет – ғұрып, рухани 
мәдениет,  туған  елінің  тарихына  деген  құрмет,  еліне  деген  мақтаныш.  Сондықтан  тарихты 
оқытқанда  жаңа  технологияларды  қолдану  арқылы  оқушылардың  ұлттық  дүниетанымын 
қалыптастыруымыз  керек.  Және  бұған  қоғам  болып  ат  салысуымыз  керек  деп  ойлаймын. 
Оқушылар  тарихты  білу  арқылы  қазақ  халқының  өткен  тарихымен  таныса  отырып,  ірі 
мемлекет  қайраткерлерімен,  жер  -  судың  тарихи  атауларымен  танысады,  сол  арқылы 
отансүйгіштік  қасиеттері  оянады.  Халықтың  мәдени-этникалық  сәйкестілігі  өз  тарихында, 
мәдениетінде  болған  оқиғаларды  білу,  қалыптасқан  рухани  құндылықтарға  адалдық  ұлт 
қаһармандарын  қастерлеу  нәтижесінде  құралады.  Ол  ұлттың  азат  және  ерікті  жасампаздық 
шығармашылығы процесінде қалыптасады. Этникалық - мәдени білім - бұл ана тілі мен төл 

173 
 
мәдениетті  әлемдік  мәдениеттің  құндылықтарын  қоса  игеру  арқылы  тұлғаның  этникалық-
мәдени  сәйкестілігін  сақтауға  бағытталған  білім.  Аталған  идеяны  жүзеге  асырудың  негізгі 
шарттары мыналар болып табылады: білім беру мен мектептің ұлттық бастауларын дамыту 
және нығайту; жеке тұлға үшін тарих пен төл мәдениеттің сөзсіз басымдығын тану және оны 
қамтамасыз ету;  білім  беру  мен тәрбиені  демократияландыру;  білім  берудің меншіктік түрі 
жөнінен де этникалы-мәдени мүдделерді жүзеге асыру арналарының сан алуандығы жағынан 
да көптүрлілігі мен оңтайлылығы және тағы басқа бағдарламалардың болуы. 
Тәуелсіз ел ұланы төл мәдениеті арқылы өзге мәдениеттерге бағыт ұстаған адам жан-
жақты  мәдениетті  тұлға  деп  танылары  айқын.    Тәуелсіздің  мәдениетті  мен  тарихын  терең 
білу  -  өзге  мәдениеттерге  қызығушылықтың  іргетасын  қаласа,  көп  мәдениетпен  танысу 
рухани  баю  мен  дамудың  негізі  болады.Жан-жақты  мәдениетті  түлға,  ең  алдымен,  тұтас 
дүниетанымға  ие  болуы  қажет.  Бұл  мұндай  тұлғаның  дүниедегі,  әлеуметтік  орта  мен 
мәдениеттегі  байланыстары  мен  қатынастарының  күрделі,  өзара  байланысты  және  өзара 
астарлас  сипатын  көрсетуге  мүмкіндік  беретін  білімі  мен  білігінің  жүйеге  қалыптасқанын 
білдіреді.  Тәуелсіздік  негізіндегі  тұтастық  -  жоғары  дамыған  және  тиімді  оңтайланған 
дүниетанымның өлшемі болары ақиқат. 
Тарих  пәнін  оқытудағы  негізгі  басымдылықтардың  бірі  де  бірегейі  -  өткен  тарихты 
сын  көзімен  талдай  отырып,  жаңа  технологияларды  қолдану  арқылы,  келешекті 
бағдарлайтын, шығармашылықпен іздене отырып, дұрыс қорытынды жасай алатын, тарихи 
деректермен  өздігінше  жұмыс  істей  білетін  азаматты  тәрбиелеу,  тарихи  дүниетанымын 
қалыптастыру. Әрбір жеке тұлғаның дүниетанымын қалыптастыру  – ұзақ әрі күрделі үрдіс.  
Ұлттық  тарихи  дүниетанымды  қалыптастыруға  әр  түрлі  факторлар  әсер  етеді.  Олардың 
ішінде  адамның  өмір  сүру  ортасы,  материалдық  жағдайлары,  көпшілік  хабарларды  тарату 
құралдары, оқыту және тәрбиелеу бар. Сонымен бірге дүниеге көзқарас адамзат санасының, 
дүниетанымының  қажетті  бөлігі  болып  табылады.  Қазақтың  атақты  психолог  ғалымы  Қ. 
Жарықбаев дүниетаным мен сенімді, мотивтер мен қажеттерді, бейімділік пен қызығуларды, 
мұрат  пен талғамды жеке тұлғаның өмірлік бағытын көрсететін бөліктер екенін атап өтеді. 
Ол  дүниетанымға  адамның  табиғат,  қоғамдық  өмір  туралы  білімдерінің  жүйесі  деген 
анықтама береді. Осы ретте, мектеп оқушыларының  ұлттық дүниетанымын қалыптастыруда 
жаңа технологиялардың алатын орны ерекш десек артық айтқандық емес. 
Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  заңының  8-бабында  «Білім  беру 
жүйесінің  басты  міндеттерінің  бірі  -  оқытудың  жаңа  технологияларын  енгізу,  білім  беруді 
ақпараттандыру,  халықаралық  ғаламдық  коммуникациялық  желілерге  шығу»  деп  атап 
көрсеткен.  Қазіргі  ақпараттық  қоғамда  өндірістің  дамуының  негізгі  құралы  болып 
ақпараттық ресурстардың қажеттілігі көрінеді. Сондықтан білім беру саласы да өзінің дамуы 
үшін  жаңа  қадамдарға  баруда.  Осыған  байланысты  адамға  ақпараттар  кеңістігінде  дұрыс 
бағытты таңдауға мүмкіндік жасай алатын оқытудың жаңа технологиялары көптеп туындауы 
заман талабы болып отыр. 
Қазіргі  таңда  мектептерде  оқу-тәрбие  үрдісінде  түрлі  инновациялық  педогогикалық 
технологиялардың қолданылып жүр. Қазіргі инновациялық-озық технология туралы айтатын 
болсақ,  технология  грек  сөзінен,  яғни  өнерпаздық,  шеберлік,  іскерлік  деген  ұғымды 
білдіреді.  Ғалым  педогог,  психологтардың  пайымдауына  жүгінсек,  В.Беспалько  өзінің 
«Слагаемые  педогогической  технологий»  деген  еңбегінде  оны  «Оқу-  тәрбие  процесінің 
алдын  ала  жүйелі  түрде  жобалануы,  оны  тәжірбиеде  жүзеге  асыру,  яғни  белгілі 
педогогикалық  жүйенің  тәжірбиеде  жүзеге  асатын  жобасы»,-  деп  қарастырады. 
Инновациялық  (озық)  білім  беру  деп-  тұлғаның  бағдарлы  көзқарасты,  білімдегі  дәлдікті, 
шығармашылық  бастауды,  сонымен  бірге  жаңа  технологиялық  мағлұматтарды  игеруін 
айтады. 
Алаштың  бір  туар  перззенті,  қоғам  қайраткері  Ахмет  Байтұрсынов  «Мұғалім  әдісті 
көп білуге тырысу керек. Оларды өзіне сүйеніш,  қолғабыс нәрсе  есебінде қолданыу керек» 
деп  айтқанындай,  ғылым  мен  техниканың  жедел  дамыған,  ақпараттар  ағыны  күшейген 
заманда  жеткіншек  ұрпақтың  ақыл-  ой  мүмкіндігін,  қабілетін,  талантын  дамыта  отырып  

174 
 
ұлттық дүниетанымын қалыптастыру мектептің басты міндеті болып тұр. Сол мақсатқа жету 
үшін  бүгінгі  білім  кеңістігінде  мұғалімнің  қажымас  іздемпаздыққа,  шығармашылыққа 
тәрбиелеуді  жүзеге  асыратын  жаңартылған  педогогикалық  технологияны  меңгеруге  үлкен 
бетбұрыс  жасалуы  қажет.  Себебі,  мемлекеттік  білім  стандарты  деңгейінде  оқу  үрдісін 
ұйымдастыру жаңа педогогикалық технологияны енгізуді міндеттейді. 
Тарихи  танымды  қалыптастыруға  бағытталған    тарих  сабағында  ұлттық 
құндылықтарды танытуда  жаңа технология әдістерін қолдану нәтижесінде оқушының оқуға 
деген қызығуы мен өзіне деген сенімі артады, оқушы мен мұғалім арасында ынтымақтастық 
қарым – қатынас орнайды, өздігінен оқып, түйінді мәселелерді іріктейді, мақсатқа өз бетімен 
ұмтылады,  ойлау  қабілеті  мен  белсенділігі,  тапқырлығы,  шешім  қабылдау  әрекеті 
қалыптасары анық. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет