Редакциясын басқарған т.ғ. д, профессор М.Ғ. Ескендіров



Pdf көрінісі
бет12/25
Дата03.03.2017
өлшемі2,64 Mb.
#6429
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   25

ӘДЕБИЕТТЕР
1. Миллер Г.История Сибири. - Т.1. - Л.,1937. 
2. Фишер И.Сибирская история.  - Спб.,1774. 
3. Қозыбаев М.Қ. Ермак: аңыз бен ақиқат // Ақтаңдақтар ақиқаты. –Алматы, 1993. 
4. Абдиров М.Ж. Хан Кучум: известный и неизвестный. – Алматы, 1996.  
 
 
ӘӨЖ
  
94:63
 
(574)
                                                                        
 
Байсарина Қ.Қ.
1
, Ботабекова А.Р.
2
 
т.ғ.д., профессор
1
, 1 курс  магистранты
2
  
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті 
 
ҚАЗАҚСТАННЫҢ СОЛТҮСТІК АЙМАҒЫНДА ТЫҢ ЖЕРЛЕРДІ ИГЕРУДІҢ 
ТАБЫСТАРЫ МЕН ЗАРДАПТАРЫ 
 
ХХ ғасырдың 50-60 жылдары Қазақстан ауыл шаруашылығында орасан зор өзгерістер 
болды.  КОКП  Орталық  комитеті  1954  жылы  2  наурызда  «Елімізде  астық  өндіруді  одан  әрі 
арттыру,  тың  және  тыңайған  жерлерді  игеру  туралы»  қаулы  қабылдаған  болатын.  Пленум 
Қазақстанның  және  Сібір  колхоздары  мен  совхоздарында  әр  гектардан  14-15  центнерден 
астық алуға және екі жүз миллион пұт астық өндіруге толық мүмкіндік бар деп санады.  
Қазақстанда  тың  және  тыңайған  жерлерді  игеру:  Қостанай,  Целиноград,  Солтүстік 
Қазақстан,  Павлодар,  Көкшетау  облыстарында  және  Сібірде,  соның  ішінде  Алтай, 
Красноярск  өлкелерінде,  Оралда,  Повольже  және  Солтүстік  Кавказдың,  Қиыр  Шығыстың 
бірқатар аудандарында жүргізілді [1].  
1950 жылдардың басында елдегі астықтың тапшылығы айқын сезілді. Республиканың 
көптеген облыстарында егістік жерлердің көлемі  қысқарды. Мәселен, Павлодар облысында 
әр  жүз  гектардың  10,5  гектарына  егін  салынды.  Осы  облыстың  Лебяжинск,  Куйбышев 
атындағы және Май аудандарында 3-5 гектар жерге егін егілді [2]. 
1953 жылы Қостанай облысының Аят совхозында 21,6% жерге, Шевченко совхозында 
28,4  %,  Солтүстік  Қазақстан  облысының  Октябрь  атындағы  совхозында  24,2  %,  Көкшетау 
облысының Приишим совхозында 16,4 % жер өңделіп, егін салынды. Осындай көлемде егін 
салынғанмен  аталған  совхоздарда  алынған  өнім  өте  төмен  болды,  әрбір  100  гектардан 
алынған  өнім  252  пұт астықтан  аспады.  1940-1953  жылы  егістік  жер  13%-ке  қысқартылды. 
Ал мемлекетке өткізілген әрбір 100 гектардан 15,9 астық алынды [3]. 
1954 жылдың көктемінен бастап тың көтеру жұмысы өрістейді. Республикада негізгі 
астық  беретін  колхоздар  және  совхоздар  ауыл  шаруашылық  өнімдерді  өндіруді  көбейтуде 
бірталай 
шараларды 
жүзеге 
асырды: 
дәнді-дақылдар 
егісін 
механикаландыру, 
агротехникалық  және  механизаторлармен  қамтамасыз  ету  және  тағы  басқа  іс-шаралар 

82 
 
жүргізілді. Ауыл және село еңбеккерлері еңбегінің нәтижесінде 1954-1955 жылдары 18 млн. 
гектар тың жер көтерілді, бұл бүкіл еліміз бойынша игерілген жердің 60,6 пайызы еді [4]. 
Тың  және  тыңайған  жерлерді  игеру  жылдары  (1954-1956)  республиканың  солтүстік 
облыстарында  астық  дайындау  мәселесінің  экономикалық  қана  емес,  саяси  мәні  де  болды. 
Қазақстан  бірнеше  миллиард  пұт  астық  өндірумен  қатар  жаңа  селолар  «астық  фабрикасы» 
атанған  астық  совхоздары  құрылды.  Егістік  жердің  көлемі  тың  игеру  жылдары  9,7  млн. 
гектарға өсті. Бұрынғы одақ көлемінде астық жинаудан республиканың үлес салмағы 1949-
1953  жылдары  5-тен  12  пайызға  дейін  көтерілді.  Негізінен  астықты  облыстар  Қостанай 
(18,2%),  Көкшетау  (12,7%),  Солтүстік  Қазақстан  (9,8%)  мемлекетке  астық  тапсырды.  1949-
1953 жылдары орташа жылына 1819 млн. тонна қамбаға астық құйды [5]. 
Қазақстанда  негізінен  тың  игеру  1954-1958  жылдары  жүзеге  асырылды.  Ф.Т. 
Моргунның  есептеуі  бойынша  1964  жылы  Қазақстанда  29  млн.  гектар  жаңа  жер,  соның 
ішінде республиканың солтүстік облыстарында 20 млн. гектар жер игерілді [6]. 
1956 жылы ақпан айында өткен КОКП-ның ХХ съезі енді Қазақстанға астық өндіруді 
бес  есе  арттыру  міндетін  қойды.  Қазақстанда  тың  және  тыңайған  жерлерді  игеру  жылдары 
ауыл  шаруашылығы  саласын  басқаруды  жетілдіру  мақсатында  1956  жылы  Астық 
шаруашылығы 
министрлігі 
/Министерство 
хлебопродуктов/ 
құрылды. 
Аталған 
министрліктің қызметі колхоздар мен совхоздардан түскен астықты қабылдап алу, астықты 
сақтау,  халықты  нан  және  нан  өнімдерімен  қамтамасыз  ету  және  басқа  да  жұмыстармен 
айналысты [7]. 
1961  жылы  министрлік  таратылып,  ауыл  шаруашылық  өнімдерін  дайындау 
министрлігі  болып  құрылды,  бірақ  көп  ұзамай  оның  міндеті  қайта  құрылған  Қазақ  КСР 
Совхоз министрлігіне берілді.  
Кеңес өкіметі 1950-1960 жылдары дәнді-дақылдарды көп өсіру бағытында бидай егісі 
солтүстік  аймақтан  оңтүстік  аймаққа  қарай,  тіпті  Қазақстанның  шөлейт  бөлігіне  тарады, 
тары егісі шығысқа қарай, сол сияқты Орталық Қазақстанға етек жайды, арпа дақылы тауға 
қарай,  күріш  Сырдария,  Қаратал  өзендірінің  алқабына  өсірілді.  Астық  өндірудің  негізгі 
базасы  ретінде  солтүстіктегі  бес  облыс  Ақмола,  Көкшетау,  Қостанай,  Павлодар,  Солтүстік 
Қазақстан  облыстары  алынды.  Қазақстанда  жаздық  бидайды  және  әсіресе  бидайдың  қатты 
сорттарын  өндіруді  арттыру  қажеттілігі  өкімет  тарапынан  қабылданған  барлық  қаулы-
қараларда атап көрсетілді. 
Барлық жаздық бидайдың  егіс көлемі Қазақстанның Солтүстік аймағында 4/5 бөлігін 
алып  жатты.  Тым  қысқа  мерзімде  шамадан  тыс  өте  көп  жерді  жыртып  тастау  партия  мен 
халықтың «ұлы ерлігі» ретінде бағаланды. 
Алғашқы  тың  игерген  жылдары  республиканың  колхоздары  мен  совхоздары  едәуір 
табыстарға қол жеткізді. Тың жерді игерудің алғашқы жылдарында астық өндіру 35 пайызға 
артты.  Колхоздар  мен  совхоздар  242  миллион  пұт  астық  өткізді,  яғни  1953  жылмен 
салыстырғанда екі еседей көп еді. Осы бір жылғы нәтижеге сүйенген партия мен өкімет тың 
және  тыңайған  жерлерді  одан  әрі  игеру  жөніндегі  жұмыстарды  едәуір  ұлғайтуды  ұйғарды. 
Оның  нәтижесі  ұзаққа  бармайтынын  елеп-ескерген  ешкім  болған  жоқ.  Республикада  1955 
жылы 9,5 миллион гектардай тың жер игерілді, яғни 1954 жылдағыдан 1 миллион гектарға 
көп [8]. 
Ауыл  еңбеккерлері  тың  жерлерді  игерудің  алғашқы  кезеңінде  қыстың  суығына 
киліккен болса, 1955 жылы бұрын болып көрмеген қуаңшылық болды. Жер құрғап, топырақ 
шаң  болып  ұшып  жатты,  жаңбыр  болмады.  Осындай  жағдайға  қарамастан  1956  жылы  тың 
жерлерді игеру жөніндегі жұмыс одан әрі жүргізілді. Тағы да қосымша 2 миллион гектар жер 
игерілді.  Ал  1956  жылы  табиғаттың  қолайлы  жағдайына  байланысты  тың  жерге  бітік  егін 
шықты.  Көп  колхоздар  мен  совхоздар  бұрын болмаған  өнім  алды.  Мәселен,  қарастырылып 
отырған  Солтүстік  Қазақстан  облысы,  Дзержинский  совхозы  1956  жылы  көлемі  21  мың 
гектар  жердің  әр  гектарынан  18,6  центнерден  астық  бастырды.  Ал,  Ақмола  облысы 
колхоздарының диқандары 1956 жылы мемлекетке 90 мың тонна астық тапсырса, Павлодар 
облысының колхозшылары 59,6 мың тонна астық өткізді. 

83 
 
Қазақстан  тыңы  астық  өндіруге  зор  үлес  қоса  тұрса  да,  бүкіл  одақ  көлемінде  астық 
дайындау жоспарлары тиянақты орындалмай жатты. Тың игеріле бастағаннан-ақ егін жинау 
маусымы  –  кәдуілгі  ауыл  шаруашылық  науқаннан  «алапат  майданға»  айналып  кетті.  1954-
1955  жылы  Павлодар  облысына  1904  жанұя  келген.  Ал,  Көкшетау  облысының  Рузаев 
ауданына 18 маман келген [9]. 
Тың  игеру  жылдарындағы  ірі  өзгерістердің  бірі  –  республикада  халықтың,  оның 
ішінде ауыл тұрғындарының саны тез өсуінде болды. 60-шы жылдары Солтүстік Қазақстан 
өңіріне сырттан келушілер саны көп болды. Әсіресе, Көкшетау  мен Қостанай облыстарына 
келушілер  басқа  аймақтармен  салыстырғанда  басым  еді.  Атап  айтсақ,  бұл  кезде  Көкшетау 
облысына сырттан келушілер 49 %-ға артқан, ал Қостанай облысына келушілер саны 26 %-ға 
өскен.  Мұндай  жағдай  аталған  аймақтарда  өнеркәсіп  дамуымен,  сондай-ақ  тың  және 
тыңайған  жерлерді  игеруге  де  байланысты  болды.  Осылайша  тың  игеру  Қазақстан  жерінде 
үлкен ауқымда жүзеге асырылып, республикамыздың өміріне жан-жақты әсерін тигізді. 
Қазақстанда  тың  жерді  игерудің  алғашқы  жылдары  астықты  дақылдар  егілетін  жер 
көлемін арттыру есебімен, яғни негізі экстенсивті жүргізілгені белгілі. Тым қысқа мерзімде 
шамадан  тыс  өте  көп  жерді  жыртып  тастау  партия  мен  халықтың  ұлы  еңбегі  ретінде 
бағаланды,  шұғыл  және  төтенше  қимылдар  республикамызға  зардабын  тигізді,  оны  елеп-
ескерген  жан  болған  жоқ.  Қазақстанға  тың  жерлерді  игеру  екі  жақты  әсер  етті.  Ол 
біріншіден,  әрине  жаңашылдығымен,  прогрессшілдігімен  халық  шаруашылығының  кейбір 
салаларының жан-жақты дамуына серпінді әсер ете білді, Қазақстан экономикасының, халық 
шаруашылығының дамуына уақытша болса да жақсы әсер болғаны белгілі. Бұл науқынның 
өзіндік көлеңкелі саясатты іске асырар екінші жағы да болған еді. 
1950  жылдардың  басында  Қазақстан,  Батыс  Сібірдің  тың  және  тыңайған  жерлерінің 
көлемін  анықтау,  құнарлығын  тексеру  мақсатында  КСРО  Ғылым  Академиясы  топырақ 
зерттеу  институты  бастаған  зерттеушілер  және  туған  жер  топырағының  түзілу  процесін 
жанашырлықпен  жете  тексерген  Қазақстан  ғалымдарының  ғылыми  зерттеулері  Қазақстан 
топырағының  20%  эрозияға  бейімділігін  дәлелдеп,  жаңа  жерлердің  топырағы  мен 
табиғатының жағдайын үнемі зерттеу және тыңайтқыштар қызметін құруды ұйымдастырды. 
Комиссияның  жарамсыз  деп  тапқан  жерлері  қысқа  мерзім  ішінде  басқа  жерлерге 
ауыстырылды.  Павлодар  облысындағы  жарамсыз  деп  тапқан  жерлер  Солтүстік  Қазақстан 
және Көкшетау облыстарына ауыстырылып, сол жерлер жыртылатын болды. Одақ көлемінде 
4,95 млн. гектар жер егін егуге жарамды деп табылды. Оның ішінде Ресейде 2,5 млн. гектар, 
Қазақстанда  2,4  млн.  гектар  жер.  Осының  дұрыстығы  сол  кезде  ескерілмеді.  Алайда  оның 
дұрыстығы  көп  ұзамай-ақ  дәлелденді.  Мәселен,  1954-1958  жылдары  Павлодар  облысының 
800  мың  гектар  жері  эрозияға  ұшырап,  істен  шыққан.  Мұндай  жағдай  Ақтөбе,  Қостанай, 
Көкшетау облыстарында да орын алған.  
Республиканың солтүстік облыстарынан  – Қостанай, Павлодар, Көкшетау, Солтүстік 
Қазақстан,  Торғай,  Ақмола  аймағында  жабайы  аңдар  мен  құстардың  алуан  түрлері 
ығыстырылды. Қазақ жерін мекендейтін қарақұйрық, орман сусары, құндыз, тырна, дуадақ, 
безгелдек, ақ дегелең тәрізді құстар мен аңдардың азая түсуін тың процесі тездете түсті. Көп 
жерлерде  көлдер  суалып,  жылғалар  тартылды.  Қазір  Қостанайлықтар  бір  кездегі  облыс 
территориясында тың игергенге дейін бұнда бес мың көл болғанын, бүгінгі күні олардың бес 
жүзі ғана сақталып қалғанын, бұрынғы бес шағын өзеннің 20 жайылып кеткенін, әсіресе ірі, 
мол сулы – 121 мың шаршы километр алқапты арнасы қамтып жататын Тобыл өзенінің тың 
игерілгеннен  кейін  52,2  мың  шаршы  километр  жерді  ғана  айналып  ағатыны  есептеп  отыр 
[10]. 
Ауыл шаруашылығы ғылымының тәжірибесіне жүгінетін болсақ, жердің ең шұрайлы 
қабаты гомустың (шымның) қалыңдығы бір сантиметр қалыптасуы үшін аз дегенде 2-3 ғасыр 
керек екен – бұл біріншіден. Екіншіден, гомусты қалыптастыру үшін ол жерде міндетті түрде 
ақ  селеулі  далада  сыңсыған  мал  жайлауы  керек.  Солардың  тұяғы  ақ  селеуді  жаныштап, 
малдың тезегімен араласып, 2-3 ғасырда қалыңдығы бір-екі елі гомусқа айналмақ. Тың жерді 
жаппай  игергеннен  кейінгі  соңғы  30  жылдың  ішінде  жердің  жыртылатын  қабатындағы  сол 

84 
 
шұрайлы  гомустың  азайып  кетуі  әсіресе,  тың  жерлер  көп  жыртылған  облыстарда  орын 
алғандығы шындық.  
Ғалымдардың  нақты  мәліметі  бойынша  көрсетілген  мерзім  ішінде  ол  Көкшетау 
облысында 4,3 тен 3,6 пайызға, Қостанай облысында 3,7 ден 2,7 пайызға төмендеп кетті [11]. 
Жалпы, Солтүстік Қазақстанда тоғыз миллион гектар егістік эрозияға ұшырады. Бұл жалпы 
егінге жарамды жердің тең жартысы еді. Табиғаттың бергенін өзіне қайтармай, одан тек ала 
беруді,  оны  «Бағындыруды»  көздеген  біржақты  көзқарас  бізді  міне,  осыған  алып  келді. 
Мұның  нәтижесі  де  қайғылы  –  тек  солтүстік  облыстардың  бір  өзінде  ғана  жер  эрозиясы 
игерілген тың жерлердің 1 миллион гектардан астамын істен шығарды.  
Жерді  талан-таражға  салу  –  орны  толмас  шығынға  ұрындырды.  Ғалымдардың  есебі 
тыңды игеру жылдарында топырақтың сапалы қыртысының 15-20 пайызы, ал кей жерлерде 
23 пайызға дейіні бүлініп, құнарсызданған. Қазір бұрынғы тың игерген аймақтардағы жердің 
құнарсыздануы 35 пайызға дейін жетті.  
Солтүстік  Қазақстан  облысының  егіншілігінде  таза  парды  айналымға  енгізудің 
тиімділігі мол екендігі тәжірибеде айқын дәлелденген. Мұның өзі басқа елдердің де, соның 
ішінде  бізбен  табиғатты  және  ауа  райы  ерекшелігі  қанаттас,  Канаданың  егіншілікті 
жүргізудегі тәжірибесі де осы бағыттың дұрыстығына күмән келтірмейді.  
Сонымен, тың жерлерді жаппай игеру кезеңінде ауыл шаруашылығының экстенсивті 
жолмен  дамуы  ауыл  шаруашылығының  күрт  төмендеуіне  алып  келді.  Мұның  үстіне,  тың 
жерлерді  игергенде  республиканың  табиғи  –  географиялық  және  ұлттық  ерекшеліктері 
ескерілмеді.  Тың  игеруге  тиісті  жерлер  қазақтардың  сан  ғасырлар  бері  келе  жатқан  ата 
қонысы  екендігі,  ол  қазақтардың  халық  болып  қалыптасқан,  дәстүрлі  шаруашылығы  бар, 
сан-салалы мәдениеті өркен жайған, алтын бесігі болғандығы ескерілмеді. Осының барлығы 
ауыл шаруашылығын бірте-бірте тоқырауға жақындата түсті. 
Астықты  өндіруді  ұлғайтудың  басты  көзі  –  тың  деген  тұжырым  жасалынды.  Тың 
игерудің  ең  басты  дәлелі  жүргізілген  бірлі-жарымды  тәжірибе  болатын.  Атап  айтқанда, 
Члябинскі  облысындағы  «Петропавловск»,  Солтүстік  Қазақстан  облысындағы  «Ленин 
жолы»  шаруашылықтарының  негізінде  енгізілді.  Қазақстанда  тың  игерілген  1954-1960 
жылдар  ішінде  астық  өндірудің  жалпы  көлемі  106  млн.  тоннадай  болды,  осы  жылдар 
ішіндегі  өндірілген  астықтың  жылдық  орташа  мөлшері  1949-1953  жылдардың 
көрсеткіштерінен 3,8 еседен астам асып түсті. Қазақстан бұл  жылдарың ішінде мемлекетке 
63,4 млн. тонна астық тапсырды [12]. 
 
Қорыта келе, 1950 жылдардың басындағы экономикалық тәсілдерге негізделген жаңа 
аграрлық  саясатты  жүзеге  асыруда  жүйеліліктің  болмауы,  колхоздар  мен  совхоздардың 
тіршілік тынысына орынсыз араласуы тиімді нәтиже бермеді. Міне, сондықтан тың игерудің 
де  ауыл  шаруашылығын  алға  бастыруға  қадам  жасай  алмауының  да  себебі  осы  деп 
ойлаймыз.  
 
ӘДЕБИЕТТЕР: 
1.
 
Райханов Н. Тың игерудің оңы мен солы // Ақиқат. – 1999. - №5. 19-28 б.  
2.
 
ҚРПМ. 708 қ., 27 т., 1185 іс, 7-8 п.  
3.
 
ҚРПМ. 708 қ., 27 т., 41 іс, 61 п.  
4.
 
Народное хозяйство Казахской ССР: Стат.сборник. Алма-Ата, 1957.-381 б. /140/.  
5.
 
Қазақстан жоғарғы мектебі // №1, 2004. – 194-195 б. 
6.
 
Моргун Н. Тың туралы ойлар. М., 1960. – 327 б. /63/ 
7.
 
ҚРОММ. 1481 қ., 15., 182 іс, 215 п.  
8.
 
Омарбеков Т. Тың тұмшалаған шындық // Жұлдыз. №6, 1991 – 120 б.  
9.
 
ҚРПМ. 708 қ., 27 т., 54 іс, 187 п.  
10.
 
Омарбеков Т. Тың тұмшалаған шындық // Жұлдыз. №6, 1991 
11.
 
Казахстанская правда. 1988. – 12 апреля 
12.
 
Казахстан за 50 лет: Стат. Сборник. Алма-Ата, 1971.-248 с. /66/ 
 

85 
 
ӘОЖ: 94 (574)  
 
Байдалы Р.Ж.
1
, Елкей Н.Н.
2
 
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
1

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты
2 
 
 
 
МАНАШ ҚОЗЫБАЕВ - ҚАЙРАТКЕР 
 
Дана  халқымызда  «жақсының  аты  өлмейді,  ғалымның  хаты  өлмейді»  деген  қанатты 
сөзі бар екені ақиқат. Осы ретте, бұл сөзді елі қадір тұтып, Ұлт тарихын зерттеп-зерделеуде 
өлшеусіз үлес қосқан, биыл туғанына 85 жыл толып жатқан туған жердің тарланы, тарихтың 
тарланбозы,  академик  Манаш  Қабашұлы  Қозыбаевқа  арнап  айтсақ  артық  болмасы  анық. 
Өйткені, Манаш Қабашұлының қазақ тарихына, соның ішінде ата тарихымыздың шығу тегін 
белестерге  бөліп,  азаттық  жолында  ерлігімен  танылған  батырларымызды,  отаршылдық 
езгінің зардаптарын, тәуелсіздіктің даңғыл жолын зерттеудегі үлесі қомақты.  
“Қайраткер болар адам ұлт мүддесін өз мүддесінен жоғары қояды,ұлттық және жеке 
бастың  мүдделері  бір  жерден  табылады.  Ендеше  қайраткер  болар  жанға  көрегендік  аз, 
ұлтжандылық  керек.  Қайраткерлік  күш-қуатын,  шешендік  пен  көсемдікті,  тапқырлықты, 
өжеттікті,  батылдықты  қарқынды  іске  бағыттаудан  көрінеді”  дейді  Манаш  Қозыбаев.  Бұны 
ол ісімен көрсете білген [1,114 б]. 
Ғалымның  өз  айтқандай  оның  қайраткерлігін  өзінің  кәсіби  тарихшылығын,  ел 
мүддесін ойлаудан туған қарқынды істерді қалай атқарғандығынан көруге болады. Мысалы 
ол  студент  кезінің  өзінде-ақ  ҚАЗ  МУ-дің  қоғамдық  жұмысына  белсене  араласады, 
студенттерді  жақсы істерге жетелейді, үлгі  болады. Бұған дәлел ретінде архивтен табылған 
ҚАЗ  МУ-дің  тарих  факультетінің  деканы  Горячеваның  Манаш  Қозыбаевқа  берген 
мінездемесін келтіруге болады. 
“Тов. Козыбаев с самого начало своего пребывания в университете, принимает самое 
активное участие в общественной жизни университета и факультета. 
На  I  курсе  Козыбаев  был  агитатором,  на  II  курсе  -  лектором  вновь  организованной 
лектоской  группы  комитета  комсомола  и  комсоргом,на  III  курсе  руководителем  Совета 
лекторам  при  комитете  ЛКСМК  и  зам.  руководителя  агит.  коллектива  факультета.  На  IV 
курсе  был  избран  членом  комитета  комсомола,  работал  также  внештатным  лектором.  ЦК 
ЛКСМК  и  лектором  лекторской  группы  университета.  На  V  курсе  был  внештатным 
пропагандистам  фрунзенского  ГРК  КПК  также  избран  членом  пленума  фрунзенского  ГРК 
ЛКСМК” [2,18 п]. 
Бұл  дерек  бізге  Манаш  Қозыбаевтың  қайраткерлік  жолындағы  қалыптасуының 
алғашқы баспалдағын көрсетеді. 
Ал, университет бітіргеннен кейінгі туған жері Қостанайда - педагогикалық института 
еңбек  еткенде  институттың  қоғамдық  жұмысы  шеңберінен  асып,  қаланың,  облыстың 
қоғамдық  өміріне  белсене  араласады.  Бұл  сөзімізге  архивтен  алынған  Қостанай 
педагогикалық  институттының  директоры  Л.А.  Середкиннің  берген  мына  сөздер  айқын 
дәлел  бола  алады:  ”С  1954  г.  трижды  избирается  секретарем  партийной  организации 
института.Является  также  кандидатом  и  Пленума  Костанайского  ГОРКОМО  партии”  [3,38 
п]. 
Ғалымның қайраткерлігі сонда - ол тарихты зерделеп қана қоймай, тарихтың қоғамды 
алға жылжытушы екендігін, өзінің нақты ісімен көрсете білуінде. Мысалы, ол туған жерінде 
жоғарыда аталған институтта тарихтан дәріс беріп жүрген кезінде азамат соғысында ел үшін 
құрбан  болған  М.Г.Летунов,  К.М.Иноземцов,  Н.И.Миляевтардың  және  иісі  қазаққа  білім 
нұрын сенкендердің бірі Ы.Алтынсаринның ардақты аттары ел жадында сақталуы үшін қала 
көшелеріне, кейбір ауданға есімдері берілуін тиісті орынға мәселе етіп қояды. Солардың көбі 

86 
 
кейін  жүзеге  асты.  Қазір  Ыбырай  Алтынсарин  атындағы  аудан  бар,  батырлардың  атымен 
аталатын көшелер бар. 
Тарихшының  қайраткерлігін  көрсететін  тағы  да  бір  нақты  дәлел  -  оның  тарихтың 
бұрмаланып жазылуына қарсы тұруы. Мысалы, ол батыс Қазақстан облыстық ”Приуральская 
правда”  газетінің  азамат  соғысы  туралы  тарихи  шындықты  бұрмалап  көрсеткенінен  кәсіби 
тарихшы ретінде әшкерілейді, оқырмандарды түзу жолға жетелейді. 
Бұл сөзімізге ғалымның сол кездегі жазған мақаласынан үзінді келтірсек нақты дәлел 
бола  алады.  ”Приуральская  правда”,  публикуя  материалы  о  гражданской  войне  и 
деятельности  Чапаева,  не  всегда  вникает  в  подробности  и  часто  отходит  от  исторической 
правды, путает факты,вводя своих читателей в заблуждение. 
Допуская  досадные  искажения  при  освещении  истории  гражданской  войны  в 
Западном Казахстане ”Приуральская правда” делает плохую услугу [4,3 б]. 
Институтта  жүргенде  Манаш  Қозыбаев  Қостанай  пединститутының  ғылыми 
жазбаларын шығаруды алғаш бастаған. Осындай қоғамдық жұмыстарды атқарумен белсене 
атқарады.  Бұл  сол  кездегі  тың  игеру  саясатымен  тұспа-тұс  келеді.  Орталықтан  Болшунов, 
Рынков сияқты т.б. ғылым кандидаттары келе бастайды, солармен бірге орыс шовинизмі етек 
жаяды. Жергілікті ұлт кадрларына қысым жасала бастайды. Оның соңы Манаш Қозыбаевтың 
институттан  өз  еркімен  кетуімен  аяқталады.  Бұл  туралы  ғалымның  өзі  бұлай  деп  жазған: 
”Бүкіл  институтта 3-4  қана қазақ, дауысымызды шығармауға тырысты. Маған әлі  келмеген 
қулар менің соңыма КГб-ны салды, ”ұлтшыл” деп айыптауға “материал” жинай бастады...” 
[5,54 б]. 
Қозыбаев  Қазақстан  компартиясы  Орталық  Комитеті  жанындағы  партия  тарихы 
ниститутынына  қызметке  ауысады.  Сол  кезден  бастап  ғылыми  жұмыспен  біржола  алаңсыз 
айналыса  бастайды.  Көптеген  ғылыми  еңбектері  жарық  көреді.  Аға  ғылыми  қызметкерден 
партия құрылысы тарихы бөлімінің меңгерушілігіне дейін өсіп, тарих ғылымының докторы, 
профессор, танымал ғалым дәрежесіне дейін көтеріледі. 
Ол 1974 жылы З.А.Голиковамен бірлесіп “Золотой фонд партий” атты еңбек жазады. 
Тарих  ғылымының  докторы,  профессор  М.  Қозыбаев  осы  еңбегі  үшін  орнынан  алынып, 
Алматы малдәрігерлік институтына кафедра меңгерушісі  етіп жіберіледі. Осы оқу орнында 
ол дәрістерді қазақша оқу, тарихты оқытуда, техникалық құралдарды қолдануда енгізіп қана 
қоймай,  КСРО  көлеміндегі  100  қатарлық  оқу  орындарының  қоғамтану  кафедралары 
оқытушыларының  басын  қосып,  үш  бүкілодақтық  конференция  өткізеді,  оның  
материалдарын  баспаханадан  басқызып    шығарады.  Қайраткерлік  қажырының  арқасында 
бүкілодақтық  бойынша  Алматы  Ауыл  Шаруашылық  институтында  тұңғыш  рет  партия 
тарихы  кафедрасында  аспиратура  ашады.  Одақтық  деңгейдегі  ғалым  болып  танылады, 
көптеген  одақтық  ғылыми  конференцияларда  баяндама  жасайды.  1979  жылы  Қазақ  Ғылым 
академиясының корреспондент - мүшесіне сайланады. 
1980-1986  жылдары  білімді  де,  білікті  ғалым  Қазақ  Кеңес  энциклопедиясының  бас 
редакторы болады. Осы энциклопедияға тұңғыш рет Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев
Мұстафа  Шоқай,  Жүсіпбек  Аймауытов  т.б.  қазақтың  ардагер  азаматтарының  өмірбаянын 
енгізеді. Бұл туралы ғалым М.Құл-Мұхаммед:  ”Ол кездері  жазуды қойып, есімдерін айтуға 
тыйым  салынған  қазақтың  біртуар  перзенттерінің  өмірін  энциклопедияға  кіргізу  туралы 
мәселе көтеру ерліктермен парапар еді” -дейді [6,80 б]. 
Терең білім мен біліктірді қажет ететін осы бір жауапты  жұмыс кезінде М. Қозыбаев 
қазақ  және  орыс  тілдерінде  4  томнан  тұратын  ”Қазақ  ССР”,  ”Алматы”,  ”Қарағанды”  және 
отбасылық “Шаңырақ” энциклопедиясын, Ш.Уәлихановтың 5 томдық шығармалар жинағын 
құрастырып шығарды. 
М.Қабашұлы Ұлы Отан соғысындағы Қазақстан тарихын жүйелеп қарапайым халыққа 
шынайы  тұрғыда  жеткізе  білгендігімен  де  зор  қайраткер.  Атап  айтар  болсақ,  ол  Ұлы 
Жеңістің  40  жылдығына  арнап  40  сериялы  тарихи  деректі  фильм  шығаруға  белсене 
араласып,  бас  кеңесші-сарапшы  болған.  Бұл  фильмде  білгір  тарихшы  Ұлы  Отан 
соғысындағы Қазақстанның үлесін көрсете білген. 

87 
 
Ғалымның  осындай  сан-салалы  жұмысының  ішіндегі  кесегі  энциклопедия 
шығарудағы еңбегін С.Сартаев: ”Думаю, что он оставил большой след в истории Казахстана, 
будучи  главным  редактором  Казахской  советской  энциклопедии,  так  же,  как  французские 
энциклопедисты во главе с Дени Дидро” [7,195 б]. 
М.Қозыбаевтың  қайраткерлік  қыры  әсіресе  оның  1986  жылы  1981  жылдан  бері 
Кеңестік  Қазақстан  тарихнамасы  бөлімінде  негізгі  жұмысына  қоса  еңбек  етіп  келе  жатқан 
Қазақ  ССР  ғылым  академиясының  Ш.Ш.Уәлиханов  атындағы  Тарих,  археология  және 
этнография  институтына  жұмысқа  ауысқан  кездеріндегі  атқарған  жұмыстарынан  айқын 
көрінеді.  Оның  ерекше  қасиеті  -  өзінің  де,  бүкіл  ұжымның  да  назарын  тарих  ғылымының 
көкейтесті  мәселелеріне  және  оның  міндеттерін  шешуге  аудара  алушылығы  болды.  Оның 
тікелей  басшылығымен  Институтың  ғылыми-зерттеу  жұмысында  басым  бағыттар  ашылды. 
Олар  Қазақстанның  Ресейге  қосылу  мәселелері,  өлкенің  XX  ғасырдың  бас  кезіндегі  саяси 
өмірі,  ұлт-азаттық  қозғалыс,  кеңес  кезіндегі  ұлттық-мемлекеттік  межелену  және  ұлтаралық 
қарым-қатынастар тарихы мәселелері еді. 
М.Қозыбаев  директор  болғаннан  бастап  Қазақ  ССР  Ғылым  академиясының  Ш.Ш. 
Уәлиханов  атындағы  Тарих,  археология  және  этнография  институты  Қазақстанның  тарих 
ғылымының  орталығы  ретінде  берік  орнықты.  Оның  халықаралық  байланыстары  кеңейіп, 
олар іскерлік, шығармашылық сипат алды. Басшылық жұмыста осындай үлкен істерді атқара 
жүріп ғылыми мақалалар жазуын ешқашан тоқтатқан жоқ. Соның бір дәлелі ретінде ”Тарих 
және  әдебиет”,  ”Голощекин”  атты  мақалалары  үшін  1988  жылы  ”Қазақ  әдебиетінің” 
лауреаты атанды. 
Сондай-ақ  ол  Қазақстанның  егемендігін  жариялау  қарсаңында  1988  жылы 
республиканың  ұлттық  территориясы  туралы  ғылыми-практикалық    конференциясын  және 
күштеп ұжымдастыру мәселелері туралы бүкілодақтық дөңгелек стөл өткізді. Осы жылдары 
М.Қозыбаев  бастаған  зерттеушілердің  /Ж.Әбілғожин,  М.Тәтімов/  ”Ашаршылық  ақиқаты” 
деген  ұжымдық  мақаласы  жарық  көреді.  Ол”Вопросы  истории”  журналының  (1989)  -7 
саныда  жарияланды.  Мұнда  тұңғыш  рет  шаруаларды  ұжымдастыру  күшпен,  зорлықпен 
жүргені  дәлелденіп  қана  қойған  жоқ,  ең  бастысы,  ол  саясаттың    мемлекеттік  деңгейдегі 
этноцид  саясаты  екендігі  айқындалды.  Көптеген  қалың  оқырманға  белгісіз  деректер 
келтіріліп,  қазақ  халқының  42  пайызы  сол  жылдары  қырылып  қалғаны  айтылды. 
”Ашаршылық  ақиқаты”,  ”Казахстанская  трагедия”  деген  атпен  Одақтық  журналда  шығып, 
кеңестік жүйенің зұлымдығын әшкерелеген ғажайып мақала басылды. Бұрын ұжымдастыру 
жылдары  лениндік  кооперативтік  жоспар  бұрмаланды  деп  дәлелденіп  келген  қазақ 
сахарасында  осы  зорлық-зомбылықтың  жүйелі  түрде,  үздіксіз,  өте  қатаң  жүргізілгені,  бұл 
саясаттың  қолдан  жасалған.  ”Ақтабан  шұбырынды”  саясатына  ұласқаны  жан-жақты 
көрсетілді. 
Арғы  алыс  тарихымызды  ақтарып,  ақтаңдақтарын  аршып  көрсетуде,  алаштың 
ақиқатын  ашуда  тарих  саласындағы  бірден-бір  академик,  тарих  институтының  директоры 
Манаш  Қозыбаевтың  ерлігі  ауыз  толтырып  айтуға  тұрарлық.  Сондай  қайраткерлігінің 
арқасында  ол  халық  қалаулысы  болып,  Қазақ  ССР  Жоғарғы  Кеңесінің  XII  шақыруының 
депутаты  болды.  1990  жылғы  25  қазанда  қабылданған  “Қазақ  КСР-ның  мемлекеттік 
егемендігі туралы Декларацияның” жобасын әзірлейтін комиссиясының мүшесі болды. 
1991 жылы қарашада  Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі  құрған Парламенттік 
арнайы комиссия, сол кезде халық  депутаты болған М.Қозыбаевтың басшылығымен бір жыл 
жұмыс  істеп,  1920-1930  жылдардағы  Қазақстандағы  саяси  қуғын-сүргін  және  1931-33 
жылдардағы жаппай ашаршылықтың себептері мен зардаптарын арнайы сраптаудан өткізді. 
Бұл  комиссия  жұмысының  қорытындысы  тоталитаризм  мен  оның  зардаптарын  бұрынғы 
Кеңестер  Одағы  республикалалары  ішінде  Қазақстанда  ғана  таңғылықты  әрі  жүйелі 
зерттеліп келе жатқандығын ерекше атап өткен жөн. 
1991  жылы  коммунистік  партия  тарағаннан  кейін  оның  аса  құнды  деректерге  бай 
архиві иесіз қалды, міне осы кезде М.Қозыбаев қоғамтанушы ғалымдармен бірлесіп архивті 
сақтап  қалу  қажет  екенін  айтып  “Казахстанская  Правда”  газетіне  хат  жолдап  және 

88 
 
депутаттық сауал жасап, соның арқасында партия архиві негізінде Қазақстан Республикасы 
президентінің  архивінің  құрылуына  мұрындық  болады.  1992  жылы  Қазақстан 
Республикасының  Президентінің  қасындағы  мемлекеттік  саясат  туралы  ұлттық  кеңесінің 
мүшесі болды. 
Қазақстан  Республикасы  Президентінің  жанындағы  Мемлекеттік  саясат  комиссиясы 
акдемик  Манаш  Қабашұлының  басшылығымен  жасалған  тарихи  сананы  қалыптастыру 
бағдарламасын қабылдады. Ең алдымен ғалым тарихта орын алып келген қанды ақтандақтар 
беттерін жоюды алға тартты. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін Н.Ә.Назарбаевтың мүмкіндік 
туғызуымен республикада құрылған түрлі қоғамдық ұйымдарға мүше болып, кейбіреулерін 
басқарып орасан зор жұмыстар атқарды. 
-  1993  жылы  қазақстан  Республикасы  Тарих  және  мәдениет    қорғау  және  пайдалану 
жөніндегі ғылыми-методикалық Кеңесінің төрағасы. 
- Республикалық тарихи-ағартушылық ”Әділет” қоғамының президенті. 
-  Қазақстан  Республикасының  (Жаппай  саяси  қуғын-сүргіндер  құрбандарын  ақтау 
туралы” комиссиясының төрағасы. 
-  Республикалық  ”Азалы  кітап”  /книга  памяти/  кітабын  дайындап  шығаруға  қатысты 
құрылған редакциялық алқасының төрағасының орынбасары. 
- 1993-2001 ж.ж. ”Қазақ тарихы “ журналының редакциялық алқасының мүшесі. 
- 1998 жыл. ”Отан тарихы”журналының бас редакторы. 
- 2001 жыл. ”Қазақстан-Заман” газетінің құрылтайшысы. 
Жалпыұлттық  татулық  пен  саяси  қуғын-сүргін  құрбандарын  еске  алу,  халық  бірлігі 
мен  ұлттық  тарих,  халық  бірлігі  және  ұрпақтар  сабақтастығы  жылдарымен,  Түркістанның 
1500  жылдығы,  Абай  Құнанбаевтың,  Қаныш  Сәтпаевтың  мерей  тойларын  өткізу  үшін 
құрылған мемлекеттік комиссиясының мүшесі ретінде ерекше құлшыныспен еңбек етті. 
Қазақстанның  жаңа  тарихын,  қазіргі  қоғамдық-әлеуметтік  және  саяси  болмысын 
толымды  таразылып,  еліміздің  әлеуметтік  өсуіне,  ғылыми  беделінің  артуына  өлшеусіз  зор 
үлес қосты. 
М.Қозыбаевтың ”Тарих және қазіргі заман”, ”Ақтандақтар ақиқаты”, ”Жауды шаптым 
ту  байлап”,  ”Тарих  зердесі”  (екі  томдық),  ”Отан  тарихы  проблемалары:  методология, 
тарихнама, деректану” (екі томдық) т.б. монографиялық еңбектерінде біздің заманымыздың, 
Қазақстан тарихы ғылымының қазіргі дамуының көкейтесті, өзекті мәселелері, ірі де, іргелі 
теориялық  проблемалары  әлемдік  ғалымтанудың  ең  соңғы,  сандарлы  жетістіктеріне  сай 
сараланды. 
Жапон  ғалымдары,  профессорлары:  Ито  Шунги,  Масахиро  Фукукава,  АҚШ  Фиер 
Уильям,  Ресей  М.Устинов,  Татарстан  М.Хасанов,  Башқұрстан  Р.Кузеев,  Түркия    М.Сарай, 
Ю.Калашоғлы,  Украин  М.Кравчув,  Н.А.Буцко,  М.Коваль,  Қытай  Яң  Фарын,  Ж.Мырзахан, 
СуБәйхай,  Тәжікстан  Асқаров,  М.Джураев,  С.Тұрсынмұхамед  сияты  дүние  жүзіне    белгілі 
ғалымдармен  іскерлік  қарым-қатынас  орнатқан.  Қозыбаев  Қазақстан  тарихын  Отан  тарихы  
туралы  ғылымды  томаға  тұйықтан  шығарып,  әлем  халықтары  тарихымен  өзектес  сараптау 
үшін Ресей, АҚШ, Қытай, Жапония, Ұлыбритания, Германия, Түркия, Франция, Иран екілді 
әлемнің  ірі  мемлекеттерінің  жетекші  ғылыми  зерттеу  институттары,  орталықтарымен 
шығармашылық қарым-қатынас орнату, ғылыми дерек көздерін бірлесе пайдалану, ғылыми 
ақпараттар алмасу ісін дамыту жолында қажырлы еңбек етті [8]. 
Елімізде  бірнеше  халықаралық  ғылыми  конференциялар  өзкізген  Манаш  Қозыбаев, 
сонымен  қатар  түрлі  халықаралық  конгрестерде,  конференцияларда,  симпозиумдарда 
ғылыми  баяндамалар  жасап,  Отан,  халық  игілігі    үшін  атқарған  адал  еңбектің  үлгісін 
көрсетті. 
Қазақстан тарих ғылымының көшбастаушысы - Қозыбаевтың еңбектері орыс, украин, 
әзірбайжан,  молдаван,  ағылшын,  қытай,  жапон,  неміс,  түрік,  француз,  иран  және  басқа 
тілдерге аударылды. Оның ғылыми еңбектері бүгінгі күн тақырыбына, өткен тарихымыздағы 
бұрын дұрыс бағасын алмаған мәселелердің заңды шындығын ашуға арналған. 

89 
 
М.Қозыбаевтың  Қазақстан  тарихын  дүние  жүзі  тарихымен  сабақтастыра, 
байланыстыра  жаңаша  көзқараспен  зерттеуі  шетел  ғалаымдарының  қолдауына  ие  болды. 
Батыл  көзқарастарымен  Қозыбаев  тарихшылар  арасында  үлкен  беделге  ие  болды.  ”1996 
жылы Үрімжіде өткен “Еуразия-құрлық көпірі” атты халықаралық конференцияда жасайтын 
баяндамасында Ян Фарын мырза шетелдік  ғалымдардан М.Қозыбаевты өзіне рецензент етіп 
шақыруы  -  оның  Манаш  Қабашұлын  әлемдік  деңгейдегі  ғалым  ретінде  бағалайтындығын 
аңғартса  керек”  [9,112  б].  Қытайдан  оралған  оралман,  тарих  ғылымдарының  кандидаты 
Нәбижан  Мұқаметханұлы  ағынан  жарылып  ”Манаш  Қабашұлы  -  өзінің  ғұлама 
ғалымдылығымен,  тектілік  қасиетімен,  шебер  мәмлегер  ұйымдастырушылығымен  Қытай 
елінде,  жалпы  диаспора  әлемінде  зор  беделге  ие,  халықаралық  деңгейдегі  ірі  тұлға”  -  деп 
мақтанышпен өз ойын да білдірді [10,115 б]. 
Белгілі  мемлекет,қоғам  қайраткері,  ұлт  мақтанышы,  біртуар  азамат  -  Манаш 
Қозыбаевтың ел үшін еткен еңбегімен, халыққа көрсеткен қызметімен жоғары бағаланды. 
Қорыта  айтқанда,  М.Қозыбаевтың  қайраткерлігі  -  оның  бүкіл  өмір  жолындағы 
атқарған  сан-салалы  істерімен  қабыса  отырып,  еліміздің  кешегісі  мен  бүгінгісінің  тарихын 
зерделеп,  қоғамның  дамуымен  бірге  жылжып,  еліміздің  тәуелсіз  мемлекет  болып 
қалыптасуындағы  іргетасын  қалағандардың  бірі  болуында  жатыр.  Кәсіби  тарихшылығын 
елінің қамын ойлап, тоқсан тараулы сан істерді іске асыруға қолданғандығында жатыр деуге 
болады. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет