«Олар (тақуалар) – кеңшілікте де, таршылықта
да инфәқ жасап (Аллаһтың жолына жұмсап) тұра-
тындар, (кек алуға құдіреті жете тұрып) ашу-ызасын
баса алатындар, адамдарды кешіре білетіндер. Аллаһ
(мұндай) жақсылық істегендерді ұнатады» – денілген
(Әлү Имран, 134)
.
Мәуләнә Хазірет те мүминдердің Аллаһ үшін бір-
бірінің кемшіліктерін кешіріп, жақсылық жасап, бауыр-
ластықты іске асырулары керектігін былай ишарат етеді:
«Дін бауырыңнан жәбір көрсең, оның мың пайда-
сы бар екенін есіңе түсір! Өйткені, жақсылық күнәға
қарсы шапағатшы сияқты».
Дін бауырыңнан қателік пен кемшілік көрсең, оған
ренжімей, оның қаншама жақсы қасиеттерінің бар еке-
нін ойлап, сол үшін оны кешіріп, оның негізінде осындай
жағдайларға жәрдемге мұқтаж болғанын біліп жанында
болуың керек.
Достарыңызбен бөлісу: |