нәпсісінен кеңпейілдік жасап, мүмин бауырын кешірудің
ізгілігіне жетуді қажет етеді. Өйткені ренжу – Аллаһ-
тың әміріне мойынсұнбау. Кәміл мүмин құны не болса да
еш уақыт біле тұра Аллаһтың әміріне қарсы келмейді.
Хазіреті Пайғамбарымыз
r
Ислам бауырласты-
ғының иманмен байланысын былай түсіндіреді:
«Иман етпейінше жәннатқа кіре алмайсыңдар.
Бірбіріңді сүймейінше толық иман еткен болмайсыңдар.
Сендерге бір нәрсе айтайын ба? Оны істесеңдер, бір-
біріңді сүйесіңдер: Араларыңда сәлемді жайыңдар!»
(Мүслим, Иман, 93)
.
Олай болса дін бауырластығын қорғауда мұқиятты
болу, ренішке орын бермеу – иман міндеті.
Ахнәф Ибн Қайс былай дейді:
«Бауырластық іңкәр және нәзік жауһар. Оны қор-
ғамасаң, апатқа ұшырайсың. Үнемі ашуыңды жеңумен
оны қорға, саған зұлымдық еткен келіп сенен кешірім
сұрасын. Барыңды қанағат тұтып, өзің үшін көбін
іздеме, бауырыңның кемшілігіне қарама»
(Ихия, ІІ, 466)
.
Расында Құран Кәрімде тақуа иесі мүминдердің
қасиеттері сараланғанда:
324
ХАҚ ДОСТАРЫНЫҢ ҮЛГІЛІ
МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ
َنوُقِفنُي َنيِذَّلا
َنيِفاَعْلاَو َظْيَغْلا َنيِم ِظا َكْلاَو ءاَّر َّضلاَو ءاَّر َّسلا يِف
َنيِن ِس ْحُمْلا ُّب ِحُي ُ ّللاَو ِساَّنلا ِنَع