Редактор: Закия Махитжанқызы


БІРЛІк  пен  БІРЛЕСТІкТІң



Pdf көрінісі
бет221/293
Дата07.01.2022
өлшемі7,99 Mb.
#18646
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   293
БІРЛІк  пен  БІРЛЕСТІкТІң

ұйЫТҚЫСЫ –

ИСЛАМ  БАуЫРЛАСТЫҒЫ

Хазіреті  Пайғамбар 

r

  алғашқы  мұсылмандарды 



иләһи мейіріммен, ілтипатпен көктем мезгілі сияқты құ-

шақтаған,  бір-біріне  дұшпан  болған  Араб  рулары  ерек-

ше бауырластық күйінде сүйіспеншілікпен араласты. Бұл 

ақиқатқа аятта былай назар аударылған:



«Барлықтарың,  түгелімен  Аллаһтың  жібін  (Ис-

ламды)  бекем  ұстаңдар,  бөлшектеніп,  айырылмаң-



дар. Сондай-ақ Аллаһтың сендерге берген нығметін 

естеріңе  түсіріңдер.  Бір  кезде  сендер  бір-біріңмен 

дұшпан  едіңдер,  Аллаһ  жүректеріңді  (Исламға  бұ-

рып)  жақындатқан  еді.  Міне  Оның  (осы)  нығметі-



нің арқасында (діндес) бауыр болып едіңдер...» 

(Әлү 


Имран, 103)

.

Хазіреті  Мәуләнә  Ислам  бауырластығын  тамаша 



түсін-діреді:

«Хазіреті  Пайғамбар 

r

  "Мұсылмандар  бір  жан 



сияқты"  деген.  Шынымен,  бір  дене  болды.  Бірақ 

Аллаһ Расулының арқасында болды. Әйтпесе әрбіре-

уі екіншісінің нағыз дұшпаны еді. Мәдинада Әус пен 

Хазраж  есімді  екі  ру  бар  еді.  Бұлар  бір-бірінің  қанын 

ішердей қас дұшпан еді.

Хазіреті  Мұстафаның  фәйізімен  және  Ислам-

ның  нұрымен  олардың  ескі  өшпендіктері  жоқ  болып 

БАУЫРЛАСТЫҚТЫ  ЖАНДАНДЫРУ




330

кетті.  «Ол  дұшпандар  бастапқыда  баудағы  жүзім-

дер  сияқты,  жүзім  шағындағы  даналар  сияқты  бір-

біріне  байланысты  еді,  бір-бірінің  бауыры  еді.  Бірақ 

«Мүминдер – бауыр» – аяты түскеннен кейін оның 

ұшқынымен,  руханиятымен  сығылған  жүзім  данала-

рындай  шырын  күйіне  енді.  Олар  шын  мәнінде  біте 

қайнасып, бауыр болды».

Жәһілия  дәуірінде  зұлымдық  пен  азғындық,  на-

дандық  пен  жан  түршігерлік  қан  дауларымен  қан  көлі-

не  айналған  бәдәуи  шөлдері  Исламның  нұрымен  әдемі 

мәдениет  бағына  айналды.  Бүгін  бізге  қиелі  мирас  ре-

тінде жеткен Ислам бауырластығы сол бақыт шағының 

берекеті.  Ислам  бауырластық  жүйесінің  арқасында  мү-

миндер  ұлт,  қауым,  мамандық  және  мәзһәб  сияқты  әр 

түрлі  болғанымен,  ғасырлар  бойы  бірлік  пен  бірлестік 

қуанышымен  өмір  кешкен.  Бұл  қуанышты  жоғалытып 

алу  жеке  адам  мен  қоғам  үшін  ең  үлкен  қасірет.  Бірлік 

пен  бірлестіктің  тамырына  балта  шапқан  нәпсіге  тиісті 

іс-қимылдардың  менмендік  сөздерінің  саясат  пен  бас-

шылық  жанжалдарының,  ашу  мен  жиіркеніштің  бір  ғана 

шешімі – «Ислам бауырластығы».

Аллаһ  үшін  арналған  шынайы  бауырластық  түрлі 

дене мүшелерінің бір жүрекпен өмір сүргеніндей. Аллаһ-

тың  мейірімі  мен  берекеті  бір  және  бірге  болғандарға 

түседі. Қуат пен тәуфиқ бірліктен туады.

Белгілі оқиға:

Даналық иесі адам төсегінде жатып, ұлдарына өсиетін 

ХАҚ  ДОСТАРЫНЫҢ  ҮЛГІЛІ  МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ




331

айтып жатқанда бірнеше шыбық әкелуін сұрайды. Кейін 

алып келген шыбықтарды буып байлап, ұлдарына:

«Қане,  енді  мұны  сындырыңдар»  –  дейді.  Ұлдары 

сындыра алмайды.

«Енді шыбықтарды шешіп, бір бірден алыңдар. Кө-

рейік, сындыра аласыңдар ма?» – деген.

Әрқайсысы  бір  таяқтан  алып,  сындырады.  Адам 

ұлдарына:

«Ұлдарым! Міне, сендер менен кейін осы шыбық-

тар  сияқтысыңдар.  Бірге  тату  болғанда  ешкім  сендер-

ді  жеңе  алмайды.  Егер  айырылып  кетсеңдер,  лезде 

сынасыңдар да, шашылып кетесіңдер! – деп, өмір бойы 

бір және бірге болуларын қалаған.

Аллаһ  үшін  бір-біріне  сүйіспеншілікпен  қарап,  бе-

рік  иыққа  сүйеніп  бірге  күш  жұмсап  тырысқандар  аят 

кәримәда былай мақталады:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   293




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет