Редактор: Закия Махитжанқызы



Pdf көрінісі
бет225/293
Дата07.01.2022
өлшемі7,99 Mb.
#18646
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   293
Байланысты:
Үлгілі мінез-құлқы

Ибн  Аббас 

V

  Хазіреті  Пайғамбарымыздың  ме-



шітіндегі иғтикәф кезінде бір адам жанына келіп, сәлем 

берді. Ибн Аббас 

V

 

сәлемге жауап қайтарғаннан кейін:



«Бауырым,  сенің  шалдыққаныңды,  мұңлы  екеніңді 

көріп тұрмын» – дейді.

Адам:

«Иә,  ей,  Расулұллаһтың  көкесінің  баласы!  Мұң-



лымын! Пәленше адамның менде уәлә ақысы бар (оған 

мал-мүлік беруім шартымен мені азат етті). Бірақ мына 

қабірдің  иесінің  (Аллаһ  Елшісі)  құрмет-беделі  үшін 

айтайын,  оның  ақысын  әлі  өтей  алмай  жүрмін»  –  де-

генде, Ибн Аббас 

V

:



БАУЫРЛАСТЫҚТЫ  ЖАНДАНДЫРУ


338

«Сен үшін ол адаммен сөйлесейін бе?» – деп сұрайды.

Адам: «болады» дегенде, дереу аяқ киімін алып, ме-

шіттен шығады.

Адам:  «Иғтикафта  екеніңді  ұмыттың  ба?  Не  үшін 

мешіттен шықтың» – деп, артынан ере шығады.

Ибн Аббас 

V

:



«Жоқ! Мына қабірде жатқан және арамыздан жаңа 

ғана  озған  ардақты  адамнан  естідім  (бұларды  айтып 

жатқанда көздерінен жас ағып жатты):

«Біреу дін бауырының бір ісін бақылап, оны шеш-

се,  бұл  оның  өзі  үшін  он  жыл  иғтикәфта  қалуынан 

қайырлы.  Бір  адам  Аллаһ  ризалығы  үшін  бір  күн 

иғтикәфқа  кірсе  Аллаһ  ол  адаммен  тозақ  арасында 

үш ор жаратады. Әр ордың арасы шығыс пен батыс-

тың арасындай алыс» 

(Бәйхаки, Шұаб, ІІІ, 424-425)

.

Дін  бауырының  кемшілігін  толтыруға  тырысу 



Аллаһ  алдындағы  құнды  қызмет  екенін  Хазіреті 

Пайғамбар 

r

  Мырзамыздың  мына  сүйіншілі  хабары-



нан анық көреміз:

«Аллаһ  адамдардың  қажеттілігін  қамтамасыз 

ету  үшін  біршама  адамдар  жаратқан.  Ол  адамдар 

мұқтаждықтарымен  оларға  қарай  жүгіреді.  Міне, 

солар  Аллаһтың  азабынан  қауіпсіздіктегі  адамдар» 

(Хәйсәми, VІІІ, 192)

.



ХАҚ  ДОСТАРЫНЫҢ  ҮЛГІЛІ  МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ




339



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   293




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет