дІН БАуЫРЫңНЫң
дЕРТІНЕ ОРТАҚ БОЛу
Міне, осындай көңіл бірлігінен мүминдер дін ба-
уырларының қуанышына қуанып, қайғыларына мұңа-
яды. Хазіреті Пайғамбар
r
мұны мына салыстырмалы
түрде түсіндіреді:
«Мүминдер бір-бірін сүйгенде, мейірім еткенде
және қорғағанда бір денеге ұқсайды. Дененің бір мүше-
сі науқас болғанда басқа мүшелерінің де ұйқысы қа-
шып, ыстығы көтеріліп, ауруға шалдығады»
(Бұхари,
Әдеп, 27; Мүслим, Бир, 66)
.
Дін бауырыңның дертімен дерттеніп, оның емделу
жолын іздеу Аллаһтың ризалығын алып келетін үлкен
қоғамдық құлшылық. Бұған мәнсіз қарау – менмендік.
Сондықтан әрбір мүмин дін бауырының дертін түрінен
сезуі қажет.
ХАҚ ДОСТАРЫНЫҢ ҮЛГІЛІ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ
333
Хақ досы Әбул-Хасан Харақани Хазіреттің бұл
мәселеде сезімталдығы неткен тамаша! Хазірет айтады:
«Түркістаннан Шамға дейінгі алаңда дін бауы-
рымның саусағына батқан тікен менің саусағыма
батқан, оның аяғына тиген тас менің аяғыма тиген.
Мен оның ауруын сеземін. Бір жүректе мұңы болса,
ол жүрек менің жүрегім».
Міне, шынайы Ислам бауырластығындағы қажетті
кө-ңіл көкжиегі...
Хазіреті Пайғамбарымыз
r
да тек өзін ойлап, дін
бауырының қиындығына мән бермеген адамның Ислам
мінезіне сәйкес келмейтінін айтқан.
«Көршісі аш болып, өзі тоқ жатқан адам мүмин
емес»
(Хаким, ІІ, 15)
.
«Мүминдердің дерттерімен дерттенбеген бізден
емес» деген
(Хаким, ІV, 352; Хәйсәми, І, 87)
.
Сондықтан дін бауырының қиыншылығына мән
бермеу – өте ауыр күнә. Сондай-ақ мұндай еленбеген
бір сәттік бейқамдыққа бой алдырған Сәри Сақати
Хазірет сол күйінен сезген өкінішін былай түсіндіреді:
«Бір күні Бағдат базары өртенген еді. Біреу жүгі-
ріп маған келді де: «Барлық Бағдат базары жанып кетті,
бір сіздің дүкеніңіз ғана аман қалған. Сүйінші!» – дейді.
Мен де дүкендері жанып кеткен басқа бауырларымды
ойламай, өз атымнан: «Аллаһқа шүкір» – дедім. Бірақ
БАУЫРЛАСТЫҚТЫ ЖАНДАНДЫРУ
334
отыз жылдан бері осы бейқамдық сәтім үшін истиғфәр
етіп келемін»
(Хатиб, ал-Бағдади, Тарих, ІХ, 188; Зәһәби, Сияр,
ХІІ, 185, 186)
.
Бір сәт болса да тек өз басын ойлап, қиындыққа тап
болған дін бауырларының қиналуынан алыс қалғаны үшін
отыз жыл сол бейқамдық тәубесінде бола білу... Қандай
сезімтал бауырластық көкжиегі десеңізші!
Ислам тарихында бесінші Рашид Халифа деп са-
налатын Омар ибн Абдулазиздің дін бауырластығы
сезімталдығымен иленген көңіл пішінін көрсететін күйін
әйелі Фатима былай жеткізеді:
«Бір күні Омар ибн Абдулазиздың жанына келдім.
Намазханасында отыр екен. Қолын маңдайына сүйеген,
тоқтамай жылап жатыр. Көз жасы жағын сулаған. Одан
не болғанын сұрадым. Былай деп жауап берді:
«Фатима! Бұл үмметтің ең ауыр жүгі менің мой-
нымда. Үммет ішінде аштар, кедейлер, дәрі таба алмаған
науқастар, киетін киімі жоқтар, мойны иілген жетім-
дер, жалғыз қалған жесір әйелдер, ақысын ала алмаған
мазлұмдар, кәпірлердің қолындағы мұсылман тұтқын-
дар, қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін жұмыс істеу
күшінен айырылған мұқтаж кәрілер, жанұя мүшелері көп
болған кедей жанұя басшысы...
Алыс-жақын жерлердегі осындай мүмин бауырла-
рымды ойлаған сайын жүрегім езіліп кетеді. Ертең есеп
күнінде Раббым бұлар үшін мені жауапқа тартса, Аллаһ
Елшісі бұлар үшін маған сөгіс пен өкінішін білдірсе, мен
не деп жауап беремін?!»
(Ибн Касир, 9/201)
.
ХАҚ ДОСТАРЫНЫҢ ҮЛГІЛІ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ
335
Бұл мысал мүминдерге деген басшылық жауапкер-
шіліктері барлардың ие болулары керек бауырластық
сезімталдығын көрсетеді. Бірақ, жеке тұлға ретінде әрбір
мүминнің дін бауырларымен шын жүрегімен бірлікте
болуы керек.
Бұл туралы сахабалардың сан жетпес ізгілік үлгі-
лерінің бір мысалы мынадай:
Исламның алғаш жылдарында мұсылмандардың
бір бөлігі Хабешстанға қоныс аударды. Онда оларды
жақсы қарсы алды. Біраз уақыттан кейін Меккелік
мүшріктердің мұсылман болғандары туралы негізсіз
хабарларға сеніп, кері оралады. Меккелік мүшріктер
оралған мүһәжірлердің Хабешстанда қошеметпен қар-
сы алынғанын естігенде, бұдан үлкен қауіп сезеді де,
жасап жатқан қорлықтарын одан сайын арттырды.
Туысы Уәлид ибн Мұғираның қамқорында еркін
өмір сүрген Осман ибн Мазғун
Аллаһ Елшісі
r
мен сахабаларының ақылға сыймайтын зұлымдық
қорлықтарға душар болғандарын, кейбіреулерінің от-
пен күйдірілгенін, қамшымен соққыға жығылғандарын
көргенде, үлкен ойға шомды:
«Аллаһқа ант етейін, Уәлид бин Мұғира сияқты
мүшріктің қорғауында қауіпсіздікте өмір сүріп, жол-
дастарым мен туыстарымның Аллаһ жолында тартқан
қорлықтарын менің шекпегенім үлкен кемшілік! Аллаһ-
тың қорғауы одан да абыройлы және қауіпсіз! – деп
ойлап, қамқоршысы Уәлидтің жанына барды да, оған:
БАУЫРЛАСТЫҚТЫ ЖАНДАНДЫРУ
336
«Ей, немере ағамның ұлы! Сен мені қорғауыңа ал-
дың, сөзіңді жақсы орындадың! Енді сенің қамқорың-
нан шығып Аллаһ Елшісінің
r
жанына барғым келе-
ді. Ол және сахабалары мен үшін ең көркем үлгі. Мені
Құрайштықтардың жанына алып барып, қамқорыңнан
шыққанымды айт» – дейді
(Ибн Исхақ, Сирәт, Кония, 1981, 158
б.; Хәйсәми, VІ, 34)
.
Осман ибн Мазғун мүминдермен дерттес болуды
таңдады. Олар жәбір-жапа шегіп жүргенде өзінің рахат
өмір сүріп жүруі ішіне сыймады. Қолынан еш нәрсе
келмесе де, мұсылмандардың дерттеріне тек осылай
қосыла білген. Бүгінгі Ислам географиясының мазлұм
мен өкінішті көріністер алдындағы жағдайымызды бұл
бауырластық сезімімен терең ойлауымыз қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |