Редактор: Закия Махитжанқызы


әсемдіктердің барлығы Аллаһтан, ал барлық кемші-



Pdf көрінісі
бет95/293
Дата07.01.2022
өлшемі7,99 Mb.
#18646
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   293
әсемдіктердің барлығы Аллаһтан, ал барлық кемші-

лік – өз нәпсілерінен туындаған сезіміне жетеді.

Құлшылықтарды тастап, жаман жолға түскен адам-

ның:  «Не  істейін,  тағдырым  осы  екен!»  деуі  нәпсі  мен 

шайтанға  тән  бейқамдық  сөзі.  Аллаһ  намаз  оқығысы 

келген  адамға  орындау  жолдарын  сыйлап,  ал  оқығысы 

келмегендерге  де  намазға  кедергі  жасайтын  жағдайлар 

жаратады.  Сондықтан  өзіміздің  істеген  күнәларымыз-

ды  ақтау  үшін  «қайтейін,  тағдырым  осы  екен!»  сияқты 

сандырақ сөздер тағдырға жала жабу дегені. Бұл Аллаһ-

қа көрсеткен үлкен әдепсіздік пен ақымақтық. Шайтан-

ның  аяғын  тайдырған  нәрсе  ол  көрсеткен  әдепсіздіктен 

басқа ештеңе емес.

Сондықтан шайтанды қатты ашуландырған нәрсе – 

өзі  теріс  жолға  түскен  жағдайларда  мүминнің  Аллаһқа 

көрсеткен  мойынсұнуы,  ризалығы,  берілуі,  яғни  «құл 

болу әдебі».

Тасаввуфтың  ең  маңызды  мақсаттарының  бірі  – 

адамды  «ихсан  сезіміне»,  яғни  үнемі  Аллаһтың  құ-

зырында  тұрғаны  деген  сана-сезімді  ұялатып,  Аллаһқа 

сыртқы һәм ішкі әлемінде әдепті ету. Руханият көсемдері:



«Сыртқы һәм ішкі әлеміңде әдепке жармас! Өйт-

кені адам сырт пішіндегі әдепте қателік жіберсе, сырт 

пішінде  жаза  алады.  Ішкі  пішіндегі  әдепте  қателік 

жіберсе,  ішкі  пішінде  жазаға  тартылады.  Кімде-кім 

әдептен  айрылса,  өзін  Аллаһқа  жақын  деп  есептесе 

ӘДЕП  пен  НӘЗІКТІК




де  Одан  алыс,  өзін  құпталған,  мақұлданған  құл  деп 

есептесе де ол қабылданбаған» деген 

(Рухұл- Баян, X, 401)

.

Сондықтан  Раббымыздың  біздерге  тағдыр  еткен 



нәрселері  жайында  шайтан  сияқты  бетпақтықпен  тар-

тысқа  кірмей,  сол  кезде-ақ  мойынсұнып,  ризалық  пен 

бағыныштылық  таныту  және  біз  үшін  ол  көріністің  ең 

қайырлы  екенін  ойлау  –  жан  дүниеге  тән  ең  маңызды 

әдептілік болып табылады.

Бір  күні  хадис  ғалымдарының  бірі  Баязид  Биста-



миді  жас  шағында  көргенде,  оны  өте  ұнатып  қалды. 

Алғырлығы мен түсінігін сынап көру үшін одан:

– Әсем жігіт! Намазды жақсы оқи білесің бе? – деп 

сұрайды.


Баязид Бистами оған:

– Ия, Аллаһ қаласа, білемін, – деп жауап бергенде,

– Қалай? – деп сұрайды.

Баязид Бистами:

–  «Әмір  ет,  о,  Раббым!  Әміріңді  орындау  үшін 

құзырыңда  тұрдым  деген  сезімге  бөлене  тұрып,  тәкбір 

алып  «Аллаһү  Әкбәр»  деймін.  Құран  Кәрімді  бір-

бірлеп  оқимын,  тағзым  мен  рүкуғ  жасаймын,  қара-

пайымдылықпен сәждеге жығыламын, қоштасып, сәлем 

беремін» – дейді.

144

ХАҚ  ДОСТАРЫНЫҢ  ҮЛГІЛІ  МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ




Әлгі ғалым кісі қайран қалып:

– Ей, алғыр бала! Сенде бұл терең түсінік бар бола 

тұра неге адамдарға басыңды сипауға рұқсат бересің? – 

деп сұрайды. Өйткені адамдардың мақтауы мен ілтипа-

ты  оны  мақтаншақтық  пен  тәкаппарлануға  итермелеуі 

мүмкін және бұған орын бермеуі керек деп ойлады.

Жас Баязид Бистами көрегенділікпен:

– Олар мені емес, Аллаһтың мені безендірген әсем-

дігін сипайды. Маған тиісті емес нәрсеге тиюлеріне қалай 

кедергі бола аламын? – деп жауап берді.

Міне,  көңіл  жетуі  қажет  құлдық  әдептердің  бірі  де 

барлық  әсемдіктерді  тек  Аллаһтан  деп  білу,  оны  өзіне 

теңемеу.

Ең үлкен әдептілік – Аллаһқа құрмет көрсету. Бұ-

ның ең көркем көріністері ғибадаттарда көрініс табады. 

Аллаһ достары:



«Ғибадат адамды жәннатқа жетелейді. Ғибадат-

тағы  әдеп  пен  құрмет  Аллаһқа  жетелейді,  Аллаһқа 

дос етеді» деген. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   293




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет