Редактор: Закия Махитжанқызы



Pdf көрінісі
бет97/293
Дата07.01.2022
өлшемі7,99 Mb.
#18646
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   293
Хазіреті  Мәуләнә  бұл  аяттарға  ишари  (рухани) 

мағына беріп, былай дейді:



«Құл  намаздағы  күйін  намаздан  кейін  де  қорғай-

ды.  Осылай  барлық  өмірін  әдеппен,  ықыласпен,  тілі 

мен  ділін  қорғаумен  өткізеді.  Бұл  шынайы  ғашық-

тардың, яғни Хақ достарының күйі...»

Рухани  тәрбиенің  мақсаты  –  адамды  үнемі  иләһи 

бейнетаспа  бақылауда  екені  сезіміне  бөлеу.  Осылай 

сыпайылық,  нәзіктік,  әдеп  пен  ұят  сияқты  жоғары  қа-

сиеттерді оның табиғи мінезіне айналдыру.

дәуіт Таи Хазірет былай түсіндіреді:

«Жиырма  жыл  Әбу  Ханифа  Хазіретпен  бірге 

болдым.  Осы  уақыт  ішінде  жалғыз  болсын,  жанында 

біреулер  болсын,  басы  ашық  болып  отырғанын  немесе 

демалғанда аяғын созғанын көрмедім. Одан:

146


ХАҚ  ДОСТАРЫНЫҢ  ҮЛГІЛІ  МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ


147

–  Жалғыз  болғаныңызда  аяғыңызды  созуыңызға 

не кедергі жасайды? – деп сұрадым. Маған:

– Аллаһ алдында әдепті болу абзал – деді.

Хақ  досы  Махмуд  Сами  Рамазанұлы  Хазірет  те 

өмір  бойы  аяғын  созып  отырмаған,  арқасын  бір  жерге 

сүйеп  тамақ  жемеген.  Өмір  бойы  жоғары  әдеп  пен 

сыпайылық  үлгісі  болған  Сами  мырза  сұхбаттарында 

ылғи:

«Әдеп бір тәж екен Аллаһ нұрынан, 

Ки сол тәжді, аман бол барлық бәледен...»

– деген өлең жолдарын қайталап отыратын.

Сондай-ақ  өмірі  әдеппен,  сыпайылықпен,  нәзіктік-

пен  көркемделген  Хақ  ғашықтарының  бірі  Самсундық 



Хұсайн Мырзаның жаназасын жуу қызметін атқарған 

Мұстафа Окутан бауырымыз өзі куә болған жағдайды 

былай баян етеді:

«Хұсайн  Мырзаны  жуып  жатқанда  оң  аяғы  кеу-

десіне  тиіп  тұрған  еді,  оны  аша  алмадық.  Қабірге 

қойғанымызда өздігінен оң жағына аударыла салды».

Бұл,  күмәнсіз,  «Адам  өмір  сүрген  күйінде  өледі 



және қайтыс болған күйінде тіріледі»

11

 деген ақиқат-



11. Әбу Дәуіт, Сүннет, 23-24/4753; Ибн Мәжә, Жәнәиз, 37.

147


ӘДЕП  пен  НӘЗІКТІК


148

ты еске салатын ерекше көрініс. Аллаһ кейбір сырларды 

ғибрат алуымыз үшін кейде осылайша паш етеді.

Патшаның  немесе  жоғары  лауазымдағы  адамның 

құзырында  болғандар  басқа  кезде  не  жердегідей  емін-

еркін  әрекеттер  жасай  алмайды.  Хақ  достары  әрқашан 

Аллаһтың  құзырында  болғандарын  біліп,  бұны  дәлел-

сіз-ақ сенетін де сезетін ариф жандар болып табылады. 

Олар:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   293




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет