Редакторы Кәмшат Әбілқызы Суретшісі Ақназ Молдаш Роман туралы


«Бір күні Том деген бала анасына отын тасып беруден бас тартты. Бұны естіген әкесі былай деді



бет23/33
Дата29.01.2023
өлшемі223,9 Kb.
#63514
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   33
«Бір күні Том деген бала анасына отын тасып беруден бас тартты. Бұны естіген әкесі былай деді:
Том, мен сенің анаңа бар жақсы ниетіңмен отын тасып беретініңе сенімдімін!
Шынында да, Том бірден барып отын әкелді. Неге? Өйткені әкесі баласынан жақсылықтан басқа ештеңе күтпейтінін айтты. Ал егер әкесі баласына мына сөздерді айтса, не болатынын елестетіңіздерші:
Том, сен анаңды тыңдамағаның туралы естідім. Мен сен үшін ұялып тұрмын. Тезірек бар да жәшікті отынға толтыр!
Бұл жағдайда Томның үйіндегі жәшік отынға толмайтынына сенімдімін...»
Пастор ары қарай оқып, мына жолдарға тоқталды:
«Адамдар ұрысқаннан гөрі олардың рухын қолдап мақтап-мадақтағанды ұнатады..., адамның жаман жақтарын атап айтудың қажеті жоқ. Оның жақсы жақтарын айта берсеңіз, жаман әдеттерден тиылғанын байқайсыз. Оған өзінің «менін» көрсетіп, қолынан бәрі келетінін, бәрін жеңе алатынына сендіріңіз... Әдеміліктің және имандылықтың адамға әсері зор екені естеріңізде болсын; ондай адам бүкіл бір қаланы өз артынан ерте алады... Адамдар өз жүрегіндегі және ойындағы ұстанымдарын нұрландырады... Жақынына махаббатпен және ризашылықпен қарайтындар айналасындағыларға да соны таратады. Керісінше, егер ол көңілсіз, ашушаң, шықбермес Шығайбай болса, онда көршілері де оған солай жауап қайтарады және артығымен қайтаратына сенімді болсын. Немесе сіздер барлық істен тек жамандық іздесеңіздер, дәл соны аласыздар. Мейірімді болып, мейірім күтсеңіздер, соны аласыздар. Сонымен, ұлыңыз Томға: «Жәшікті отынға қуана толтыршы?» – десеңіз, ол тапсырмаңызды бар ынтасымен істейді».
Пастор қолындағы журналды үстелге қойды да, басын көтерді. Бір минуттан соң ол орнынан тұрып кабинет ішінде әрлі-берлі жүре бастады. Ол көп жүрді. Сонан соң терең күрсініп, қайтадан үстеліне отырды.
– Е, Құдайым, маған күш бере гөр, менің қолымнан келеді, мен мұны істей аламын! – деп жаймен айтты. – Мен өзімнің Томдарымның бәріне сенетінімді айтамын. Олар өз жәшіктеріне отынды бар ынтасымен таситынына сенетінімді біледі. Мен оларға жұмыс тауып беремін. Олардың жанына қуаныш сыйлаймын, олардың басқа отын жәшіктеріне қарауға уақыты да болмайды.
Ол өзінің ескі жазбаларын алып, ортасынан қақ бөліп жыртып, лақтырып жіберді.
Мистер Пол Фордқа бұл сөздер қажет болмай қалды. Ол жаңа парақ алып, ойын қарындашпен тез-тез жазып, парақты толтырды. Уағыздың жаңа мәтіні пайда болды және бұл мәтін тіптен басқаша еді.
Осы жексенбіде мистер Форд шіркеуде уағыз оқыды. Ол келушілерге керемет сөздер айтты, сол күні пастордың жүрекпен айтқан сөздерін жүрекпен тыңдаған адам көп болды. Уағыздың басты сөздері «Құдай үшін қуаныңдар, сенушілер, өздерің үшін қуаныңдар» болды. Бұл Поллианнаның мистер Фордқа айтқан сегіз жүз сөзінің бірі еді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет