Редакторы Кәмшат Әбілқызы Суретшісі Ақназ Молдаш Роман туралы



бет33/33
Дата29.01.2023
өлшемі223,9 Kb.
#63514
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
Байланысты:
Поллианна 19 12 2022

32. Поллианнаның хаты


«Құрметті, менің Полли тәтем мен Том ағам!
Мен жүре аламын, жүре аламын, жүре аламын!
Мен бүгін төсегімнен терезеге дейін жүрдім. Бұл дегеніңіз алты қадам! Қайтадан аяққа тұру деген қандай керемет десеңізші!
Мені қоршап тұрған дәрігердің бәрі күлімсіреп тұрды, ал олардың қасында тұрған мейірбикелер жылап қалды.
Көрші палатадағы бір бикеш өткен аптада жүре бастаған еді, ол да есіктен қарап тұрды. Ал тағы да бір бикеш, ол келесі аптада өз аяғымен жүремін деген үмітте, ол да менің жанымда болды. Ол күтушімнің төсегінде жатып, менің жүргенімді көріп, шапалақтап отырды. Тіпті Чилли де, ол бізде еден жуушы, терезеден қарап, біресе жылады, біресе маған «қалқам» деді.
Мен олардың бәрінің неге жылағанын түсінген жоқпын. Ал менің, тіпті де, жылағым келген жоқ. Керісінше, өлең айтып, қуаныштан айқайлағым келді. Мен қайтадан жүре аламын ба? Осында өткізген тоғыз аймен салыстырғанда бұл түкке де тұрмайды. Бастысы, сіздің тағдырыңыздағы өзгерісті өткізіп алмадым. Полли тәте, осыны тек қана сіз ойлап таба алдыңыз: мен ештеңеден қалып қалмасын деп, Том ағамен бірге келіп, менің төсегімнің жанында неке қидырғансыз. Өйткені сіз менің әлемдегі ең керемет тәтемсіз әрі мен қуану үшін түрлі амалдарды ойлап табасыз! Мұндағылар жақын арада менің үйге қайтатынымды айтып жатыр. Егер, мүмкін болса, мен осы жерден үйге дейін жаяу жүріп барар едім. Шындығында, мен осылай істегім келеді! Мен енді ғана жаяу жүруден керемет ештеңе жоқ екенін түсіндім. Мен сондай қуаныштымын! Мен бәрі үшін де қуаныштымын! Мен тіптен осы уақытқа дейін жүре алмағаныма да қуаныштымын, өйткені мен ылғи жүре алатын болсам, еш уақытта сау аяқ дегеннің не екенін түсінбес едім. Ертең мен сегіз қадам жасауды жоспарлап отырмын!
Менен бәріне сәлем айтыңыздар!
Поллианна.»

1 «Әйелдер көмегі» - Америка Құрама Штаттарындағы көптеген қайырымдылық ұйымдарының бірі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет