Байланысты: Дене шынықтыру сабақтарында дене қасиеттерін тәрбиелеу
1.2. Пәннің объектілері мен оның оқу және ғылыми пән ретіндегі құрылымы. Дене тәрбиесінің барлық сабақтар бағытына қарай мынадай міндеттерді жүзеге асыруы тиіс. Олар: тәрбие, білім, сауықтыру.
а) Білім беру міндетінің мақсаты - оқушылардың білімін шыңдай түсу. Жаттығуларды ептілікпен және дағдымен орындату. Оларды өмірде қолдана алуға үйрету.
б) Сауықтыру міндеттерінің мақсаты - дене тәрбиесі жаттығуларының сабақ кезінде ағзаға сауықтыру әсерін тигізуіне тиімді жағдай жасау.
в) Тәрбиелеу міндеттерінің мақсаты – сабақ жүргізу жүйесінде оқушының адамгершілік қасиеттерін арттыру.
Дене тәрбиесі сабағында төмендегідей міндеттер жүзеге асырылуы керек.
Қойылған міндеттерді орындау жолдарын таңдау. Әдістемелік ұйымдастыру шараларын белгілеу. Мұнда мұғалім оқушылардың әрекеттерін тиімді ұйымдастыру түрлері мен әдістерін таңдайды. Олардың тұратын, отыратын орындарын қозғалыс жолдарын анықтайды Снарядтарды жинау жолдарын көрсетеді. Қимыл-қозғалыс дайындығын мұғалім мектеп бағдарламасында кездесетін барлық жаттығуларды көрсете алуы керек. Сондықтан да мұғалім сабақта үйренетін жаттығуды қайталап өз мүмкіншілігін әрдайым тексеріп отыруы қажет. Теориялық жәнс сөйлеу дайындығы мұғалім өтілетін сабақты жақсы білумен қатар-шешен сөйлей алуы да керек. (әңгімені дұрыс жүргізу, баяндау команда беру, таңдау жасау т.б.) Сабақты материалдық жағынан қамтамасыз ету. (керек құрал жабдықтарды дайындау және спорттық снарядтарды табу т.б.).
Дене тәрбиесі мен еңбек байланысының мақсаты. Жеткіншектерді енбекке тәбиелеу дене тәрбиесі мақсаттарының бірі болып табылады. Дене тәрбиесі еңбекке ерікті түрде тәрбиелеудің негізін қалайды. Денені шынықтыру тұрақты дағды тәртібін, ерік-жігерді, қалыптасқан мінез-құлықты талап етеді. Еріншектікке жол бермейді. Өйткені, күнде таңертеңгі гимнастикалық, спорттық жаттығулармен айналысатын оқушының еңбекке деген ынтасы оянады. Еңбекке деген адамгершілік көзқарастарын қалыптастыруда дене тәрбиесі пәнінің мүмкіндіктері ете көп. Мысалы, «Өзің үшін, өз мақсатың үшін еңбек еткенің жаксы. Ал өзгелер үшін еңбск етуге калай қарайсың?» деген сұрақты қоя отырып, жаттығу жұмыстарын жүргізудің тәрбиелік маңызына назар аудару
Дене тәрбиесіндегі эстетикалық білімнің мақсаты. Дене тәрбиесі сабағындағы эстетикалық тәрбиенің маңызы өте зор. Адамның жан дүниесі қандай сұлу, таза болса, дене мүшесі де сондай сымбатты болуы керек. Бұл ретте окушыларға берілген тапсырманы мәнерлеп түсіндіру, әдеп сақтауға үйрету, музыкалық сүйемелдеу кезінде әуенге сай үйлесімді қимылдауға дағдыландыру игі нәтижеге жеткізеді. Мысалы, әдетте жаттығу барысында «жаксы», «дұрыс емес» деген сөздер жиі айтылады. Ал «Жарайсың, міне қандай әдемі!» деген жылы лебізді сирек естисің. Окушылардың қозғалыс қимылдарын орындау техникасына назар сала отырып, оның ынта-ықыласын сол жаттығулардың таза әрі үйлесімді, сұлу орындалуына аудара білген жөн. Жан сұлулығы мен тән сұлулығын кимыл-жаттығу кезіндегі іс-қимылдың әсемдігіне ұштастыруды басты мақсат етіп алу қажет. Ұстамдылық, қандай жағдайда да өз еркін билей алу, өзгелердің жүйкесіне кері әсер етпеу, кашанда көмекке дайын тұру, бәсекелесіне құрметпен карау, төзімділік сияқты ізгі касиеттер эстетикалық тәрбиелеудің нәтижесінде жүзеге асатын адамгершілік сипаттар болып табылады.