Реферат дене шынықтыру сабақтарында дене қасиеттерін тәрбиелеу Орындаған: Сарбасов М. Б


Дене тәрбиесі бойынша сыныптан тыс жұмыстар



бет8/8
Дата13.11.2022
өлшемі46,53 Kb.
#49737
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Дене шынықтыру сабақтарында дене қасиеттерін тәрбиелеу

4. Дене тәрбиесі бойынша сыныптан тыс жұмыстар
4.1. Сыныптан тыс жұмыстардың міндеттері мен маңызы, ұйымдастыру түрлері.
Секцияны ұйымдастыру жолдары.Мектеп ұжымында секциялар ұйымдастыру үшін дайындық жұмыстарын жүргізу қажет. Дайындық жұмыстарының мазмұнына енетін мәселелер: секцияны ұйымдастыру туралы мәселені ұжым кеңесінде қарау; дайындық жұмыстарын жүргізу үшін уақытша бюро немесе жауапты оқушыларды, кеңес мүшелерін және мектеп белсенділерінің өкілдерін белгілеп, бөлу; жаттығатын орынмен гимнастикалық залмен, алаңдармен, шаңғы базасымен, жүзу станцияларымен және т. б. қамтамасыз ету; бірінші кезекте белсенділердің күшімен осы базаларды жөндеуден өткізу, егер қажет болса қайта жабдықтау; қажетті спорт жабдықтары (доптар, коньки, шаңғы және т. б.) мен киімдерін алу; оқушылар арасында түсінік жұмыстарын жүргізу (мұғалімнің әңгімесі, сыныптардағы ауызша хабарлау және хабарландырулар ілу, мектептің қабырға газетін пайдалану, спорттың сол түрі бойынша спорт шеберлерімен кездесу, спорттық кинофильмдерді көрсету); мектеп сыныптарында секция мүшелерін бейнетаспаға жазу; мұғалімнің нұсқауымен жаттығудың өткізу кестесін жасау; секцияны ұйымдастыру жиналысын өткізу және секция төрағасын сайлау; секцияға жазылғандарды дәрігерлік бақылаудан өткізуді ұйымдастыру, секция жұмыстарының қажетті құжаттарын дайындау (қатысушылар тізімі, сабақ журналы).
Секция мүшелері топтар мен командаларға бөлінеді. Топтарда жетекшілер, ал командаларда капитандар сайланады. Бұлар өздерінің топтары мен командаларындағы тәртіп, ұйымдастыру жұмыстарына, тәртіп пен реттілікке жауап береді. Топ жетекшілігі мен капитандық орындарға неғұрлым беделді және тәртіпті оқушыларды ұсыну керек.
Дене тәрбиесі мұғалімінің сыныптан тыс жұмыстардағы рөлі өте зор. Жұмыстың табысты болуы оның кәсіби біліктілігіне, жұмысқа берілгендігіне тікелей тәуелді. Өз пәнін теориялық және практикалық жағынан жақсы білу мен педагогикалық шеберлік - дене тәрбиесі мұғаліміне қойылатын міндетті талаптар осылар.
Мектепте сьшыптан тыс спорт жұмыстарын әдістемелі жағынан дұрыс және қызғылықты етіп ұйымдастыра алатын кәсіби білікті дене тәрбиесінің маман мұғалімі жұмыс істеуі қажет. Арнаулы білімі жоқ, бірақ өзін жұмыста жақсы көрсете білген дене тәрбиесінің мұғалімін білім жетілдіру курсына жіберу немесе сырттай дене тәрбиесінен білім алу үшін оқып алуына мүмкіндік жасау керек. Ұжым секцияларындағы оқыту ісіне өзге ұйымдардан оқытушыларды (спорт шеберлерін, ерікті спорт қоғамдарынан жаттықтырушыларды, әскери бөлімдерден нұсқаушыларды және т. б.) жұмысқа тартқан жағдайда оқушылармен жұмыс жүргізуге лайықты, яғни балалармен жұмыс істеген педагогикалық тәжірибесі бар адамдарды іріктеп алу керек. Секциядағы жаттықтырушылық жұмысқа адамдар тек директордың рұқсатымен ғана қабылданады.
Дене тәрбиесінің мұғалімі директордың алдында мектептегі дене тәрбиесінің барлық бөлімдері үшін, оның ішінде сыныптан тыс жұмыстар үшін де жауап береді. Дене тәрбиесі бойынша сыныптан тыс жұмыстарды жүргізетін барлық адамдар өздерінің жасаған барлық құжаттарын бекітіп отыратын дене тәрбиесінің мұғаліміне тікелей бағынады.
Мұғалім ұжым кеңесімен бірлесе отырып дене тәрбиесі бойынша сыныптан тыс жұмыстардың жоспарын жасайды және директордың бекітуіне ұсынады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет