1.3. Іс-тәжірибе теориясындағы ғылыми зерттеу әдістері мен әдіснамалық негіздері. Спорт ілімі мен дене тәрбиесі ілімі мен әдістемесі қатар жургізіліп. сабақ құрылымы әртүрлі болғанымен қолданылатын жаттығу, ойын, жарыс түрлері бірдей болып келеді. Дене тәрбиесі пәнінде сабақ құрылымы 45 минуттан тұрса, спорт сабақтарында 90 минуттан тұрады. Құрылымы жағынан ұксас пәндер мектепке дейінгі дене тәрбиесі, мектеп дене тәрбиесі, орта жонс жоғарғы оқу орын дене тәрбиесі пәндерімен тығыз байланысты. Білім мен тәрбие беру мақсатында спорт медицина, спорт физиологиясы, спорт психологиясы, спорт педагогикасымен тығыз байланысты.
Дене дайындығы түрлері. Қоғамдағы адамзаттың тұлғасын шынықтыруда дене дайындығы 3-ке бөлінеді. Олар: 1.Жалпы дене дайындығы-негізгі бағыты денсаулықты күшейтіп мүмкіндігінше дағдылы қозғалыстарға ие болып, алдағы уақытта арнайы дайындыққа негіз болатын керекті қозғалыс сапаларын дамьпу. Қызметі дене жаттығулары, табиғаттың сыртқы күштері, гигиеналық факторларды пайдалана отырып, мектептегі және бұқаралық дене тәрбиесінің жұмысын үлкен табыстарға жеткізу.
2. Кәсіби-қолданбалы дене дайындығы-бұл адамды белгілі бір еңбек қызметі мен әскери қызметке дайындауға бағытталған дене тәрбиесінің әдістері мен құралдарының жиынтығы. Қызметі кәсіби-дене, әсксеи-қолданбалы, кәсіби еңбектің өнімділігін арттыру, экономикалық, білімдік-колданбалы дене жаттығуларымен айналысу жұмысын ұйымдастыру.
З. Спорттық дайындық - адамның өзі таңдап алған спорттың бір түрінен жоғарғы көрсеткіштеріне жетуіне бағытталады. Денедегі іш-құрылыс жұмысының қабілетін жоғарлату адамдардың спорттық дайыңдығын арттыру. Қьзметі мамандандырылған еңбекті арттыру жаттығу түрлерін игеру өте жоғарғы дәрежелі нәтижеге жету, спорттық дайындығын арттарып дағдыландыру.
2. Жүрек соғысын есептеу әдістемесі 2.1. Сабақ құрылымында жүрек соғысын есептеу. Жаттығулардың орындалуын бағалау және сабақтың жалпы тығыздығы туралы ой-пікір.
Жаттығуларды орындау кезінде қан қысымыиың өзгеруіне қарай оқушылардың бұлшық етеріне түскен күш анықталып, бағаланады.
Сабақтың дұрыс ұйымдастырылу қарқыны және жүктеменің дұрыс бөлінуін анықтау үшін бір немесе екі оқушының қан қысымын өлшеу керек.
Қан қысымы сабақтың алдында, /10 сек. Соғуы"Х" Імин. Нәтижесі / дайныдық бөлімінен, жалпы дамыту жаттығуларынан, негізігі қозғалыстардан, қозғалмалы ойындардан кейін және сабақтың соңында көрсеткіштері жазылынып алынады.
Жүктеменің динамикалық көлемін анықтайтын қан тамыр соғуының графикалық кескіні-физиологиялық қисық деп аталады.
Даладағы 2-3 мин, жүгірістен кеин жүректің соғу қысымы 140-150 ретке дейін көтеріледі, бұл көрсеткіш бастапқы 90-100 рет соғудың 40-60 ретке тең.
Сабақтың негізгі бөлімінде, орташа жылдамдықтағы жүгірісте және қозғалмалы ойындар кезінде жүректің соғуы 140-180 ретке дейін көтерілсе, жүректің соғуы жалпы дамыту жаттығулар мен негізгі қозғалыстар кезінде 135-150 рет шамасында болады.
Сабақтың қорытынды бөлімінде жүректің соғуы 130-120 ретке дейін түседі.
Сөйтіп жалпы дамыту жаттығуларын орындаған кезде жүрек соғуы 35-45 % болса, негізгі жаттығуларды орындағанда 50-60% дейін көтеріледі, ал сабақтың қорытынды бөлімінде 20-30 % дейін төмендейді.
Сөйтіп сабақта жүректің соғуы орта есеппен 140-160 рет шамасында болуы керек.
Жүрек соғуы оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты 5 мин, уақытта бастапқы қалыпқа келеді.
Дене тәрбиесі мұғаліміне қажетті құжаттар:
-бұйрықтар журналы;
І-ХІ сынып оқушыларының дене тәрбиесі сабағының бағдарламасы;
-арнайы дәрігерлік топтағы оқушылардың бағдарламасы;
-мектеп оқушылары дене тәрбиесінің ережесі;
-әдістемелік оқу құралдары;
-дене тәрбиесі пәніне қажетті күнделікті шығатын баспа материалдары;
-оқыту жоспары мен жылдық сабақ кестесі;
-спорт үйірме жұмыстарының журналы;
-уақытша дене тәрбиесі сабағынан босатылған және денсаулығына байланысты арнайы дәрігерлік топтағы оқушылардың тізімі;
-БЖСМ -де спортпен шұғылданатын оқушылардың тізімі;
-қауіпсіздікті сақтау туралы;
-оқушыларды қауіпсіздікті сақтау ережесін өткендігі туралы қол қойған журналы;
-мектеп спартакиадасының ережесі;
-спорт шараларын ұйымдастыратын белсенді оқушылардың тізімі;
-3 жылға статистикалық есеп баяндамасы;
-денсаулық күнін өткізудің жоспары .
Ж.С.=10/15*100%=66,66
Ж.С. =11/15*100%=73,33
Ж.С. =13/15*100%=86,66
Ж.С.=15/15*100%=100
Ж.С.=20/15*100%=133,33
Ж.С.=19/15*100%=126,66
Ж.С.=16/15*100%=106,66
Ж.С.=19/15*100%126,66
Ж.С=22/15*100%=146,66
Ж.С. =25/15*100%=166,66
Ж.С.=20/15*100%=133,33
Ж.С.=18/15*100%=120
Ж.С.=16/15*100%=106,66
Ж.С. =15/15*100%=100
Ж.С.=11/15*100%=73,33
Орта жүрек соғысы:
250/15=(16м) 16х6= 96
Орта ж.с. =96(1м)
Сабақ құрылымында оқушының жүктеме алуын есепке алу методикасы жүрек соғысын есептеу. Оқушылардың жалпы және арнайы дайындықтарының байланысы. Жаттығу үрдісінің үзілмей жалғасып отыруы. Жаттығу жүктемесінің біртіндеп өсуі мен оның ең жоғары шеңберін анықтаудың байланысы. Жүктеме динамикасының бір келкі емес толық болуы. Жаттығу үрдісіндегі циклдық және толқын тәріздік қағидалары. Спорттық қалыпқа тұрудағы негізгі әдістемелердің негіздері. Хаттама түзу, есепке алу, қорытынды шығару әдістерін оқыту.