Қатыстық сын есімдер Қатыстық сын есімдер деп бір заттың белгісін басқа бір заттың я іс-амалдың қатысы арқылы білдіретін сөздерді атаймыз.
Осы ерекшелігіне қарай, қатысты сын есімдер тиісті жұрнақтар арқылы басқа есімдер мен етістіктерден жасалады да, заттың сыртқы түрі мен түсіне, кескіні мен келбетіне, сыры мен сынына, ішкі қасиеті мен сипатына, мекен мен мезгілге және басқа да сол сияқты белгілеріне қатысты сындық ұғымдарды білдіреді. Мысалы: Балалы үй базар, баласызүй мазар (мақал); Өткір пышақ қол кесер(мақал); Бұл - жазғы жайлы қоныс (Мұхтар Омарханұлы Әуезов).[2]
Сан есім — заттың санын, мөлшерін, ретін, шамасын білдіретін сөз табы. Сан есім жеке айтылғанда абстракт сандық ұғымдардың атауы болатындықтан, нақты мағыналары басқа сөздермен қарым-қатынасқа түсу кезінде, оларды сан жағынан анықтау барысында айқындалады. Сан есім өзі анықтайтын сөздің алдынан келіп, атау тұлғасында тұрады, субстантивтенгенде (заттанғанда) көптеледі, жіктеледі, тәуелденеді, септеледі. Сан есім морфол. құрамына қарай негізгі және туынды болып жіктеледі, оның дара, күрделі түрлері бар. Семантик.-морфол. тұрғыдан есептік, реттік, болжалдық, жинақтық, топтық, бөлшектік аталатын топтарға бөлінеді.
Есептік Сан есім өзге Сан есім топтарының жасалуына негіз болады (мыс., бір, екі). Реттік Сан есім есептік сандарға -ыншы, -інші (бірінші, екінші), жинақтық Сан есім бірден жетіге дейінгі есептік Сан есімге -ау, -еу аффикстерінің (біреу, алтау), топтық Сан есім -дан, -ден, -тан, -тен қосымшаларының (алтыдан, жүз-жүзден) жалғануы арқылы жасалады. Болжалдық Сан есім заттардың санын дәл көрсетпей, шамамен, мөлшермен атайды (жүз шақты), бөлшектік Сан есім математикада жиі қолданылады (оннан екі бөлігі). Сан есімге ұқсас жарты, жалғыз, сыңар, қадақ, шақырым, қозы көш жер, ет асым, т.б. сөздер уақыт, салмақ өлшемдері ретінде қолданылғанымен Сан есімге жатпайды, нумеративтік сөздер болып табылады.[1]
Морфологиялық сипаттарыӨңдеу Сан есімнің негізгі функциясы анықтау болғандықтан, ол үнемі анықтайтын сөздерінен бұрын қолданылады, бірақ ешқандай да морфологиялық өзгеріске түспейді. Демек, сан есімдер өздерінің әрі табиғи, әрі негізгі функциясы болып есептелінетін сандық, сан-мөлшер мағыналарында қолданылғанда, тек атауформасында ғана айтылады да, ешбір өзгеріске түспейді.
Сан есімдер морфологиялық құрамына қарай, негізгі сан есімдер және туынды сан есімдер болып екіге бөлінеді.