Реферат «Мүгедектік» Орындаған: Шамгулова Д. Ж. Тексерген: Жанар Тлеккабыловна Орал 2023 Кіріспе


«Заң жобасы барлық келісу сатысынан өтті және жақында Парламентке енгізілетін болады»



бет6/6
Дата30.03.2023
өлшемі354,71 Kb.
#77507
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Мугедектик

«Заң жобасы барлық келісу сатысынан өтті және жақында Парламентке енгізілетін болады», — деп түйіндеді Б. Нұрымбетов.
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің айтуынша, облыста 94 500 мүмкіндігі шектеулі азаматтар тұрады. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды оңалту шараларымен қамтамасыз ету үшін бөлінетін қаржы жылдан-жылға артып келеді. 
«2020 жылы былтырғы жылмен салыстырғанда бөлінген қаржы мөлшері 22%-ға ұлғайып, 4,8 млрд теңге бөлінді. Нәтижесінде, 34 мыңнан астам адам техникалық құралдарымен және әлеуметтік қызметтерімен қамтылды», — деді облыс басшысы. 
Оның айтуынша, сонымен қатар, ерекше білім беруді қажет ететін балаларға инклюзивті және арнайы білім берілуде. Ал мүгедектіктің алдын-алу мақсатында анықтау, профилактикалық және емдеу шараларын жүргізу нәтижесінде 2019 жылмен салыстырғанда мүгедектікке шығу деңгейі 18%-ға төмендеді. 
«Жалпы, мүгедектердің ішінде 60%-ы еңбекке қабілетті жастағы азаматтар. Сондықтан біз оларды “Еңбек” мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жұмысқа тарту шараларын күшейтудеміз», — деді Ө. Шөкеев. 
Облыс бойынша 2020 жылдың 1 қарашасына еңбекке жарамды 1 600 мүгедек адам жұмыспен қамту шараларына тартылған. Ал 2021 жылға 3 331 мүгедек үшін жұмыс орны белгіленді.
Ұлттық жоспардың маңызды бағыты — мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолжетімді орта құру бойынша облыс орталығында 2 895 нысанның 98%-ы сәйкестендірілген.
Цифрландыру бойынша «Әлеуметтік қызметтер порталы» мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін 2021 жылы толық іске асырылады. Бүгінгі күнге мүгедек азаматтардың 94%-ы электрондық-цифрлық қолтаңба алған. Бұл 42 мыңға жуық мүгедек азаматты оңалту шараларын сапалы жүзеге асыруға толық мүмкіндік береді. 
«Түркістан өңіріне облыс мәртебесі беріліп, қайта жаңғыруына байланысты мүгедектерге арналған заманауи оңалту орталығын құру қажеттілігі туындауда. Осыған байланысты 2024 жылға дейін мүгедектерге арналған сыйымдылығы 50 орындық 6 әлеуметтік нысан және 200 орындық бір оңалту орталығын салу жоспарлануда. Қазір олардың жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатыр», — деді облыс әкімі. 
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың айтуынша, өңірде 26,5 мың мүгедек адам тұрады, олардың 2 мыңнан астамы — балалар. 
Облыста мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдау бойынша шаралар жүзеге асуда. Атап айтқанда, кедергісіз орта аясында 1741 нысан бейімделді және Қолжетімділіктің интерактивті картасына енгізілді (100%).
«Сонымен қатар әлеуметтік кәсіпкерлік дамуда. Төрт адам республикалық «скейл ап» жобасының қатысушысы болды, 3,6 мың адам, оның ішінде «Еңбек» бағдарламасы бойынша 600 адам жұмысқа тартылды, 265 кәсіпорынға квота бойынша жұмысқа тұрды», — деді Қ. Ақсақалов.
6 медициналық-әлеуметтік мекемеде және мүгедектерді оңалту орталығында 1 600-ден астам адамға қызмет көрсетіледі. «TenQogam» әлеуметтік қызмет көрсету орталығын ашуды жоспарлап отырмыз.
«Жыл қорытындысы бойынша мұқтаж адамдардың 80%-ы оңалту құралдарымен және қызметтермен қамтамасыз етілетін болады. Мүгедектіктің ерте профилактикасы үшін скринингтік тексеріс ұйымдастырылды, компьютерлік томографияда тексеру 8 есе артты», — деп нақтылады облыс басшысы.
Бұдан басқа, облыста инклюзивті білім беруді дамытуға ерекше назар бөлінуде. Атап айтқанда, 334 мектепте қажетті жағдайлар жасалған (71%), 26 арнайы оқу ұйымы және 12 инклюзия сыныбы жұмыс істейді, облыстың барлық аудандарында 1300-ден астам бала қамтылды.
Жаңа реформаның нәтижесінде мамандандырылған медициналық көмек көрсетуге құлшыныс білдіріп отырған медицина ұйымдарының саны да бірнеше есе артты. Олардың қатарында «Мүгедек балалардың ата-аналары қауымдастығы» реабилитация орталығы да бар. Онда сал ауруымен ауыратын балаларды үшінші кезеңдік реабилитациядан өткізеді.
Орталық мамандары ерекше балаларды физикалық жағынан оңалтып қана қоймай, психологиялық-педагогикалық көмек те көрсетеді. Невролог, педиатр, реабилитолог психотерапевт, емдік шынықтыру маманы, массажист, ортопед, психолог, эрготерапевт, дефектолог, логопед, әлеуметтік қызметкерден тұратын мультидисциплинарлық команда жұмыс істейді. Біз бәріміз мүгедек балалар мен олардың ата-аналарына жан-жақты қолдау көрсетуге тырысу керек.
Сондай-ақ, орталықта эрготерапия бөлімшесі, Монтессори кабинеті, сенсорлық бөлмелер бар. Кинезиотерапия және механотерапия кабинеттері саусақтың ұсақ моторикасын дамытуға арналған заманауи қондырғылармен жабдықталған. Ең бастысы - мұнда әрдайым ерекше балаларды дұрыс дамытуға қолұшын созуға дайын тұратын қайырымды жандар жұмыс істейді.
«Ата-ана баласын алып келген кезде біз 3 түрлі нәрсеге мән береміз. Ең алдымен қимыл-қозғалысы әлі қалыпқа түспеген балаға көңіл бөлеміз. Мамандар бірден оны жан-жақты дамытуға кіріседі. Екінші - баланың отбасы. Өйткені, кемтар бала сол отбасында өмір сүреді, сондықтан олар да біздің команданың бір мүшесіне айналуы тиіс. Мамандар балаға үйде де қолайлы атмосфера қалыптастыруға көмектеседі. Үшінші – қоршаған орта. Баланың өміріне мұның да тигізетін әсері мол.


Қолданылған әдебиеттер:
Stud.kz
kk.wikipedia.org
unisef.org

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет