р
Реферат
Орындаған:А.Ернұр
Тексерген:
Тақырыбы: Мәдениет семиотикасы
Негізгі сұрақтар:
1.Мәдениетті зерттеудегі құрылымдық, семиотикалық ыңғайлар.
2.Мәдениеттің семиотикалық концепциялары: Ф. Соссюр, Ю.Лотман, Э. Кассирер
3.Мәдениеттің рәміздері мен архетиптері
1. Мәдениетті зерттеуде адамның ақпаратты өндіру, айырбастау және сақтау барлық іс-әрекеті белгілі-
бір тұтастыққа ие деген бастапқы алғышарт болып табылады. Жеке алынған таңбалық белгілер жүйелері
имманентті ұйымдастырылған құрылымнан тұрады деп топшыланса да бір-біріне сүйене отырып, яғни
бірлікте ғана жұмыс істейді. Ешбір таңбалық белгі жүйесі оңашаланған қызметпен қамтамасыз ететін
механизмге ие емес. Бұдан шығатыны, семиотикалық айналымдағы дербес ғылымдар сериясын құруға
мүмкіндік беретін тұрғымен бірге, басқа да мүмкін, ол көзқарас бойынша оның бәрі семиотикалық
мәдениеттің жеке аспектілерін қарастыратын, таңбалық белгілер жүйесінің қызметтік сәйкестігі
жөніндегі ғылым. Осы тұрғыдан қарағанда мәдениет тілінің иерархиялық түзілуі жөніндегі сұрақ, олардың
ішіндегі салаларды бөлу, бұл салалардың бір-бірімен айқасуы немесе шектесуі жөніндегі жағдаяттар
ерекше мәнге ие.
1.1. Семиотикалық-тұрпатнамалық сипаттағы зерттеулерде мәдениет түсінігі бастапқы ретінде
қабылданады. Бұл жерде мәдениеттің өзіне өз тұрғысынан қарайтын көзқарасы мен оны бейнелейтін
ғылыми метажүйесінің көзқарасынан қарауды айыра білу керек. Бірінші ұстанымнан қарағанда, мәдениет
шектелген аймақ түрінде көрінеді, оған одан тысқары жатқан адамзат тарихының, тәжірибесінің немесе іс-
әрекетінің құбылыстары қарама-қарсы тұрады. Сонымен, мәдениет түсінігі оны “мәдениет емеске”
қарама-қарсы қоюмен ажырағысыз байланыста. Оның қандай ұстаныммен іске асуы (нағыз дін – жалған
дінге, ағартушылықтың – надандыққа, белгілі бір этникалық топқа кіру – оған кірмеу және т.с.с. антитезі),
– берілген мәдениеттің тұрпатына жатады. Алайда тұйық орта аясына кіргізілгендік пен одан бөлек болу
сияқты қарама-қарсылықтар мәдениет түсінігін оның “ішкі” көзқарас жағынан ұғынуының ерекше
мәнділігін құрайды. Осы жағдайда қарама-қарсылықты абсолюттендіру сипаты жүреді: мәдениет өзінің
“сыртқы” контрагентін қажет етпейді және имманентті түсінуге келмейтін секілді.
1.1.1. Бұл көзқараспен қарағанда мәдениетті адамзат қоғамындағы ұйымдастыру (ақпаратты) саласы
ретінде анықтау және оған ұйымдаспағандықты (энтропияны) қарама-қарсы қою суреттеліп отырған
зерзаттың ішінен берілген көптеген анықтамалардың бірі екені көрінеді; бұл ХХ ғасырдағы ғылым (бұл
жерде – ақпарат теориясы) тек қана метажүйе емес, сонымен бірге суреттеліп отырған “қазіргі мәдениет”
зерзатына кіреді.
1.1.2. “Мәдениет – табиғат” (“істелген – істелмеген”) оппозициясы жеке, тарихи шарттанған
“енгізілген – енгізілмеген” антитезін көрсетеді. ХХ ғасыр басында орыс мәдениетінде қалыптасқан
(А.Блок) “мәдениет – өркениет” антитезі мәдениетті ұйымдастырылған, бірақ адаммен емес, “музыка
жанымен” және сондықтан да “бастапқы” құрылыс ретінде қарастырады. Істелгендік белгісі “мәдениет –
өркениет” антиподына тіркеледі.
1.2. Сыртқы көзқарас жағынан қарағанда мәдениет пен мәдениет емес – бір-бірінен туындайтын, бір-
бірін қажет ететін салалар. Мәдениеттің механизмі – сыртқы ортаны ішкі ортаға: бей-ұйымды – ұйымға,
ақылсыздарды – ағартушыға, күнәлілерді – күнәсізге, энтропияны – ақпаратқа – ауыстыратын құрылғы.
Мәдениет тек қана ішкі және сыртқы орта аяларының қарама-қайшылығымен ғана өмір сүрмейді,
сонымен қатар ол бір саладан екіншісіне өтеді, ол тек қана сыртқы “ретсіздікпен” ғана күреспейді, оны
қажет етеді, тек қана оны жойып қоймайды сонымен қатар оны жасап отырады. Мәдениеттің өркениетпен
(және “ретсіздікпен”) байланысы мәдениет өз антиподының пайдасына қарай “істен шыққан”, кейіннен
қалыпқа айналып және беймәдениетте іске асатын элементтерді бөгделейді. Сонымен мәдениеттің өзінде
этропияның ұлғаюы мықты ұйымдастырудың арқасында жүзеге асады.
1.2.1. Осыған байланысты былай деуге болады, мәдениеттің әр тұрпатына ретсіздіктің бір сәйкес түрі
бар. Ол алғашқы емес, біркелкі емес және өз-өзіне тең емес, мәдени ұйым саласы сияқты адамның
белсенді шығармашылығы болып табылады. Әр тарихи мәдениеттің түрі өзіне тән бей мәдениеттің түріне
ие.
1.2.2. Мәдениеттен тыс бей-ұйым айна секілді айналмалы мәдениеттің орта аясы ретінде немесе
кеңістік ретінде құрыла алады, ол берілген мәдениетке енген бақылаушының ұстанымынан қарағанда
ұйымдаспаған, бірақ сыртқы ұстаным көзқарасынан бөгде ұйым саласы болып шығады...
1.2.3. Мәдениет өзінің шекарасын кеңейте отырып, барлық беймәдениет кеңістігін жаулап алғысы
келгенмен және өзіне ұқсатуға ұмтылғанмен, сыртқы сипаттау тұрғысынан ұйымның орта аясын кеңейтіп,
сол арқылы бейұйымның орта аясын кеңейтуге алып келеді.
1.2.4. “Мәдениет – мәдениеттен тыс кеңістік” оппозициясы берілген деңгейде ең аз бірлікті білдіреді. Іс
жүзінде мәдениеттен тыс кеңістік (берілген мәдениет тұрғысынан “балалық”, “экзотикалық-этникалық”,
“түпкі санадағы”, “патологиялық” және т.б.) парадигмасы берілген. Әр түрлі халықтардың орта ғасырлық
мәтіндердегі суреттеулері осыған ұқсас түрде құрылады: ортаға кейбір қалыпты жағдайдағы “біз”
орналасады, оған парадигмалық тосын құбылыстар ретіндегі басқа халықтар қарсы қойылады.
1.3. Мәдениет механизмінде сыртқы кеңістіктің белсенділігі былайша көрінеді: белгілі идеологиялық
жүйелер мәдениетті құрайтын бастауларды сыртқы, ұйымдастырылмаған орта аясымен, оған мәдениеттің
ішкі, мәдени өлі ретіндегі тәртіпті саласын қарама-қарсы қою арқылы байланыстыра алады. Мысалы,
Ресей мен Батысты славянофильдердің қарама-қарсы қоюында біріншісі сыртқы, нормаланбаған, мәдени
өңделмеген, бірақ болашақ мәдениеттің дәнін құрайтын орта аясымен байланыстырылады. Батыс – жабық,
бір тәртіпке келтірілген, яғни, “мәдениетті” сонымен қатар мәдени өлі болып айқындалады.
1.3.1. Сонымен, сыртқы бақылаушының ұстанымынан мәдениет қозғалмайтын синхронды теңгерімдегі
механизм емес, дихотомиялық құрылым, оның жұмысы ретсіздік орта аясындағы тәртіпке деген
агрессияда және ұйым саласына ретсіздіктің қарама-қарсы бағытталған кірігуінен көрініс табады. Тарихи
дамудың түрлі сәттерінде қандай да бір қағида алдыңғы қатарда болуы мүмкін. Мәтіндердің мәдени орта
аясына сыртқы жақтан келген инкорпорация кейде мәдени дамудың өте күшті ынталандырушысы болып
табылады.
1.3.2. Мәдениет пен оның сыртқы орта аясындағы ойын сәйкестігі мәдени әсерлер мен байланыстарды
зерттеуде ескерілуі қажет. Егер мәдениеттің сыртқы орта аясына белсенді әсер ету кезеңдерінде ол өзіне
тең нәрселерді қабылдаса, яғни өзінің тұрғысынан мәдениет дәйекті дерек болып қабылданады, ал өзінің
экстенсивті даму сәттерінде ол оқылу құралдары жоқ мәтіндерді қабылдайды. ХХ ғасырдағы Еуропа
мәдениетіне ата-бабалар өнерінің, архаикалық және орта ғасырлық өнердің немесе қиыр шығыстық және
африкалық халықтардың өнерінің кең кірігуі бұл мәтіндердің оларға тән тарихи (немесе психологиялық)
мәнмәтінінен жұлынып алынуымен байланысты. Оларға “есейген адамның” немесе еуропалықтың көзімен
қарайды. Белсенді рөл атқару үшін олар “оғаш” секілді қабылдануы қажет.
1.3.3. Ішкі және сыртқы кеңістіктердің арасындағы шиеленістің мәдени қызметі, мысалы, үй
құрылыстарының (басқа да құрылыстарда) құрылымында айқын көрініс табады. Үйді жасау барысында
адам кеңістіктің бір бөлігін қоршап қояды, ол сыртқы орта аясына қарағанда мәдени меңгерілген және
ретті болып қабылданады. Бірақ бұл бастапқы қарама-қайшылық тек қана тұрақты және бір-біріне қарсы
бағытталған оны бұзушылықта ғана мәдени мәнге ие болады. Бір жағынан, жабық “үй” кеңістігі сыртқы
әлемнің антиподы сияқты қабылдана бастамайды, бірақ оның үлгісі және баламасы (мысалы, ғибадатхана
– дүниенің бейнесі) сияқты. Бұл жағдайда ғибадатхана кеңістігінің жүйелілігі (тәртіпке бағынуы) ретсіздік
орта аясын баса отырып, сыртқы әлемге беріледі (ішкі кеңістіктің сыртқа қарай агрессиясы). Екінші
жағынан, сыртқы әлемнің кейбір қасиеттері ішкі әлемге кіреді. Мұнымен үйдің ішінде “үйдің үйін” бөліп
көрсетуге ұмтылу байланысты (мысалы, алтарь тұратын кеңістік – ішкі орта аясының ішкі жағы).
Ғимараттың ішкі және сыртқы кеңістігінің арасындағы “ойынның” өте қызық мысалы ретінде барокко
сәулет өнерін атап өтуге болады. Шекарадан шығып кететін құрылымдарды жасау (жақтаудан шығып
тұратын суреттер, тұғырынан түсіп қалған мүсіндер, сыртқы табиғат көрінісін интерьерге енгізу үшін
жасалған, терезе мен айналардың қос-қостан тұру жүйесі) мәдени орта аясын ретсіздікке және ретсіздікті
мәдени орта аясына итермелейді.
2. Сонымен мәдениет, бір жағынан, семиотикалық жүйелердің иерархиясы ретінде, екінші жағынан,
өзін қоршайтын мәдениеттен тыс орта аясының көпқабатты құрылымы ретінде жасалады. Бірақ ішкі
құрылым, жеке семиотикалық жүйе бөлімдерінің құрамы мен сәйкестігі ғана бірінші кезекте мәдениеттің
түрін анықтайтыны даусыз.
2.1. Жоғарыда айтқанымыздай кең мәнмәтіндер тұрғысынан алып қарағанда (генетикалық, таралу
аймақтығы және т.б.) бірнеше мәдениеттің жиынтығы қызметтік немесе құрылымды бірлік жасай алады.
3. Қазіргі кездегі семиотиканың түп негіз түсінігі – мәтін – жалпы семотикалық және аранайы
славянтанушылардың зерттеулерін біріктіретін буыны деп есептеуге болады. Мәтін – бүтін мағына беруші
және бүтін қызмет атқарушы (егер мәдениетті зерттеуші ұстанымы мен оны дәстүр сақтаушынының
тұрғысынан қарасақ, біріншінің көзқарасынан – қызмет тұтастығын сақтаушы ретінде, ал екіншісінің
тұрғысынан – тұтастық мағынасында). Бұл мағынада ол мәдениеттің бастапқы элементі (базистік бірлік)
ретінде қарастырыла алады.
3.1. “Мәтін” түсінігі өзіндік ерекше семиотикалық мағынада қолданылады және бір жағынан, тек қана
тілдік хабарға ғана емес, сонымен қатар барлық тұтас (“мәтіндік”) мағынаның – салт-дәстүрге, сурет
өнеріне немесе музыкалық пьесаға да қолданылады. Басқа жағынан, табиғи тілдегі кез-келген хабарлама
мәдениет тұрғысынан қарағанда мәтін бола бермейді. Бүкіл хабарламалардың жиынтығының ішінде
мәдениет тек сөз жанры ретінде анықталатындарын, мысалы “дұға оқу”, “заң”, “роман” және т.б. сияқты,
қандай да бір тұтастық мағынаға ие және ортақ қызмет атқаратын мәтіндерді ғана таңдап алады және
ескереді.
3.2. Мәтін зерттеу зерзаты ретінде келесі мәселелелерде қарастырыла алынады.
3.2.1. Мәтін және белгі. Мәтін тұтас белгі ретінде, мәтін белгілердің бірізділігі ретінде. Екінші жағдай
мәтінді лингвистикалық зерттеу тәжірибесінен жақсы белгілі болғандықтан, кейде жалғыз мүмкін нәрсе
сияқты қаралады. Алайда, мәдениеттің жалпы үлгісінде мәтіннің басқа да тұрпаты бар, онда мәтін түсінігі
белгілер тізбегінен туындайтын қосалқы емес, бастапқы ретінде қарастырылады. Бұл түрдегі мәтіндер
үзіліссіз және белгілерге ыдырамайды. Ол бүтін және жеке таңбаларға емес, керісінше жіктік нышандарға
бөлшектенеді. Бұл тұрғыдан біз қазіргі кездегі кино мен теледидар секілді дыбысты-бейнелі жүйелердегі
бұқаралық байланыс құралдарындағы мәтіннің бастапқы рөлі мен математикалық логика, математика
және формальды грамматика теориясы сияқты жүйелердегі мәтіннің атқаратын рөліндегі ұқсастықты айта
аламыз. Бұл екі жағдайдағы мәтіннің бастапқылығындағы ұстанымды түрдегі айырмашылықтары мынада:
мәліметті дыбысты-бейнелі тарататын жүйе мен оған дейінгі ертеректен келе жатқан кескіндеме, мүсін
өнері, би (және пантомима) және балет өнерінде үзіліссіз мәтін бастапқы (кенептің бүкіл құрылымы
немесе суреттегі жеке белгілер шығарыла көрсетілген жағдайда оның белгілі-бір көрінісі), ал бірінші
жағдайда мәтін алфавит элементтерінің көзі ретіндегі (терім немесе сөздік) үзілісті рәміздердің тізбегі
түрінде көрініс табады.
ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы лингвистикаға тән формальды тілдердің дискретті үлгілеріне
(яғни хабар таратудағы дискретті жағдайларға) бағдарлану, қазіргі семиотикалық теорияда бастапқы
мәлімет ретінде үзіліссіз мәтінге деген қызығушылықпен ауысуда. Теледидар үшін бағдарлама
көрсетілген сәтке дейін ешкімге белгісіз және элементтерге бөлінбейтін негізгі бірлік болып қарапайым
өмірлік жағдай алынады. Бірақ дыбысты-бейнелі бұқаралық байланыс құралдары үшін (кино және
теледидар, соның ішінде телефильмдер үшін де) екі тәсілді біріктіру тән. Кино дискретті белгілерден,
әсіресе ауызша тілдің белгілерінен және басқа да ауызекі тілдерден бас тартпайды, бірақ оларды тұтас
мәтіндерге қосады...
Үздіксіз мәтінге көбінесе басқа (архаикалық) жүйелерден алынған дискретті таңбалардың осыған
ұқсата енгізулері тарихи тұрғыдан ертеректегі көріністі-бейнелі жүйелерде, – соның ішінде, кескіндемеде,
– көптеген мифологиялық және салт-жора дәстүрлердегі негізгі орында тұратын адамның образы әлем
ағашындағы немесе осыған ұқсайтын басқа да бейнелерде композицияның ортасы түрінде сақталына
алады. Осыған ұқсас жайттарда семиотикалық жүйе эволюциясының жалпы заңдылықтарының көрінісін
байқауға болады, бұл жерде қандай да бір таңба немесе бүтін хабарлама (не оның жеке көрінісі) басқа
таңба жүйесінің мәтініне оның қосымша бөлігі ретінде қосыла алады және ары қарай осы тұрғыда
сақталынады (яғни мысалда көрсетілгендей мифологиялық және рәсімдік емес жылжытылған эстетикалық
қызметімен көрінеді). Соңғы тұжырым ежелгі семиотикалық жүйелерді фольклор және тарихи
дәстүрлерді сақтаған мәтіндердің ішіне енгізілген соңғы рефлекстер арқылы архаикалық жүйенің
таңбаларын қалпына келтіруге бағытталған қайта өңдеудің әдістерін негіздеуге де септігін тигізуі мүмкін.
Сонымен қатар баяндалған көзқарас тұрғысынан қазіргі бұқаралық ақпарат құралдарын тарихи ертерек
болған жүйелермен бірлікте талдау мәдениет тілін салыстырмалы зерттеуге табиғи түрде кіргізіледі.
Мысалы, жоғары-төмен, оң-сол, қараңғы-жарық, қара-ақ сияқты кескіндеме немесе
киноматографиялық үздіксіздерді суреттеуге қажет дискретті метатілдің дифференциялды қасиеттерін
таңдау өздігінен архаикалық жүйенің екі таңбалы рәміздерінің жіктемесіне сәйкес архаикалық
қағидалардың көрініс табуы деп қаралуы мүмкін.
Сонымен мәтіндердің үзілісті және үзілісті емес түрінің көп болуы мәдениет дамуының белгілі-бір
кезеңімен байланысты. Бірақ бұл екі қағида синхронды өмір сүруі де мүмкін екенін айта кеткеніміз жөн.
Олардың арасында шиеленістік (мысалы сурет пен сөздің қақтығысы) мәдениеттің тұтастық ретіндегі
тұрақты механизмін құрады. Оның біруінің үстемдік етуі қарама-қарсы түрді толық басып тастағанда ғана
мүмкін емес, тек қана мәдениеттің белгілі-бір мәтіндік құрылымдарға бағытталу формасында мүмкін.
3.2.2. Мәтін және “жіберуші-алушы” мәселесі. Мәдени коммуникация үдерісінде “сөйлеушінің
грамматикасы” және “тыңдаушының грамматикасы” мәселелелері ерекше мәнге ие болады. Белгілі-бір
мәтіндер тек қана “сөйлеушінің” немесе “тыңдаушының” ұстанымына бағытталып жасалатыны сияқты,
мұндай бағыттаушылық қандай да бір мәдениеттерге де тән болуы мүмкін. Тыңдаушыға бағдарланған
мәдениеттің мысалы ретінде мәтіндердің аксеологиялық иерархиясында “аса құнды” және “өте айқын”
түсініктері сәйкес келетін нұсқаны атауға болады. Бұл жағдайда тіл үстіндегі екінші жүйелердің
ерекшелігі аз көрінеді – мәтіндер ең шекті шартты белгілерге жетеленіп, “бітпегендіктің” имитациясын
жасап, тілдегі хабарламаларға саналы түрде бағдарланады. Аңыз, қара сөз (негізінен очерк), газеттегі
хабарлама, деректі фильм, теледидар ең жоғарғы құнды орынды иеленеді. “Дәлелді”, “шынайы”,
“қарапайым” деген түсініктер ең жоғарғы аксиологиялық мінездеме түрінде қаралады.
Сөйлеушіге бағдарланған мәдениет ең жоғарғы құндылықтың сапасы туралы жабық, табылуы қиын
немесе тіпті де түсініксіз мәтіндерден тұрады. Бұл эзотериялық мәдениеттің түрі. Мәдениеттің
“сөйлеушіге” және “тыңдаушыға” бағытталуы мынада көрініс табады: бірінші жағдайда аудитория мәтінді
жасаушының үлгісі бойынша өзін үлгілейді, екіншісінде сөйлеуші өзін аудитория үлгісінде жасайды.
Мәдениеттің диахронды дамуын коммуникациялық аймақтың ішіндегі қозғалыс деп қарастыруға болады.
Сөйлеушіге бағытталған туындыдан тыңдаушыға қарай қозғалыстың мысалы ретінде Пастернактың
шығармашылығын атауға болады. “Поверх баръеров”, “Сестра моя жизнь”, “Темы и вариации”
кітаптарының бірінші редакциясын жасау кезінде ақын үшін ең маңыздысы монолог болды. Монолог
арқылы өзінің дүниені қабылдауын дәлелдікпен сипаттауға тырысты. Соңғы жылдардағы
шығармаларында оқырманға бағытталған диалог көптеп кездеседі. Яғни әңгімелесуші оған айтылып
жатқан нәрсенің бәрін түсінуі қажет. Бұл кереғарлық, әсіресе, ақын бір әсерді екі түрлі жолмен бергісі
келгенде ерекше айқын көрінеді
3.2.3. Түрлі кездегі славян әдебиетімен байланысты әдеби және көркем стильдердегі екі өрісті түрлерді
бөліп көрсету, мысалы, ренессанс-барокко, классицизм-барокко, классицизм-романтизм, не сөйлеушіге, не
тыңдаушыға бағыттал-ған мәдениет түрлерімен сәйкестендірілетінін анықтап алу керек (бірінші тұрпатқа,
мысалы, ерте орта ғасыр, барокко, романтизм, авангард әдебиеті – Mloda Polska және т.б. жатқызуға болар
еді). Осындай оппозициялардың әрбіреуінің ішінде, өз кезегінде, ұқсас белгілері бойынша жүргізілген
ажыратулар болуы мүмкін (маньеризм секілді өтпелі тұрпатты осымен байланыстыруға болады).
4. Мәдениетті қандай да бір қосалқы тіл деп анықтай отырып, біз “мәдениет мәтіні” қосалқы тілдегі
мәтін деген түсініктерді енгіземіз. Қандай да бір табиғи тіл мәдениеттілігіне кіретін болғандықтан табиғи
тілдегі мәтін мен мәдениеттегі сөз мәтінінің ара салмағы туралы сұрақ туындайды. Бұл жерде келесі
арақатынас мүмкін болмақ:
а) Табиғи тілдегі мәтін осы мәдениеттің мәтіні болмайды. Бұған мысал ретінде жазба жұмыстарға
бағытталған мәдениет үшін ауызша форманы қамтитын барлық мәтіндерді келтіруге болады. Мәдениет
құндылық пен мағынасы жоқ деп есептелген хабарламаларды мәтін деп қарастырмайды
1
.
б) Туынды тілдегі мәтін сол уақытта табиғи тілдің мәтіні болады. Мысалы, Пушкиннің өлеңі – орыс
тіліндегі мәтін болып табылады.
в) Мәдениеттің сөздік мәтіні осы табиғи тілдің мәтіні бола алмайды. Ол басқа табиғи тілде мәтін бола
алады (мысалы славяндық үшін латын дұғасы) немесе сол не басқа табиғи тіл деңгейінің заңдылықсыз
өзгерту жолы арқылы құ-растырылады (осындай мәтіндердің балалар шығармашылығындағы қызметін
салыстырыңыз)
1
.
4.0.1. Мәтін мен атқаратын қызметті сәйкестендіру барысында мәдениеттің типологиясын құру туралы
сұрақ маңызды болып табылады. Бұл жерде мәтін – белгілі-бір мәдениет ішінде анықталған тудырушы
тәртіп бойынша құрыл-ған хабарлама. Жалпы сипатта алғанда бұл қорытындыны барлық семиотикалық
жүйелерде қолдануға болады. Басқа тілдің немесе басқа тілдер жүйесінің ішінде бұл хабарлама мәтін
болмауы мүмкін. Қазіргі формальды грамматикаға маңызды грамматикалық дұрыстық деген тілдік
түсініктің жалпы семиотикалық баламасын көруге болады. Мәдениет тұрғысынан әрбір тілдік хабарлама
мәтін болып саналмайды және керісінше-әрбір мәтін табиғи тілде жасалған дұрыс хабарлама қатарына
кірмейді.
4.1. Мәдениеттің дәстүрлі тарихы әрбір хронологиялық бөлікке “жаңа” мәтіндерді, сол кезең жасаған
мәтіндерді ескереді. Нақтылы мәдениетте жаңа мәтіндермен қатар осы мәдени дәстүр арқылы берілген
немесе сырттан енген мәтіндер қызмет атқарады. Бұл әрбір мәдениеттің синхронды күйіне мәдени
көптілділіктің қырларын береді. Әртүрлі әлеуметтік деңгейде мәдениеттің даму жылдамдығы біркелкі
болмағандықтан, мәдениеттің синхронды күйіне оның диахрониясы мен “ескі” мәтіндердің белсенді қайта
жаңғыруы кіреді. Мысалы, XVІІІ-XІX ғасырлардағы орыс ескі салттарын сақтаушыларындағы петрлік
мәдениетке дейінгі мәдениеттің өмір сүруін салыстырайық.
5. Мәтін кеңістігіндегі мәтіннің орны осы мәтіннің әлуетті мәтіндердің жиынтығына қатысы бойынша
анықталады.
5.0.1. Мәтін семиотикалық түсінігі мен дәстүрлі филология міндеттерінің байланысы ғылыми ретіндегі
славянтану мысалында өте айқын көрінеді. Славянтану зерттеулерінің негізгі зерзаты болып қандай да бір
мәтіндердің жиынтығы қаралады. Бірақ мәдениеттің жалпы қозғалысының негізінде жатқан ғылыми
ойдың қозғалысында белгілі-бір шығармалар мәтін ретінде көріну қабілеттілігіне біресе ие болады, кейде
жоғалтады. Бұның ең көрнекті мысалы ретінде Ежелгі Русь әдебиетін атауға болады. Егер бұл кезеңде
жазба ескерткіш материалдары салыстыра қарағанда тұрақты болса, мәтіндер тізімі бір ғылыми мектептен,
екіншіге, бір зерттеушіден басқа зерттеушіге қарағанда өзгеріп отырады, өйткені мәтін түсінігі ежелгі
орыс мәдениетінің тұжырымдамасымен әруақыт түзетіліп, байланыстырылып отырады. Бұл түсінікті
қанағаттандырмайтын жазба ескерткіш түпнұсқалары “мәтін емес” қатарына жатқызылады. Оның көрнекі
мысалы – “орта ғасырдың көркем мәдениеті” түсінігінің түрліше айқындалуына байланысты кейбір
шығармаларды көркем мәтіндерге жатқызудағы ауытқулар.
5.1. Мәтіндер туралы ғылымның кең түснігі бұрын да синхронды түсіндірілетін славян мәтіндерін
(мысалы, шіркеу-славян мәтіндерін) және диахрондық тұрғыдан түрлі кезеңдердің мәтіндерін
салыстырғанда, славянтанудың дәстүрлі тәсілдерімен сәйкес келеді. Бұл жерде кең типологиялық жол
синхрония мен диахрониялық қарама-қарсы абсолюттілігін жоятынын атап өткеніміз жөн. Тіл аралық
тілдесу және түрлі дәуірлерді байланыстыратын буын ретіндегі негізгі құрал болғысы келетін тілдердің
ерекше қызметін атап өтуге болады.
5.2. Славян мәтіндеріне қатысты тарихи жаңғырту үшін түрлі славян тілдерінің дәстүрлеріне жататын
мәтіндерді синхронды салыстыру кейбір жағдайда бір эволюциялық қатардың ішіндегі салыстырудан гөрі
көп нәтиже береді; бұл жолда филология үшін дәстүрлі міндеттерді, мысалы, зерттеушіге жетпеген
мәтіндерді жаңғырту, шешуде нәтижелер алуға болады. Ең шекті мәтіндер үшін – сөздердегі морфемалар
немесе жеке морфемалар комбинациясы – бұл жол салыстырмалы славян тілі білімінде жүзеге асады.
Қазіргі кезде оны бүкіл славян ескілігін жаңғыртуда – метрикадан бастап фольклор мәтіндері, рәсім,
музыка, киім, ою-өрнек, тұрмыс және жанрлық сипаттамаларына дейін кеңейтуге болады. Соңғы
кезеңдердегі (мысалы, шығыстық және одан кейініректе батыс еуропалық киім сұлбаларының шығыс
славян халықтарының киіміне әсері) басқа дәстүрлердің көптеп әсер етуі диахроникалық дамуды үздікті
етеді (дәстүрлердің бұзылуымен байланысты). Бастапқы жалпы славян сұлбаларын қайта қалпына келтіру
мақсатында бұл дамудың талдануы кейінгі әсерлерді анықтау аспектісінде маңызды болады. Осы мәселені
шешудің одан да әсерлі шешім жолы болып әрбір славян дәстүрінің синхронды кесінділерін салыстыруды
атауға болды.
5.2.1. Мәтіндерді жаңғыртумен барлық тіл мамандары айналысады – фольклор мен славян ескілігінің
мамандарынан бастап жаңа уақыттың әдебиетін зерттеушілерге дейін (авторлық ойды және көркем
шығарманы жаңғырту, жоғалған мәтіндер мен олардың бөліктерін қалпына келтіру, замандастарының
пікірі бойынша оқырманның қабылдауын жаңырту, ауызша материалдар мен олардың жазба мәдениет
жүйесіндегі орны; театр тарихы мен актер ойынын зерттеуде – зерттеудің зерзаты болып – жаңарту
қаралады. Поэтикалық қолжазбаны оқу белгілі-бір жағдайда шығармашылық үрдіс пен толтырудың
қабаттарын кезекпен алып тастаудың жаңартуын, мысалы 1920-1940 жылы жүргізілген пушкиндік
мәтінтанудағы қайта жаңғыртулармен салыстыруға болады. Славян филологиясының түрлі салаларында
жинақталған эмпирикалық материалдар жаңғыртудың жалпы теориясын жасау қажеттігі туралы мәселе
көтереді. Бұл жағдайда жаңғыртулар деңгейі мәселесіне сапа тұрғысынан келу маңызды. Жаңғыртудың
түрлі деңгейлері түрлі іс шараларды талап етеді және әрбір жағдайда ерекше нәтижелерге алып келеді.
Жаңғырту ең жоғарғы семантикалық деңгейде, нәтижесінде кейбір әмбебап тілге аударыла алатындай
жасалына алады.
Басқа міндеттерді қою барысында жаңғыртып жатқан материалдың шеңберінен сол ұлттық
мәдениеттің басқа да құрылымдарына бір тұрпатты шығу болуы мүмкін. Семантикалық хабарламаларды
қайта кодтау барысында барынша төменгі деңгейлерде мәтінді жаңғыртуды лингвистикалық
зерттеулермен тікелей байланыстыратын арнаулы міндеттер шешіледі. Жаңғыртудағы мардымды
нәтижелерге белгіленуші мен белгілеуші семиотикалық категорияларына сәйкес келетін шеткі
деңгейлерде қол жетті, ол мүмкін осы деңгейлердің тек қана мәтін нақтылығына сәйкес келетіндігімен
байланысты шығар, ал бұл уақытта аралық деңгейлер көп жағдайда суреттеу барысында қабылданған
метатіл жүйесімен сәйкес келеді.
5.2.2. Егер графикалық шығарушы құрылғы фонемдер деңгейіне сәйкес келсе, онда ол осы құралғының
көмегімен хабарлама берілетін бірінен кейін орналасқан фонемдердің қатарын білдіреді, яғни берілгіште
(хабар беретін теориялық-ақпараттық үлгі түсініктері бойынша) фонемнің әрбіреуімен код таблицасы
бойынша қандай да бір сигнал – әріп салғастырылады; мұның мысалы ретінде сербтік тұрпаттағы әріптік
жазуды айтуға болды. Егер шығарушы құрыл-ғы мәтіннің жалпы ойына сәйкес келсе, онда осы
құрылғының көмегімен берілген хабарлама бөлшектенбеген түрдегі мәтіннің жалпы идеясын береді, яғни
берілгіште осы идея оны кодтайтын рәміз салғастырылады (бұл жерде рәміз барлық кодты құрайтын
жалғыз нәрсе, яғни жүйеден тыс таңба болуы мүмкін). Күнкөз таңбаларын, құстар және жыл-қылардың
бейнелерін немесе ортақ бір мәтін құрайтын осы үш рәмізді қиыстырудан құралған өсімдік тәріздес өрнек
секілді жалпы рәміздерді мысал ретінде келтіруге болады; сонымен бірге праславян кезеңімен сәйкес
келетін ежелгі дәуірге қатысты алғанда олар оның ішіндегі рәміз-элементтердің қатаң ара-қатынасындағы
біртұтас мәтінді әрі бүкіл мәтін үшін және әрбір элемент үшін біртұтас әрі барынша анықталған
семантикасын білдірді; одан кейінгі жеке славян дәстүрлерінің көрінісінде (өрнекте, мысалы, ұршықта,
шаналарда, арбада; үй тұрмысындағы әр түрлі заттарда – кебеже, сандықтарда; киімге салынған
кестелерде; ағаштан ойылған өрнектерде, сонымен бірге үй төбелерінде; әдет-ғұрыппен байланысты
қамырдан жасалатын дәстүрлі тағамдарда – пирог, каравай, сәбилердің ойыншықтарында және т.б.) олар
бастапқы құрам бөліктерін “араластыру” арқылы құрастырылған, мәтіннің негізгі семантикасын ұмытқан
сайын өзінің синтаксистік қызметін жоғалта бастайтын қосал-қы мәтін ретінде көрінеді. Әлемдік ағашты,
оның жоғарғы жағындағы қасиетті шам-шырақты, оның үстіндегі және айналасындағы құстарды,
жануарларды суреттейтін ертеректегі мәтіндердің жаңғыртылуы бүкіл славян дәстүрлеріндегі түрлі
жанрдағы (ұшықтау, жұмбақтар, өлеңдер, ертегілер) бір-бірімен толық сәйкес келетін сөзді мәтіндердің
болуымен дәлелденеді. Сонымен бірге мәтінді осылай жаң-ғырту, бір жағынан, славян көрсеткіштерін
ескермей үнді-иран мәтіндерін ежелгі исландық мәтіндермен сәйкестендіру негізінде жасалған жалпы
үндіеуропалық мәтінге; екінші жағынан, әр түрлі еуразиялық шаман дәстүріндегі тұрпатты ұқсас
мәтіндерге сәйкес келеді.
5.2.3. Осындай жаңғыртулар үшін тіпті төменгі деңгейдегі мәтінді іске асыратын тілдік элементтерді
табудың мүмкін еместігі жағдайында оның семантикалық жаңғыртуын негізгі семантикалық қарама-
қайшылықтардың ортақ жиынтығын қолданатын (мысалы, “несіп-ысырап”, “өмір-өлім”, “күн-ай”, “жер-
теңіз” және т.б.) мәдени кешендерінің тұрпаттық ұқсас-тығы арқасында жеңілдетіледі.
6. Семиотикалық тұрғыдан мәдениетті жеке семиотикалық жүйелердің иерархиясы, мәтіндердің
жиынтығы және олармен сәйкестендірілген функциялар тізімі немесе осы мәтіндерді тудыратын бір құрал
ретінде қарастыруға болады. Барынша күрделі түзілген жеке адам ретіндегі қандай ма болмасын бір
ұжымды қарастыру барысында мәдениет ақпаратты сақтау және өңдеудің ұжымдық құралғысы ретіндегі
естің жекелік механизмінің баламасы сияқты ұғылуы мүмкін. Мәдениеттің семиотикалық құрылымы мен
естің семиотикалық құрылымы өз тарапынан атқаратын қызметі жағынан түрлі деңгейде орналасқан бір
тұрпатты құбылысты білдіреді. Бұл жағдай мәдениеттің динамизміне қайшы келмейді: негізінде өткен
тәжірибені зейінге ала отырып, ол бағдарлама ретінде де, жаңа мәтіндерді жасау үшін нұсқау ретінде де
көрініс бере алады. Сонымен бірге мәдениеттің болашақ тәжірибе бағытындағы ұстаным бағдарында қай-
сыбір шартты көзқарас тұрғысынан қарағандағы түзілім бойынша болашақ өткен шақ секілді көрініс
табуы мүмкін. Мысалы, ұрпақтар жадында сақтайтын мәтіндер жасалады, өздерін “дәуір қайраткерлері”
сияқты сезінетін адамдар тарихи істер тындыруға тырысады (болашақта естелік болатын істер). ХVІІІ
ғасыр адамдарының өз мінез-құлқұның, жүріс-тұрысының бағдарламасы ретінде Ежелгі Грек батырларын
таңдауын салыстырайық (Катонның образы – Радищевтің, оның өзін-өзі өлтіруімен қоса өмірлік мінез-
құлқын шешуге көмектесетін ерекше код). Ес түріндегі мәдениеттің мәні архаикалық мәтіндердің
мысалында, әсіресе фольклорда, ерекше айқын көрінеді.
6.0.1. Тек қана коммуникация мүшелері ғана мәтіндерді жасамайды, сонымен қатар мәтіндерде де
коммуникация мүшелері жөніндегі естелікті сақтайды. Сондықтан басқа мәдениеттің мәтіндерін меңгеру
жеке адам мен мінез-құлық тұрпаттарының белгілі-бір құрылымдарын ғасыр көптеген ғасырлардан соң да
трансляциялауға алып келеді. Мәтін бүтін бір мәдениеттің жинақталған бағдарламасы ретінде көріне
алады. Басқа мәдениеттерден мәтіндерді қабылдау полимәдениет құбылысына алып келеді және бір
мәдениет шеңберінде қала отырып, басқаның стиліндегі жүріс-тұрысты таңтап қабылдап алу мүмкіндігі
болады, мұндай құбылыс тек қана қоғам дамуының кейбір кезеңдерінде мүмкін болады және сыртқы
таңба түрінде, мысалы, киім түрін таңдап алу мүмкіндігіне ие (салыст.: XVІІ ғ. соңы – XVІІІ ғ. басындағы
орыс мәдениетіндегі “венгр”, “поляк” немесе “орыс” көйлектерінің қайсы бірін таңдау).
6.0.2. Праславян кезеңінен басталатын және кейбір славян дәстүрлерінде жаңа уақытқа дейінгі кезең
үшін мәліметті есте сақтаудың ұжымдық механизмі ұрпақтан ұрпаққа берілетін мәтіндердің қатаң
қалыптасқан тәсімін (метрика, транслингвистика, т.б.) және бүтін жеке көріністерді (фольклор мәтіндері
үшін locі communі) қамтамасыз етеді. Әдебиет ұрпақтан ұрпаққа мифологиялық сюжеттердің рәсімді
формулалары көмегімен берілетін нәрсе деп ұғынылатын, осы тұрпаттағы ежелгі таңба әлеуметтік
пайымдама жағдайында қарым-қатынастардың қатаң детерминацияланған жүйелерімен синхрондалуы
мүмкін, бұл жерде бүкіл мүмкіндіктер мифологиялық ескі кезең мен оралымды рәсімдермен
сәйкестендірілген тәртіппен шектелген. Керісінше, мінез-құлығы олардың нақтылы тарихының есімен
реттелетін ұжымдағы жақсырақ дамыған жүйелер барынша аз тұрақталған жиі (әрі осыған сәйкес көбірек
мәлімет алып жүретін) тәсілдер ізденісі негізгі ұстаным болып табылатын әдебиет тұрпатымен сәйкес
келеді. Осындай ой толғаныстарды даму түсінігі (яғни уақыт ырғағындағы бағыты) мәліметтерді жинақтау
және өңдеуден бөлінбейтін мәдениеттің басқа салаларына байланысты да айтуға болар еді, мұнымен
өткенді, тарихи шынайылықтың орнына миф жасайтын жасанды информациялаудың кертартпа рөлі
түсіндіріледі.
6.1. Мәдениеттің қызмет етуі мен оны зерттеу барысында кешенді әдістерді қолдану қажеттігін
негіздеуде жекелеген семиотикалық жүйе, қанша шүбәсіз ұйымдастырылған болса да, мәдениет бола
алмайды. Бұл үшін ең шекті механизм ретінде сәйкестендірілген қос семиотикалық жүйе қажет. Табиғи
тілдегі мәтін және сурет мәдениеттің механизмін жасайтын екі тілдің өте қарапайым жүйесінен тұрады.
Мәдениеттің айрықша белгісі – тілдердің геторегендігіне ұмтылу.
6.1.1. Осыған байланысты славян әлемінде өте маңызды және славян мәдениеттерінің ерекшелігін
анықтайтын қостілділік құбылысы ерекше рөлге ие болады. Билингвизмнің нақты шарттарының
көптүрлілігіне қарамастан басқа тіл әр кезде мәтіндерді құруда ең жоғарғы эталон – үлгі ретінде
қарастырылады.
6.1.2. Славянтану кешеніне славян емес тілдерде жазылған мәтіндер де жатқызылады (Ян Густың
латын тілінде жазылған ғылыми шығармалары; Тютчевтің француз тілінде жазылған мақалалары). Бұл
тұрғыда латын және италиялық мәтіндерін ренессанс кезіндегі қостілділік уақытындағы славян
мәтіндерімен салыстыру өте қызық (салыстырыңыз: барокко уақытындағы латын-поляк және итальян-
хорват өлеңдерінің мәтіндері), XІX ғасырдың бірінші жартысындағы орыс әдебиетінде француз
мәтіндерін талдауда олардың орыс эквивалентімен қатар қоя салыстыру (Баратынскийдің орыс және
француз тіліндегі өлеңдері, Пушкиннің француз тіліндегі жазбалары орыс тіліндегі шығармаларымен
салыстырылды), XІX ғасырдағы орыс романындағы көркем тәсіл ретінде қолданылған француз-орыс
қостілділігі.
6.1.4. Мәдениетті құру үшін тек қана табиғи тілдің жеткіліксіздігі табиғи тілдің қатаң қисынды
құрылымдық ұстанымдарының жүзеге асуының нәтижесі еместігімен байланысты.
6.1.5. Берілген мәдениет жүйесінің ішіндегі бүкіл жүйе бірлігін ұғыну деңгейі әртүрлі, ол берілген
мәдениеттің тұрпаттанулық бағасының өлшем белгісі ретінде қарастырыла алады. Бұл деңгей
ортағасырлық түзілімдерде және гуситтер секілді кейінгі мәдени қозғалыстарда өте жоғары, оны жаңа
мазмұнмен толтырылған мәдениет тұтастығының архаикалық қағидасына қайта оралуынан көруге болады.
Алайда, қазіргі заман зерттеушісі тұрғысынан, мәдениетті біртұтас деп есептейтіндер, оның барынша
күрделі құрылғандығын біледі: орта ғасыр мәдениетінің ішінде М. М. Бахтин ашқан “бейресми
карнавалды құбылыстар” қабаты анық көрінеді (“Unguenlarіus” көне чех мистериясы секілді славян
топырағында жасалған мәтіндерде жалғасын табады); гусит әдебиетінен латын ғылыми мәтіндері мен
басқа адресаттарға (бұқаралық) арналған публицистикалық әдеби шығармалардың мәнді қарама-
қайшылығы байқалады. Көркемдік қондырғымен сипатталатын хабарламаны жіберушінің кейбір кезең-
дері үшін сонымен қатар бір автордың қаламынан туған хабарлама ішіндегі денотаттар мен концептердің
кең жиынтығы тән (Комениус, Бошкович, Ломоносов), бұл мәдениеттің тұтастығының пайдасына
шешілетін қосымша дәлелдің бірі ретінде көрінеді (бұл жағдайда оған жаратылыстану және адам туралы
ғылымдар да енеді). Соңғысы мәдениеттің синхронды және диахронды қызмет етуі туралы ғылым
ретіндегі славянтану пәнін қатаң түрде негіздеу үшін ерекше мәнге ие, ол бір немесе екі славян тілдерімен
сәйкестендірудің арқасында байланысып, бірқатар мәдениеттерде шіркеу-славян тілі ретінде көрінді.
Берілген мәдениеттің әрбірінде қолданылатын тілдік дәстүрлердің ортақтығын білу, олардың
айырмашылығын ұғыну үшін алғышарт үшін (тек қана теорияда емес, сонымен бірге сәйкес дәстүрлерді
сақтаушылардың практикалық бұйрығында) қызмет етеді. Бұл соңғысы славян әлемі үшін қайта кодтау-
дың таза тілдік ережелерімен ғана емес, мәдени-тарихи өзгешеліктермен байланысты. Яғни таза
лингвистикалық кеңірек және барлық тілден тыс факторларды ескере отырып, тілдік жалпылықтың
байланыстырушы рөлін ұмытпай, славян мәдениетін зерттеудің қажеттілігі туындайды. Сонымен, славян
мәдениеті мен тілдерін талдау табиғи тілдер мен туынды (тілден жоғары) моделдеуші семиотикалық
жүйелердің арасындағы қарым-қатынасты зерттеудің ыңғайлы үлгісі бола алады.
“Қосалқы үлгілеуші жүйе” деп әлем үлгісі мен оның көріністерін құруға көмектесетін семиотикалық
жүйелерді айтамыз. Бұл жүйелер алғашқы табиғи тілдерге қарағанда қосалқы орында және олардың үстіне
(көркем әдебиеттің тілден жоғары жүйесі) немесе оған қосқатар формалар түрінде (музыка немесе
кескіндеме) орналасады.
6.2. Мәдениетті құрайтын семиотикалық оппозиция жүйесінде үзілісті және үзіліссіз семиотикалық
үлгілердің (үзілісті және үзіліссіз мәтіндердің) қарама-қайшылығы ерекше рөл атқарады. Оның жеке
мысалы ретінде икона мен сөз өнерін салыстырудағы дәстүрлі мәселеге жаңа мән береді: мәдениеттің
механизмін құруда олардың өзара қажеттілігін және семиозис ұстанымы бойынша түрлі болу қажеттілгі
туралы айтуға болады. Яғни, бір жағынан – эквивалентті, екінші жағынан соңына дейін бір-біріне өзара
өтпейді. Түрлі ұлтттық дәстүрлердің әртүрлі логикасы болғандықтан, эволюция жылдамдығы, үзілісті
және үзіліссіз мәтін құраушы жүйелердегі бөгде-ұлттық әсерлерді қабылдағыштық, олардың арасындағы
шиеленістік қиыстырулардың өте көп болу мүмкіндігін тудырады, бұл мысалы, славян мәдениетінің
тарихи типологиясын жасауға маңызды. Үзіліссіз (кескіндеме) және үзілісті (сөз арқылы) мәтіндердің
материалында мәтін жасаудың бірдей заңдылықтарын анықтау ерекше қызығушылықты тудырады. Бұл
тұрғыда экранға шығару мәселесі маңызды. Үзілісті сөзді мәтінді үздіксізге аудару эксперименті ретінде
(мыс., Ивашкевичтің “Березнягі” және оған сәйкес келетін Вайданың телефильмінде музыканың
маңыздылығына байланысты сөзді мәтін барынша аз қолданылады).
7. Семиотика және мәдениет тұрпаттануын зерттеуде басты бір өзекті мәселе, қызмет, мәтін және
құрылым баламалылығы мәселесі болып табылады. Бір мәдениет ішінде мәтін баламалылығының мәселесі
алға шығып тұрады. Осы мәселеде ішкі бір дәстүрдің ауысу мүмкіндіктері құрылады. Дегенмен,
баламалық жетістік емес, өйткені мәтіннің бір жүйеден екіншіге ауысуында үнемі аударылмайтын –
элементті қосып алды. Семиотикалық тұрғыда өзінің автономдығын сақтайтын жүйе емес, нақты
ұстанымда құрылған мәтін ғана тура және сәйкес келуі мүмкін. Сондықтан мәтін мақсаты түрлі тіл асты
немесе астарлы тілде жаңғырту болады.
9. Түрлі деңгейлер мен жүйелер астының бір семиотикалық тұтастыққа қосылуында екі өзара қарама-
қарсы “мәдениет” механизмі жұмыс істейді:
а) Әртүрлілік қағидасы – семиотикалық тілдерді ұйымдастыруды көбейту, “полиглотизм” мәдениеті.
б) Біркелкілік қағидасы – өзін-өзі түсіну немесе басқа мәдениеттер бірлігі, тілдерді қатаң
ұйымдастыру.
Бірінші қағида жаңа мәдениет жасауда көрінеді және оның ішкі ұйымының біркелкі еместігімен
ерекшеленеді. Мәдениеттің әр саласына ішкі ұйымның әр түрлі өлшемдері тән. Мәдениет өз ішінде
барынша ұйымдастыру ошақтарын құра отырып, салыстырмалы түрде аморфтық, тек қана түзілім тәріздес
құрылымдарды қажет етеді. Бұл мағынада мәдени саладағы берілген тарихи құрылымдар ішінде жүйелі
түрде бөлшектеу тән, олар мәдени ұйымдасудың үлгісі болуға тиіс. Барынша реттелген тәртіпке
ұмтылылатын жасанды тәсілмен жасалған әр түрлі белгілер жүйелерін зерттеу ерекше қызықты, әсіресе
жасанды пайда болған белгі жүйесін зерттеу (мысалы, І-Петр мен оның орнын басушылардың “тұрақты”
мемлекетіндегі шендердің, мундирлер мен белгілердің мәдени қызметі осындай). Осы тұрғыдан мета-
мәтіндерді зерттеу үлкен қызығушылық тудырады: өзі туралы мәдениетті жасаған мифтің жүйеленуін
білдіретін нұсқаулар, “регламенттер” мен уағыздар. Мәдениеттің әртүрлі кезеңдердегі түрлі мәтіндерді
реттеп, тәртіпке салу үшін үлгі ретіндегі тілдік грамматиканың атқаратын рөлі бұл жағдайда жақсы
көрінеді.
9.0.1. Құрылымдық және математикалық лингвистика немесе семиотика секілді ғылым салаларына
дамытуда жасанды тіл мен математикалық қисынның рөлі, “реттілік ошағын” жасаудың мысалы ретінде
суреттелуі мүмкін. Бұл ғылымдардың өзі ХХ ғасыр мәдениетінің жалпы мән-мәтінінде тұтасымен алғанда
осыған ұқсас рөл атқарады.
9.0.2. Мәдениеттің әртүрлі деңгейлері мен жүйенің бөлім топтарына біртұтастық беретін мәнді
механизм болып, белгілі-бір деңгейде өзі жөніндегі мәдени миф тудыратын оның өзі өзіне үлгі болады. Ол
мәдениеттің біртұтас ретіндегі құрылысын белсенді түрде реттейтін өзінің сипатын (мысалы, әсіресе
классицизм дәуірі үшін тән Буалоның “Поэтикалық өнер” тұрпатындағы метамәтіндерін орыс класси-
цизміндегі қағидалы трактаттармен салыстырыңыз) жасауы-нан көрінеді.
9.0.3. Унификацияның басқа механизмі болып мәдениеттің бағдарлылығы саналады. Белгілі-бір жеке
семиотикалық жүйе басымдылық мәнге ие болады және оның құрылымдық ұстанымдары басқа
құрылымдарға еніп, әрі сол арқылы мәдениетпен түгел сіңісіп кетеді. Демек, хаткерлікке (мәтінге) немесе
ауызша сөйлеуге, сөз бен суретке бағытталған мәдениет жөнінде айтуға болады. Мәдениетке немесе
мәдениеттің сыртқы орта аясына бағдарланған мәдениет өмір сүруі мүмкін. Рационализм дәуіріндегі
мәдениеттің математиканы бағыт етуі немесе (белгілі-бір деңгейде) ХХ ғасырдың екінші жартсында
мәдениеттің романтизм мен рәмізшілдік (символизм) жылдары поэзияны бағыт етуі салғастырылуы
мүмкін.
Соның ішінде, киноны бағдар ретінде алу ХХ ғасыр мәдениетінің монтаждау көзқарасы ұстанымының
(хронологиялық түрде монтаж әдісінің дыбыссыз киноның алдында жеңіске жеткен кескіндеме мен
поэзиядағы кубистік түзілімдерден бастап-ақ; сонымен бірге кейініректе прозада саналы түрде орын алып,
монтажды ойынсыз фильмдердің үлгісімен жасалған “кинокөзді” салыстырыңыз; кинода, қазіргі театрда
және прозада, мысалы Булгаковта әр түрлі кезеңдерді қосқатар түрде монтаждау сипаты да тән) ерек-
шеліктерімен байланысты, сонымен бірге әр түрлі көзқарастар тұрғысынан орындау және оларды қарама-
қарсы қою (онымен прозада аңызға, өзіндік емес тікелей сөзге және ішкі монологқа көбірек орын берілу
байланысты; көркемдік практикада қосқатарлылықтың мәнін меңгерумен проза теориясы, кескіндеме
шығармасы тілінің теориясы және кино теориясы үндеседі), үлкен көріністермен берілетін детальдарға
көбірек назар аударылады (көркемдік прозадағы метономиялық бағыт; детектив секілді бұқаралық әдебиет
жанрының сюжеттік түзілімдегі шешім деталі де осы стилистикалық доминантпен байланысты).
9.1. Ғылыми зерттеу мәдениетті зерттеу құралы болып қана қоймай, өзі де оның пәніне кіреді. Ғылыми
мәтіндер мәдениеттің метамәтіндері бола тұра, сонымен қатар оның мәтіндері ретінде қарастырыла алады.
Сондықтан кез-келген маңызды ғылыми идея мәдениетті тануға қадам ретінде де, өмір фактісі ретінде де
қарастырылуы мүмкін, ол оны тудырушы механизмдерді жеткізуші құрал.
Фердинанд де Соссюр алғышарттарын қалыптастырғаннан кейінгі семиотикалық теорияның бүкіл кезеңдегі даму ұстанымдарының тәжірибесін түйіндегенде, ол тосын қорытындыға әкеледі: негізгі ұстанымдарды қайта қараған кезде, оның тұрақтылығы батыл түрде расталады, осы кездегі семиотикалық әдістеменің тұрақтылығына ұмтылыстың өзі оның ең негізгі ұстанымдарын бәрібір қайта қарауға әкелді. Р. О. Якобсон жұмыстары, соның ішінде лингвистердің IX Конгресін қорытындылайтын баяндамасы қазіргі лингвистикалық теория өзіндік қарамақарсылыққа өткеннің өзінде өзіндік сипатын жоғалтпайтындығын керемет байқатты. Онан да бұрын атап айтқанда гомеостатикалық пен динамизмнің осы сәйкестігінен Р. О. Якобсон әділетті түрде теорияның үйлесімділігі мен өміршеңдігін көре білді, ол өзінің ішкі ұйымдасуын да, сол секілді өзінің басқа пәндерге өзара қатынас жүйесін де түптамырымен қайта қарауға қабілетті: «Гегельдік атауға сүйенсек, дәстүрлі тезистердің антитезисі терістеуді терістеуге, яғни алыспен жақынды алмастырды». 29 Айтылғандар толық дәрежеде семиотикалық жүйедегі статикалық пен динамикалық мәселелеріне жатады. Осы саладағы тамырланған кейбір көзқарастарды қайта қарағанда бір уақытта семиотикалық жүйенің құрылымдық суреттемесінің терең ұстанымдарының негіздемелерін тек қана растайды. 1.1. Семиотикалық жүйедегі синхронды және диахронды аспектілердің қатынасына келгенде басынан бастап танымал екі ұдайылық болды. Осы тілді суреттейтін екі аспектіге шек қою женевалық мектептің үлкен жетістігі болды. Алайда «Прага лингвистикалық үйірмесінің тезистерінде» және Прага мектебінің одан кейінгі жұмыстарында бұл аспектіні абсолюттендірудің қауіпті екендігі көрсетілді, бұл қарамақарсылық ұстанымды түрге қарағанда салыстырмалы, одан да бұрын эвристикалық сипатта. Р. О. Якобсон: «Синхрония мен статиканы синоним деп есептеу үлкен қателік болар еді. Статикалық қиылым — жалған: бұл бар болғаны бар болудың ерекше тәсілі емес, қосалқы ғылыми тәсіл. Біз фильмді қабылдауды диахрондық қана емес, синхрондық түрде қарастыра аламыз: алайда фильмнің синхрондық аспектісі фильмнен қиып алынған жеке кадрға барабар емес. Фильмнің синхронды аспектісінде қозғалысты қабылдау бар. Тілдің жағдайы да дәл осындай» , — деп жазды. Прагалық мектептің кейбір зерттеулерінде, бір жағынан, диахрония жүйе эволюциясы болғандықтан, ол жоққа шығарылмайды, әрбір жеке сәттер үшін синхронды ұйымдасудың мәніне түсінік беретіндігін, екінші жағынан, бұл категориялардың өзара өтулеріне назар аударылғандығын көрсетеді. 30 Сонда да осы қатарлы сын семиотикалық жүйені суреттеудегі екі бастапқы тұрғыларды қарсы қоюдың әдістемелік құндылығына күмән түсірген жоқ. Мәдени семиотикалық үлгілерге қатысты төменде келтірілген пікірлер бұдан бұрын айтылған долбарларды, сонымен бірге Ю. Н. Тынянов пен М. М. Бахтин идеяларын әрі қарай дамыту мақсатына ие. 31 1.2. Жалпы алғанда кейбір семиотикалық суреттеулерде сезілуі жалғаса беретін статикалылық, сол және басқа да ғалымдардың жеткілікті дәрежедегі күшінің нәтижесі болып табылмайды, суреттеу әдістемесінің кейбір түптамырлы ерекшеліктерінен шығады деп шамалауға болады. Суреттеу фактісінің өзі динамикалық зерзатты неге статикалық үлгіге айналдыратындығы жөніндегі мұқият талдауынсыз және ғылыми талдау әдістемесіне соған сәйкес келетін түзетулер енгізілмейінше динамикалық үлгілерге ұмтылу ізгі ниет ретінде тана қалып қоюы мүмкін. 2. Жүйелі және жүйеден тыс. Құрылымдық суреттеу суреттеліп отырған зерзаттан кез келген гомоморфтық зерзаттың өзгертілуінде тұрақты болып қала беретін жүйе мен байланыс элементтерін шығару негізінде құрастырылады. Атап айтқанда осы тұрақты құрылым осындай суреттеу көзқарасынан алғанда бірден бір шындық құрайды. Оған орнықсыздығымен, қалыпсыздығымен және суреттеу барысында шығарып тастауға болатындығымен ерекшеленетін жүйеден тыс элементтер қарсы қойылады. Семиотикалық зерзатты зерттеу барысында оның кейбір «мәнді емес» белгілерінен дәйексізденудің қажеттілігін кезінде Ф. де Соссюр жазған болатын, ол тілдің бір синхронды жағдайын суреттеу ауқымында «аз мәнді» диахронды өзгерістерді елемеудің маңыздылығын айта отырып: «Абсолютті «жағдай» өзгерістердің болмау арқылы анықталады бірақ тіл қалай болғанда да өзгеретіндіктен, тілді іс жүзінде статикалық зерттеу — аз мәнді өзгерістерді елемеу деген сөз, ол математиктердің кейбір есеп қисындарда, мысалы, логарифмдерді есептеп шығаруда, таусылмайтын аз өлшемді шектерді елемеуімен бірдей». 33 Зерзатты құрылымдық суреттеу барысында мұндайлықты жеңілдету ешқандай қарсылық тудырмауы мүмкін, себебі ол ғылымның бәріне тән жалпы ерекшелік болып табылады. Құрылымдық суреттеу үдерісінде зерзат тек оңайлатылып қана қоймайды, сонымен бірге ұйымдасуын аяқтайды, әдеттегіге қарағанда қаталырақ ұйымдаса түсетіндігін ұмытпау керек. Мысалға алғанда, егер алдымызға XVIII ғасыр — XIX ғасырдың басындағы орыс ордендерінің жүйесін (өз табиғатында толығымен семиотикалық, табиғи пайда болған және оны жасаушылардың саналы жүйе құраушы ісәрекеті нәтижесі болып табылатын бұл зерзат мәденниеттанулық дәйекті дерек ретінде көрінетіндіктен көптеген жағдайда ыңғайлы) құрылымдық суреттеу міндеті қойылса, сірә көз алдымызда ордендердің иерархиясы және олардың мағынамен түйіндескен жіктеу белгілері көрінеді. Қайсыбір өзгермейтін ұйым ретінде әрбір орденді бөлек және олардың жүйелерін тұтас елестеткенде, біз, әрине, көзге көріне бермейтін кейбір белгілердің түрлеріндегі ретсіздіктерді көзден таса қалдырамыз. Осылай ордендік белгілер мен ордендік жұлдыздар көптеген уақыттар бойы сол адамның өзінің тапсырмасымен орындалғандықтан, ол осындай жоғары жарлықты жасауды өзіне жүктегеннен кейін, олардың қымбат тастармен көркемделу үлкендігі мен деңгейі ешқандай имманенттісемиотикалық мағынамен байланыссыз марапатталушының көркемдік қиялы мен байлығына байланысты болды. Егер, тіпті, осы нұсқаларға көңіл бөлмегеннің өзінде ордендік ұйымды суреттеу фактісінің өзі оның жүйелілік дәрежесін құрылымдық еместерді болмаған секілді алып тастау арқылы емес, сонымен бірге басқа жағдайда көтереді: суреттеудің негізгі сұрақтарының бірі ордендердің иерархиясын анықтау болып танылады. Мұндай сұрақ осы жүйенің қызметіне іс жүзінде енуіне, соның ішінде, ордендік белгілердің киімдегі бірбіріне қатысты орналасу мәселесі бойынша қойылса дұрыс болады. Павел I Ресей империясының орден салмағын біртұтас Ресей кавалериялық орденіне айналдыру әрекеті белгілі, онда бұрын болған ордендер «атаулар» немесе жіктеу топтары ретінде ғана мойындалған болар еді. Дегенмен иерархиялық жүйе ретінде орыс ордендерін суреттеу міндетті түрде үздіксіз қобалжуларды, жеке элементтердің иерархиялық құндылығының екіұштылығын алып тастайды. Соған қарамастан мұндай қобалжулардың өзі орыс ордендерінің әрі маңызды құрылымдық белгісі, әрі көрнекі тұрпаттылық сипаттамасы болды. Суреттеу міндетті түрде зерзатқа қарағанда ұйымдасқан болады. 2.1. Мұндай тұрғы кезкелген ғылыми әдістемеге сәйкес келеді және нақты қарсылыққа тап бола алмайды, өйткені оны суреттеу нәтижесіндегі зерзаттың мұндай ауытқулары заңдылық болып табылады. Басқа — мұнан да маңыздырақ — кейбір салдарларға көңіл аударғымыз келіп еді: егер оның жүйеден тыс элементтерін зерзаттан жоятын суреттеу статикалық үлгілерді құрастыру барысында толық ақтаса және кейбір тана түзету коэфициентін қажет етсе, динамикалық үлгілерді құрастыру барысында ол негізінде қиыншылықтар тудырады: семиотикалық құрылымның негізгі динамикалы көздерінің бірі жүйеден тыс элементтерді жүйелі аймақ шегіне толассыз тарту және сол уақытта жүйелілікті жүйесіздік ауқымына итеріп шығару болып табылады. Жүйеден тысты суреттеуден бас тарту, оны ғылыми пәндердің сыртына шығару динамикалық сақтау қорын кесіп тастайды және берілген жүйені бізге эволюция мен гомеотазис арасындағы ойынды ұстанымды түрде жоққа шығаратын бейнеде көрсетеді. Қалыптасқан және тұрақталған жүйеден, құрылысшылардың көзқарасы бойынша керексіз немесе негізгі емес болғандықтан лақтырылып тасталған тас, одан кейінгі жүйеге ең қажетті тас екен. Кезкелген жүйеден тыс материалдағы орнықты және білінетін айырмашылық динамикалық үдерістің келесі кезеңінде құрылымдық бола алады. Егер біз өзіміз келтірген еркін көркемделетін ордендер жөніндегі мысалға қайта оралсақ, онда еске сала кетейік, 1797 жылдан бастап ордендік белгілердің қымбат тастармен еркін көркемделуі жойылды және жоғары дәрежедегі марапаттың заңдастырылған белгісі болып ордендер үшін гауһар әшекейлер қолданылды. Сонымен бірге мына нәрсе анық, гауһармен көркемдеу жоғары дәрежедегі марапат үшін кейбір айқындылық жасау үшін қажет болған жоқ, керісінше, жүйеге кіргізіліп және жүйеден тыс жағдайда қалыптасқан бөлудің мағыналық мәнін өзіне алды. Бар материалдардың түрлерінің көріну планы саласында жүйеден тыс біртіндеп жинақталуы мазмұнды және жүйелі жік жасау үшін түрткі болды. 2.2. Жүйеден тысты суреттеуді талап ету әдістемелік сипаттағы көптеген қиыншылықтармен ұшырасады. Бір жағынан жүйеден тыстық негізінде аналитикалық ойдан сырғып түседі, екінші жағынан — суреттеу үдерісінің өзі шарасыздан оны жүйе фактісіне айналдырады. Сонымен, құрылымдық суреттеу саласына жүйеден тыс материалдық құрылымды қаптау талабын жинақтасақ, біз мүмкін еместі мүмкін деп ойлайтын секілдіміз. Іс, дегенмен, біздің алдымызда басқа қырынан көрінеді, егер біз есімізге алсақ, жүйеден тыстық ретсіздіктің синонимі емес. Жүйеден тыстық — түсінік, қосымша: жүйеліге. Олардың әрбірі тек қана өзара сәйкестікте ғана толық мәнділік алады, ал тіпті де оңашаланған берілгендік емес. 2.3. Осыған байланысты жүйеден тыстықтың келесі түрлерін көрсетуге болады. 2.3.1. Біз көрсетіп өткендей суреттеу өзінен кейін ұйымдастыру шараларын күшейтуді талап етеді, сол немесе басқа семиотикалық жүйенің өзін суреттеу, өзінің өзі грамматикасын жасау жүйенің өз ұйымдастырылушының қуатты құралы болып табылады. Берілген тілдің тарихи тіршілігінің мұндай сәтінде және — кеңірек — берілген мәдениеттен жалпы семиотикалық жүйенің қойнауынан қайсыбір тіл бөлімі (және мәтіндер топ бөлімі) бөлектеніп шығады, ол соның өзін суреттейтін метатіл ретінде қарастырылады. Сонымен классицизм дәуірінде көптеген өнер шығармалары сомдалады, ол өнер шығармалары жүйесінің суреттемесі болып табылады. Берілген жағдайда суреттеу өзін суреттеу болатындығын атап өткен маңызды, метатіл жүйе сыртынан алмаспайды, ал оның жіктеу тобы бөлімін білдіреді. Мұндай өзін ұйымдастыру үдерісінің мәнді жағы болып қосымша тәртіпке келтіру барысында материалдың белгілі бір бөлігі жүйеден тыс жағдайға аударылады және берілген өзін суреттеу тұрғысынан қарағанда бар болуын тоқтататын секілді. Сонымен семиотикалық жүйенің ұйымдасу дәрежесінің көтерілуі оның тарылуымен бірге жүреді, шекті жағдайға дейін, метажүйе соншалықты қатайғанда суреттеуге тиіс болып саналатын нақтылы семиотикалық жүйемен қиылысуын шектеуге дейін барады. Дегенмен бұл жағдайда да «дұрыстықтың» және «нақтылы болудың» беделі оған қалдырылады, ал әлеуметтік семиозистің нақтылы қабаттары бұл жағдайларда толығымен «дұрыс емес» және «болмайтын» салаға өтеді. Солай алғанда, мысалға, Павел I әскери бюрократиялық утопиясының көзқарасымен алғанда өзінің қаталдығында шегіне дейін жеткен вахтпарад тәртібі ғана сақталды. Ол мемлекеттік тәртіптің ең жоғарғы үлгісі болып саналды. Орыс өмірінің саяси шындығы «дұрыс емес» ретінде қабылданды. 2.3.2. «Тіршіліксіздік» (яғни, жүйеден тыстық) белгісі, сонымен бірге, бір уақытта әрі жүйеден тыс материал белгісі (жүйенің ішкі көзқарасы жағынан алғанда), әрі жүйенің өзінің құрылымдық белгілерінің көрсеткіші болады екен. Осы секілді, Грибоедов, желтоқсаншылардың саяси қорытындысын шығара отырып, «Родамист және Зенобия» трагедиясының нобайларында дворяндық төңкерісшілдіктің (өйткені, әрине, Грибоедовті римдік басқыншылық кезеңіндегі ежелгі Армения тарихы емес, 1820 жылдардағы орыс бүлікшілерінің ісәрекеті қызықтырды) құрылымдық белгісі ретінде «халық» саяси күш ретінде «болған жоқ». «Жалпы, — деп жазды Грибоедов, — байқау керек, олардың ісінде халық қатыспайды, — ол жоқ секілді (курсив менікі. — Ю.Л.)». 34 Куртуаздық махаббат жөніндегі «De аmоге» белгілі орта ғасырлық трактатының авторы капеллан Андрей жөнінде айта отырып, академик В. Ф. Шишмарев: «Куртуаздық автор кітапты арнаған өзінің досына, шаруа әйелдеріне қатысты зорлық жасалса да, ісәрекет түріне қиналмауды ұсынады» , — деп атап өтті. Мұндай ұсыныс өте қарапайым түсіндіріледі: капеллан Андрейдің пікірінше, шаруаларға «amor naturalis» тән және куртуаздық махаббат ауқымында — «fin amors» — ол «болмайтындай көрінеді». Сондықтан бұл тұрпаттағы адамдарға қатысты ісәрекет те болмаған болып есептеледі. Сірә, жүйенің («бар болудың») суреттелуі бір уақытта жүйесіздік (бар болмаудың) табиғатына көрсету болып табылады. Жүйеден тыс элементтердің ерекшелігі жөнінде және оның қатынастары және «жүйеден тыстықты» жүйесің жөнінде айтуға болар еді. Бұл ұстанымнан жүйеден тыс әлем, оның симметриялық өзгеруі секілді кері аударылған жүйе.
Достарыңызбен бөлісу: |