Интралингвистика (лат., «ішкі») тілдің ішкі жүйелік құрылымын, жүйе элементтерінің бір-бірімен қарым-қатынасын зерттейді. Кейбір әдебиеттерде бұл терминнің орнына микролингвистика, ішкі лингвистика атаулары да қолданылады. Интралингвистиканың негізгі салалары – фонетика, лексикология, грамматика.
Экстралингвистика (лат., «сыртқы») тілдің сыртқы дүниемен, қоғаммен байланысын зерттейді. Салалары: социолингвистика, менталингвистика.
Тіл білімін зерттеуде қолданатын әдіс-тәсіліне, зерттеушінің ұстанған бағыт-бағдарына қарай да жіктешілік бар.
Салыстырмалы-тарихи тіл білімі –шығу тегі жағынанжақын тілдерді зерттейді, мақсаты – туыс тілдердің ара-қатынасын анықтап, даму сипатын көрсету. Ғылыми бағыт ретінде дамуы – 19 ғасыр.
Типологиялық тіл білімі –тілдердің шығу тегінің алыс-жақындығына қарамастан, олардың құрылымдық, функционалдық белгілерін салыстыра зерттейді. Негізінен жеке тілдерді зерттеуге арналған. Пайда болуы 19 ғасырдың екінші жартысы.
Ареалдық тіл білімі –лингвистикалық география әдісі арқылы тіл құбылыстарының таралу жайын, тіларалық байланыстарын зерттейді. Пайда болуы – 19 ғ аяғы, 20 ғ басы.
Структуралық тіл білімі –тілді таңбалар жүйесі деп қарастырады. Тілдік элементтердің формалды жағын зерттейді. Қалыптасуы 20 ғасырдың 20-30 жылдары.
Психологиялық тіл білімі –сөйлеу процесінің адамның ойлау, байымдау, қабылдау, ес, түйсік қабілеттерімен байланыста жүзеге асырылуын зерттейді. 19 ғ. Ортасында пайда болды.
Этникалық тіл білімі. Этнолингвистика (грекше «халық, тайпа») –тілдің халық, ұлт мәдениетіне қатысын зерттейді, пайда болуына 19 ғасырда Солтүстік, Орталық Америка жеріндегі үндіс тайпаларының тілін зерттеу ықпал еткен.
7
Социологиялық бағыт тілді адамдардың қоғамдық қызметіне, кәсіби тіршілігіне қызмет ететін әлеуметтік құбылыс, қарым-қатынас құралы деп қарастырады, 19-20 ғасыр аралығында пайда болған.
Эстетикалық бағыт – тілді эстетикалық философия тұрғысынан зерттейді, 20 ғ басында батыс Европада пайда болған.
Достарыңызбен бөлісу: |