Реферат пәні: «Жалпы тіл білімі» Тақырыбы: «Тіл білімі және оның қазіргі жай күйі»


2.2. Жалпы тіл білімінің нысаны мен салалары



бет4/9
Дата09.06.2022
өлшемі35,83 Kb.
#36574
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
1-Referat

5
2.2. Жалпы тіл білімінің нысаны мен салалары

Жалпы тіл білімі дыбыс тілі атаулының барлығына тән сондай ортақ мәселелерді ортақ заңдылықтарды сөз етеді. Зерттейтін нысаны — жалпы тілдік заңдылық болғандықтан, одан шығаратын теориялық тұжырымдар да тіл атаулының барлығына немесе басым көпшілігіне бірдей қолдануға болатын жалпы тілдік теория болмақ. Cөйтіп, жалпы тіл білімі — тіл туралы ғылымның бағыт-бағдарын белгілейтін жалпы теориялық пән. Оның негізгі мақсаты — тіл білімінің ең өзекті, eң негізгі проблемаларына жүйелі талдау жасап, олардың өзіндік си­паттарын айқындау. Ондай өзекті проблемалар қатарына мыналар жатады:



  1. Тілдің өзіндік табиғаты мен мәні, ойлаумен, қоғаммен байланысы, атқаратын қызметі.

  2. Тілдің құрылымы, құрылымэлементтерініңбip-бipiмен байланысы, ара қатынасы.

  3. Тілдің таңбалық, жуйелік сипаттары.

  4. Дыбыс тілінің шығуы, тілдер дамуындағы ортақ заңдылықтар, ішкі құбылыстарға түрткі болатын ішкі, сыртқы себептер, тілдер дамуында болатын дифференциялық (саралану), интеграциялықпроцестер,жалпы халықтық тіл, диалекті, сөйлеу тілі мен әдеби тіл, т. б.

  5. Тілдердің типологиялык, генеологиялық топтары, жіктелуі.

  1. Жазудың пайда болу, даму жолдары.

  1. Тіл білімінің өзіндік зерттеу әдістері.

  2. Тіл білімінің нсгізгі салалары, басқа ғылымдар-мен қатынасы, өзіндік орны.

Бұл проблемалар — тіл білімінің өзіндік сипаты бар дербес ғылым екенін танытатын және өзара байланысты мәселелер. Жалпы тіл білімі қарастыратын проблемаларды сөз еткенде, олар жөнінде белгілі тұжырым-дар жасағанда жеке тілдерді немесе тілдік топтарды зерттеу нәтижелері басшылыққа алынады. Теориялық тұжырымдар жеке тілдерді зерттеу, айқындалған топ-шылауларды жинақтау, қорытындылау негізінде жаса-лады. Сондықтан ғылыми негізде зерттелген тілдер неғұрлым кеп болса, жинақталатын, қорытылатын материалдар да соғұрлым көп болады да, жалпы тіл білімінің мазмұны тереңдей, ғылыми табысы молая түседі. Ал лингвистиканың жеке тілдерді зерттейтін саласы өз зерттеулерінде жалпы тіл білімі жасаған теориялық тұжырымдарға сүйенеді, соны басшылыққа алады.
Жалпы тіл ғылымы тілдің құрамын, функциялық сипаттарын, даму заңдылықтарын, сыртқы дүниемен, қоғаммен, мәдениетпен байланысын жан-жақты зерттейді. Дүниежүзінде қаншама тілдер бар, дәл санын айту мүмкін емес, бірақ осы тілдердің барлығына ортақ заңдылықтар қалыптасқан. Мұндай ортақ қасиеттердің болуы – тіл иелері болып табылатын адамзаттың ойлау жүйесінің сөйлеу органдары мен есту қабілеттерінің, ой-саналарының бір-біріне жақын, ұқсас болуынан.
6
Жалпы тіл білімінің зерттеу нысаны жалпы тілдік болғандықтан, одан шығатын теориялық тұжырымдар да тіл атаулының барлығына немесе басым көпшілігіне бірдей қолдануға болатын жалпы тілдік теория болмақ. Сонымен бірге тіл білімінде жалпы тілдік теорияның қалыптасу тарихы, әр түрлі тілдік кезеңдерде, бағыттарда қалай шешілгені қамтылуы тиіс.
Тіл ғылымында тіл білімін жеке тілдер туралы ғылым, жалпы тілдер туралы ғылым деп екі үлкен топқа бөледі.
Қазіргі заман тіл білімінде қалыптасқан негізгі күрделі салалар:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет