Реферат пәні: «Жалпы тіл білімі» Тақырыбы: «Тіл білімі және оның қазіргі жай күйі»



бет6/9
Дата09.06.2022
өлшемі35,83 Kb.
#36574
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
1-Referat

Дескриптивтік тіл білімі –америкалық структурализм құрамында 20 ғасырдың 30-50 жылдарында пайда болған. Оның мақсаты – тілдің лексикалық, грамматикалық мағыналары туралы мәліметтерді пайдаланбай-ақ, тіл элементтерінің өз айналасында болатын өзгерістерді зерттеу арқылы сөйлеу процестерін сипаттау. Бұл – диструбиция әдісін қолдану арқылы тілді формалды түрде зерттейтіндіктен, диструбициялық тіл білімі деп те аталады.
Тіл білімі лингвистика - тіл жөне онын даму заңдары туралы ғылым. Тіл білімінің зерттеу нысанасы - тіл. Тіл — қоғамның ең маңызды байланыс құралы. Әрбір тілдің дыбыс жүйесі, сөздік құрамы және грамматикалык құрылысы болады. Осынан келіп тіл білімінің салалары шығады.
Тіл білімінің салалары: фонетика, лексика. грамматика (сөзжасам, морфология және синтаксис) стилистика. Тілдің әр түрлі жақтары: дыбыс жүйесі, сөздік құрамы, грамматикалық құрылысы бір-бірімен тығыз байланыста болады. Өйткені, тіл білімінің әр түрлі жақтары мен салалары, олардың дамуын, өзара байланысын, тіл дамуының ішкі заңдары зерттейді.
Тіл білімі тілдің әр түрлі жақтары мен салаларын, олардың дамуын, өз ара байланысын, тіл дамуының ішкі заңдарын зерттейді. Тілдің әр түрлі жақтары (дыбыс жүйесі мен сөздік құрамы және грамматикалық құрылысы) бір-бірімен өз ара тығыз байланысты болатыны сияқты, тіл білімінің оларды (тілдің әр түрлі жақтары) зертейтін салаларыда (фонетика мен лексикология және грамматика) бір-бірімен өз ара тығыз байланыста болады. Тілді белгілі бір дәуірде өмір сүріп тұрған қалпы тұрғысынан қарастырып, сипаттама беретін тіл білімі бар да, тілді шығуы мен тарих бойында дамуы тұрғысынан зерттейтін тіл білімі бар. Алдыңғысы сипаттама тіл білімі немесе синхрониялық лингвистика, соңғысы тарихи тіл білімі немесе диахрониялық лингвистика деп аталады.
Жеке бір тілдің жүйесі мен құрылысын және оның даму заңдарын зерттеп айқындайтын жеке тіл білімі бар да (мысалы: қазақ тіл білімі, ағылшын тіл білімі және т.б ), ғылым ретіндегі тіл білімінің теориясы болып саналатын жалпы тіл білімі бар. Жалпы тіл білімі – нақты бір тіл туралы немесе оның дамуының заңдары туралы емес, қатынас құралы ретінде қаралатын адам баласы тілінің дамуының жалпы заңдары туралы ғылым.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет