Реферат пәні: «Жалпы тіл білімі» Тақырыбы: «Тіл білімі және оның қазіргі жай күйі»



бет9/9
Дата09.06.2022
өлшемі35,83 Kb.
#36574
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
1-Referat

12
ІІІ. Қорытынды

Қорыта айтатын болсақ, тіл білімі — тілдердің құрылымын, әлеуметтік қызметін, тарихи дамуын және оның жалпы заңдылықтарын зерттейтін ғылым саласы. Тіл білімі жалпы және жеке болып бөлінеді, оны осылайша бөлу, зерттеудің мақсаты мен нәтижесінен туындайды. Нақты бір тілдің (мысалы: қазақ) немесе туыстас тілдердің (мысалы: алтай, түркі тілдері) мәселелерін зерттеу жеке тіл білімінің үлесіне тиеді, ал жалпы адам баласының тілі, тіл элементтерінің өзара қатысы, тілдің даму себептері мен бағыттары, тағы басқа жайттар жалпы тіл білімінің зерттеу нысаны болып табылады. Фундаменталды (іргелі) тіл білімінің тілдің қазіргі жай-күйін, бұрынғы өткен тарихын зерттейді, негізгі мақсаты – тілге ғылыми талдау жасау емес, тілдің бүгінгі, кешегі күйін зерттеп, тәжірибе жүзінде бақылау.


Жалпы тіл білімі— тіл білімінің барлық тілдерге тән заңдылықтары мен қасиеттерін зерттейтін үлкен салаларының бірі. Жалпы тіл білімі тіл ғылымының теориялық саласы ретінде 19 ғасырдан бері қалыптаса бастады.
Тіл білімі қоғамдық ғылымдармен қатар жаратылыстану ғылымдарымен де тығыз байланысты. Тіл білімі философиямен, логикамен, психологиямен, әдебиетпен, тарихпен, этнографиямен, археологиямен, географиямен, семиотикамен, физикамен, математикамен тығыз байланыста.
Тілдің адам өміріндегі маңызын өлшеп біту мүмкін емес, тіл - адамның мықты қаруының бірі, баға жетпес қүралы. Кез келген ғылым саласының жай-күйі оның алдына қоғам қойып отырған міндеттермен, ғылымның өткені мен қазіргі деңгейімен, сондай-ақ онымен байланысты басқа ғылым салаларының жай-күйімен анықталады. Сол себепті қазіргі заманғы тіл білімі де жалпы ғылым дамуынан қалыс қалып отырған жоқ.
Жаһандану кезінде əр халық өзінің ана тілін сақтап қалуға ұмтылуы, оның белгілі бір кеңістіктегі, қоғамдағы орнын, маңызын зерделеуі, болашағын болжауы, болашағына алаңдауы, тілі арқылы өзін- өзі жəне өзгені тануы, өзін өзгеге танытуы заңды құбылыс. Осы тұрғыдан келгенде тілді құрылымдық-семантикалық, танымдық, тарихи-əлеуметтік, қолданбалы тұрғыдан қарастыратын тіл білімі ерекше маңызды.
Қазіргі заман тіл білімі - дамудың биік шыңына көтеріліп келе жатқан кең салалы, көп тармақты ілім. Оның құрамында әр түрлі лингвистикалық бағыттар, мектептер, зерттеудің әр түрлі әдіс-тәсілдері бар. Оның сипатын, бүгінгі күйін басқаларынан бөліп алынған жеке бір мектеп, я зерттеудің жеке бір әдіс-тәсілі көрсете, білдіре алмайды, оған өрісі жетпейді. Сол бағыттарды, мектептерді, әдіс-тәсілдерді бірлікте алып қараған жағдайда ғана тіл білімінің қазіргі күйін, сипатын толық түсінуге болады.
13
ІV. Әдебиеттер тізімі:


  1. Қазақ ұлттық энциклопедиясы (интернет желісі).

  2. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. А., 1973,1978,1993,2002, 2010ж.

  3. Исаев С. Қазақ тіл білімінің мәселелері, Алматы, 2011-2013ж.

  4. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. А: Өлке, 2010ж.

  5. Э.М.Самекбаева, ТІЛ БІЛІМІНЕ КІРІСПЕ Электронды құрал.

  6. Ұлағат порталы www.ulagat.com


14

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет