Реферат Тақырыбы : Гидросфера Қабылдаған : Кубайдуллина У. А группа : Мд-22-2 Орындаған : Ермек Шұға 2023 год



Дата14.06.2023
өлшемі26,74 Kb.
#101303
түріРеферат

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды
Техникалық университеті


Реферат

Тақырыбы: Гидросфера

Қабылдаған: Кубайдуллина У.А
Группа: Мд-22-2
Орындаған: Ермек Шұға
2023 год
Гидросфера
Гидросфера (гр. һуdor — су, spһаіrа — шар) — 1) жер ғаламшарының су қабығы немесе құрлықтағы (тереңдегі, топырақтағы, жер бетіндегі), мұхиттағы және атмосферадағы, яғни жер шарындағы барлық сулардың жиынтығы. Оны мұхиттар мен теңіздердің суы, құрлық сулары — өзендер, көлдер, бөгендер, мұздықтар, сондай-ақ литосфераның жоғарғы бөлігіне сіңетін жер асты суы, атмосферадағы ылғал құрайды. Гидросфера жер бетінің шамамен 71%-ын алып жатыр. Гидросфераның шамамен 94%-ын мұхиттар мен теңіздер құраса, 4%-ы жер асты суларының, шамамен 2%-мұздықтар мен қарлардың (негізінен Арктика, Антарктида мен Гренландия), 0,4%-құрлықтардағы жер үсті суларының (өзен, көл, батпақ) үлесіне тиеді. Гидро-су, сфера-шар Су 3 күйде болады: сұйық, қатты, газ Гидросферадағы барлық судың мөлшері-1,6 млрд км куб, мұхит теңіз сулары-96,5 %, тұщы су-2,5% Жер бетінің 3\4 бөлігін д.ж мұхит суы алып жатыр.
Су айналымы 2-ге бөлінеді:
Кіші су айналымы-судың мұхиттан атмосфераға, атмосферадан мұхитқа қайтып қосылуы.
Үлкен су айналымы-судың мұхиттан атмосфераға, атмосферадан құрлыққа, құрлықтан мұхитқа қайтып қосылуы.
Дүниежүзілік мұхиттың бөліктері:
Теңіз-мұхит суының қасиетімен жануарлар дүниесі ерекше болып келетін бөлігі.
Шығанақ-мұхиттың құрлыққа сұғына еніп жатқан бөлігі.
Бұғаз-екі жағы құрлықпен шектескен енсіз су айдыны.
Теңізер арал, су асты жоталары, түбектер арқылы бөлініп тұрады. Теңіздер ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Ішкі теңіздер тек Еуразияда кездеседі:Жерорта, Қара, Азов,Каспий, Арал теңіздер Ең терең теңіз-Филиппин Ең үлкен шығанақ-Гвинея шығанағы. Д.ж ең үлкен бұғаз-Дрейк бұғазы, ені-5248км Ең ұзын бұғаз-Мозамбик, ұзындығы-1670км, ені-950км Мұхит суының қасиетіне тұздылығы мен температурасы жатады. Судың температурасы географиялық ендікке, тереңдікке байланысты өзгереді. Д.ж мұхит суының орташа температурасы-17,4 градус Жердегі жылу жинақтаушы-Мұхит Мұхит суының қату температурасы- -2 градус Тұздылықтың өлшем бірлігі-промилле Судың тұздылығы дегеніміз-бір литр суда еріген әр түрлі заттардың граммен алынған мөлшері. Д.ж мұхит суының орташа тұздылығы- 35 промилле Д.ж ең тұзды теңіз- Қызыл теңіз 41 промилле Өлі теңіздің тұздылығы-270 промилле Тереңдікті өлшейтін құрал-эколот Тереңдікті дыбыстың көмегімен өлшейді. Дыбыс бір секундта 1500м жетеді. Д.ж мұхит суының тереңдігі-3700м 20 ғасырдың 20-шы жылдарына дейін тереңдікті өлшейтін құрал-қарапайым лот Д.ж ең терең шұңғыма- Мариан 11022м. Мұхиттағы тіршіліктің таралуы 3-ке бөлінеді:
Планктон-грекше-кезеген ағысқа қарсы келе алмайтын өте ұсақ микроорганизмдер мен балдырлар Киттер қоректенеді-планктон.
Нектон-грекше-қалдық мұхиттың негізгі бөлігінде өмір сүретін балықтар, жыландар, тасбақалар.
Бентос- грекше-тереңдік теңіз шаяндары, маржандар, балдырлар.
Теңіз сүтқоректілері-дельфиндер, киттер Тіршілікке бай тереңдік-200метр Тіршілікке бай аудан-қоңыржай ендік. Оның жалпы көлемі 1370,3 млн км3, бұл планета көлемінің 1/800 бөлігін ғана құрайды. Шөгінді (тұнба) таужыныстардың басым көпшілігі Гидросфера мен литосфераның жапсарында қалыптасады. Аздаған мөлшердегі су атмосфера мен тірі ағзаларда шоғырланған. Су массаларының барлық нысандары су айналымы барысында бір түрден екінші түрге өтеді;
2) жердің теңіз, мұхит, көл, өзен, мұздықтар мен жер асты суларынан тұратын қабығы, солардың жиынтығы. Гидросфераның орташа қалындығы 3,8 км-ге жетеді. Мұхиттың ең терең тұсы 11 км-ден асады (Тұнық мұхиттағы Мариан ойысы — 11022 м). Гидросфераның ластануы — ластағыш заттардың гидросфераға мол мөлшерде түсуі, олардың өзен, су қоймалары, көлдер мен теңіздер, мұхиттар мен жер асты суларын ластап, су ортасының қалыпты жағдайын бұзуы. Қазіргі таңда гидросфера антрапологиялық факторлардың әсерінен өзгеріп жатыр. Мәселен, өзендерге, көлдерге тіпті, теңіздерге дейін түрлі зауыт-фабрикалардан шыққан химиялық сұйықтықтардың қалдықтары құйылып жатыр.
Гидросфера — Жер шары суларының жиынтығы, агрегаттық күйіне (сұйык, қатты және газ) қарамастан, химиялық байланыспаған барлық суды қамтитын Жердің сулы қабығы. Ылғал айналымы процесінде судың барлық турі бірінен екін- шісіне өтеді. Гидросфера мұхиттардың, теңіздердің, құрлықтың жер асты және жер үсті суларын қамтиды. Судың біршама мөлшері атмосфера мен тірі организмдерде болады. Көбінесе Гидросфера деп жер бетінің 71%-ын құрайтын теңіздер мен мұхиттарды ғана санайды. Гидросфера көлемінің 96%-ын теңіздер мен мұхиттар, 2%-ға жуығын жер асты сулары, шамамен, 2%-ын мүздар мен қарлар (негізінен, Антарктида мен Гренландияның), 0,02%-ын құрлықтың жер үсті сулары (өзендер, көлдер, батпақтар) құрайды. Жылу қабылдағышы. Су - жер бетіндегі ең жылы денелердің бірі болып табылып, жазда мұхиттардың, өзендердің, көлдердің беткі қабаттары күннің сәулелерін өзіне жұтып, қыста сол жылуды өзінен шығарады. Табиғатта су 3 күйде кездеседі: қатты, газ, сұйық және саған байланысты географиялық қабықтың барлығында кездеседі немесе өзінің әсерін тигізеді. Табиғи судың маңызды қасиеттерінің бірі-оның бір күйден екінші күйге ауысуы. Судың сұйық немесе қатты күйінен буға айналуы және керісінше будан сұйық күйге өтуі су немесе мұз бетіндегі бу қысымының белгілі бір дәрежесінде мүмкін және ол температураға байланысты болады. Таза су қалыпты қысым жағдайларында 1000 С –та қайнайды, 00 –та қатаяды. Судың тағы бір ерекше қаситеттерінің бірі-ол судың әрдайым қоспалармен кездесуінде. Мысалы: су әрдайым түрлі тұзды болып келуінде. Судың келесі қасиеті-судың жылу өткізгіштігі мен жылу сиымдылығында болып табылады. Су қоймаларын қыздырғанда араластыру бастр роль атқарады. Мұз бұдан да гөрі аз жылу өткізгіштікке ие бола отырып, суды суынудан жақсы сақтайды. Судың тағы бір ерекшелігі оның молекулааралық құрылысымен олардың өзара орналасу ерекшеліктерінде болып табылады. 1 см 3 сұйық суда 00С температурада 3,35·1022 молекула болады.
Су қарапайым екі атомдардың қосындысы болғанымен, Жердегі бүкіл тіршілік иесінің тарауына және дамуына үлкен әсері бар. Ғалымдар басқа планеталарды зерттегенде ол планетадағы тіршілікті табу мақсатында ең бірінші ол планетадағы –судың бар жоқтығын зерттейді.
Су тірі организмдердің құрамдас бөлігі болып табылады.өсімдіктердің құрамында 90% -ін су құрайды, адамның құрамында 60-65%-ін, адам сүйегінің 22%-ін , адам миының -75%-ін , адам қанының 92 % ін судан құралады.
Адам организміндегі судың “міндеттері ” мыналар:
— дене температурасын реттейді;
— адам терісіне оттегі мен қоректік заттар тасымалдайды;
-тамақты энергияға айналуына әсер етюді;
-қоректік заттардың керекті органдарға жетуге көмектеседі;
— адам организмінде жиналған қалдықтар мен шлактардың шығуына әсер етеді.
Адам организмінде қоректік судың мөлшерінің өзгеруі және судың құрамындағы тұздылығының өзгеруі салдарынан ас қорыту процесі өзгереді.
Адам өз организміндегі судың азаюы бірден әсер етеді және сусыз бірнеше тәулік қана өмір сүреді. Адам өз организмінінің 2% суын жоғалтса организм шөлдеу процесі басталып, 10 % суын жоғалтса галлюцинация және жұтыну процесі бұзылады. 10-20% суын жоғалтса өміріне кері әсер тигізе бастайды. Жануарлар 20-25 % организм суын жоғалтса өледі.
Жұмыс түріне ,сыртқы ортаға байланысты адам тәулігіне 2- 4 литр су ішеді. Орташа тәуліктік сумен қоректену 2-2,5 литрге тура келеді.
3.Дүниежүзілік мұхиттың үлесіне бүкіл Жер бетінің 3/4 бөлігі немесе 361 млн км2 тиеді. Дүниежүзілік мұхит 4 бөліктен тұрады. Олар: Тынық мұхит, Атлат мұхиты, Үнді мұхиты және Солтүстік мұзды мұхит.
Мұхит бөліктеріне теңіздер, шығанақтар, бұғаздар жатады.
Теңіз – мұхит суының қасиеті мен жануарлар дүниесі жөнінен оқшауланып тұратын бөлігі. Теңіздер көбінесе құрлық жағалауында болады, бірақ кейде ашық мұхитта да кездеседі (мысалы, Саргасс теңізі, Фиджи теңізі).Әдетте, теңізді мұхиттан түбектер, аралдар немесе су астындағы жоталар бөліп тұрады.
Шығанақ – мұхиттың немесе теңіздің құрлыққа сұғына сніп жатқан шағын бөлігі. Атлант мұхиты Солтүстік Америка жағалауындағы Гудзон, Мексика шығанақтарын, ал Үнді мұхиты Еуразияның оңтүстігіндегі Парся шығанағын құрайды.
Дүниежүзілік мұхиттың бөліктері бір-бірімен бұғаздар арқылы жалғасады. Бұғаз – екі жағынан материктердің немесе аралдардың жағалары қысып шектеп тұрған енсіз су айдыны. Бұғаздардың ені әр түрлі. Ені ең кең (950 км) және терең (5248 м) бұғаз – Дрейф бұғазы; ал ең ұзыны (1670 км) – Мозамбик бұғазы.
4.Жер асты сулары деп жер қыртысында кезігетін барлық физикалық күйдегі суларды айтамыз (мұз), бу (газ) және сұйықтық. Жер қыртысындағы суларға барлық тайыз орналасқан тегеурінсіз жер асты сулары немесе жергілікті (локольды) тегеурінді Жер асты сулары жатады.
Жер қыртысының жоғарғы қабаттарына сіңетін су құрлықтың жер асты суларын құрайды. Жер асты суларының негізгі көзі- атмосфералық жауын-шашындары, бірақ Дүние жүзілік ылғал айналымы тұйық қалмайды, әрі судың біраз мөлшері жер қыртысына мантиядан келеді.
Жер қыртысында орналасқан жер асты суларын жату жағдайларына қарай, аэрация зонасы суына, грунт суымен пласт аралық суға (қысымды және қысымсыз) бөлуге болады.
Аэрация зонасының сулары топырақ суы мен ыза сулары қамтиды.
Аэрация зонасында су шектеулі таралады да уақытша болады. Толтырылмаған кеуектерде ауа циркуляциясы болады. Топырақ суы топырақтың өзінен ажырамайды және сонымен бірге қарастырылуға тиіс. Ол ең үстіңгі бетте жатады, су өткізбейтін қабаты болмайды және ілмелі деп аталады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет